Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы




Скачать 482.37 Kb.
НазваниеБигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы
страница1/4
Дата конвертации10.11.2012
Размер482.37 Kb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4
ӘОЖ 81'373:[811.512.122+811.512.161 Қолжазба құқығында

БИГЕЛЬДИЕВА МОЛДИР МАХАББАТОВНА
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық

және салғастырмалы тіл білімі
Филология ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Диссертация Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыс тілдері кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,

профессор Махпиров В.У.


Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,

доцент Дүйсекова К.К.


филология ғылымдарының кандидаты

Рсалиева Н.М.

Жетекші ұйым: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университеті


Диссертация 2010 жылы «28» қыркүйек сағат 11.00-де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.14.01 диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады (Мекен-жайы: 050022 Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200).


Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы «28» тамыз таратылды.


Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы

филология ғылымдарының докторы, доцент Д.Д. Шайбакова

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе.

Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: «Әрбір халықтың тілі тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар, рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама берген [1, 34 б.].

Антропонимика – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің түрлі құбылыстарын көрсете алады.

Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.

Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.

«Есімдер мен атаулар – әр дәуірдің ескерткіші, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түскен тарих айнасы» [2, 105 б.]. Осы және де басқа себептерге байланысты жалқы есімдерді зерттеу жалпы алғанда тарих үшін оның ішінде тіл тарихы үшін өте маңызды. Ономастика ғылымының зерттеу нәтижелері тіл білімі тарихы үшін, халықтың тарихы үшін, диалектолoгия, этнография, археология, география, философия ғылымдары үшін құнды да маңызды дереккөз болып табылады.

Антропонимиканың теориялық негіздері В.Д. Бондалетов, Н.А. Баскаков, С.И. Зинин, Ю.А. Карпенко, А.А. Реформаторский, А.М. Селищев, О.Н. Трубачев, Н.М. Тупиков, В.П. Морошкин, В.К. Чичагов, Л.В. Успенский, А.А. Белецкий, В.А. Никонов, Н.В. Подольская, А.В. Суперанская, Р.Г. Алеев, Г.Ф. Саттаров, К.М. Мусаев, Т.Ж. Жанұзақов сияқты ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Антропонимка саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп келеді. Қазақ ономастикасы тақырыбына Т.Ж. Жанұзақовтың, А.Т. Қайдаровтың, Г.Б. Мадиеваның, Б.М. Тілеубердиевтің кешенді еңбектері арналған.

Түрік ономастикасына келер болсақ, алғаш болып түрік әйел есімдері тақырыбын зерттеген атақты венгриялық ғалым Л. Рашони болған. Сонымен қатар, түрік ономастикасын зерттеген басқа да ғалымдар жоқ емес. Олардың қатарына В.А. Гордлевский, А. Ерол, Ф. Сүмер, С. Сакаұлы сынды ғалымдарды жатқызуға болады.

Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының жан-жақты дамуымен қатар ономастика ғылымының да қарқынды дамуы байқалуда. Қазіргі ономастика ғылымы тілдің ономастикалық бірліктерін салыстырмалы, салғастырмалы және типологиялық тұрғыдан зерттеу өрістеп келеді. Мұндай зерттеулер әр тілдің өзіндік антропонимиялық жүйесін, қорын, лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықтың тарихына, мәдениетіне деген қызығушылық артқан сайын, қазақ ономастикасы мен әсіресе, оның ішінде антропонимика саласын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы артып отыр.

Кез келген халықтың антропонимдері сол халықтың дүниетанымы туралы білімді жинақтай отырып, семантикасында ер не әйелге тән ұлттық, мәдени, әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, көне түркі антропонимдері негізінде қалыптасқан екі тілдің антропонимдік қоры, типологиялық ұқсастықтар мен есім беру салтындағы орын алған ұлттық ерекшеліктерді анықтау жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.

Туыстас екі халықтың әйел есімдерінің зерттелуі антропонимиядағы әйел есімдерінің орнын, антропонимдік қордағы орын алған өзгерістерді, екі халықтың есім беруімен байланысты әдет-ғұрпының ұқсас тұстары мен ерекшеліктерін, әйел және ер адам есімдерінің арақатынасын, қазақ және түрік әйел есімдерінің лексика-семантикалық және құрылымдық жағынан ұқсастығы мен ерекшелігін, ресми емес әйел есімдерінің жасалу және қолданылу ерекшелігі мен халық ауыз әдебиеті шығармаларындағы әйел есімдерінің қолданылу ерекшеліктерін, аты-жөн жүйесіндегі ерекшеліктер мен олардың пайда болу себептерін, есім беру принциптерінің өзара ұқсастықтары мен сыртқы және ішкі факторлар нәтижесінде орын алған өзгешеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақ және түрік тілдері түркі тілдері тобына жататынына қарамастан, екі тілдің антропонимиялық жүйесі мен қорында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Бұл өзгешеліктер, әсіресе, әйел антропонимиясында айрықша көрініс табады. Сол себепті осы екі жүйенің салыстырмалы-тарихи анализі ғылыми тұрғыдан қызығушылық тудыруда.

Түркі ономастикасының антропонимика саласын зерттеудің тіл тарихы мен тарихи этнография үшін маңызы зор. Себебі, осы антропонимиялық материалдар арқылы тілдегі көне лексикалық қабаттарды, грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылыстарды, халықтың әдет-ғұрпын, дүниетанымы мен салт-дәстүрлерін толығымен көруге болады. Қазақ және түрік ономастикасының барлық салаларына қатысты келелі мәселелерінің бірі ғылыми тұрғыдан зерделей зерттеу болғандықтан бұл да біздің ғылыми жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсуде.

Зерттеудің нысаны. Қазақ және түрік тілдеріндегі әйел антропонимдері.

Зерттеудің пәні. Қазақ және түрік тілдеріндегі әйел антропонимдерінің құрылысы, типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты – түрік және қазақ тілдеріндегі әйел антропонимдерінің қалыптасуы, тілдік құрылымы мен құрылысын, лексико-семантикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, қалыптасқан түрлі тілдік варианттарын анықтау, халық ауыз әдебиеті шығармаларындағы әйел есімдері, етістік тұлғалы әйел есімдері, ресми қаратпалар, ресми емес есімдер және олардың құрылымы мен жасалу жолдарын анықтай отырып барынша ашып көрсету болғандықтан, осы алға қойған мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- жалпы ономастика ғылымына қатысты, оның ішінде түркі ономастикасы, түрік және қазақ антропонимдеріне қатысты бұрын-соңды жүргізілген еңбектерге тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;

- түрік және қазақ әйел антропонимдерінің құрылысына қарай талдау жасау;

- түрік және қазақ әйел антропонимдерінің лексико-семантикалық типтерін анықтап, жүйесін жасау арқылы антропонимдердің уәжділігін ашу;

- түрік және қазақ әйел антропонимдерінің тілдік құрамын анықтай отырып, түркі негізді антропонимдер мен шет тілден енген антропонимдердің сандық үлесін анықтау;

- әйел есімдерінде қолданылатын есім қосымшаларды анықтап мағыналары мен қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету;

- халық ауыз әдебиетіндегі әйел есімдерін жинау, оларды семантикалық және этимологиялық тұрғыдан қарастыру;

- екі тілдегі аты-жөн жүйесін қарастыра отырып есім беру принципінің өзіндік ерекшеліктері мен олардың туындау себептерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы түрік және қазақ әйел антропонимиясының типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктерін анықтау мен оларды қарастыру барысында бірнеше ғылыми жаңалық ортаға шықты. Атап айтар болсақ:

- екі тілдегі әйел есімдерінің антропонимиядағы орны анықталып, түрік тілінің әйел антропонимдері қазақ әйел антропонимдеріне қарағанда біршама аз екендігі және оның себептері айқындалды;

- зерттеу жұмысымызда алғаш рет қазіргі қазақ және түрік әйел антропонимдік қорының тілдік құрамына талдау жасау негізінде екі тілдің антропонимдік қорының жартысынан басым көпшілігін түркі негізді есімдер құрайтындығы және шет тілдерден енген антропонимдер мен олардың пайыздық үлесі анықталды;

- алғаш рет қазақ және түрік әйел антропонимдерінің лексикалық классификациясы мен семантикалық жүйесі жасала отырып екі халыққа ортақ уәжділіктер айқындалды;

- қарастырылып отырған екі тілдегі әйел антропонимдерінің құрамындағы формальді көрсеткіштер алынып олардың қолданылу ерекшеліктері талданды;

- қазақ және түрік тілдеріндегі әйел аты-жөн жүйесі, олардың қалыптасуы мен түрлері қарастырыла отырып ат қою принципінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері сараланды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- қазақ және түрік халықтарының антропонимиясы ұлттың төлтума қасиеттерін, дәстүрлі дүниетанымын, арман-аңсарын, түрлі тарихи кезең­дер­дегі саяси-әлеуметтік ахуалын, табиғатпен қойындасқан өмір салтын, әлеуметтік қатынастарын, қор­ша­ған орта мен жан-жануарлар дүниесіне дейін айғақтай алатын аса мәнді тарихи дерек көзі болып табылады;

- қазақ және түрік антропонимиялық жүйесінің қалыптасуы мен әрі қарай дамуы көне түркі мәдени дәстүрлерімен тығыз байланысты;

- бір жағынан ислам дінін қабылдау мен мұсылман мәдениеті, екінші жағынан көне түркі салт-дәстүрлері қазақ және түрік есім беру салты мен антропонимиялық жүйесінің дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Бұл антропонимилық жүйені гендерлік тұрғыдан қарастырғанда анық байқалады;

- түрік және қазақ тілдеріндегі әйел есімдері жасалу жолдарына, құрылымы мен құрылысына, тұлғасына қарай негізінен ұқсас болып келеді. Екі тілде де дара тұлғалы әйел есімдеріне қарағанда күрделі тұлғалы есімдер көп кездеседі де жиі қолданылады;

- екі тілдің антропонимиялық жүйесінде тек ерекшеліктері орын алады, ол сол халықтардың саяси тарихының салдарынан туындаған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ және түрік ономастика ғылымы ғылымның жас саласы болғанымен жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілген. Солардың нәтижесінде көптеген ғылыми-теориялық еңбектер жарық көрген. Қазақ және түрік тіл білімінде антропонимика әр түрлі аспектіде зерттелгенімен әйел есімдері жеке дара жүйелі түрде зерттелмеді. Сондықтан да бұл тақырып жайлы еңбектер жоқтың қасы деуге болады.

Осы уақытқа дейінгі антропонимдерге байланысты зерттеулерде белгілі бір тарихи кезеңдердегі кісі аттары, түрлі әдеби шығармалардағы антропонимдер, шет тілден енген антропонимдер сияқты тақырыптар зерттеліп келді. Алайда, осы еңбектерде әйел антропонимдері тұтастай қарастырылып, арнайы түрде сөз болған емес.

Зерттеудің теориялық маңызы. Қазақ және түрік әйел есімдерін теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері мен материалдарын аталмыш екі тілдегі ономастикалық, салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы зерттеулерде кеңінен қолдануға болады.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыстың қорынтындылары мен тұжырымдарын, талдауға түскен тілдік материалдарды келешекте қазақ және түрік антропонимиясын зерттеуде қолдануға болады. Бұған қоса әйел есімдерінің энциклопедиялық сөздігін жасауда қолданыла алады деген ойдамыз. Зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінің ономастикасы, лингвомәдениеттану, түркі ономастикасы салалары бойынша оқытылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, екі халықтың тілін, дүниетанымын, мәдениетін тануға арналған дәрістерде, қазақ және түрік тілдері оқытылатын оқу орындарында көмекші құрал бола алады. Қазақ және түрік халықтарының мәдени қарым-қатынастарын зерттейтін шығыстанушы мамандардың да қажетін өтеуге белгілі дәрежеде септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Сипаттамалық әдіс, салыстырмалы, құрылымдық талдау, атауларды топтастырып жіктеу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылып сандық есеп жүргізілді.

Зерттеудің дереккөздері. Жұмысты жазу барысында Т.Ж. Жанұзақов (1965, 1971, 2006), В.У. Махпиров (1990, 1997), Г.Б. Мадиева (2003, 2004), В.А. Никонов (1974), А.В. Суперанская (1973, 1986), Ф. Сүмер (1999), А. Ерол (1992), С. Сакаұлы (2001) сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Қажетті тілдік деректер қазақ және түрік тіліндегі есімдерге байланысты лексикографиялық еңбектерден, мерзімді басылым беттерінде жарияланған материалдар мен ақпараттар, әдеби шығармалар сияқты дереккөздерден жиналды.

Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда баяндалды: «Мәдениетаралық коммуникация және аударма» атты Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында (Алматы, 2007), «Молодежь и духовное единство народов Казахстана» (Материалы научной конференции студентов, аспирантов и молодых ученых вузов Алматинского региона) атты ғылыми конференциясында (Алматы, 2007), «Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), Шығыстану білімі мен ғылымының іргелі және инновациялық мәселелері: Шетелдік ғалымдар, отандық шығыстанушылар және әл-Фараби атындағы университетінің ОҚП қатысуларымен өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2009), Әдебиет, тіл және мәдениетке қатысты еңбектерде бір білім категориясы ретінде «әйел» атты үшінші халықаралық семпозиумда (Түркия, Конья, 2010) баяндамалар жасалды.

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналында (Алматы, 2008), Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ хабаршысы “Филология сериясында” (Алматы, 2008), «Шығыстану сериясында» (Алматы, 2009), әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы «Шығыстану сериясы» филология бөлімінде (Алматы, 2009) мақалалар жарық көрді.

Жалпы ғылыми жұмыс бойынша тоғыз мақала жарық көрді.

Диссертациялық жұмыс Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ шығыс тілдері кафедрасының кезекті мәжілісінде талқылудан өтіп, мақұлданды (10 қараша, 2009 ж. хаттама №4).

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады (193). Диссертация 150 бетте баяндалған.


Жұмыстың негізгі мазмұны
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері белгіленді, зерттеудің нысаны мен пәні айқындалды және зерттеудің дереккөздері, ғылыми жаңалығы, әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, тақырыптың зерттелу деңгейі мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың талқылануы мен зерттеу нәтижелерінің жарияланымы көрсетілді.
  1   2   3   4

Похожие:

Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы icon«Жарқын болашақ» III республикалық «katev» қазақ тілі олимпиадасының ережелері I. «Сөз шеберлері» конкурсы
Дарынды ер және қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей–интернаты мен «Нұрорда» қазақ-түрік лицей кешенінің әкімшілігі 2011 жылдың...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconӘлімжанова Айша Анықбайқызы Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconДипломатиялық аударма кафедрасының доценті, философия ғылымдарының канд мекенжайы: Алматы қаласы
Зерттеу облысы: Түрік және араб тілдері саласының маманы. Ж. Б. Момынқұлов түрік, араб, ағылшын, француз тілдерін меңгерген. 2009...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2007 Диссертациялық жұмыс: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік

Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconМ. Жұмабаев айтқандаай «Мен жастарға сенемін!»
Тәжікстан үкіметі түрік сериалдарына тиым салғанын хабарлаған еді. Сол хабарды оқып, біздің елде де тиым болса ғой деп ойладым. Қәзіргі...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚаралатын істердің күні мен уақыты Сот пен судьяның атауы
«Қарағанды қ. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты» мм
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconПәні: Анатомия 1 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина» Курс
Тақырыбы: Әйел және ерлер жыныс мүшелерінің функциональдық анатомиясы және дамуы
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconӘйел біріксе, алынбайтын қамал жоқ 5 Наурыз 2011 // «егемен қазақтан»
Парламент Мәжілісінің депутаты, әйел депутаттар тобының үйлестірушісі Майра Айсина Парламентте халық қалаулылары болып жүрген, бұған...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚаржаубай сартқожаұЛЫ, филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Байырғы түрік мәтіндеріндегі ⋈ әріп кескінінің оқылымы
Бүгінге дейін байырғы түрік мәтіндерінде ⋈ әріп кескіні төмендегі ескерткіштерде кездеседі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница