Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 459.89 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница2/3
Дата конвертации10.11.2012
Размер459.89 Kb.
ТипАвтореферат
1   2   3

«Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдіру әдістемесі» атты екінші бөлімде планиметрия курсы материалдарын ақпараттық технология негізінде жетілдіру арқылы оқыту тиімділігін жоғарылату жолдары және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері баяндалады.

Бiз планиметрия курсын оқыту мәселесiн ғылыми-әдiстемелiк және психология-дидактикалық тұрғыдан талдай отырып, мектеп оқушыларына планиметрия ұғымдарын қалыптастыруды, теоремаларды дәлеледеуді, есептерді шығаруды функционалды-графикалық тұрғыдан ақпараттық технологияны қолданып оқыту әдiстемесiн ұсынамыз. Жоспарланған оқыту нәтижелерiне жету мақсатында оқушыларға ақпараттық технология көмегiмен педагогикалық әсерлер жасау, яғни оқу ақпаратын түсiндiру, теореманы дәлелдеу мен есептердің шығарылу үлгiлерiн көрсету, қосымша сұрақтар және нұсқаулар, анықтамалар беру ұйымдастырылады.

Планиметрия курсының ұғымдарын қалыптастыруды ұсынылып отырған «Macromedia Flash» технологиясымен жасақталған компьютерлік бағдарламада фигуралар (бұрыштар, көпбұрыштар, геометриялық салулар) анимация арқылы демонстрацияланады. Бұл фигураларды мұғалім жаңа тақырыпты өту барысында компьютер, интерактивті тақта немесе бейнепроектордың көмегімен көрсете алады.

Мысалы, нүкте, түзу, сәуле, бұрыш және көпбұрыштар тақырыбын демонстрациялау терезелерін сипаттайық (2–5-суреттер).


2-сурет  Кесінді және оның ұзындығын демонстрациялау терезесі

3-сурет  Сүйір бұрышты демонстрациялау терезесі

Бұл демонстрациялау терезелері арқылы бұрыштардың түрлерін таныстырып, оларды бір-бірімен салыстырып, айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін көрнекі түрде оқытуға болатындығын байқау қиын емес.

Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаның келесі режімінде таныстырылған фигуралар туралы ұғымдарды, олардың түрлерін, айырмашылықтарын бекіту мақсатында келесі терезелер ұсынылады. Бұрыш түрлері бағдарламасы бойынша навигациялау үшін пайдаланатын батырмалар ұсынылған.


4-сурет  Тестілеу терезелері
Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол келесі сұраққа өтеді.

Планиметрия сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беріледі. Осыған орай, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын Delphi ортасында компьютерлік бағдарлама дайындалды.

Бағдарлама бірнеше режімдерден тұрады. Осы режімдерді атап, олардың кезеңдерін атап өтейік.

Оқуға тіркелу режімі: 1. Аты жөнін тіркеу; 2. Оқуға тіркелу.

Оқыту режімі: 1. Негізгі ұғымдар; 2. Теоремалар; 3. Есептер; 4. Анықтама.

Нәтиже және тапсырма құру режімі: 1. Тапсырма құру; 2. Журнал.

Теория: 1. Теориялық материалдар; 2. Анықтама.

Енді, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы терезелерінің сипаттамаларын келтірейік.

Тіркелуде оқушының қай уақытта қаншалықты жұмыс істегені компьютерлік бағдарламада сақталып қалады. Мұғалім сол арқылы оқушының қаншалықты еңбектенгенін біледі.

Бағдарламаның оқыту режімінде тестілеудің түрлерін (таңдау, толықтыру, сәйкестікті анықтау, дұрыс тізбек құру) қолдану арқылы оқушыны өтілген тақырыптардағы материалдарды толыққанды оқуға әкелетін тәсілі қолданылды. Мұнда оқушы өзін-өзі бақылайды және жауап бере алмаған жағдайда тестілеуден шығып «теориялық материалдар» тармағынан немесе кітаптардан жауабын іздеп тауып, тестілеуді ары қарай жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы оқыту режімінде материалдар қарапайымнан күрделіге қарай «Негізгі ұғымдар», «Теоремалар» және «Есептер» болып жүйеленген (5-сурет).



5-сурет  Оқыту режіміндегі негізгі ұғымдарды игертуге арналған сәйкестікті анықтау тестісінің терезесі.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық технологияны пайдалану, электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану-өзекті мәселелер.

Жалпы, математиканы оқыту жүйесінде есеп шығарудың маңызы ерекше. Есеп шығару әуелі оқушыларда геометриялық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың оқу бағдарламасы бойынша теориялық білімді игеруде мәні зор.

Есептер оқушыларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану үдерісінде пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал рөлін атқара отырып есептер теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептерді шығара отырып, оқушы көптеген геометриялық ұғымдардың (бұрыштар, параллельдік, перпендикулярлық, аудан және көлем т.б.) негізгі тамыры шын өмірде адамдардың практикасында екендігіне көзі жеткізеді.

Есеп шығару үдерісінің өзі мектеп оқушыларының ақыл-ойының дамуына игі ықпалын тигізеді өйткені ол талдау, жинақтау, нақтылау, абстрактілеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін іс-әрекетті талап етеді. Мысалы, кез келген есепті шығарғанда оқушы талдайды: сұрақты шарттан, берілген және ізделіп отырған шаманы ажыратады, нақтылау мақсатында ойша есептің шартының «сызбасын» салып шығады, содан кейін абстактілеу әдісін нақтылы жағдайдан ауытқып, арифметикалық амалдарды таңдауда пайдаланады; қандай да бір есептерді бірнеше рет шығару нәтижесінде оқушы осы сияқты есептерде берілетін мәліметтер мен ізделінетін шамалар арасындағы байланыс жайлы білімді тиянақтайды, соның нәтижесінде, есептерді шығару тәсілі жалпыланады.

Алдын ала дайындық жұмысын жүргізген соң оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарылуымен таныстыруға көшуге болады. Есептер шығаруға үйретудің екінші кезеңінде есептермен жұмыс істеу әдістемесінің мына қадамдардың тәртібін сақтаған жөн: І. Есептің мазмұнымен танысу; ІІ. Есептің шешімін іздеу; ІІІ. Есепті шешу; ІV. Есептің шешімін тексеру.

Бұл бөліп көрсетілген қадамдар өзара тығыз байланысты, әр қадамдағы жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

Оқушыларды есеппен жүргізілетін жұмыстың жалпы әдісін үйретудің маңызы көл-көсір. Бұл тиісті байланыстарды белгілей отырып, балаларды өздігінен талдау жасауға, түрлі иллюстрацияларды пайдалануға, есепті шығару жоспарын құруға, шығаруды орындауға және оның дұрыс екендігін тексеруге үйрету жұмысы болып табылады. Біз мектептің іс-тәжірибесінде есеп шығара білуді қалыптастырудың төмендегі әдісін ұсынамыз.

Оқушылар компьютерден есеппен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде тапсырма ретінде нұсқау алады. Ол үшін оқушы оқыту бағдарламасына тіркелуі қажет. Тапсырмалар оқыту бағдарламасында орналасқан. Әрдайым есеп шығарғанда компьютерде көрсетілген тапсырмаларды белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орындай отырып, оқушылар есеп пен тапсырмаларды көрсетілгендей етіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Компьютерлік оқыту бағдарламасының артықшылықтары:

  1. Бағдарламалық құрал-жабдық орталық серверге орнатылады. Оған мектептегі сервер арқылы да, оқушылардың үйіндегі дербес компьютерден де қатынасуға мүмкіндік бар. Оқушы қандай да бір себеппен сабақтан босатылған кезінде оқу материалдарына қол жеткізе алады. Ата-аналар да баланың сабақ үлгерімін бақылауына болады.

  2. Біріктірілген курстар жабық модульдер түрінде емес, әртүрлі форматтағы материалдардың жиынтығы түрінде беріледі: мәтін, бейнематериалдар, интерактивті модельдер. Оларды планиметрия курсына тәуелсіз пайдалануға да болады.

  3. Оқу процесін жоспарлау және бақылау құралдары, көрсеткіштерді талдау құралдары бір мектепте ғана емес, аудандағы, қаладағы оқу үдерістерін де ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  4. Мұғалім оқу үдерісін сабақ кезінде, сонымен бірге сабақтан соң жүйе арқылы бақылай алады.

  5. Мұғалімдер оқу материалдары арқылы мәліметтер қорын толықтыра алады.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір оқушының жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік алады.

Бiз планиметрия курсынан анықтамалық материалдар құрастырдық. Анықтамалық материалдар арқылы оқушылар қажеттi оқу материалын тез тауып, олардың қорытындылау-жалпылау сабағына жан-жақты дайындалуларына мүмкiндiк туады (бұл материалдар диссертацияның А қосымшасында берiлген).

Зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2000–2008 жылдар аралығында айқындау, ізденіс және тәжiрибелiк-педагогикалық эксперимент жұмысын ұйымдастыру кезеңдерiмен жүргізілді.

Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мақсаттары: 1. негізгі мектепте планиметрия курсын оқыту деңгейін анықтау; 2. оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында мектеп оқушыларының геометриялық біліміне әсерін зерттеу; 3. планиметрия курсын оқытуды ақпаратттық технология негізінде жетілдірудің тиімділігін дәлелдеу.

Эксперименттік тексеру үшін база ретінде Шымкент қаласындағы №75 көпсалалы мектеп-гимназия, №60 орта мектебі, М.О. Әуезов атындағы №32 орта мектебі, Мақтарал ауданы «Жаңа дала» орта мектебі алынды. Айқындау экспериментінің негізгі мақсаты: мектепте оқушылардың планиметрия курсына 7-ші, 8-ші және 9-сынып оқушыларының геометриялық білім деңгейін білу және оқытуда кездесетін қиыншылықтарды анықтау.

Оқушылардың ұғымдарды игеру деңгейін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысы жүргізілді. Бақылау жұмысы 79-геометрия пәнінің бағдарламасына сәйкес күнтізбелік жоспар бойынша көрсетілген мерзімдерде өткізіліп, сабақ бағдарламасына кедергі жасамау көзделді. Бақылау жұмысының тапсырмалары мынадай түрде берілді:

  1. АВСD параллелограмының АВ қабырғасы 3 см, диагональдары 7 см және 4 см; О – диагональдарының қиылысу нүктесі. АОВ үшбұрышының периметрі неге тең?

  2. ∆АВС-да А = 50º. ВС қабырғасының бойынан алынған нүктеден АВ және АС қабырғаларына параллель екі түзу жүргізілген. Алынған төртбұрыштың түрін және оның барлық бұрыштарын анықтаңдар.

  3. ∆АВС берілген. АВ қабырғасының В-дан әрі созындысына АВ-ға тең ВD кесіндісі, ал СВ-ның созындысына ВС-ға тең ВЕ кесіндісі салынған; А, Е, D және С нүктелері АЕ, DЕ және DС кесінділері арқылы қосылған. АЕDС төртбұрышында АЕDС және DЕАС екендігін дәлелдеңдер.

  4. Берілген a, в, c, d қабырғалары (в < c < a < d), қарама-қарсы a, c қабырғаларының арасындағы бұрышы бойынша төртбұрыш салу керек.

Бірінші есепті оқушылар параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетіндігіне сүйеніп шығарған. Алайда, оқушылармен жеке пікір алмасқанда параллелограмның диагональдары параллелограмды теңдей екі үшбұрышқа бөлетіндігін білмей қалады. Екінші және үшінші есептерде де оқушылардың көпшілігі шығарғанымен, кейбірі толық шығармаған. Оқушылардың кейбіреулері төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары параллель болатындығын анықтай алмаған. Ал төртінші есепті шығарған оқушылар саны аз.
1-кесте  Айқындау экспериментінің нәтижесі


Тап-сыр-малар

20002002 оқу жылы

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Дұрыс

Жар-тылай дұрыс

Дұрыс емес

Дұрыс

Жартылай дұрыс

Дұрыс емес

Дұрыс

Жар-тылай дұрыс

Дұ-рыс емес

№1

49

43

8

45

30

25

38

42

20

№2

42

43

15

40

44

16

35

47

18

№3

41

43

16

38

42

20

40

43

17

№4

3

17

80

5

10

85

4

9

87

Орта мәні

33,75

36,5

29,75

32

31,5

36,5

29,25

35,25

35,5


79-сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнама, бақылау жұмысы және т.б. эксперимент жұмыстары оқушылардың теоремаларды дәлелдеу мен есептерді шығарудағы білім-білік дағдылары деңгейінің төмен екенін байқатты. Әсіресе, оқушылар салу есептерін шығаруда қиналды.

Айқындау экспериментінің негізінде ізденіс экспериментіне дайындық жасалып алдымызға бірнеше мақсат қойылды, атап айтқанда.

 алғашқы кезеңде анықталған және оқушылардың білімін төмендетуге алып келетін себептерді жою;

 жаңашыл әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын іздеп табу.

Ізденіс экспериментінде планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдірудің әдістемелік жүйесін жасап, оны оқыту үдерісіне енгізу, нәтижесінде оқушылардың білім деңгейін жоғарылату, оқыту тиімділігін арттыру көзделді. Ол үшiн, оқытудың жаңашыл әдістерін, технологияларын пайдаланудың теориялық және әдiстемелiк ерекшелiктерi анықталып, өз бетiнше жұмыс пен оны ұйымдастыру түрлерiне жинақталған тәжiрибелер талданды.

Танып білу, үдерісінің жалпы және нақты іс-әрекеттері арқылы жүзеге асатын математикалық ұғымды түсіну, ұғымның қасиеттерiн анықтау, ұғымды қалыптастыру, анықтама тұжырымдау, қолдану – оқушылардың оқу iс-әрекеттерiнiң мазмұны мен атқаратын функциясын дұрыс түсiнiп, орындауы арқылы ғана игерiліп, соның нәтижесінде теоремаларды дәлелдеу мен есептерді дұрыс шығара алатыны белгiлi. Осы жағдайда ғана ұғым негiздi қалыптасып, теориялық тұжырымдар жасалынады да, бұл тұжырымдар, оқушылардың алдағы iс-әрекеттерiнiң құралына айналады. Сондықтан, оқушылардың оқу iс-әрекеттерiн бiрiншi орындаудан бастап, әрбiр келесi қадамы дұрыс аяқталатындай етiп ұйымдастырудың, оқу iс-әрекеттерi барысын дұрыс анықтау қажеттілігі ескерілді.

Бұл мәселе оқу тапсырмаларын сұрыптау арқылы, iс-әрекет деңгейлерiне жiктеу негiзiнде шешiлдi. Нәтижесiнде диссертацияның 2.1, 2.2 және 2.3 бөлімдерінде көрсетілгендей ұғымдарды қалыптастыруға, теоремаларды дәлелдеуге, есептерді шығаруға тапсырмалар жасалып, компьютерге енгізілді. Сонымен, планиметрия курсын оқытудың компьютерлік бағдарламасы әзірленді.

Үшінші кезеңде (20042008 жж.) эксперименттік сыныптардағы сабақ компьютерлермен, экран және проектор құрылғысымен жабдықталған мультимедиялық кабинетте, ішінара интерактивті тақтада өткізіліп, компьютерлерлік бағдарламалар орнатылды. Эксперименттік сыныптарда мұғалімдер сабақты осы курс үшін берілген ақпараттық технологияны қолдану әдістемесі бойынша жүргізді, ал оқушылар қосымша өз бетінше жұмыс жасауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданды.

Бақылау сыныптарындағы сабақтар күнделікті қолданылып жүрген әдіспен және әдістемелік құралдардың көмегімен өткізілді. Бұл сыныптардың бастапқы білім деңгейлері бірдей болатын. Оны бақылау нәтижелері және статистикалық өңдеулер дәлелденіп, көрсетіліп берілді.

  1. Геометрияның бастапқы ұғымдарын ақпараттық технологияны қолданып оқыту және оқып-үйрену: нүкте, түзу анықталмайтын ұғымдармен қатар сәуле, бұрыш және планиметрия курсының аксиомалар жүйесі.

  2. Ақпараттық технология арқылы планиметрия курсында теоремаларды дәлелдеу мен есептер шығару.

  3. Тест бақылау жұмыстарын алу.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін планиметрия курсы оқыту және оқып-үйрену жұмыстарына мынадай тақырыптар таңдап алынды:

  1. Түзу және кесінді;

  2. Сәуле және бұрыш;

  3. Бұрыштарды өлшеу: тікбұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш;

  4. Перпендикуляр және параллель түзулер:

– сыбайлас бұрыштар;

– вертикаль бұрыштар;

– екі түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштар.

Бақылау және эксперименттік сыныптардың бастапқы білім деңгейлерінің бірдей екендігін анықтау мақсатында жоғарыда айтып өткен бақылау жұмысының нәтижелерін пайдаландық. Екі сыныптың алғашқы сынақ жұмыстарын бақылау арқылы Н0 болжамын ұсынамыз Н0  бақылау және эксперименттік сыныптардағы білім дәрежелері бірдей; Н1  екі түрлі сыныптардағы білім дәрежелерінде елеулі айырмашылық бар болуы туралы қарама-қарсы болжамды тексерілді. Алдымен әр сынып үшін Стъюдент критериін қолданылды.

мәнін 1-кестеден алынған -пен салыстырылды. Өйткені, 0,05 мәнділік деңгей. Егер болса, онда нөлдік болжам Н0 қабылданады, ал болса, Н1 болжам қабылданады.
2-кесте  Бастапқы бақылау нәтижелері


Бақылау сыныбы (хi)

2,9

3,0

3,1

3,1

3,2

3,2

3,3

3,3

3,3

3,4

3,4

3,4

3,4

3,5

3,5

3,5

3,5

3,6

3,6

3,6

3,6

3,7

3,7

3,8

3,8

3,9

4,0

4,0

4,1

4,2

Экспе-рименттік сынып (yi)

2,8

2,9

3,1

3,2

3,2

3,3

3,3

3,4

3,4

3,5

3,5

3,4

3,6

3,6

3,7

3,7

3,7

3,8

3,8

3,5

3,5

3,6

3,6

3,7

4,0

4,0

4,1

4,3

4,2

4,1


H0 болжам қабылданды. Демек, бақылау және эксперименттік сыныптардағы бастапқы білім деңгейлері бірдей.

Енді, біз ұсынып отырған әдістеме бойынша сабақтар өткізілгеннен кейін алынған бақылаудың нәтижелерін пайдаланып, жоғарыдағыдай нөлдік болжамның немесе балама болжамның орындалатындығын тексерілді.

Алынған нәтижелерді талдау арқылы эксперименттік сыныптардың білімі жоғары және эксперименттік оқыту арқылы оқушылардың білімі мен оларды қолдана алу білік-дағдыларының артуына әсер еткендігі туралы қорытындыға келеміз. 3-кестеде қорытынды бақылау нәтижелері келтірілген.

3-кесте  Қорытынды бақылау нәтижелері


Бақылау сыныбы (хi)

3,0

3,0

3,0

3,1

3,1

3,2

3,2

3,3

3,4

3,4

3,4

3,5

3,5

3,6

3,6

3,7

3,7

3,7

3,7

3,8

3,8

3,8

3,9

3,9

3,9

4,0

4,1

4,2

4,2

4,2

Эксперименттік сынып (yi)

3,0

3,1

3,2

3,4

3,4

3,5

3,5

3,5

3,6

3,6

3,6

3,7

3,7

3,7

3,8

3,9

3,9

4,0

4,0

4,1

4,2

4,2

4,2

4,3

4,3

4,4

4,4

4,5

4,5

4,6


; ; 2,7>2,0.

H1 болжам қабылданды. Бұл кестеден планиметрия курсын оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану нәтижесінде оқушылардың білім сапасының жоғарылайтынын көреміз.

4-кестеде планиметрияның бастапқы ұғымдарын игертуге ерекше назар аударылған тақырыптар бойынша алынған бақылау жұмыстарының нәтижелерін қарастырдық.

4-кесте  Ерекше назар аударылған тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру қорытындысы






Төртбұрыштар

Жауаптардың нәтижелері

Бақылау

Эксперимент

F1

f1 (%)

F2

F2 (%)

1

Төртбұрыштар туралы түсінік

1

Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

58

32

90

50

2

Параллелограмм және оның қасиеттері

2.1

Параллелограм диагональдарының қасиеттері

60

33

89

49

2.2

Параллелограмның қарама-қарсы қабырғаларының қасиеті

80

44

100

56

2.3

Параллелограм бұрыштарының қасиеті

65

36

88

49

3

Тік төртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері

3.1

Тік төртбұрыш

96

53

115

64

3.2

Ромб

49

27

85

47

3.3

Квадрат және олардың қасиеттері

66

37

69

38

4

Фалес теоремасы

4

Үшбұрыштың орта сызығы

81

45

103

57

5

Трапеция


5

Пропорционал кесінділер туралы теорема

83

46

106

59

Алынған нәтижелердің статистикалық мәнді ме, жоқ па екендігін анықтау үшін (хи – квадрат) критериін қолданылды. болғандықтан, Н1 болжам қабылданды.

6-суретте төртбұрыштар тарауына байланысты 4-кестеде келтірілген тақырыптарды қамтитын бақылау және эксперименттік сыныптардың бақылау жұмыстарының пайыздық көрсеткіштері диаграмма түрінде келтірілген. Диаграммадан эксперименттік сыныптар көрсеткіштерінің бақылау сыныптарына қарағанда жоғары екендігін аңғаруға болады.

6-cурет – Оқушылардың төртбұрыштарды меңгертудің пайыздық көрсеткіштер диаграммасы

Сонымен, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бiздiң құрастырған педагогикалық бағдарламалық құрал-жабдық пен планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдiстемесiнiң оқыту тиiмдiлiгiн арттыруға көмектесiп, сабақтың сапасын жақсартатынын көрсеттi.

Сонымен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс болжамның дұрыстығын толығымен дәлелдеді.

Педагогикалық эксперимент нәтижесі оқу процесі жөнінде төмендегі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Оқу үдерісінің тиімділігі ақпараттық технология негізінде оқытуға тікелей байланысты;

  2. Қазіргі мектептегі қалыптасқан жағдай, мектеп ұжымдарында, осы бағыттағы кәсіби даярлық жұмыстарын бірізді жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
1   2   3

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница