Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы




Скачать 361.58 Kb.
НазваниеАвторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы
страница1/3
Дата конвертации01.01.2013
Размер361.58 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3



ӘОЖ 616.995.132.8-022.33-07 Қолжазба құқығында
Әсембеков Батырбек Сейтзадаұлы
Токсокарозға эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру (Алматы қаласының материалдары бойынша)
14.00.30 - эпидемиология

медицина ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесіне ұсынылған диссертация

Авторефераты

Алматы, 2008

Қазақстан Республикасы

Жұмыс Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Х.Жұматов атындағы Гигиена және Эпидемиология Ғылыми Орталығында орындалды.

Ғылыми жетекші: медицина ғылымдарының докторы,

профессор Сапарбеков М.К.
Ресми оппоненттер: медицина ғылымдарының докторы,

профессор Исмагулов А.Т.
медицина ғылымдарының кандидаты,

профессор Құдайберген Қ.Қ.
Жетекші мекеме: М. Айқымбаев атындағы Қазақ Карантинді және зоонозды инфекциялар ғылыми орталығы

Қорғау 2008 жылы «8» сәуір күні сағат 13.00-де Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Х.Жұматов атындағы Гигиена және Эпидемиология Ғылыми Орталығы ОД 09.16.01 біріккен Диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде өтеді.

Мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев к-сі, 34

Диссертациямен ҚР ДСМ Х.Жұматов атындағы Гигиена және Эпидемиология Ғылыми Орталығының кітапханасында танысуға болады.

Мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев к-сі, 34
Автореферат 2008 жылы «___» _________________ таратылды.

Диссертациялық Кеңестің ғалым хатшысы

медицина ғылымдарының докторы Д.Р. Аспетов

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестілігі

Қазақстанда қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласының көкейтесті мәселелерінің бірі – паразитарлық аурулардың эпидемиологиясы, диагностикасы, емі және оларды алдын алу шаралары болып табылады. «Қазақстан Республикасында 2005 жылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы» Мемлекеттік баяндамада 2005 жылы Қазақстанда 62 996 гельминтоз оқиғасы тіркелгені көрсетілді. Паразитарлық аурулардың ішінде гельминтоздардың үлес салмағы 86,2% (62 996 оқиға ) құрады. Олардың ішінде гельминттермен залалданған 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы жыл сайын 90% құрайды, ал бұл өткізілген санитарлық-паразитологиялық шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді [А.А. Белоног, 2006].

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДҰ) анықтауы бойынша токсокароз диагноз қоюда қиыншылық туғызатын, ағымы ауыр және созылмалы, «larva migrans» симптомдар жиынтығын туғызатын паразитарлық аурулардың қатарына жатады [WHO, 1980]. БДҰ сарапшылар Комитетінің анықтамасы бойынша, «larva migrans» – жануарлар нематодалары дернәсілдерінің адам организмінде ұзақ уақыт бойы тіршілік етуінен немесе миграциясынан туындайтын ауру.

Көптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша [А.Я. Лысенко және әріпт., 1999; М.И. Алексеева, 1986; P.M Shantz., 1989; С.Ә. Әміреев және әріпт., 2005], токсокароз – әртүрлі ағзалар мен тіндерге токсокаралар дернәсілдерінің өтуімен байланысты, ауыр, созылмалы және қайталанбалы ағымымен, клиникалық көріністерінің әртүрлілігімен сипатталатын паразитарлық ауру. Токсокароз белгілері әртүрлі болғандықтан, бұл патологияны көптеген маман-дәрігерлер, оның ішінде педиатрлар, терапевтер, көз дәрігерлері, гематологтар, гастроэнтерологтар, невропатологтар және т.б. кездестіре алады.

ХХ ғасырдың 80-жылдарында отандық паразитологтар негізінен КСРО-ның европалық бөлігінде токсокароздың эпидемиологиясы, клиникасы және диагностикасы бойынша зерттеулер өткізді [Д.-Я.В. Байоринене, 1984; В.А. Давидянц, 1984; Игнашенкова, 1985; Т.И. Авдюхина, 1987; Н.Ю. Куприянова, 1989]. Соңғы уақытта токсокароздың иммунологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлініп жатыр [И.А. Золотова, 2003], Ресей Федерациясының кейбір аудандарында токсокарозға санитарлық-гельминтологиялық қадағалау жүйесі ұсынылды [Т.Г. Козырева, 1999].

Г.Г. Онищенко (1998) мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясында токсокарозбен сырқаттанушылық 100 000 адамға шаққанда 0,33 құрайды, ал кейбір аймақтарда тіпті 9,9 деңгейіне жетеді, бірақ автордың пікірі бойынша, осы елде нағыз сырқаттанушылық деңгейі бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Қазақстанда токсокарозға арналған еңбектер шамалы-ақ. Олардың ішінде Л.А. Лидер (2004) республикамыздың солтүстік аймағындағы токсокароздың эпидемиологиялық ерекшеліктеріне назар аударған. Автор адам токсокарозының анықталмауын диагностикумдардың жоқтығымен түсіндіреді. Сонымен бірге Р.Ц. Желева (1975) және О.В. Ямпольскаяның (1978) зерттеулері бойынша, токсокараларға қарсы антиденелерді жанама гемагглютинация реакциясымен және иммундыферментті талдау (ИФТ) әдісімен анықтауға арналған тест-жүйелерін ұсынғаны әдебиеттен белгілі. Қазақстанда токсокарозбен науқастану жағдайлары туралы да біршама хабарлар бар. Әдебиетте Тараз қаласында екі жастағы қыз баланың токсокарозбен ауырғандығы сипатталған, диагноз клиникалық көріністердің жиынтығы мен ИФТ негізінде қойылған [Д.Р. Петрова, 1991]. Қостанай облысының Рудный қаласында ішек токсокарозының жағдайы тіркелген, мұнда диагноз тек қана эпидемиологиялық анамнездің негізінде қойылды [Н.А. Савченко және әріпт., 1992]. Бірақ, адамда ішек токсокарозы іс жүзінде кездеспейтінін ескеру қажет және авторлар серологиялық зерттеу әдістерін қолданбағандықтан диагноздың қойылуы бұл жағдайда күмән туғызады.

Осыған байланысты республикамызда токсокароздың кең таралғанына және адам патологиясында алатын маңызына қарамастан, Қазақстанның медициналық қауымы бұл инвазиядан бейхабар болуы алаңдатушылық туғызады.

Жоғарыдағы мәліметтер токсокароздың эпидемиологиялық, клиникалық және иммунологиялық ерекшеліктерін зерттеу ғылыми тұрғыдан маңызды екенін және осы зерттеу жұмысының көкейтестілігін айқындайды.

  1   2   3

Похожие:

Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008

Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2008

Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2008

Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)
Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты Алматы, 2008 ж. Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Од 53. 24. 01 – биологиялық зерттеулер орталығы және микробиология, вирусология институты жанынан құрылған біріккен диссертациялық...
Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды
Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Алматы, 2008 Қазақстан Республикасы iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница