ҚОҒамдық білім негіздері




Скачать 205.12 Kb.
НазваниеҚОҒамдық білім негіздері
Дата конвертации10.11.2012
Размер205.12 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар
қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ



жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Омарбеков Т. О., Жусанбаева Г. М.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қоғамдық білім негіздері» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 15 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І. ТҮСІНІК ХАТ
Жалпы орта білімдегі «Қоғамдық білім негіздері» пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық- әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді. Қоғамдық сана, қоғамдық байланыстар және қарым-қатынастар саласындағы адамзаттың, қоғамның және өркениеттің даму заңдылықтары туралы ғылыми және тәжірибелік білім, адамзаттың қоғамдық дүниесі (қоғам мен адам қоғамдық қызмет аспектілері).

Мақсаты - оқушыларды қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жүйесімен және оның даму заңдылықтарымен таныстыруды, қоршаған орта туралы ғылыми білімдермен қаруландырып, саяси сауатты және белсенді азаматты - өз Отанының патриотын тәрбиелеуді көздейді.

Міндеттері:

  • Қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын оқып-үйрену негізінде оқушылардың айналадағы дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

  • орта мектепте оқытылатын өзге пәндерден алған білімдерін, біліктерін кіріктіру, жинақтау және дамыту арқылы оқушыларды ғылыми категориялар бойынша ойлауға үйрету;

  • Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси жүйесін оқыту негізінде оқушылардың саяси сауатты, өз Отанын сүйетін азамат болып өсуіне көмектесу;

  • саяси-экономикалық және әлеуметтік білімдер кешенінен казіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп ала отырып, оқушынын айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстар арасында дұрыс бағдар жасай алуына көмектесу;

  • әр адамның экологиялық сауатты әрекет жасауы қажеттігін түсіңдіру арқылы оқушыны табиғатты аялай және қорғай білуге баулиды.

Бiздiң ұсынып отырған «Қоғамдық білім негіздері» пәнiн оқыту бағдарламасының өзiндiк заман талаптары мен егемен елiмiздiң соңғы жылдардағы өткен тәжiрибесiнен туған ерекшелiктерi бар. Ең бастысы Қазақстан Республикасының даму жағдайында демократиялық ұстанымдарды нығайта отырып, стратегиялық бағыт ретiнде азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру талаптарын ескере отырып жасалған. Пәннiң атының «Қоғамдық білім негіздері» болып өзгеруi оның мазмұнының жаңарып Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттiк сәйкестiлiгiн қалыптастыру, тарихи сананы қалыптастыру туралы және этникалық – мәдени бiлiм туралы тұжырымдамаларында көрсетiлген бағыттарға сай, қазiргi жүрiп жатқан нарық қатынастары негiзiнде демократиялық, зайырлы, әлеуметтiк және құқықтық қоғам құру, қазақстандық патриотизмдi орнықтыру, Ұлтаралық келiсiм идеяларын басшылылыққа ала отырып, құндылықтардың жаңа жүйесiн игеруге бағыттылуымен қоса жаңа бағдарлама мектеп бiтiрушi жастардың рухани қажеттiгiн өтеуге өзiндiк үлес қосуы керек.

«Қоғамдық білім негіздері» оқушыларға адам, қоғам, табиғат туралы бiлiм негiздерiн оқыта отырып, оқушыларды алған бiлiмдерiн өмірде пайдаланып, өздiгiнен әрекет ете алатын, оларды түрлi өмiрлiк жағдайларда қолдана бiлетiн, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзiндiк азаматтық позициясы мен көзқарасы бар, Отанын шын сүйетiн тұлға болып қалыптасуға бейімдеу болып табылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «Қоғамдық білім негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

10 сыныпта аптасына - 1сағат, оқу жылында- 34 сағатты;

11 сыныпта аптасына - 2 сағат,оқу жылында –68 сағатты құрайды
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

«Қоғамдық білім негіздері» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігін анықтауда мектептің екі бағытағы жаратылыстану –математикалық және қоғамдық –гуманитарлық бағыттарының ерекшеліктері мен профиль бойынша мектеп бітірушінің жоғары оқу орынында өз білімін жалғастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Таңдау және қолданбалы курстардың бағдарламасының мазмұнын құрғанда оқушының таңдауына және ата- аналардың талап- тілектері ескерілуі керек.

Мұндай курстардың тақырыптар әр түрлі: « Саяси қайраткерлер»,

« Қазақстан халықтарының рухани байлықтары», «Ойлау мәдениеті», «Ақша тарихы», банки және әлемдік экономика», « Еңбек- байлықтың көзі», «Қазіргі менеджмент және маркетинг», «Жарнама. Кешегі мен бүгінгі», « Есептеу әлеміндегі адам» және т.б.

II. ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

10-сынып

(аптасына- 1сағат, оқу жылында- 34 сағат)

Кіріспе (1сағат)

Философия – ғылымдар әдіснамасы. (3сағат)

Философия пәні және оның зерттеу объектісі. Философия ғылымдар әдіснамасы ретінде. Әдіс және әдіснама. Ғылыми ойлаудың жалпы ұстанымдары: индукция мен дедукция; талдау және жинақтау; аналогия; салыстыру; эксперимент; бақылау. Нағыздықтың объективті заңдылықтары. Нақты ғылымдарды зерттеудің арнайы әдістері. Танымның философиялық әдістері: арнайы сипаты, нақты ғылымдар әдістерінен айырмасы. Диалектика. Материалдық дүние дамуының жалпылама заңдылықтары. Онтология болмыстың жалпылама заңдыльіқтары туралы ілім ретінде

Таным теориясы (8сағат)

Таным теориясы пәні. Таным объектісі мен субъектісі. Таным теориясы және өзге теориялық-философиялық алға тартулар. Таным теориясының проблематикасы. Адам дүниені қалай танып біледі: бақылау, сезіммен және ұтымды қабылдау. Тіл және ойлау: логикалық және абстрактілі ойлау. Адамның дүниені тану мүмкіндігі: оптимизм, скептицизм. Агностицизм туралы түсінік. Ғылыми таным: теория ғылыми танымның формасы ретінде. Танымның түрлері. Дүниетанымның тұрпаттары: аңыздық, діни және философиялық дүниетаным. Ақиқат және оның критерийлері: ақиқаттың объективтілігі, нақтылығы; абсолют және салыстырмалы ақиқат. Адасу. Қоғамдық практика ақиқаттың критерийі ретінде. Адамның санасы. Сананың құрылымы: ғылыми және жұтаң сана. Қоғамдық сана. Өзіндік сана. Адам өміріндегі білімнің рөлі. Адамның қызметі: қызметтің мәні және құрылымы. Қоғамдық қызмет. Рухани және адамгершілік қызмет. Бұқаралық-саяси қызмет. Адамның өмірі және өлу. Аласталу. Суицид мәселесі. Тәртіптен ауытқу: маскүнемдік және есірткішілдік.

Логика (6сағат)

Логика пәні және оның міндеттері. Логика ғылымының маңызы. Ұғым ойлау бірлігі ретінде: жасалу амалдары, мазмұны мен көлемі. Ұғым және сөз. Пікір ойлау формасы ретінде. Пікірдің құрылымы мен атқаратын рөлі. Пікір және сөйлем. Ойлаудың логикалық заңдары: тепе-теңдік заңы, қайшылық заңы, үшіншіні ескермеу заңы, жеткілікті негіз заңы. Ой қорытынды ойлау формасы ретінде. Дедуктивті және индуктивті ой қорытынды. Аналогия. Ғылыми ойлаудың логикалық әдістері.

Этика (5сағат)

Этика философияның қүрамдас компоненті ретінде. Этика және оның міндеттері. Этиканың пайда болуы және дамуы. Философиялық және нормативті этика. Этиканың әлеуметтік-тарихи сипаты. Мораль этиканың зерттеу объектісі ретінде. Моральдық идеялар проблемалары. Мораль қоғамдық сананың бір формасы ретінде. Моральдық сана және жеке адамның санасы.

Адамның моральдық қызметі: мазмұн және мотивтену. Еңбектік, кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық мораль. Ұлттық мораль және оның қазіргі даму кезеңінде қайта жаңғыруы. Қоғамның моралі. Іскерлік этикет. Іскерлік этикеттің негізгі ұстанымдары мен нормалары. Басшы-бағынушы арасындағы қатынастар. Жүздесудегі демократиялылық. Ұжымда қолайлы орта тудырудағы жетекшінің рөлі. Ұжымдағы тұлға. Тұлғааралық қатынастар. Тұлғааралық қақтығыстар және оларды шешу жолдары.

Эстетика (4сағат)

Эстетика - адамдардың шығармашылық қызмет аясын зерттейтін, философиялық ғылым. Адамның дүниені эстетикалық игеру заңдылықтары. Шығармашьшықтың мәні және формасы. Эстетиканың проблематикасы және міндеттері.

Негізгі эстетикалық категориялар: тамаша және ұсқынсыз; асқақ және мешеу; трагедиялық және комедиялық. Адам өміріндегі классиканың рөлі. Эстетикалық игерудің субъективті жақтары. Эстетикалық идея. Эстетикалық сезімнің табиғаты және рухани сипаты. Нағыздықты эстетикалық игерудегі көркемөнердің атқаратын рөлі және алатын орны. Эстетикалық дүниетанымның қалыптасуы. Өнерді көркем бейнелер арқылы ойлау іспетті тану. Көркемөнер туындысы - көркем бейнелер жүйесі.

Эстетикалық сана - қоғамдық сананың құрылымдық компоненттерінің бірі. Дәстүрлі өнердегі эстетикалық және оларды қазіргі жастардың қабылдауы. Эстетикалық талғам туралы түсінік. Жастар және қазіргі замандық көркемөнер. Эстетикалық мүдделер. Эстетикалық талаптар және олардың қанағаттандырылу шарттары.

Әлеуметтік психология (6сағат)

Әлеуметтік психология ғылым ретінде. Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі, салалары, проблемалары. Қоғамдық психология және оның құрылымы. Ұлттық психология — қоғамдық психологияның құрамдас компоненті. Ұлттық психологияның құрылымы: Ұлттық өзіндік сана, ұлттық мінездің нышандары, ұлттық мүдделер, Ұлттық сезім. Ұлттық сәйкестілік мәселелері: Ұлттық-психологиялық сәйкестілік. Маргиналдық екідайлық және ұлттың рухани бірлігі мәселелері. Ұлттық менталитет: транстүзілімі және көрінісі. Қоғамдық санадағы келеңсіз құбылыстар және олардың туу себептері. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.
ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

11-сынып

(аптасына 2сағат, жылына 68 сағат)

Философия және антропология (9сағат)

"Адам деген кім?" Философиялық антропологияның негізгі идеялары мен әдіснамалық нұсқалары. Дүние жүзі. Әлем. Нәрселер, құбылыстар, үрдістер. Материя. Кеңістік. Уақыт. Қозғалыс.

Адам феномені. Адамның жерден, жерден тыс және ғарыштық шығу тегі туралы жорамалдар. Еңбек теориясы. Қазіргі замандық семиотикалық және мәдениеттанушылық теориялар. Дуалистік теория Адамның қалыптасуы туралы діни теориялар. Адам өмірін және тарихты кезеңдерге болу. Ақылды адамның ата жұрты. Адамның шығуы туралы мутациялық теория. Жер антропосферасы. Қоршаған дүниедегі адамның орны.

Адамды кешенді түрде зерттеу мәселелері. Адамның мәні және құрылымы. Адамның микрокосмы. Адамның тілі және ойлауы дамитын жүйе ретіңде. Ойлау тұрпаттары, олардың көптүрлілігі және бірлігі. Тіл мен мәдениеттің ажырамас тұтастығы. Адам қоғамның жемісі ретінде. Қоғамның әлеуметтік өмірі және тұлғаның әлеуметтену проблемалары. Әлеуметтік тәртіп. Еркіндік және қажеттілік. Адамның өмірі мен денсаулығы. Ноmо sapiens түрін оның дамуының жаңа жағдайында сақтау мәселелері. Адамға жаңғырудың қажеттігі.

Қоғамның дамуы (8сағат)

Қоғам. Қоғамдық прогресс және регресс. Эволюция. Дағдарыстар, реформалар, революциялар. Қоғамдық тарихи үрдіс: заңдылықтары мен тенденциялары.

Ежелгі дәуір ойшылдары адам және қоғам жөнінде: Конфуций, Платон, Аристотель. Орта ғасырлар және жаңа дәуір ойшылдары адам және қоғам жөнінде: ҚорқытАта, Әл-Фараби, Т.Гоббс, Г.Гегель. Қазақ ойшылдары адам және қоғам жөнінде: Асан Қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ш.Уәлиханов, Абай, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай және басқалар.

Өркениет (16сағат)

Өркениеттер. Өркениет құндылықтар және идеялар жүйесі ретінде. Тарихқа өркениетті келіс. Өркениеттерді саралау: Шығыс және Батыс өркениеттері; аграрлы, индустриялы және постиндустриялы қоғамдар. Шығыс өркениеттері: орнықтылығы, әлеуметтік-құрылымдық ерекшеліктері. Шығыс адамының дүниетанымы. Араб өркениеті. Батыс өркениеттері: ежелгі грек өркениеті; эллин мәдениетінің таралуы, ежелгі римдік өркениет. Батыс адамының дүниетанымы. Азаматтық құндылықтар. Еуропалық феодализм. Индустриялы өркениетке көшу. Капиталдың пайда болуы. Қайта өрлеу дәуірінің құндылықтары. Еуропалық парламентаризм.

Шығыс пен Батыс ортасында. Ресей: даму ерекшеліктері. Славян-түркі байланыстары. Алтын Орда — Русь қатынастары: прогрессивтік нышандар. Түркі өркениеті: сипаты, шаруашылық жүргізуі. Түркі халықтарының дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі. Номадизм — түркі өркениетінің бір тармағы: әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар. Прогрестің баяу жүруінің себебі.

Индустриялыдан кейінгі қоғамға өту. Қоғамдық даму жолдары мен формаларының көп түрлілігі. Дүниежүзілік қауымдастық: мемлекеттер, діндер, тілдер. Қазіргі өркениеттердің ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) — қазіргі замандық өркениеттің мазмұнын айқындаушы фактор. ҒТП-нің қоғам дамуына әсері. ҒТП және материалдық өндіріс. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары: ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар, соғыс және бейбітшілік мәселелері; "Солтүстік-Оңтүстік" мәселелері, экологиялық апат қаупі және оны сейілту шаралары. Дүниежүзілік қауымдастықтың даму жолдары және болашағы. Қазіргі дүние жүзінің тұтастығы. Ғаламдастыру.

Қазақстан - дүниежүзілік қауымдастықтың құрамдас бөлігі. Жаңарулар өрісіндегі Қазақстан: әлемдік интеграцияға төте араласу, реформаның мазмұны және бағыттары, өтпелі кезеңнің қайшылықтары. Реформалар жағдайындағы адам факторы.

Адам және экономика ( 8сағат)

Адам өмірінің материалдық жағы. Қоғамның материалдық қамтамасыздығы. Экономиканың мәні және оның қоғам өміріндегі рөлі. Экономикалық жүйе. Микро- және макроэкономика. Банктер. Ұлттық және шетел валютасы. Капитал. Қаржы-несие саясаты. Ұлттық жиынтық өнім. Бюджет. Салық саясаты. Бағалы қағаздар. Инвестициялар. Дағдарыс. Инфляция. Экономикалық саясат. Экономикалық өрлеу. Халықаралық еңбек бөлінісі. Сыртқы сауда. Менеджмент негіздері. Маркетинг негіздері.

Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы ( 3сағат)

Әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік орта. Әлеуметтік институттар. Әлеуметтік айырма. Әлеуметтік мүдде. Әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтік еркіндік. Әлеуметтік саясат. Орта тапты қоғам құру жолдары: шағын және орта бизнесті дамыту. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету. Өмірлік деңгей. Тіршілік минимумы. Әлеуметтік орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өмір салты. Маргиналдық мәселелері. Мемлекеттік және ұлттық сәйкестілік. Қала мен ауыл. Кенттену мәселелері. Демография: санаттары. Демографиялық саясат және оның мәні.

Қоғам өмірінің саяси аясы (12сағат)

Саясат және билік. Саяси реформалардың мәні мен мақсаты. Азаматтық қоғам. Саяси қақтығыс. Оппозицияға қатынас. Саяси жетекші және бұқара. Саяси мәдениет. Бұқараның саяси санасы. Саяси еркіндіктер мен құқықтар. Саяси діл. Идеология. Плюрализм. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси сананы өсіруде атқаратын рөлі. Саяси консенсус. Халықаралық қатынастар. Халықаралық саяси және әскери ұйымдар.

"Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы (9сағат)

Қазіргі Қазақстанның мәдениеті: ғылым, білім, көркем өнер. Мәдениеттің алдында тұрған проблемалар. Қазіргі замандық қоғам мәдениетінің даму динамикасы. Мәдени байланыстар: Шығыс және Батыс. Қазақтың ұлттық мәдениеті: ерекшелігі, дәстүр жалғастығы, эстетикалық сана мәселелері. Қазақстан халықтарының мәдениеті: мәдени қоғамдар. Дін мәдениеттің бір формасы ретінде. Дін және саясат. Дін және жастар. Мораль: негізгі ұстанымдары, практикалық бағдары, реттеуші мүмкіндігі. Моральдық қатынастар. Қоғамның моралі. Ұлттық мораль. Тұлғааралық қатынастар. Қақтығыстар және олардың шешілуі. Адам және ұжым. Іскерлік этикет.

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10-сынып

  • Болмыс, диалектика, метафизика, әдіс, методология, индукция және дедукция, талдау және жинақтау, аналогия және салыстыру, эксперимент, бақылау, гносеология, сезімдік және рационалды таным, логикалық және абстракті ойлау, агностицизм, сана, асқақ және мешеу, трагедиялық, комедиялық, эстетикалық талғам, эстетикалық сезім, эстетикалық дүниетаным, ұғымдарын атай алады;

  • Ғылыми ойлаудың жалпы ұстанымдарын; ойлаудың логикалық заңдылықтарын, материалдық дүниенің дамуының жалпы заңдарын; ақиқаттың критерийлерін; адам қызметінің түрлерін; эстетиканың проблематикасын, міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіре алады.

  • Танымның философиялық әдістері мен нақты ғылымдардың арнайы әдістерін; ғылыми және бейғылыми танымды; оптимистік және пессимистік трагедияны; түрлі ұрпақ өкілдерінің эстетикалық талаптарын; Ғылыми әдістер ұстанымдарын және олардың категориялары мен ұғымдарын; ғылыми таным методологиясының маңызын, философиялық әдістің өзіне тән сипатын; эстетикалық игерудің субъективті жақтарын; эстетикалық дүниетанымды қалыптастырудағы көркемөнердің рөлін ажырата біледі.

  • критерийлерді ескере отырып, философияға ғылымдар методологиясы ретінде; әдіске мақсатқа жету құралы ретінде; ақиқатты анықтауда коғамдық практиканың рөліне; қазіргі замандық жастардың эстетикалық мүдделеріне; дәстүрлі өнердегі эстетикалық құндылықтар ды бағалай біледі.

  • Қоғам дамуының тарихи-әлеуметтік- экономикалық және саяси- құқықтық жүйелерінің негізгі ұғымдары, жекеленген заңдылықтары туралы қарапайым түсінігі бар:

  • жеке тұлғаның бостандығы, өзгені сыйлау, жеке адамның еріктілігін ұғымдарын біледі;

  • ҚР конституциясына сәйкес қарым-қатынастың құқықтық негіздерін түсінеді;

  • қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы материал жинақтау мен талдау кезінде экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалана алады;

  • құқықтық және экономикалық бағыттағы оқиғалар мен теориялық материалдарды байланыстыра алады.

  • . Қоғам дамуының негізгі бағыттары мен заңдылықтарының теориялық мәнін түсінеді

  • жеке меншік негізінде экономикалық тәуелсіздіктің өсуі туралы біледі;

  • ҚР-ның басқа мемлекеттер мен құқықтық және экономикалық қарым-қатынас негіздерін түсінеді;

  • қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдауда құқықтық және экономикалық білімдерін пайдалана алады;

  • өзінің әлеуметтік-экономикалық сипаттағы іс-қимылдарын түсіндіре алады.

  • Қоғам дамуының негізгі бағыттарын анықтауда ақпараттық дерек көздері маңыздылығын біледі:

  • өз бетінше экономикалық және құқықтық тұрғыда шешім қабылдай біледі;

  • берілген мәліметтерді салыстыра алады және жалпылай біледі;

  • әлеуметтік-экономикалық келіспеушіліктерді шешуде мемлекеттер арасындағы құқықтық-экономикалық қарым-қатынастарды түсінеді;

  • жас жеткіншектер арасындағы саяси-экономикалық нормаларға қатысты келіспеушілік жағдайларды шешуде өз бетінше шешім қабылдай алады;

  • дерек көздеріне сын көзбен қарай отырып қорытынды жасай алады, өз іс-әрекетінің нәтижесін болжай алады.

11-сынып

  • Адамның қызметіне тұтас жүйе ретінде, қызметтің мақсаты мен құралының арақатынасына, даралықтың көрінісі ретінде мінезге, адамның психологиясына сипаттама жасай алады;

  • Өзіндік сана мен қоғамдық сананың мәнін, тұлғаның әлеуметтену үрдісін, мақсат қою мен көре білудің мәнін ажырата біледі.

  • Өркениет, қогамдық-экономикалық формация, табиғи ортаның қоғамдық компоненті, табиғи ортаның тепе-тендігі, экологиялық проблемалар, экологиялық саясат, әлеуметтік топ, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік еркіндік, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл, өмір салтын атай біледі;

  • Негізгі жалпы өркениеттік жетістіктер мен құндылықтарды, өркениеттердің тарихи тұрпаттарын, қоғамдық прогресс өлшемдерін, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерін, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, өмірлік деңгейдің өлшемдерін, әлеуметтік қайшылықтардың түрлерін ажырата біледі.

  • әлеуметтік айырмалардың себептеріне, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтеріне және олардың озара байланыстарына, әлеуметтік мүдделердің мазмұнына, отбасының құрылымы мен қызметіне, әлеуметтік еркіндік пен жауапкершілікке, әлеуметтік мәртебенің мәніне, әлеуметтік қатынастардың мәні мен тұрпаттарын сипаттай алады.

  • Өркениет, қогамдық-экономикалық формация;

  • негізгі жалпыөркениеттік жетістіктер мен құндылықтарды, өркениеттердің тарихи тұрпаттарын, қоғамдық прогресс өлшемдерін, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерін, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, өмірлік деңгейдің өлшемдерін, әлеуметтік қайшылықтардың түрлерін ажырата біледі;

  • Өркениеттік және формациялық тұрғыларды, қоғам дамуының эволюциялық және революциялық формаларын, түрлі өркениеттердегі табиғи ортаға түрліше көзқарастарды, әлеуметтік белсенділіктің түрлі формалары мен көріністерін, қоғамдық даму үрдісінде еңбекті ізгілендіру көріністерін түсіндіре біледі;

  • Еңбек өнімділігі, бағалы қағаздар, жекешелендіру, инфляция, экономикалық тиімдылық, ұлттық жиынтық өнім, ұлттық табыс, бюджет, инвестиция. Тіршілік минимумының өлшемдерін, экономикалық өрлеу факторларын атай біледі;

  • Экономикаға жүйе ретінде, экономикалық мүдделердің мазмұнына, экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі кәсіпорынға, өндіріс факторы ретіндегі капиталға, нарықтың мәніне, нарықтың тұрпаттарына және олардың өзара байланысына, жұмыс күшінің құрылымы мен сапасына, қаржы-кредит саясатына, экономикалық өмірдегі мемлекеттің рөлін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу әдістерін салыстыра біледі;

  • Саяси ойлау, саяси сана, саяси харизма, саяси эволюция, саяси элита, саяси қақтығыс, консенсус, саяси норма, саяси мәдениет, саяси діл, идеология; Азаматтық қоғамның белгілерін, оппозицияның рөлін, халықаралық саяси ұйымдарды атай біледі.

  • Саяси жүйенің құрылымы мен қызметіне; саяси үрдіске әрекетпен қосылу ретіндегі саясатқа араласуға; саяси сана мен саяси төртіптің өзара әрекеттесуіне; саяси қақтығыстар және оларды шешу құралдарына; саяси оппозицияның мәніне; саяси реформалардың шарттарына, мақсаттарына және құралын сипаттай біледі.

  • Саяси қақтығыстардың мәнін, себептерін және оларды шешу жолдарын; саяси элитаның рөлін, саяси жетекші мен бұқараның рөлін; демократиялық қоғам құрудың алғышарттарын және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын талдап түсіндіре біледі.

  • Мәдени құндылықтар, ұлттық мәдениет, мәдени дәстүрлер, тұлғааралық қатынастар;Қазіргі замандық қоғамда білімнің даму ерекшеліктерін, ғылымның дамуының аса маңызды заңдылықтарын түсіндіре алады;

  • Қоғамның және тұлғаның рухани құндылықтарды жасау, меңгеру және өткізіп беру жолдарына; рухани аяның негізгі элементтерін және олардың арасындағы байланыстарға; мәдениеттегі жаңалық пен жалғастықтың ара байланысына; ғылымдағы ажырату мен кіріктіруге сипаттама береді.

  • "Мәдениет" және "өркениет" ұғымдарының арақатынасын, мәдени диалог ұғымын, мәдениетті жасау заңдылықтарын, мәдени саясаттың негізгі бағыттарын, рухани мәдениеттің негізгі элементтерінің байланыстарын, мәдениеттегі элиталық пен бұқаралықтың өзара байланысын, қоғамдық мораль мен іскерлік этикет арасындағы байланысты талдап түсіндіреді.

  • Сыртқы критерийлерді ескере отырып, өнердің қоғамдық маңыздылығына, қоғамдағы адамның қызметін реттеудегі мәдениеттің рөліне, тұлғааралық қатынастарды орнатудағы жүздесу мәдениетінің рөлін бағалайды.


ІҮ. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасында орта мектепте берiлетiн бiлiмнiң мазмұны қоғамның үнемi динамикалы алға жылжуын және тұлғаның компетенттiлігiн – саяси сауаттылығын, демократиялық мәдениетi жоғары болуын, құқықтық белсендiлiгiн, азаматтық қоғам жағдайында өмiр сүре бiлуiн, дүниеге ғылыми көзқараспен қарай алуын қамтамасыз ететiн деңгейде болуы керек. Біздің мемлекетте және дүние жүзінде болып жатқан қазіргі заманғы әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер өсіп келе жатқан ұрпақтан қоғамдық құнды ой – пікірлерді меңгеру қажеттілігін талап етеді.

Жаһандану және плюрализмді қалыптастыру жағдайында жеткіншек ұрпақты қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеп, оларда азаматтық ұстамдық қалыптастыру ерекше маңызды. Бұл – тарихи, отандық саяси -әлеуметтік ой –пікір жетістіктеріне қол жеткізуді қажет етеді.

Әр тарихи кезеңдегi бiлiмнiң мазмұны мен мәнi сол кездегi заманауи талаптардан туындайтындықтан бiлiм беру жүйесiнiң сипаты да оны реттеушi ресми құжаттар негiзiнде өзгертiлiп, жаңартылып, толықтырылып отырады. Қоғамдық білім негіздері пәнін оқытудың құқықтық-нормативтiк базасын пәннiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм стандарты, базистiк оқу жоспары, тiлдi оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттiк оқу бағдарламалары құрайтыны баршамызға белгiлi.

Жалпы орта білім стандартында "Қоғамдық білім негіздері" пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық-әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді.

Кез-келген деңгейдегі және күрделікті әлеуметтік жүйеде адам басты компонент ретінде көрініс береді. Әлеуметтік жүйе құрылымындағы орталық элемент болуына байланысты және тұлғалар мен адамдар ұжымдарының қызметінің мәні солардан көрініс беретініне орай, адам онда негізгі функция атқарады. Адам қоғамдық жүйе мен табиғат арасындағы өзара байланысты жүзеге асырады. Ол басқарудың да басты объектісі және субъектісі болып табылады. Адам - әлеуметтік ақпаратты тасушы, жаңартушы және пайдаланушы. Өмір аясының қайсысыңда қарастырылса да, адам негізгі зерттеу объектісі болып қала береді. Адамның әлеуметтік-психологиялық нышандары, оның биологиялық сапалықтарымен бірге, тұтас жүйе ретіндегі тұлғаның компоненттерін құрайды.

Философия, экономика, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, демография, кибернетика, логика, т.б. қоғамтанушы ғылымдардың зерттеу объектісінің елеулі кеңеюіне байланысты айқындалады.

Қазақстан Республикасындағы білім дамуының қазіргі кезеңі жүйедегі құрылымдық өзгерістермен, оның барлық салаларыңда реформалаудың ауқымды жүріп жатуымен және дүниежүзілік прогреспен қауышу, сонымен қоса, өз халқының рухани мүрасынан сусындау арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білімнің жаңа мазмұнының айқындалуымен сипатталады. Қоғамның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамуының өтпелі жағдайында білім аясындағы әр жаңа қадам және жаңаны іздеуге ұмтылыстың терең философиялық-дүниетанымдық маңызы бар. өйткені, болашақ білім жүйесінің бүгінгі күйінен басталады. Қазіргі кезде білім жүйесінде мазмұңдық тұрғыдан алғанда білімді ізгілендіру мен демократияландыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр.

Қоғамды демократияландыру, әлеуметтік, азаматтық және кұқықты мемлекет орнатуға бағыт алу жалпы білім беретін мектептерде "Қоғамдық білім негіздерін" оқытуды ең өзекті пәндердің бірі ретіңде алдыңғы лекке шығарып отыр.

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістерге, ғылыми-педагогикалық дерек көздерге және фактілерге сүйене отырып, интеграцияланған пән бағдарламасы дайындалды. Отандық дәстүрлі білім беруге, халықаралық педагогикалық тәжірибеге, психологиялық-педагогикалық жаңа ойларға сүйене отырып жалпы адами құндылықтар басымдылығын, адамның өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, адами құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.

«Қоғамдық білім негіздері» оқу пәнінің мазмұнын және құрылымын таңдауда білім берудің негізгі деңгейі кіріктірілген және сабақтасқан принциптері негізінде құрылған.

Оқу пәнінің мазмұны оқытудың негізі мақсатты принциптеріне сәйкес құрылған,

«Қоғамдық білім негіздері» пәнінің ерекшелігі оның оқушылардың алған білімдерін жинақтаушы, қорытушы қызметіне сай, өзге пәндерде өтілетін материалдармен тығыз байланысты болып отырғандығында.

Біз қамтып отырған материал қоғам және гуманитарлық циклде енетін пәндермен ғана емес, жаратылыстану және дәл ғылымдармен, еңбек және өнер тобына енетін пәндермен тығыз байланыста болуы керек.

Пәнаралық байланыс білімнің толықтығын, тереңдігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Дидактикалық талаптардың негізгілерінің бірі болып табылатын білімнің тұтастығы да осы пәнаралық байланыста жүзеге асырылады.Қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын қалыптастыру

10 –11 сыныптарға арналған “Қоғамдық бiлiм негiздерi” пәнi бойынша оқу бағдарламасы нормативтiк құжат ретiнде оқушыларды адам және қоғам табиғаты туралы негiзгi ғылыми бiлiмдермен қаруландыруға, оларды қазақстандық қоғамның әлеуметтiк – экономикалық, саяси – құқықтық заңдылықтарымен таныстыруға, дамыған және бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлғаларды қалыптастыруға арналған.

«Қоғамдық бiлiм негiздерi» пәнi бойынша оқу бағдарламасы оқу – тәрбие үрдiсiн ұйымдастыруға оңтайлы жағдайлар жасауға бейiмдеуi тиiс.

Бағдарлама 10-11 сыныптарға арналған бiлiм беру мазмұнының мемлекеттiк мiндеттi минимумын беру және «Қоғамдық бiлiм негiздерi» оқу пәнi бойынша оқушыларының даярлық деңгейiн анықтау үшiн компетенттiлiктi қалыптастыруға тапсырмалар дәйектiлiгiн белгiлейдi.

Оқу пәнінің мазмұнын таңдау сыныптардың оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, шығармашылық, денсаулық сақтау, тұлғалық-бағыт және құзыреттілік тұрғы негізінде орындалған, нәтижеге бағытталған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандартында көрсетілген, білім алушылардың құзыреттілік жетістіктеріне бағытталған.



Похожие:

ҚОҒамдық білім негіздері iconҚОҒамдық білім негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚОҒамдық білім негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №511 бұйрығы Жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері»
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Дінтану негіздері» үлгілік білім беретін оқу бағдарламасын бекіту туралы
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Медициналық білім негіздері», «Жас ерекшеліктері анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы», «Мамандыққа кіріспе»
ҚОҒамдық білім негіздері iconКертаева г. М. Педагогикалық деонтология негіздері қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Педагогикалық деонтология негіздері: оқу құралы. / Кертаева Ғ. – Павлодар, 2011. – 298 бет
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Математиканы оқытудың теориялық негіздері мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
ҚОҒамдық білім негіздері iconДінтану пәнінен оқулықтар тізімі
Дінтану негіздері: жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық./ Ғ. Есім, А. П. Әбуев. – Алматы: Білім, 2010. – 312...
ҚОҒамдық білім негіздері iconҒылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген Х аттама № 2012 ж. 6М01150 – «Экономика және құқық негіздері»
Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа сәйкес «6М011500 – Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша құрастырылған. Бағдарлама...
ҚОҒамдық білім негіздері iconФ кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02
Силлабус «Маркетинг және менеджмент негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница