Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет




НазваниеЖ.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет
страница8/10
Дата конвертации10.11.2012
Размер1.29 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сендер қалай ойлайсыңдар?
Тіл дамыту тапсырмалары

1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.



2. Тірек сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін құрастыр.
прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 9

дәмі түрі түсі
3. Туған күн, басқа да мерекелерге шақыру қағаздарын алып көрдің бе?

Шақыру қағаздарын не үшін және қалай жазады? Ата-анаңа «Алтын күз» мерекесіне шақыру қағазын жазып дайында.
Логикалық ойлау тапсырмалары

  1. Түбірлес сөздерді топта.

  2. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеп көр.

Жылы, әдемі, жіңішке, көк.

  1. Сызбаға қарап жалқы және жалпы есім туралы қорытынды жаса.


4. Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың.


Ақпараттық ізденіс тапсырмалары

1. Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ сөздерінің мағынасын қарап ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.

2. Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ жаз. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал.

Кгруппа 29өлдеңенінен:

1. ______________________

________________________

2. ______________________

________________________

Тігінен:

1. ______________________

________________________

2. ______________________

________________________


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СӨЗ МАҒЫНАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын оңай игереді. Бұл - балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғышарты.

2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:

  • оқушылар тілдік қатынасқа түсіп, өз ойын емін-еркін жеткізеді;

  • оқулықта берілген тілдік материалдарды жете ұғынуына мүмкіндік береді;

  • сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, тіл мәдениеті жетіледі;

  • шығармашылық қабілеттері дамиды;

  • сөздік қоры молаяды.

3. Бастауыш сыныпта сөз мағынасымен жұмыс 4 бағытта жүргізіледі:

  • сөз құрамын оқыту барысында;

  • сөз таптарын оқыту барысында;

  • сөз тіркесін оқыту барысында;

  • сөйлемді оқыту барысында.

4. Сөз таптарын оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап. Сын есімдердің мағынасын түсіндір

Асау өзен арқырап,

Асқар таудан дүркіреп.

Айдын жатыр жарқырап,

Алды дала бір түлеп.

(Қ.Аманжолов)

  • “Жаман әдеттен жирен” мақалындағы жирен сөзін “Менің жирен атым бар” сөйлеміндегі жирен сөзімен салыстыр.

  • Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ зат есімдерінің мағынасын біліп ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

  • Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.

5. Сөз тіркесін оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс

  • Зат есім мен етістіктен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.

  • Сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.

  • Мәтінді оқып, сөз тіркестерін тап.

Құндыз – ғажап аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.

6. Сөйлемді оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс

7.

Бірнеше мағынасы бар сөздер

Бірінші мағына

Екінші мағына

Үшінші мағына

Гүлнұр шашын тарады.

Мен бүгін түс көрдім




Оларүйірмеден кешке тарады.

Бұл – қоңыр түс.




Сатымен төмен түс.


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «МӘТІН» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ

1. «Мәтін» тақырыбы – бастауыш сыныпқа кейінгі жылдары енген жаңа тақырыптардың бірі. Бастауыш сыныптарда мәтін туралы түсінік беріліп, оның құрылымы мен түрлері таныстырылады. Сонымен қатар мәтіндегі негізгі ой анықтатылып, мәтінге ат қоюға және оның идеясын ашуға үйретіледі.

2. Мәтін туралы түсінік беруде мұғалімдердің мына мағлұматты білгендері жөн:

Мәтінге тән ғылыми белгілер

Бастауыш сыныпта берілетін негізгі түсініктер

1. Тақырыптық-мазмұндық бірлігі мен тиянақтылығы

2. Коммуникативті мақсаттылығы, прагматикалық бағыттылығы

3. Құрылымдық біртұтастығы

4. Құрылымдық-логикалық жүйелілігі

1.Мәтіннің белгілі бір тақырыпқа негізделген мазмұны өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұратындығы.

2. Мәтінде негізгі ой болатындығы.

3. Мәтінді құрылымдық бөлімдерге бөлуге болатыны.

4. Мәтіннің құрылымдық-мазмұндық бөлімдері және ондағы сөйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде байланысатыны.

3.

4.

5. Пайымдау мәтіні

Пайымдау мәтінінің құрылысы мен бөлімдерінің бір-бірімен байланысы оқушылардың есінде жақсы сақталуы үшін мынадай сызба түрінде берген дұрыс:


6. «Мәтін» тақырыбы бойынша мынадай жаттығулар орындатылады:


Танымдық талдау жаттығулары

Түзету жаттығулары

Шығармашылық ізденіс жаттығулары

Мәтінге ат қою, негізгі ойды анықтау, мәтіндегі тірек сөздерді табу, мәтінді бөлімге бөлу, әр бөлімнің азат жолдан бастап жазылаты-нын байқату, мәтінге жоспар құруға үйрету, мәтіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін ажырату, т.б.

Мәтіндегі сөйлемдер жігін ажырату, бөліктерінің орны ауысқан мәтінді қал-пына келтіру, мәтін мазмұнына сай кел-мейтін бөлікті алып тастау, ұйқасы бұ-зылған өлең мәтінін қалпына келтіру, т.б.

Мәтін құрастыру, берілген тақырыпқа байланысты өлең шығаруға үйрету, дайын үлгіге қарап жұмбақ құрастыруға үйрету


7. Жаттығулар

1. Қайсысы мәтін екенін тап. мәтін дегеніңді көшіріп жазып, ат қой.

Қоға – шаруашылық үшін пайдалы өсімдік. Оның сабағы мен жапырағынан себет тоқылады. Ол қағаз жасау үшін де пайдаланылады.

Құрылысшылар үй салды.

Қоға сулы жерде өседі.

Құмырсқалар күні бойы тыным таппайды

2. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойға сәйкес келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құр.

Қабылан.

Қабылан – аңдардың ішіндегі ең жүйрігі. Негізгі мекені шөл дала мен саванна. Қабылан жемін қуып жетіп ұстайды. Ерекшелігі мысықтарша тырнағын ішке жиып ала алмайды. Оның дене тұрқы – 130 см, құйрығының ұзындығы – 75 см, арландарында шағын жал болады.

Бұдан ерте кездерде қалың ну орманда аңдарға арналған автобус жүріп тұрыпты. Оның шофері Қоңыр Аю екен. Ол әр кез таңертең орманның бір шетіндегі кәрі еменнің түбіне келіп тоқтайтын көрінеді. Со арада жиналған аңдарды мінгізіп алып, орманның ішіндегі баратын жерлеріне тасып жүріпті.

Жемін күндіз аулайды, ұсақ киіктерді, қарақұйрықтарды, кейде арқарларды, қояндарды, тіпті ұсақ құстарды азық етеді.

3. Берілген сызба бойынша әңгімелеу мәтінін 3. құра.


45. Мәтінді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазып, ондағы сөйлемдердің бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын анықта.

Құрманың адам ағзасына тигізетін пайдалы қасиеттерін азиялықтар ежелден жақсы білген. ... 500-ге тарта түрі бар, отаны – қытай. ... керемет жемісті базар сөрелерінен суық түсе бастағанда кездестіреміз. Себебі ... сортына қарай желтоқсан айларында пісе бастайды. бізге әсіресе королек деген түрінің шоколад сорты мен кавказдық сорты танымал.

Халық медицинасы суық тигенде ... шырынын суға араластырып, тамақ шаюға кеңес береді.

5. Ағашқа мәтіннің бұдан басқа да белгілерін жаз.


7. Мәтінді оқы.


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (слайдтар түрінде)

1. Есеп дегеніміз мынандай мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:

  1. Есеп мәтінмен беріледі.

  2. Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталады.

  3. Есептің сұрағы болады.

  4. Сол сұраққа жауап беру үшін арифметикалық амал орындалады.

2.Есептің түрлері

Е
Жай есеп
септің екі түрі болады.


Есеп

Құрама есеп


Жай есептің түрлері:

І.Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

ІІ. Амал қатынастарының мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

ІІІ. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысқа негізделген жай есептер

ІҮ. “Үлес және бөлшек” ұғымдарымен байланысты жай есептер

Ү. Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер

3. 1-сыныпта қарастырылатын есеп түрлері

  • Қосындыны табуға арналған жай есеп

  • Қалдықты табуға арналған жай есеп

  • Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған жай есеп

Шаршы – 4 ¢¢¢¢

Дөңгелек – ? 3-еуі артық Сонша және тағы 3-еу

  • Бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған жай есеп

Қарындаш – 8 ●●●●●●●●

Қалам – ? 3-еуі кем сонша болуға 3-еуі жетпейді

  • Сандарды айырмалық салыстыруға арналған жай есеп

Дөңгелек – 5 ? артық ˜˜˜˜˜ ? артық

Шаршы – 3 ¢¢¢

4. 2-сыныпта қарастырылатын жай есептер

  • Белгісіз қосылғыштарды табуға арналған жай есептер.

М: Гүлзарда бірнеше ақ және 5 көк гүлдер өсіп тұр. Егер барлығы 10 гүл болса, онда ақ гүлдер нешеу?

  • Белгісіз азайғышты табуға арналған жай есептер.

М: Бұтақта бірнеше торғай отырған еді. Оның 2-еуі ұшып кеткенде, 5 торғай қалды. Бұтақта неше торғай отырған еді?

  • Белгісіз азайтқышты табуға арналған жай есептер.

М: Бұтақта 7 торғай отыр еді. Оның бірнешеуі ұшып кеткенде 5 торғай қалды. Неше торғай ұшып кетті?

5. 3-сыныпта қарастырылатын жай есептер

  • Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер;

  • Теңдей және тиісінше бөлуге арналған есептер;

  • Бірнеше бірлікке есе артық және бірнеше бірлікке есе кем санды табуға арналған есептер;

  • Сандарды еселік салыстыруға арналған есептер;

  • Саны бойынша үлесін табуға және үлесі бойынша санды табуға арналған есептер;

  • Бағасы, саны және құны; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы; бір заттың массасы, заттың саны және барлық заттың массасы, т.б. арасындағы тәуелділікке негізделген есептер.

6. 4-сыныпта қарастырылатын жай есептер

  • Амал қатынастарымен байланысты тура және жанама түрде тұжырымдалған жай есептер

М: Аққу 88 км, ал көгершін одан 26 км кем ұшты. Көгершін неше километр ұшты?

Аққу 88 км ұшты. Бұл көгершіннің ұшқанынан 26 км артық. Көгершін неше километр ұшты? (М-4, 23-б, №7)

  • Жылдымдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер

7. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер

  • Қозғалысқа берілген есептер.

М: Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты да, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығы қандай? (М-4, 110-б, №7)

  • Пропорционал бөлуге берілген есептер.

М: 4 кг картоп 64 теңге тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады? (М-4, 88-б, №7)

  • Екі айырма бойынша белгісізді табуға арналған есептер.

М: Бір жәшікте 7 кг, ал екінші жәшікте 3 кг алма болды. Бірінші жәшіктегі алма екіншідегіден 320 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша теңге тұрады? (М-4, 126-б, №5)

  • Біріге жұмыс жасауға” арналған есептер.

М: Шеберханада жөнделуге тиіс 18 аяқ киім бар. Мұны шебер 3 күнде, ал шебердің көмекшісі 6 күнде жөндейді. Егер осы жұмысты олар бірігіп істеген болса, онда олар неше күнде бітіреді? (М-4, 146-б, №7)

8. Есепті талдау үлгісі:

  • Есеп не жайында? (есеп екі рет оқылады, сөздік жұмысы жүргізіледі);

  • Есепте не белгілі? (бұдан есептің шарты шығады);

  • Есепте не белгісіз? (бұдан есептің сұрағы шығады);

  • Сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

  • Алдымен нені тауып алуға болады? (егер құрама есеп болса);

  • Қалай табамыз? Қандай амалмен табамыз? (егер берген сұраққа жауап берілмесе, жетекші сұрақтар қойылады);

  • Енді сұраққа жауап бердік пе? Есеп неше амалмен шығарылды?
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Бастауышта тілдерді оқытудың теориясы мен технологиясы кафедрасы
Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес «вмк(О) т отт 3214», «050102–Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына...
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (Бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет icon1. №1 дәптердің негізгі ерекшелігі мынада: а беті сабақтың ретін білдіреді
Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы қандай ғылым салаларымен байланысты?
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconЛекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Семинар сабағы: 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы” пәні бойынша 050102- “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі”мамандықтарының...
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ әдебиеті)
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconҚазақстан республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың

Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директоры Н. Р. Аршабеков 2010ж. «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында шағын жинақты мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару»
Білім беру саласының өзекті 13 мәселесі бойынша 2010 жылдың қазаны мен 2011 жылдың
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет iconЖоспары : К. Д. Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі. К. Д. Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері. Оқытудың дидактикалық негіздері. Мүғалімнің жеке басының үлгісі
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница