Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 459.89 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/3
Дата конвертации10.11.2012
Размер459.89 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3


ӘОЖ 37.016:514:001.895 Қолжазба құқығында

Жайдакбаева Ляззат куандыковна


Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды

ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi (математика)


Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшiсі педагогика ғылымдарының докторы

Рахымбек Д.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы

Қағазбаева Ә.К.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Хакимова Т.


Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті
Қорғау 2009 жылы 30 қараша күні сағат 16-00 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415-бөлме.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).
Автореферат 2009 жылдың 30 қазан таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Шоқыбаев Ж.Ә.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. ҚР білім беру жүйесінің дамуы – жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне, шығармашыл білімнің қалай қалыптастырылатындығына, оның әлеуеттік мүмкіндігінің күшеюіне байланысты.

Ал бұл міндеттің іске асырылуы мектептегі оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен ақпараттық құралдардың қаншалықты, сонымен қатар қандай негізде енгізілуіне тәуелді екені түсінікті. Жалпы орта білім берудің математика пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бұл пәннің саласында онымен іргелес өзге де ғылым салаларындағыдай жаңалықтар мен жаңа білім көлемі жедел қарқынмен жыл сайын артып отырғаны айтылып, осы нормативтік құжаттың мақсат-міндеттерін анықтауда ескерілген қоғамдық өзгерістің бірінде былай делінген: «... Қоғамның жоғары деңгейде ақпараттандырылуы, ақпараттық техника мен технологиялардың кеңінен қолданылуы математиканы оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін дамуды талап етеді».

Бұл мәселені шешудегі басты міндет мектепке, әсіресе, математиканы оқытуға жүктеледі.

Жалпы, геометрияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар Н.М.Бескин, В.Г.Чичигин, А.Н.Колмогоров, В.А.Гусев. Геометрия есептерін шығару мен теоремаларды дәлелдеуді оқып үйретуге Д.Пойа, М.Б.Волович, К.С.Богушевский, Л.С.Карнацевич, мектеп геометриясы оқулығындағы тарауларды оқытуға Т.М.Мищенко, Ю.М.Колягин, Г.Л.Луканкин, С.Е.Ляпин, В.А.Оганесян, А.Я.Блох, И.Ф.Тесленко т.б. еңбектері бар.

Осы еңбектерге жүргізілген талдау қоғамның ақпараттануына байланысты геометрия саласындағы бар жетістіктерді компьютермен ұштастырудың қажет екенін көрсетті.

Қоғамды ақпараттандыру мәселесiне, оның негiзгi белгiлерi мен сипаттамаларын анықтауға бірқатар философтар мен психологтардың (В.Г. Афанасьев, В.В. Давыдов, Е.И. Машбиц т.б.) және педагог ғалымдардың еңбектерi (С.И. Архангельский, Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қараев т.б.) арналған.

Білімді ақпараттандырудың проблемалары мен оларды шешу жолдарын, дамытудың түрлі деңгейлерін И.В. Роберт, В.И. Гриценко, Ю.С. Завальский, Б.Г. Киселев, С.С. Ландо, В.В. Рубцов, т.б. талқылаған.

Оқытудың техникалық құралдарын орта мектепте пайдалана отырып оқу үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім-білік, дағдыларын қалыптастыру мәселелерімен А.И. Маркушевич, Н.Ф. Талызина, Н.И. Тихонов, М.Ә. Құдайқұлов, Н.В. Кузмина, К.К. Платонов, т.б. ғалымдар айналысқан.

О.П. Таркаев, А.В. Иващенко, В.К. Цонева, В.П. Пустовойтовтардың зерттеулерiнде компьютерді оқу үдерісінде пайдаланудың жалпыпедагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту үдерісіне тигiзер әсерiнiң психология-педагогикалық негiзi Н.Ф. Талызина, Б.С. Гершунский, В.А. Новиков, В.М. Монахов, А.Я. Савельев, О.К. Тихомиров және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнген.

Орта мектепте математика пәнiн оқытуда компьютерлiк технологияны пайдалану Е. Баранова, Р.Б. Бекмолдаева, С.С. Дайырбеков, В.С. Свиридовтар, диссертацияларының зерттеу пәніне енген.

Соңғы кезде электрондық оқулық басылымдармен жұмыс мәселелерi зерттелiнiп, (Г.К. Нургалиева, Ж. Қайдасов, В.В. Гриншкун т.б.) тура және керi байланысты іске асыратын автоматтандырылған кешен түрiндегi жүйелер ұсынылуда.

Компьютер арқылы оқу материалдарын көрнекі ұсынып оқытатын «Живая геометрия» бағдарламасы Ресейде қолданысқа еніп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға тиімді пайдаланылуда.

Келтірілген қысқаша шолу қазіргі бiлiм саласында жаңа, ақпараттық парадигманың қалыптаса бастағанын көрсетеді.

Алайда геометрия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарын талдау біз қарастырып отырған мәселелердің толық қамтылмағанын көрсетті. Негізгі мектепте планиметрия курсын оқыту барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ақпараттық технология арқылы ұйымдастыру мен басқару, теоремаларды дәлелдеу мен есептер шығару кезінде ұғымдар арасындағы байланыстарды бекітетін іс-әрекеттерді ақпараттық технология қолдауымен жүргізу, бағдарламалық кұрал-жабдықтың көмегімен оқушылардың білім-білік, дағдыларын тиянақтау мен бекіту, есте сақтау ерекшеліктері мен табиғаты психология-дидактикалық және әдістемелік зерттеулерде тиісті аспектілер тұрғысынан талқыға салынған.

Негізгі мектептегі планиметрия курсын оқытуда оқушылардың тиісті ұғымды нәтижелі қалыптастыру, есептер шығару мен теоремаларды дәлелдеу біліктерін игерту қызметін ақпараттық технология мүмкіндігімен жетілдіру қажеттілігі мен оның іс жүзінде әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі арасында қарама-қайшылық туындайды. Осыған орай, мектепте планиметрия курсын оқыту сапасын жетілдіру үшін ақпараттық технологияны пайдалану жолдарын анықтау осы курсты оқыту әдістемесіндегі көкейкесті мәселе болып табылады.

Мәселенің ауқымдылығы, оның жеткіліксіз зерттелінуі, ғылыми-практикалық мәнділігі ескеріле келе, диссертациялық жұмыстың атауы «Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдіру әдістемесі» болып таңдалды.

Зерттеу мақсаты – негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдірудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, эксперименттік жолмен тексеру.

Зерттеу нысаны – 7–9-сыныптарда геометрия пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні – негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны қолдану негізінде жетілдіру әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер планиметрия ұғымдарын қалыптастыруда, теоремаларды дәлелдеуде, есеп шығаруда ақпараттық технологияны қолдану мүмкіндіктері айқындалып, оның негiзiнде оқыту әдiстемесі жасалынса, онда планиметрия курсын оқыту және оқушылардың оқып-үйрену жұмыстары жетілдіріле түседі, өйткені олар өздеріне қажетті ақпаратты іздеуге, тауып алып, дұрыс пайдалануға дағдыланады.

Зерттеудің мақсаты, ұсынылған болжамды жүзеге асыру төмендегідей міндеттерді шешуді талап етеді:

– негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың дидактика-әдістемелік негіздерін айқындау;

– негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың әдістемесін жасау;

– негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту жөніндегі тәжірибелік-экспериментін жұмысы ұйымдастыру, нәтижелерін талдау.

Зерттеудің жетекші идеясы – планиметрия курсы ақпараттық технологияны пайдалану негізінде оқытылса, онда оқудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарында қарастырылған нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік берілетіндіктен, оқу үдерісінің тиімділігі артады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін оқытудағы іс-әрекеттік көзқарас, ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясы, білім берудегі технологияық көзқарас, оқытудың философиялық, педагогикалық, психологиялық және дидактикалық тұжырымдамалары құрайды.

Зерттеудің көздері: ҚР Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, жалпы орта білім берудің мемлекеттiк жалпыға міндетті стандарттары, математика пәнінің оқу бағдарламасы, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, шетелдік және отандық философтар, психологтар, педагогтар және математика мұғалімдері мен әдіскерлердің еңбектері.

Зерттеу әдістері:

– мектептердің жұмыс бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу құралдарын, психология-педагогикалық, математикалық және әдiстемелiк әдебиеттерді талдау;

– негізгі мектептегі оқу үдерісін ақпараттық технологияны пайдалануға қатысты елімізде және әлем елдерінде жинақталған тәжiрибелердi зерттеу, жалпылау;

– математика пәнiнің мұғалiмдерiмен пiкiр алмасу, мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу;

– негізгі мектепте тәжiрибелiк-эксперименттік жұмыс жүргiзу және оның нәтижелерiн математика-статистикалық әдістер арқылы өңдеп-талдау.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:

– негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жетілдірудің дидактика-әдістемелік тұрғыда айқындалуы.

– негізгі мектепте планиметрия курсының ерекшелігіне сәйкес ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту әдістемесі.

Зерттеудiң теориялық маңыздылығы – планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың ғылыми негізделген әдістемесінің жасалынуында; алынған теориялық нәтижелердің бұл саладағы болашақ зерттеу жұмыстары үшін базалық негіз бола алатындығында.

Зерттеудiң практикалық маңыздылығы – планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру үшін диссертацияда жасақталған компьютерлік бағдарламаны, дидактикалық құралдар жүйесін, негізгі мектеп-лицейлерде, гимназияларда пайдалануға болатындығында. Планиметрия курсын оқытудың ұсынылған технологиясын педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

  • ақпараттық технологияның даму жағдайындағы мектептің оқу пәні ретінде геометрия курсының құрылымын, мазмұнын және рөлін анықтау;

  • негізгі мектептің планиметрия курсын заманауи ақпараттық технологиямен интеграциялау арқылы оқытудың әдістемелік жолдары;

– «Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту» атты арнайы курс бағдарламасы;

– зерттеу жұмыстары барысында біздің қол жеткізген жетістіктер негізінде ақпараттық технологияны қолданып планиметрия курсын оқытуды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2000–2002 жж.) педагогикалық іс-тәжірибелерді зерделеу, негізгі мектептегі мемлекеттік емтихан және мемлекеттік бақылау нәтижелерін, планиметрия курсын оқытудың қазіргі жағдайын талдау арқылы оқушылардың математикалық біліміндегі олқылықтардың себептері анықталды.

Екінші кезеңде (2002–2004 жж.) ақпараттық технология дидактикалық бірліктерді ірілендіру мен ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориялары және алгоритмдік әдіс тұрғысынан қарастырылып, оның планиметрия курсын оқытуды жетілдіру мүмкіндіктері анықталды. Оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін тексеруге қатысты тест сұрақтарының жүйелері, компьютерлік бағдарлама құрылды.

Үшінші кезеңде (2004–2007 жж.) 7–9-сыныптарда геометрия сабақтары ақпараттық технологияны пайдалана отырып өткізіліп, нәтижелері талданды. Зерттеу барысында тұжырымдалған негізгі қағидалар нақтыланып, түзетілді. Алынған нәтижелерді жалпылап талдау жұмыстың қорытындысында келтірілген тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік берді.

Зерттеу базасы. Зерттеу Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында орындалды. Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы «Жаңа дала» орта мектебінде, Шымкент қаласындағы №75 көпсалалы мектеп-гимназиясында, №60 орта мектебінде, М.О. Әуезов атындағы №32 орта мектебінде жүргізіліп, нәтижелері оқу үдерісіне енгізілген.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігін зерттеу тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын, оқыту әдістерін, жан-жақты талдау; талдау нәтижелерін зерттеу барысында негізге алу; тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа қатысқан оқушылар санының жеткілікті болуы, эксперимент нәтижелерінің математика-статистикалық тәсілдермен өңделуі қамтамасыз етті.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары, нәтижелері мен қорытындылары:

– келесі республикалық, және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жарық көрген: «Физиканы, математиканы және информатиканы инновациялық оқыту: өзекті мәселелері және болашағы» (Шымкент, 2004), «Педагог мамандарды кәсіби дайындаудағы қазіргі білім беру технологиялары» (Шымкент, 2004), «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» (Шымкент, 2007), «Wyksztalcenie I Nauka bez granic–2008»;

– М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының семинарларында, университеттің ғылыми-әдістемелік семинарларында талқыланып, ғылыми есеп түрінде баяндалды;

– отандық мерзімді басылымдарда жарияланған: «Ізденіс–Поиск» республикалық ғылыми-әдiстемелiк журналында (№3, Алматы, 2005); «Ұлт тағылымы» журналында (№1, Алматы, 2008); Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ «Хабаршысында» (№4, Алматы, 2008); Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Хабаршысында» (Түркістан, 2008);

– жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында геометрия пәнін оқытуда кеңінен пайдаланылды;

– оқу-әдістемелік құралда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы зерттеу қисынымен анықталады. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бөлімдер бойынша қорытындыдан, жалпы қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдірудің психология-дидактикалық негіздері» атты бірінші бөлімде мектепте геометрияны оқытудың бүгінгі жай-күйіне талдау жасау арқылы, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдірудің дидактика-әдістемелік мүмкіндіктері көрсетілді.

Жалпы орта білім беретін мектептерде математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзекті мәселелер, солардың ішінде оқушылардың логика-әдіснамалық білім-біліктерін жетілдіру жұмысының ғылыми әдістемелік негіздеріне (Д. Рахымбек), математика есептерінің классификациясы мен оқушыларды есеп шығаруға үйретудің әдіс-тәсілдеріне (А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, М. Есмұқан т.б.), алгебра және геометрия курстарының өзара байланысын нығайту негізінде геометрияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне (Ә. Қағазбаева, Қ. Жұбаев, Ә. Бидосов және т.б.), математика ұғымдарын оқыту негіздеріне (Қ. Қожабаев, Ә. Кенеш т.б.) арналған ғылыми еңбектерде оқушылардың логикалық ойлауының дидактика-әдістемелік ерекшеліктері, ойлауды дамыту мен оқытудың тығыз байланыстылығы, білімнің логикалық құрылымы, оларды оқушыларға түсіндіре білу мәселелері жан-жақты зерттелінген.

Мектеп пәндерінің ішінде оқушылардың логикасын дамытуға мүмкіндік беретін бірден-бір пән – геометрия. Біз оны оқытуда оқушыларда логикалық пайымдау, өз тұжырымын дәлелдеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру біліктерін қалыптастыруды мақсат етіп қойдық.

Іс-әрекет әрдайым психиканың қатысуымен міндетті түрде түзілетін субъектінің объектімен байланысы болып табылады. Қандай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде сақтауы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет, әрекет желісінде қандай да бір көңіл күй шарпулары туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет-ұстанымдары мен қатынастары қалыптасады.

Психологтар (П.А. Шеварев, Б. Инельдер, Ж. Пиаже) оқу материалының бiр-бiрiмен байланысы шамалы болған сайын оқушылардың жадына салмақ түсiретiндiгiн, ал ойластыра ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесiнде олардың оқу материалын игеруi мен есте сақтауы жеңiлдетілетiндiгiн, бiлiмдердi тереңдей түсетiндiгiн анықтаған.

Іс-әрекеттің ұғымды игерту үдерісі ұғымның мазмұнын, оның көлемiн, басқа да ұғымдармен және дәйектермен маңызды байланысын игерудi қамтиды. Сондықтан да планиметрия курсында ұғымдарды игеруге бағытталған тапсырмалар жүйесi ұғымның барлық маңызды қасиеттерiн (ұғымның мазмұны мен көлемін) ашатындай тапсырмалардан тұруы керек.

П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекеттерін сатылай қалыптастыру теориясы бойынша, іс-әрекет жолдары, өзіне пара-пар ізденіс өрісімен қамтамасыз етілген жағдайдағы операциялар деңгейінде ғана игеріледі.

Л.С. Выготский білім оқушының өз жасаған іс-әрекеті арқылы ғана игеріледі десе, ал А.Н. Леонтьев оқушының жаңа материалды игеруіне кепілдік беру үшін іс-әрекет оқып-үйренілетін материалға сайма-сай жасалынуы қажет екендігін атап көрсетті.

Геометриялық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі және техникалық құралдарды (модельдерді, кестелерді, сызбалар мен суреттерді, арнайы диа-кинофильмдерді) тиімді пайдалану арқылы іске асырылып келгені белгілі. Көрнекі құралдар оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен конструктивтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Әдістемелік әдебиеттерде математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше екендігі айтылған.

Көрнекілік сызбанұсқалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамуы кезінде көрнекіліктердің барлық түрлерін ақпараттық технология алмастырды. Нәтижесінде оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру, компьютерлік оқыту технологиясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, электронды-коммуникативті жүйелер, қашықтан оқыту, электрондық оқулық деген термин сөздер пайда болды; білім беру іс-әрекетінде саралап және жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрлерін ақпараттық технологиялардың қолдауымен жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері анықталды.

Психология-педагогикалық әдебиеттерде ақпараттық технология негiзiнде оқытуды жалпылама былай түсіндіреді: компьютерді оқу процесін әдiстемелiк басқаруға пайдалану.

Математиктер мен әдіскерлер математика сабақтарында компьютерді қолдану оқытудың басқа техникалық құралдармен салыстырғанда жетiлдiрiлген тиімді оқыту әдістерінің бірі деп есептейді.

Бағдарламалап оқытудың дидактикалық мүмкiндiктерiн ескере келе И.И. Мархель 1990 жылы қандай оқу материалдарына компьютердi қолдану және оны оқытудың дәстүрлi әдiсiмен байланыстыру керектiгi туралы зерттеу мәселесін ұсынды.

Сонымен қатар зерттеулерге талдау оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі математика курсын толығымен компьютерлік негізге ауыстыруға болмайтындығын да көрсетуде. Біз математиканың абстрактілі сипаты мен оқушылардың абстрактілі ойлау қабілетін дамыту шаралары ақпараттық технологиямен оқытуды дәстүрлі оқыту әдістерімен тығыз байланыста жүзеге асырылуға тиіс деп есептейміз. Бұдан пән мазмұнында ұғымдар арасындағы байланысты ескере отырып дидактикалық бірліктерді ірілендіріп беру, пән мазмұнын өзгерту қажеттілігі, яғни мазмұнды ақпараттандыру қажеттілігі туындайды.

Ал оқыту ісінде электрондық оқулық басылымдарды пайдалану, көрнекілік ретінде демонстрация-мультимедиалық бағдарламаларды пайдалану ақпараттық кеңістіктен қажетті ақпаратты іздеу мүмкіндіктерін қолдану оқудың ақпараттануына алып келеді.

Ақпараттық технология бойынша оқытуды ұйымдастыру әртүрлі әдістермен іске асуда. Мысалы, қазіргі кезде өзін-өзі тексеруде, ағымдық және қорытынды бақылауларда компьютерлік тестілеу кеңінен қолданыс табуда. Компьютер арқылы бақылау ісін де тестілеу әдісі сияқты оқытудың ақпараттануына жатқызуға болады.

Компьютердi оқыту барысында тиімді қолданудың бiр жағы оқушының оқу белсенділігін басқарумен сипатталады. Оқушы компьютерден алған қажетті ақпаратты саналы түйсініп, бiлiмге алмастырады. Оны оқу мен еңбекте қолдану оқушының iс-әрекет құралына айналады. Бұл жерде мұғалiмнiң iс-әрекетi жоспарлы түрде оқушының танымдық iс-әрекеттерiн жетілдіруге бағытталады. Көптеген дидакт, психолог ғалымдардың зерттеулерiнде танымдық іс-әрекеттерді белсендіре отырып оқытудың артықшылықтары көрсетiлген.

Диссертациялық жұмыстың 2-бөлімінде планиметрия курсын оқытуда ақпараттық технологияны қолдану мәселелері жан-жақты талданған.

Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау, келесі деңгейге өткізу сияқты жұмыстарды мұғалім орнына компьютердің басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық деңгейлерін компьютер анықтап, егерде оқушы білімі қанағаттандырса, келесі тапсырмаға өтуге рұқсат береді, яғни мұнда оқытуды тікелей компьютер басқарады. Ақпараттық технология негізінде оқушы білімді ақпараттық кеңістіктен іздеп, өз бетімен білім алып, өзін-өзі дамыта алады.

Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарында ақпараттық технологияны қолдану моделін жасадық(1-сурет).





1-сурет – Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың моделі
Осы модельдегі тәртіпті сақтау арқылы оқушының жаңа әдісті қабылдауға деген дайындығын; әрбiр жаңа жағдайға байланысты iс-әрекеттердi дұрыс орындай алуын; әрбiр орындалған iс-әрекеттiң мақсатын айқындай отырып, орындалған iс-әрекеттер тiзбегiнiң дұрыстығына көз жеткiзуін; қоршаған ортаның геометриялық сипатын түсiнуін; көзқарастар мен тұжырымдардың көпбейнелiлiгiне түсiнiстiкпен қарауын; өз пiкiрiн тұжырымдап қорғай алуын; өз қызметiн өткен кезеңдердегі тәжiрибелерiн ескере отырып, орындалатын тапсырмаға бағдарлай алу түрiндегi жалпы қасиеттерге ие болуын қамтамасыз етуге қол жеткiзiлуi тиiс.
  1   2   3

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница