Қ. мусабеков




Скачать 116.18 Kb.
НазваниеҚ. мусабеков
Дата конвертации10.11.2012
Размер116.18 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Қ.МУСАБЕКОВ

экономика ғылымдарының докторы

А.Ясауи атындағы ХҚТУ
М.ЖАНАТАЕВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
В этой статье рассматриваются проблемы необходимости и принципы государственного регулирования инвестиционного процесса.

This article deals with some problems of the need for principles of state regulation in the investment process.
Бүгінде экономиканы дамыту барысында, әсіресе инвестициялық нарықта мемлекеттің рөлі мен оның қызметтерін қайта қарастыру қажеттілігі туды. Экономикалық ілімдер тарихында инвестициялық нарықты реттеуге қатысты екі негізгі бағытты ажыратуда. «Неоклассикалық» деп аталған бірінші көзқарас бойынша, инвестицияларды реттеуде нарықтың өзін-өзі реттеу үстемділік ету керек, неоклассик-экономистер инвестициялық нарықты максималды түрде либерализациялау қажет, ал оған елдің әлеуметтік-экономикалық үрдістеріне мемлекеттің максималды түрде араласуы; инвестициялық әрекетке салық жеңілдіктерін белгілеу; инвестициялық әрекеттің табысына салық салу ставкаларын төмендету шаралары жатады.

Кейнсиандық мектебінің өкілдері мемлекетті әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеудің орталығы деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, инвестициялық нарықты дамытуда мемлекет маңызды орын алады. Кейнсианшылдардың көзқарасы бойынша, мемлекеттің инвестициялық процестерге араласуы инвестициялық нарыққа қатысушылар әрекетін регламенттеу мен қатаң бақылау жүргізу, капитал қозғалысына әр түрлі шектеулер белгілеу арқылы жүргізіледі.

Сонымен бірге экономикалық реттеуінің жаңа формаларына өтудің екі негізгі түрін атайды: либералды және дирижисттік. Либералистер «...таяу уақытта экономикаға мемлекеттік араласуының ескі формаларын қысқартып, заң шығару мен оны орындалуын қадағалау, минимальды әлеуметтік міндеттер жағдайында табиғи монополияларға бақылау секілді маңызды қызметтері бар жаңа мемлекеттік апарат құруды...» ұсынады.

Либералдар ерекше көңілді антиинфляциялық саясатқа бөледі. Дирижисттік көзқарасқа сәйкес, транзиттік экономика жағдайында өнеркәсіп саясатына ерекше көңіл бөлінетін, экономиканың ең маңызды салаларына өз меншігінде сақтайтын мемлекет базалық рөлді атқарады [1].

Біздің ойымыз бойынша, екі бағыттың да артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, либералдардың тұрақты ақша-несие жүйесі –елдегі инвестициялық процестердің жандануына нақты негіз болатыны туралы пікірі дұрыс екені анық. Бірақ инвестициялық дағдарыстан шығу үшін тек қана қаржылық тұрақтылығы жеткіліксіз, мұнда құрылымдық тұрақтылықты орнату қажет. Біздің ойымызша, дамыған елдердегі нарықтық процестердің ерекшеліктерін және мемлекеттің рөлін максималдауды есепке алатын инвестицияларды реттеудің жаңа үлгісін жасау қажет.

Мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен дәрежесі туралы пікір-таластар сан алуан түрлі, себебі ешбір ел мемлекеттік реттеусіз өмір сүре алмайды, сондықтан экономиканың елдегі инвестициялық процестердің мемлекеттік реттеуінің мақсаттарын, әдістерін және нәтижелерін анықтау қажет. Бұл концепцияны көптеген отандық және шетел ғалымдары қолдайды. Мәселен, Ресей экономисі А.Эльяновтың пікірі бойынша «...мәселе ...мемлекет... араласа ма, жоқ па дегенде тұрған жоқ, себебі мемлекет экономикаға араласпауы мүмкін емес, мәселе оның мақсаттары, құралдары және нәтижелерінде». Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, «... кез келген мемлекеттік бақылаусыз қызмет ететін еркін нарық тек қана теориялық абстракция...» Сонымен, мемлекеттің әлсіз реттеуші қызметтері мен еркін нарық принциптеріне негізделген экономикалық стратегия экономикалық қылмыстары басымдылық ететін қарапайым нарықтың пайда болуына себеп болды.

Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу дегеніміз макроэкономикалық тұрақтылықтың мақсатына сәйкес инвестициялық нарықтың қатысушыларына мемлекеттік мақсатқа бағытталған және біркелкі тікелей және қосалқы әсер ететін формалары мен әдістерді қолдану. «Қазақстан-2030» даму стратегиясында белгіленгендей «мемлекет экономикада мемлекеттік сектор жетекші скрипканың рөлін атқаратын нарықта заңды шектеулер жасайтын маңызды, бірақ шектеулі рөл атқару тиіс...» Сонымен, елдегі инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеуінің тиімді механизмі трансформациялаудың балансталған үлгісі ретінде ұсынылу керек, себебі бір жағынан құрылымдық бағдарламалар жеке аймақтардың, экономикалық зоналардың ерекше жағдайларына сәйкес жасалған, және екінші жағынан, мемлекет ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыру арқылы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру басымдылықтарын анықтаған. «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жасау – бұл мемлекеттің экономикасын реттеудегі бірінші қадамы, оның ішінде ағымдық мәселелерді шешу арқылы ұзақ мерзімді міндеттерді орындауға өту негізінде инвестициялық процестер де есепке алынған. Әр түрлі инвестицияларды тарту мен тиімді пайдалану мақсатындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттің рөлі өте елеулі. Экономикалық тұрғыдан дербес субъектілерге билік ететін мемлекет туралы ескі көзқарастардан бас тарту керек. Қазіргі заманның мемлекеттік реттеу құралы ретінде ғылыми-техникалық бағыттағы ұлттық экономиканың өсуіне қолайлы жағдай жасауға негізделген экономиканы модернизациялаудың ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар

мен индикативті жоспарлау жүйесі қарастырылады. Әлемдік тәжірибе, индикативті жоспарлар мемлекеттік макро реттеудің тиімді әдістерінің бірі екенін дәлелдейді.

Индикативті жоспарлау дегеніміз болжам, бірақ ол әкімшіл-әміршіл сипатқа ие емес. Ең алдымен, инвестициялық процесті мемлекеттік реттеуінің бұл механизмі жеке және мемлекеттік секторларының мүдделерін өзара сәйкестілігін сипаттайтын экономиканың ішкі және сыртқы себептермен анықталатын міндетті тапсырмалар мен бағдарламалар саны.

Индикативті жоспарлау ақша-несие реттеу механизмімен тығыз байланысты, ол ынталандырушы немесе шектеу шаралары арқылы мемлекеттің экономикаға араласуымен сипатталады, сондай-ақ инвестициялардың жағдайы мен бағыттарын, қаржы құралдарын тиімді пайдалануды анықтауда экономикалық және әкімшіл әдістерді экономикалық пайдалануымен сипатталады [2].

Мемлекет инновациялық-кәсіпкерлік әрекетті ынталандырушы жаңа технологияларға инвестицияларды қолдайтын даму институттарын ұйымдастырады. Мемлекеттің экономикаға араласуы кәсіпкерлік белсенділікке кедергі жасамайды, ол нарықтық бәсеке негізінде ғылыми технологияларды кеңінен игерумен байланысты экономикалық өсу мен жеке инвестициялық белсенділікке жағдайлар жасайды. Мемлекет өндірісті жаңартудың перспективті бағыттарына ресурстарды орталықтандыруға, қатаң бәсеке жағдайында әлемдік және ішкі нарықтарда жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті шаруашылық ұйымдарды құруға көмектеседі.

Инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы осы және тағы басқа әдістердің көмегімен мемлекет инвестицияның тиімділігі мен механизмін қамтамасыз ететін ойшылдық орталық болып табылады. Сонымен, мемлекеттің инвестициялық ортадағы экономикалық рөлі оның басқарушы әрекеті арқылы жүзеге асырылады: қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға капитал салымдарының құрылымы мен көлемін болжамдау; индикативті жоспарлау; бюджетті қаржыландыру жүйесі арқылы ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу; елдің халықаралық экономикалық қатынастарға қатысуын қамтамасыз ету.

Экономиканы мемлекеттік реттеу әр түрлі бағыттар, салалар және инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу.

Мемлекет белгілі экономикалық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру жолымен, нормативті-құқықтық актілер және оған сәйкес заңдылықтарды шығару мен реттеу арқылы экономиканы реттеу процестерін орындау үшін ел экономикасы мен инвестициялық әрекетке экономикалық (қосалқы) та, әкімшілік (тікелей) те әдістерді пайдаланады.

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттердің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, экономиканы реформалау және дағдарыс жағдайында мемлекеттің рөлі арта түседі, ал экономиканың жандану және тұрақтандыру жағдайында – төмендейді, бірақ ешқашан тоқтамайды. Қандай жағдайда болсын бір қағиданы есепке алып отыру керек: мемлекет кәсіпкерлік, инвестициялық және жалпы ел экономикасын дағдарыс құбылыстарын болдырмай, нарық негіздерін бұзбай әсер ету керек.

Инвестицияларды мемлекеттік реттеу белгілі бірлестікке ұйымдастырылған әр түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асырылу керек, яғни елдегі жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мемлекеттегі инвестициялық процестерді реттеу қалай жүзеге асырылу керек және осы процестерді республика халқының қажеттіліктеріне сәйкес қалай бағыттау қажет деген мәселелерді шешетін механизм болу керек.

Жалпы алғанда, зерттеу мақсатына сәйкес, біздің ойымызша, инвестициялық процестерді мемлекет реттеу механизмі құрамдас компаненттердің белгілі санынан тұратын күрделі көп деңгейлі жүйе ретінде қарастырылады. Жүйенің ішкі аяқталу және қолдану жағынан мақсатты тапсырмаларға сәйкес республика және оның аймақтарында орын алған инвестициялық процестерге нақты әдістер, құралдар, формалар, байланыстар мен қатынастар (горизонталды және вертикальды, тікелей және кері, негізгі және қосалқы, аралық және соңғы, жалпы және локальды) жиынтығы әсер етеді.

Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу механизмінің жалпы құрылымы 1-суретте көрсетілген.


Инвестициялық әрекеттің факторлары








Ұйымдастырушы-құқықтық орта








Ғылыми-әдістемелік орта

Реттеу әдістері






Ресурстармен қамту ортасы






Инвестициялық әрекеттің шарттары мен жағдайлары


Сурет 1.Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу механизмінің құрылымы.
Сондықтан, инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу мемлекетті макроэкономикалық тұрақтылықты қамту мақсатында инвестициялық нарыққа қатысушыларға тікелей және жанама әсер ету формалары мен әдістерін мақсатты пайдалану үрдісі деп есептеуге болады.

Әкімшілік әдістерге қарағанда, мемлекеттің кәсіпкерлік және инвестициялық әрекетке әсер ететін экономикалық әдістердің деңгейі жоғары, бірақ оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Мемлекет экономиканы, оның ішінде инвестициялық процестерді реттеуде пайдаланатын экономикалық құралдар өте көп, оларды негізгілеріне салықтар, инвестициялық әрекетке тікелей араласуы, еркін экономикалық аймақтарды орнату, табыстарды қайта бөлу мен баға құру жүйесі, қаржы-несие механизмдері жатады.

Әкімшіл әдістерін, яғни тікелей әсер ету әдістерін мемлекет тек қана экономикалық әдістер белгілі мәселелерді шешуде тиімсіз болғанда ғана пайдалану керек.

Инвестициялық және кәсіпкерлік әрекетті әдетті жағдайлармен қамту мақсатында, экономиканы тұрақтандыру мен жандандыру үшін мемлекет осыған сәйкес әкімшіл, экономикалық әдістерді кешенді пайдалану арқылы фискалды, инвестициялық, ғылыми-техникалық, баға құрушы, амортизациялық, ақша-несие және саясаттың басқа да түрлерін жүргізу керек.

Инвестициялық процестерді мемлекеттік басқарудың әкімшілік әдістері мемлекеттік иеліктегі объектілерге қатысты пайдаланылады. Олар осы объектіге және ондағы болып жатқан үрдістерге мемлекеттік басқару органдарының тікелей әсер ету арқылы жүзеге асырылады.

Инвестициялық процестерді мемлекеттік басқарудың қосалқы әдістері инвестициялық әрекетті жүзеге асыру барысында ережелер, нормалар мен шектеулер белгілеу арқылы мемлекеттің әсер етуімен сипатталады.

Негізінен, Қазақстандағы инвестициялық әрекет мемлекет тарапынан тікелей әдістер арқылы экономиканың мемлекеттік секторындағы құрылымдарына, ал қосалқы әдістер мемлекеттік емес сектордағы құрылымдарына қолданылады. Бірақ екі секторда да қосалқы әдістерін қолданатын қосалқы әсер ету әдістеріне жататын әсер етудің жеке формалары да бар. Бұл ел экономикасын және инвестициялық әрекетті мемлекеттік реттеу формасы бюджет институттары - қаржы және ақша-несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ел және оның аймақтары бюджеттің қабылдау мен пайдалануы маңызды рөл атқарады.

Несиелерді, ұлттық валюта курсын реттеу, ақша массасын өзгерту, мемлекеттік шығындарды қысқарту мен көбейту, кедендік және салықтық реттеу елдегі инвестициялық әрекетпен тікелей байланысты. Бұл инструменттерді Қазақстанның жоғары билік органдарының барлығы қолданады: ҚР Президенті, ҚР Өкіметі, ҚР Ұлттық Банкі.

Инвестициялық процестерге мемлекеттік әсер етудің пассивті және активті әдістерін ажыратуға болады. Пассивті әдістерді пайдалану елдің халық шаруашылығындағы өнім өндірісі, өнімді өткізу және тұтыну шарттары туралы ұдайы өндіріс әрекетіне қатысушыларға ақпарат берумен байланысты. Сонымен қатар, оларға елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын негіздеу; басымдылықтарды анықтай отырып инвестициялық белсенділік деңгейін анықтау; экономикалық дамудың индикативті жоспары мен оның құрамдас бөлігі болып табылатын инвестициялық жоспарларды жасау.

Инвестицияларды ынталандырудағы активті әдістер жиынтығын пайдалану экономиканың жеке секторларын дамытуға жасалған тікелей мемлекеттік инвестициялар, мемлекет үшін өте маңызды экономика салаларына инвестиция жасауға кепілдемелердің берілуі, жеке инвестициялар түрлеріне салықтық жеңілдіктерді ұсыну секілді экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету құралдарын пайдаланумен байланысты.

Инвестициялық процеске мемлекеттік араласудың активті әдістеріне келесілер жатады:

- жеке кәсіпкерлік әрекеттеріне қолайлы жағдайлар жасау. Ең алдымен, әңгіме қолайлы инвестициялық ортаны құру туралы болмақ. Сонымен қатар ішкі және сыртқы инвестицияларды қорғайтын оларға тиімді салықтық және амортизациялық саясат жүргізу қажет, жеңілдетілген салық салуды экономиканың басым салаларының кәсіпорындарына қолдану қарастырылу керек;

- ел үшін маңызды және тиімді инвестициялық жобаларға мемлекеттің тікелей қатысуы;

- инвестициялық жеке кәсіпкерліктің негізі болып табылатын инфрақұрылымдық объектілерді жасауына мемлекеттің қатысуы.

Экономикадағы инвестициялық мәселелердің қалай шешілсе, соған байланысты инвестициялаудың мемлекеттік реттеуі де ұйымдастырылады. Әдетте инвестициялардың басым бөлігі мемлекеттік емес кәсіпорындар ұйымдар үлесіне жатады. Сондықтан, инвестициялауды басқаруда жанама мемлекеттік құралдары басым түрде қолданылады деп айтуға болады. Бұл саладағы әрекетті реттеу өте маңызды болып табылады.

Қазақстанда инвестициялық процестердің мемлекеттік және жергілікті реттеуін келесі деңгейлерде жүзеге асыру қажет: ҚР мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Инвестициялық әрекет негізінен нормативті-құқықтық базасының толықтылығы мен жетілу дәрежесіне тәуелді. ҚР нарықтық қатынастарға өту барысында инвестиция ортасымен байланысты нормативті-құқықтық базасы да қалыптасып келді.

Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеуі мемлекеттің жасаған инвестициялық саясатының негізінде құрылады, ол қолданыстағы заңдылық және басқа да нормативті актілер арқылы орындалады.

Капитал салымдары түрінде жүзеге асырылатын инвестициялық әрекетті мемлекеттік реттеу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады, біріншісі – инвестициялық әрекетті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, ал екінші бағыт – инвестициялық әрекетке мемлекеттің тікелей араласуы.

Инвестициялар мен шетел капиталын пайдалану және мемлекеттік реттеуінің негізгі базалық принциптеріне келесілер жатады:

- экономикалық қауіпсіздік принципі;

- шетел капиталын пайдалану бағыттарының басымдылық пен мерзімділік принципі;

- кредит құнынан ішкі қор жинақтау нормасының үстемділік ету принципі;

- жобаға несие тарту принципі;

- сыртқы қарыз алудың түрлі формаларының салыстырмалы бағалау принципі;

- стратегиялық және басым салаларға шетел капиталын тартуды шектеу принципі;

- табыс аударуды уақытша шектеу принципі;

- мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын жүзеге асыру принципі;

- несиелерді пайдаланудың жобалау әдістерінің принципі;

- халықаралық несиелеуге қарағанда халықаралық кәсіпкерліктің артықшылық принципі;

- инвестициялық климатты жақсарту принципі;

- отандық және шетел инвесторларды бірдей жағдайлармен қамту принципі [3].
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Кадерова Н.Н. Финансирование и кредитование инвестиций. Алматы. –Экономика. 2008.

  2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы. – Экономика. 2002.

  3. Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы. –Экономика. 2008.

Похожие:

Қ. мусабеков iconҮ к І м қазақстан Республикасы Атынан
Нарматов Ә. А., хатшылықта Бексултанова А., мемлекеттік айыптаушы Мусаев А., қорғаушы Мусабеков Е. қатысуымен ашық сот мәжілісінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница