Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын




Скачать 366.67 Kb.
НазваниеОблыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын
страница1/4
Дата конвертации31.12.2012
Размер366.67 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын, жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 27 наурыздағы № 121-122 (27195); 2012 жылғы 29 наурыздағы № 124 (27197)"Казахстанская правда" от 27.03.2012 г., № 79-80 (26898-26899);


      Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары;
      2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтерi;
      3) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтерi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 322 қаулысымен   
бекiтiлген      

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңында 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттер түрiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi – Министрлiк) көзделген қаражат есебiнен және шегiнде өсiмдiк шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Министрлiк облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды бюджеттiк бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрi – төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес жүргiзедi.
      3. Бюджеттiк субсидиялар:
      1) бiрегей тұқым өндiрушiлердiң жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң отырғызылған аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
      2) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрi – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгерi, күнбағыс, күрiш, қант қызылшасы, мақта тұқымдарынан басқа нақты сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелiнетiн тұқымдарды қоса алғанда) үшiн шығындарын iшiнара өтеуге. Егер тұқымшар бiр уақытта элиталық тұқым шаруашылығы (бұдан әрi – элиттұқымшар) болса және бiрiншi көбейтiлген тұқым шығару үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланса, тұқымшардың шығындарын iшiнара өтеу бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiрудiң жоспардағы көлемiн қамтамасыз ету үшiн элиталық тұқымның ғылыми негiзделген қажеттiлiгiн ескере отырып жүргiзiледi;
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жемiс дақылдары мен жүзiмнiң элиталық көшеттерiнiң (бұдан әрi – элиталық көшеттер) құнын iшiнара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын iшiнара арзандату кезiнде 1 тоннаға субсидиялар мөлшерi тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдiсiне) байланысты белгiленедi.
      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған бiрегей тұқым өндiрушiлерге жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi нақты орындалған iс-шаралар үшiн төленедi.
      5. Әрбiр бiрегей тұқым өндiрушi үшiн жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi – облыстың жергiлiктi атқарушы органы) өтiнiмдерiн ескере отырып, Министрлiк көп жылдық екпелер алқабына келетiн телiтушiлерге қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес белгiлейдi.
      6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларға әрбiр облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн әрбiр тұқымның түрi бойынша Министрлiк белгiлеген квоталар шегiнде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген сорттардың элиталық тұқымының нақты сатылып алынған көлемi үшiн төленедi.
      7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбiр облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн әрбiр сатқан жүгерi, күнбағыс, күрiш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттiң түрi бойынша Министрлiк белгiлеген квоталар шегiнде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген сорттардың элиталық тұқымдары мен көшеттерiнiң арзандатылған бағамен отандық тауар өндiрушiлерге нақты сатылған көлемi үшiн төленедi.
      Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлерге төленедi.
      Элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлер жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттердi отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген шектi бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
      8. Әрбiр элиталық тұқымның түрi бойынша әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға, жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары және көшеттiң әрбiр түрi бойынша әрбiр элиттұқымшар және тұқым өткiзушiге квоталарды белгiленген тәртiппен облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      9. Әрбiр тұқымшар және тұқым тұтынушы үшiн әрбiр элиталық тұқымның түрi бойынша субсидиялар сомасын анықтау үшiн әрбiр ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрi – ауданның жергiлiктi атқарушы органы) шешiмiмен құрамына аудан әкiмдiгiнiң, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, Министрлiктiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлерi кiретiн ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      Бөлiм тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзiмiн көрсете отырып, 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" субсидиялау бағдарламасында қатысуға өтiнiмдердi қабылдану басталғаны туралы хабарламаны, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.
      10. Квоталардың белгiленген көлемiнiң орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудiң уақтылылығын бақылау үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы Министрлiкке ағымдағы жылдың 30 шiлдесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде нақты жетiстiктердiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерiн көрсетiп, бiрiншi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы аралық есептi, ал қорытынды есептi келесi қаржы жылының 1 ақпанынан кешiктiрмей бередi.
      Квоталардың белгiленген көлемi орындалмаған жағдайда дақылдар бөлiнiсiнде республиканың облыстары үшiн квоталарды қайта бөлудi Министрлiк белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Егер квоталардың белгiленген көлемiнiң орындалмауы бюджеттiк субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлiк Қазақстан Республикасының Үкiметiне заңнамада белгiленген тәртiппен 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде бюджеттiк субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
      11. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының және мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге нарықтық баға бойынша сатады.

2. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттiк субсидияларды пайдалану тәртiбi

      12. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшiн:
      1) бiрегей тұқым өндiрушiлер жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiнде келтiрiлген шығындар нәтижелерi бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактiсiн растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн тапсырады;
      2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы он жұмыс күнi iшiнде жасалған шарттардың және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексередi және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге бюджеттiк субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      Төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиесiлi сомаларды бiрегей тұқым өндiрушiлердiң ағымдағы шоттарына аудару үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шоттарын бередi.

3. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшiн жүгерiден, күнбағыстан, күрiштен, қант қызылшасынан, мақтадан басқа, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардың шығындарын iшiнара өтеуге арналған бюджеттiк субсидияларды пайдалану тәртiбi

      13. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымына бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ВАК-қа:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттың көшiрмесiн (жеке тұлғалар үшiн – шаруа қожалығын құруға әкiм шешiмiнiң көшiрмесiн);
      3) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының көшiрмелерiн;
      4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiктер сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесi (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңына сәйкес селекциялық жетiстiктi уақытша пайдалану құқығын бередi;
      5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлiнiсiнде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат;
      6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша тиiстi жылдың 20 маусымына дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша тиiстi жылдың 10 қарашасына дейiн:
      тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      элиталық тұқымдардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшiрмесiн);
      тексерiлген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы зертхана анықтамасының көшiрмесiн;
      сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның iшiнде iшiнара өтеудi растайтын, сондай-ақ тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
      элиттұқымшар мен сатып алушылар арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
      Бюджеттiк субсидияларды төлеу сатып алынған тұқым үшiн толық төлем жасаған сатып алушылармен қатар, сатып алынған тұқым үшiн тұқымның нарықтық құнының кемiнде елу пайызы мөлшерiнде iшiнара төлем жасаған сатып алушыларға да жүргiзiледi.
      Бұл ретте тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшiрмесiн ВАК-ға құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидияларды алған күнiнен бастап 15 күннен кешiктiрмей тапсырады.
      Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттiк субсидияларды өз еркiмен қайтарады.
      Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi – элиттұқымшар үшiн, екiншiсi – сатып алушы үшiн, үшiншiсi – ауданның жергiлiктi атқарушы органы үшiн, төртiншiсi – облыстың жергiлiктi атқарушы органы үшiн.
      14. Тұқымшар бiр уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттiк субсидиялар алу үшiн:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi;
      2) осы Қағидалардың 13-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың тiзбесiн;
      3) ай сайын 1-күнiне қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;
      4) элиталық тұқымдарды пайдалану фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша тиiстi жылдың 20 маусымына дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша тиiстi жылдың 10 қарашасына дейiн:
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымшар нақты өндiрген элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарын кiрiске алу актiсiн;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдары егiлген егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы актiнi;
      егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi;
      тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы зертхананың анықтамасын тапсырады.
      15. ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейiн осы Қағидаларға 4-қосымшаға және/немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергiлiктi атқарушы органына бекiтуге жiбередi.
      Егер тұқымды сатып алуға арналған өтiнiмнiң сомасы бөлiнген бюджеттiк қаражаттың сомасынан артық болса, онда әрбiр элиталық тұқымның түрi бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң өтiнiмдерiнде көрсетiлген егiстiк көлемiне барабар бөлiнедi.
      16. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы екi жұмыс күнi iшiнде әрбiр тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрiне алдын ала жасалған квоталарды бекiтедi.
      17. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ауданның жергiлiктi атқарушы органы бекiткен әрбiр тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрiне алдын ала жасалған квоталарды, сондай-ақ жаздық дақылдар бойынша тиiстi жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi, ал күздiк дақылдар бойынша тиiстi жылдың 20 қарашасына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк субсидиялар төлеудiң негiздемесiн растайтын мынадай құжаттарды:
      1) тұқымшар және/немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      2) элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
      3) зертхананың тексерiлген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтамасының көшiрмесiн тапсырады.
      Егер тұқымшар бiр уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элитаны пайдаланған жағдайда:
      1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымдарының элиттұқымшар нақты өндiрген көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      2) зертхананың тексерiлген тұқымның мөлшерi мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы тұқым сапасының сараптамасы жөнiндегi анықтаманы ұсынады.
      18. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, мыналарды жасайды және бекiтедi:
      әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квоталарды;
      облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi;
      2) облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, онда көрсетiлген элиталық тұқымдардың көлемi мен бюджеттiк субсидиялардың бекiтiлген нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн анықтайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi сатып алынған тұқымның толық құнының 40 %-ын құрауы, бiрақ осы қаулымен бекiтiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына 2012 жылға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативтерiнен артық болмауы тиiс;
      3) әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгiленген квоталар шегiнде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшiн тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын iшiнара өтеуге бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
      19. Тұқымшар бiр уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, мыналарды жасайды және бекiтедi:
      әрбiр тұқымшарға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квоталарды;
      облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi;
      2) облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндiрiлген көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша онда көрсетiлген элиталық тұқымдардың көлемi мен бюджеттiк субсидиялардың бекiтiлген нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн анықтайды;
      3) әрбiр тұқымшарға белгiленген квоталар шегiнде нақты өндiрiлген элиталық тұқымдар үшiн тұқымшарлардың шығындарын iшiнара өтеуге бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
      20. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жинынтық актiнiң, химиялық әдiспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөнiндегi актiнiң, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндiрген көлемi туралы тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Министрлiк бекiтедi.
      21. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидиялар төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шоттарын бередi.
  1   2   3   4

Похожие:

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №297 қаулысы Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы»
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
Уралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын iconОблыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница