Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы




Скачать 206.78 Kb.
НазваниеОрта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы
Дата конвертации31.12.2012
Размер206.78 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «14 » қаңтардағы

16 бұйрығымен

бекітілген

Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық

бақылауды ұйымдастыру және өткізу

нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер



1. Осы нұсқаулық орта білім беретін білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі - МАБ) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілінің (бұдан әрі - Министрлік өкілі), Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің (бұдан әрі – ҰБТӨП), орта білім беру ұйымдарында Мемлекеттік аралық бақылауды өткізу және үйлестіру штабының (бұдан әрі – Штаб), мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) мүшелерінің, мектеп әкімшілігінің, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері бойынша жауаптылардың (бұдан әрі – АББ немесе ҚББ) және аудитория кезекшісінің (бұдан әрі – кезекші) іс-әрекеттері мен негізгі міндеттерін айқындайды.

2. МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде жоғарыда аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС «Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясын», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылдың 13 желтоқсанда № 5033 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесін және осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басқа да нормативтік құжаттарын басшылыққа алуы тиіс.

2. МАБ-ты өткізу тәртібі



3. Орта білім беру ұйымдарында МАБ төмендегідей тәртіппен өткізіледі:

1) мектеп әкімшілігі П-1 нысаны бойынша оқушылар туралы мәліметтерді қалыптастырады, оларды АББ (ҚББ) бекітеді және бекітілген оқушылардың тізімін сол мектеп тіркелген ҰБТӨП-қа жібереді;

2) Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) белгіленген мерзімде тестілеу материалдарын дайындайды және оларды облыстық білім басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етеді;

3) облыстық білім басқармалары тестілеу материалдарын МАБ-ты өткізу орындарына жеткізуді қамтамасыз етеді;

4) мектеп әкімшілігі МАБ-ты өткізуге аудиториялардың (сыныптардың) дайындығын қамтамасыз етеді;

5) Министрлік өкілі мектептерге МАБ-ты өткізу басталғанға дейін бір күн бұрын тестілеу материалдарымен жіберіледі;

6) МАБ Министрлік белгілеген мерзімде өткізіледі;

7) МАБ-ты өткізу процесін МК мен Министрлік өкілі бақылайды;

8) Министрлік өкілі МАБ аяқталғаннан кейін барлық тестілеу материалдарын арнайы пакетте (Интервоид) МАБ-тың нәтижелерін өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізеді;

9) оқушылардың жауап парақтарын сканерлеуді Министрлік өкілінінің бақылауымен ҰБТӨП-тің инженері жүргізеді;

10) жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілі телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-дан дұрыс жауаптардың кодын алады;

11) нәтижелерді өңдеуден кейін әрбір мектеп бойынша 4 данада (мектеп әкімшілігі, АББ немесе ҚББ, Министрлік өкілі және ҰБТӨП үшін) МАБ-тың ведомосы беріледі;

12) МАБ-тың қорытындысы телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

3. Негізгі функциялары



4. АББ-нің (ҚББ-нің) функциясы:

1) жергілікті жерде МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;

2) МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу үшін МК құрады;

3) мектеп бойынша МАБ-қа қатысатын оқушылардың тізімін бекітеді;

  1. тестілеу өткізуге аудиториялардың дайындығын бақылауды жүзеге асырады.

5. Мектеп әкімшілігінің функциясы:

  1. оқушылармен МАБ-ты өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

  2. П-1 нысаны бойынша оқушылардың тізімін АББ-ға (ҚББ-ға) бекітуге ұсынады;

  3. 4, 9-сынып оқушыларына тестілеу материалдарын рәсімдеу бойынша оқыту жұмыстарын жүргізеді;

  4. қажетті құжаттарды ҰБТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді;

  5. ҰБТӨП-тен анықтамалық материалдарды (мектептер, аудандар, облыстар, ұлттар анықтамалығы) алады;

  6. аудиториялар мен дәліздер бойынша кезекшілердің кандидатураларын бекітеді;

  7. тестілеуге барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;

  8. тестілеуді өткізу үшін аудиторияларды дайындайды.

6. Министрлік өкілінің функциясы:

  1. мектептерге тестілеу материалдарын жеткізеді;

  2. аудиториялардың дайындығын тексереді;

  3. тестілеуді өткізу бойынша кезекшілерге нұсқама береді;

  4. аудитория кезекшілерін бөлу;

  5. тестілеу процесін бақылайды және басқарады;

  6. әрбір аудитория бойынша кезекшілерге тестілеу материалдарын береді және қабылдайды;

  7. емтихан материалдарын қораптың ішінде болатын «Интервоид» пакетіне салады;

  8. МАБ нәтижесін өңдеу үшін тестілеу материалдарын ҰБТӨП-ке жеткізеді;

  9. жауап парақтарын сканерлеу процесін бақылайды;

  10. ҰТО-дан телекоммуникациялық желі бойынша деректерді қабылдауды және жіберуді бақылайды.

7. ҰБТӨП функциясы:

  1. техникалық жабдықтар мен телекоммуникациялық желілердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  2. ҰТО-ға қажетті ақпараттарды жібереді;

  3. мектептерге анықтамалық материалдарды (мектептер, аудандар, облыстар, ұлттар анықтамалығы) береді;

  4. МАБ-ты өткізу үшін автоматтандырылған жұмыс орнын (бұдан әрі-АЖО) орнатады;

  5. оқушылардың деректер базасын (бұдан әрі – ОДБ) қалыптастырады және алып жүреді;

  6. тестілеу нәтижелерін өңдеуді қамтамасыз етеді;

  7. емтихан ведомостарын басып шығарады;

  8. ОДБ-ның сақталуын және ҰТО-ға телекоммуникациялық желі бойынша жіберуді қамтамасыз етеді.

8. Аудитория кезекшісінің функциясы:

  1. аудиториялардың тестілеуді өткізуге дайындығын тексереді;

  2. оқушыларды аудиторияларға кіргізуді жүзеге асырады;

  3. оқушыларды орындарына отырғызады;

  4. Министрлік өкілінен тестілеу материалдарын алады;

  5. тестілеу материалдарын үлестіреді, емтихан материалдарын толтыру және тестілеуде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді;

  6. жауап парақтарының және сұрақ кітапшасының мұқабасының дұрыс толтырылуын қадағалайды;

  7. тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдайды, оны акті бойынша Министрлік өкіліне тапсырады;

  8. технологияның және аудиториядағы тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.



4. МАБ-қа қатысатын оқушылардың деректер базасын құру



9. ОДБ тестілеу уақытында жауап парағына енгізілетін мынадай деректерден қалыптастырылады:

  1. «Тегі»;

  2. «Аты»;

  3. «Жынысы»;

  4. «Туған жылы»;

  5. «Ұлты» - Ұлттар анықтамалығына сәйкес толтырылады;

  6. «Сынып»;

  7. «Нұсқа»;

  8. «Жауаптарды енгізу аймағы».

10. Тестілеу аяқталғаннан кейін жауап парақтарын сканерлеу жүргізіледі, барлық деректер автоматты түрде ОДБ-ға енгізіледі.

5. Тестілеуді өткізуге дайындық



11. МАБ-ты өткізу үшін мектептерде мынадай дайындық іс-шаралары жүргізіледі:

  1. аудиторияларды дайындау (тақтаның, бордың, сағаттың болуы);

  2. МК мен Министрлік өкілі үшін жұмыс орындарын анықтау;

  3. оқушыларды тестілеу кезіндегі ережелермен таныстыру;

  4. МАБ-қа қатынасатын оқушылармен жауап парағын толтыру бойынша практикалық сабақтар өткізу;

  5. аудитория бойынша кезекшілерге нұсқама беру.

12. МАБ-ты өткізу үшін ҰТО мынадай тестілеу материалдарын дайындайды:

  1. 4 және 9-сыныптар үшін сұрақ кітапшаларын;

  2. 4 және 9-сыныптар үшін жауап парақтарын.

13. Материалдар оқушылар санына сәйкес мектептер бойынша қораптарға салынады.

14. Тестілеу кезіндегі оқушыларға арналған ереже:

  1. бір орыннан екінші орынға ауысуға болмайды;

  2. кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға болмайды;

  3. тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға болмайды;

  4. калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі таблицасынан басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға болмайды;

  5. қасындағы оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, сондай-ақ шпаргалка қолдануға болмайды;

  6. кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға болмайды.


6. Тестілеу материалдарымен жұмыс жасау




15. 4 және 9-сынып оқушыларына алдымен жауап парағы таратылады. Таратылғаннан кейін оны толтыру ережесін түсіндіреді. Жауап парағы қара немесе қою көк сиялы қаламмен толтырылады.

16. Жауап парағын толтыру үлгісі:


1) «Тегі – Фамилия» секторындағы жоғарғы бос торшаларға горизонталь бағытта оқушының тегі баспа әріптермен жазылады. Әрбір торшаның астындағы дөңгелекшеден сәйкес әріптерді тауып, бояйды. «Аты – Имя» секторы да осы ретпен толтырылады. Мысалы:











2) «Жынысы-Пол» секторында оқушының жынысына сәйкес дөңгелекше боялады.

3) «Туған жылы - Год рождения» секторында оқушының туған жылының соңғы екі санының дөңгелекшелері боялады.

4) «Ұлты-Национальность» секторында ұлттар анықтамалығына сәйкес оқушының ұлтының санын көрсететін дөңгелекшелер боялады. Мысалы: 01 – қазақ, 02 – орыс және т.б.

5) «Мектеп атауы – Название школы» секторында оқушы оқитын мектебінің атын және сыныбын баспа әріптерімен толтырады.

6) «Нұсқа-Вариант» секторында оқушылар сұрақ кітапшасында көрсетілген нұсқаның нөмірін көрсетеді. Сектор сұрақ-кітапшасы таратылғаннан кейін толтырылады;

Кезекші тақтаға ұлттар кодын жазып қоюы керек.

Мысалы:











Мектеп атауы-Название школ
56 Қабанбай батыр атындағы орта мектеп_

____________________

____________________

____________________

____________________

___4 «А»__сыныбы_____


7) 4-сынып оқушылары үшін МАБ бір пән бойынша өткізіледі. «Жауаптар секторы» секторында пән бойынша тапсырмалардың жауаптары белгіленеді. Тест тапсырмаларының саны – 20.

9-сынып оқушылары үшін МАБ үш пән бойынша өткізіледі. «Қазақ тілі – Русский язык» секторында қазақ (орыс) тілі пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары белгіленеді. «Шет тілі – Иностранный язык» секторында шет тілі пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады. Тиісінше шет тілінің (ағылшын, неміс, француз) дөңгелекшесі көрсетіледі. «Үшінші пән» секторында бекітілген пән бойынша тапсырмалардың жауаптары белгіленеді. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 30.

8) Әрбір тапсырма 4-сыныптар бойынша ұсынылған төрт жауап нұсқасының, 9-сыныптар бойынша бес жауап нұсқасының тек дұрыс бір жауабын таңдауды талап етеді. Тапсырманың екі немесе одан да көп жауабы боялса, жауап есепке алынбайды. Таңдаған жауапты осы пәнге арналған сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілейді. Пәндер бойынша жауаптар секторларын толтыру үлгісі:





9) «Қолтаңба-Подпись» секторына оқушының қолы қойылады.

17. Жауап парағын қате толтырылған жағдайда басқа жауап парағы берілмейді.

18. Жауап парағының қызметтік секторлары толтырылғаннан кейін сұрақ-кітапшалары таратылады. Оқушылар сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмірін жауап парағына көшіріп жазады және сұрақ-кітапшасының мұқабасы баспа әріптерімен толтырылады. Барлық деректер тек баспа әріптерімен ғана жазылады.


7. Тестілеуді өткізу



19. Тестілеу басталғанға дейін Министрлік өкілі аудиториялардың тестілеу өткізуге дайындығын тексереді, кезекшілерді аудиториялар бойынша бөледі және акт бойынша тестілеу материалдарын береді (П-3 нысаны).

20. Оқушылар аудиторияға бір-бірден кіргізіледі. Кезекші оқушылардың сөмкелерін, кітаптарын және т.б. бөтен заттарын тестілеу болатын аудиторияның алдында қалдыруын қадағалайды. Тестілеу материалдары салынған қорап мемлекеттік комиссияның қатысуымен ашылады.

21. МАБ материалдары салынған қорапта:

  1. тестілеу материалдарын ашу актісі (П-2 нысаны);

  2. жауап парақтары;

  3. сұрақ-кітапшалары;

  4. тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын салуға арналған «Интервоид» пакеті болуы тиіс.

22. Егер қорапты ашқаннан кейін, сұрақ кітапшалары осы мектептің оқыту тіліне сәйкес келмейтіндігі анықталса, ол туралы Министрліктің өкілі ҰТО-ны хабардар етеді және тиісті акт жасалады. Әрі қарай шешімді Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия Комитет және ҰТО-мен бірлесе отырып, қабылдайды.

23. Емтихан материалдарын таратпас бұрын кезекші оқушыларды тестілеу кезіндегі ережемен тағы да бір рет таныстырады.

24. Сұрақ-кітапшаларын таратқанда қатар отырған оқушыларға бірдей нұсқаның берілмеуін қадағалау керек.

25. Қызметтік секторларды толық толтырғаннан кейін кезекші тақтаға тестілеудің басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар беру және түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тестілеу уақыты 4-сыныптар үшін – 45 минут, ал 9-сыныптар – үшін 2 сағат 15 минут (әрбір пәнге 45 минуттан). Сұрақ кітапшаларын тарату және жауап парағының қызметтік секторларын толтыру тестілеуге бөлінген уақытқа кірмейді.

26. Тестілеу кезінде кезекшіге аудиториядан шығуға болмайды, ол оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп ережесінің сақталуын қадағалауы тиіс. Аудитория кезекшісі оқушыларға әрбір 30 минут сайын қанша уақыт өткенін ескертіп отыруы керек. Ал 4-сыныптар үшін әр 20 минут сайын.

Тестілеу кезінде аудиторияға бөгде адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады. Аудиторияға тек қана Министрлік өкілінің алып жүруімен Министрліктің өкілі мен МК төрағасы ғана кіре алады.

27. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу материалдарын: жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларын кезекші әрбір оқушыдан жеке-жеке қабылдап алады. Оқушының оларды кезекшіге жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсыруына болады. Кезекші оқушының жауап парағының барлық қажетті секторларының және сұрақ-кітапшасының мұқабасының толық толтырылуын тексереді.

Кезекші барлық оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдап алғаннан кейін Министрлік өкіліне акт бойынша тапсырады.

28. Оқушылардың барлық жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) «Интервоид» пакетіне салынады және мөрленеді, ал сұрақ кітапшалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) қорапқа салынады.
29. Министрлік өкілі МАБ нәтижелерін өңдеу үшін барлық тестілеу материалдарын ҰБТӨП-ке жеткізеді.

8. Тестілеу нәтижелерін бағалау



30. Тестілеу нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру үшін жауап парақтарын сканерленеді. Жауап парақтарын сканерлеу әрбір мектеп бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Жауап парақтарын сәйкестендіру автоматты түрде және қолмен жүргізіледі. Жауап парақтарының сәйкестендірілмеген деректері қолмен сәйкестендіру жүргізу үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасына түсіріледі (П-4 нысаны).

31. Қолмен сәйкестендіру аяқталғаннан кейін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамаларының мәліметтерін базаға енгізеді.

31.1. Тестілеу нәтижелерін бағалау жауап парақтарын сәйкестендіргеннен кейін бірден орындалады.

32. Тестілеу нәтижелерін бағалаудан кейін МАБ нәтижесі бойынша 4-дана емтихан ведомосы шығарылады (мектеп әкімшілігіне, АББ (ҚББ) бөліміне, Министрлік өкіліне және ҰБТӨП-ке).

33. Барлық мектептің жауап парақтарын сканерлеп болғаннан кейін тестілеудің нәтижелері телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

34. Министрлік өкілі барлық МАБ жұмыстары аяқталғаннан кейін Комитетке жазбаша есеп береді, ал ҰТО-ға жазба түрде есеп береді және барлық емтихан ведомостарын тапсырады.

35. Қорытынды файлды ҰТО-ға жібергеннен кейін ғана дұрыс жауаптар коды тиісті парольды енгізу арқылы ашылады.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «14 » қаңтардағы

16 бұйрығымен

бекітілген


П-1 нысаны

Бекітемін

АББ (ҚББ) меңгерушісі

_____________ _____________

(қолы) (Аты-жөні)

20_ жылғы «___»____________

Оқушылардың тізімі
Облыс _______________________________________________

(аты)

Аудан__________________________________________________

(аты)

Оқу орны_______________________________________

(аты)

Сынып___________




Т.А.Ә.

Туған жылы

Ұлты

Жынысы

Оқыту тілі

1

2

3

4

5

6

1
















2
















3
















Мектеп директоры қолы Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «14 » қаңтардағы

16 бұйрығымен

бекітілген


П – 2 нысаны
Тестілеу материалдарын ашу

актісі
Облыс _______________________________________________

(аты)

Аудан__________________________________________________

(аты)

Оқу орны_______________________________________

(аты)

Сынып___________ Мерзімі_________________
Біз, төменде қол қоюшылар, тестілеу материалдары салынған қорапшаларды ашып, тестілеу материалдарына санақ жүргіздік. Санақ қорытындылары төмендегі кестеде көрсетілген.

Қолданылмаған сұрақ кітапшалары тестілеу болып жатқан жерден шығарылды.




Материал атауы

Жоспар-ланған саны

Нақты саны

Таратыл-ды

Қал-ғаны

Ескерту

1

Жауап парақтары
















2

Сұрақ кітапшалары
















3

Жауап парағына арналған Интервоид

















________________________________________ _________________

(аты-жөні) (қолы)

________________________________________ _________________

(ты-жөні) (қолы)


_______________________________________ _________________

(аты-жөні) (қолы)

________________________________________ _________________

(аты-жөні) (қолы)
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «14 » қаңтардағы

16 бұйрығымен

бекітілген

П – 3 нысаны

Аудитория кезекшілеріне тестілеу материалдарын беру және олардан қабылдап алу

актісі

Облыс ______ ______________________________ Аудан ________ ____________________________________

(код) (аты) код) (аты)

Оқу орны ______ ____________________________________________________________________________

(код) (аты)
Мерзімі _____________


Тестілеуге дейін

Тестілеу уақытында

Тестілеуден кейін

№ ауд

Оқытылу тілі және сынып

Аудитория кезекшісінің аты-жөні

Тестілеу материалдары

(жауап парағы мен кітапшалар саны)

Тестілеу материалдарын алу жөніндегі аудитория кезекшісінің қолы

Жоспарланған тестілеу метериалдарының саны

Тестілеуге қатысып отырған оқушылардың саны

Артық қалған сұрақ кітапшаларының саны

Артық қалған сұрақ кітапшаларды қабылдап алу жөніндегі БҒМ өкілінің қолы

Тестілеу материалдарының саны


Тестілеу материалдарын қайтару жөніндегі аудитория кезекшісінің қолы

Тестілеу материалдарын қабылдап алу жөніндегі БҒМ өкілінің қолы

Сұрақ-кітапшасы

Жауап парағы

Сұрақ-кітапшасы

Жауап парағы













































Министрлік өкілі ____________________________________________ ____________________

(Т.А.Ә.) (қолы)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «14 » қаңтардағы

16 бұйрығымен

бекітілген


П- 4 Нысан
ЖАУАП ПАРАҚТАРЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ ХАТТАМАСЫ
763 ҰБТӨП Ақкөл қ., №2 ОМ

Облыс 01 Ақмола Аудан 01 Ақкөл Мектеп 001 1-Ақкөл ОМ

Сынып 9 А Тапсыру тілі: қазақша Мерзімі: ___.___.20_
Енгізілген оқушылардың саны: 4
Сәйкестендірілген жауап парақтарының тізімі



Аты-жөні

Туған жылы


ұлты



жынысы

нұсқа

Жауаптары

1

Маратов

Сабыр


97


01



Ер

231

ABCDEABCDEABCDEABCDE

2

Тойшиева

Асель


98


01



әйел

233

ABCDEABCDEABCDEABCDE



Сәйкестендірілмеген жауап парақтарының тізімі



Аты-жөні

Тыған жылы


ұлты



жынысы

нұсқа

Шетел тілі

жауаптары

шешімі
(қолмен толтырылады)

Жауап парағында (ЖП)

дұрыс
(қолмен толтырылады)

ЖП

дұрыс

ЖП

дұрыс

ЖП

дұрыс

ЖП

дұрыс

ЖП

дұрыс

1

Есент ев Кайрат

Есентаев

Кайрат

97

97


01




01



Ер

Ер

234

234

нем

Нем

ABCDEABCDEABCDEABCDE

түзету

2

Артыкбаев Габит


Артыкбаев

Габит


97

97


00



01

ер

ер

234

234

нем

Нем

ABCDEABCDEABCDEABCDE

түзету


Мемлекеттік комиссия төрағасы ______________________ ҰБТӨП жетекшісі________________

Мемлекеттік комиссия мүшелері _________________ Министрлік өкілі __________________________



Похожие:

Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconҚазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы...
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconБастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар
Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы icon«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
Жаттарында көрсетілген) негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары (бұдан...
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconБілім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚаулық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы «5» наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және...
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconОрта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған...
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconБілім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі
Заңына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы...
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы iconИнтелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі
Интелектуалды марафонын ұйымдастыру және өткізу Ережесі 2010 жылдың 30 желтоқсанында №2 хаттамамен университеттің Ғылыми кеңесінде...
Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы icon«Н егізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница