«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам»




Скачать 54.98 Kb.
Название«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам»
Дата конвертации02.01.2013
Размер54.98 Kb.
ТипДокументы
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде

ереже

(бұдан әрі - Байқау)
1. Жалпы ережелер
1.1. «Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы «Қазақтелеком АҚ филиалы – Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (бұдан әрі – БҚ ОДТ) болып табылады.
1.2. «Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы БҚ ОТД қызмет бағыты туралы жалпы көпшілікті кеңінен ақпараттандыруға бағытталған іс-шара болып табылады.
1.3. Байқауға БҚ ОТД қызметі туралы материалдар жариялайтын республикалық, облыстық, аудандық газеттердің редакциясы, телерадиокомпаниялары, шығармашылық бірлестіктер, ақпарат агенттіктері, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады. Мақсатты аудиториясы: журналистер, сарапшылар, іскерлік және кәсіптік қауымдастық.
2. Байқаудың мақсаты және міндеттері
2.1. «Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы БҚ ОТД қызметіндегі тың өзгерістерге, әлеуметтік жобалары мен жаңа қызмет түрлерІне жұртшылықтың оң көзқарасын қалыптастыру және тұрғындар арасында байланыс саласының рөлі мен мәнін түсіндіру, тұтастай алғанда, осы тақырыптың БАҚ-та жариялануының белсенділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты:

БҚ ОТД жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару;

БҚ ОТД айқындық пен ақпараттық ашықтыққа мүдделілігін көпшілікке көрсету;

БҚ ОТД қызметіне қатысты материалдарды жариялайтын БАҚ арасында достық рәуіштегі бәсекелестікті қолдау және сонымен қатар, бірыңғай медиа кеңістікті жасау;

Жобаға қатысатын БАҚ рейтингісін көтеруге тиімді мүмкіндік беру;

Байланыс саласы тақырыбына маманданған БАҚ пен журналистердің жұмысында жауапкершілік жүгін арттыру.

Байланыс саласы тақырыбын жариялауға БАҚ жас мамандарының назарын аудару;

Байқау қатысушыларының шығармашылық әлеуетін анықтау және көпшілікке көрсету, олардың кәсіби мүмкіндіктерінің әржақтылығын және жеке басының сапасын көрсету.
2.2. Байқаудың міндеттері:
БАҚ қызметкерлерінің жұмысы көбінесе кадр сыртында өтеді. Осыған байланысты, байқау міндеттерінің бірі Байқаудың қатысушыларына өз компаниясының беткеұстары болу мүмкіндігін беру, өз мүмкіндігі мен кәсіби сапасын ашып, көпшілікке жария ету, ал БАҚ-қа осы арқылы өзінің танымалдығын арттыруға мүмкіндік беру болып табылады;

БҚ ОТД облыс экономикасындағы рөлі мен мәнін қалың көпшілік арасында түсіндіру;

Байқау қатысушыларына одан әрі мансап жағынан дамуына және олардың дербес рейтингісінде деңгейлерін арттыруға мүмкіндік беру.

Талантты журналистердің пулын кеңейту және пікір алмасу алаңы ретінде БҚ ОТД имиджін қалыптастыру.

Журналистермен кері байланыстың маңызды құралы ретінде Байқаудың беделін арттыру.
3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар.
3.1. «Қуатты қалам» байқауына мыналар:

республикалық, облыстық және қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телекомпаниялардың редакция ұжымдары;

дербес ізденушілер - өңірлік және орталық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер);

материалдары БАҚ-та жарияланған немесе хабарларда пайдаланылған басқа да авторлар жіберіледі.
3.2. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық журналистік ұйымдар басшыларының Байқауға қатысуға үміткерлерді жіберуге құқығы бар.

4. Байқаудың номинациялары
4.1. Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

- республикалық БАҚ жарық көрген ең үздік материал;
- аймақтық баспа БАҚ жарық көрген ең үздік материал;
- байланыс саласының тарихы немесе ардагерлері туралы ең үздік материал;
- ең үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж.


5. Байқау материалдары бағаларының өлшемдері

5.1. Байқау бір кезеңнен өткізіледі.
5.2. Байқауға баспасөз және электронды тіркелген БАҚ-та жарияланған бір автордың кемінде екі материалы берілуі қажет.
5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін байқау ұйымдастырушылары Байқаудың Әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін қатысушылардың материалдарын бағалауды Байқаудың Әділқазылар алқасы сараптау бағасы әдісімен жүзеге асырады.
БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері:
- жарияланымдардың саны мен сапасы (тұжырымдау дәлдігі, деректер, цифр, фактілер);
- тақырыптың өзектілігі және мәнділігі;
- материалдың толық ашылуы;
- жеткізу тілінің мәнерлілігі, дәлдігі әрі түсініктілігі.
- материалды беру жаңалығы әрі түпнұсқалылығы.
- Байланыс саласы қызметін жазудағы кәсіпқойлық және шеберлік;
Қажет болған жағдайда, Әділқазылар алқасының мүшелері әрбір номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.
6. Байқауды өткізу тәртібі
6.1. Өтінімдерді қабылдау 2012 жылғы 10 маусымға дейін жүзеге асырылады. Байқауға 2011 жылғы 1 қарашадан 2012 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде газеттерде және өзге тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында, телеэфирде шыққан материалдарды беруге болады.
6.2. Байқаудың Ұйымдастыру алқасы алдын ала іріктеуді 2012 жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде жүзеге асырады. Байқаудың Әділқазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және «Жеңімпаздар» деп анықталған үздік жұмыстардың авторларын таңдайды.
6.3. Байқау өткізудің белгіленген мерзімінен ерте немесе кеш жарияланған материалдар, сондай-ақ қайта басып шығарылған бұрын жарияланған материалдар Байқауға қабылданбайды. Берілген материалдар коммерциялық сипатта болмауы тиіс.
6.4. Байқау материалдары мына мекенжайға: БҚО, Орал қ., Евразия даңғылы, 90/2 «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметіне (4 қабат, 411 кабинет) немесе мына электрондық мекенжайға жіберіледі: gulfairus.ualiakhmetova@telecom.kz
6.5. Байқау жұмыстарының тілі - қазақ, орыс;
6.6. Байқау материалдары рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар толық немесе ішінара бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ www.telecom.kz сайтында жариялануы мүмкін.
6.7. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2012 жылғы 28 маусым – ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өткізіледі.
7. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
7.1. Байқауды өткізуді үйлестіру Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Байқауды өткізу кезінде Ұйымдастыру комитеті дерекқор құрады, онда Байқауға қатысушылар жіберген жұмыстар; Байқау қатысушыларының тізімі; Байқау финалистерінің тізімі; Байқау жеңімпаздарының тізімі енгізіледі.
8. Байқаудың Әділқазылар алқасы
8.1. Байқау жұмыстарын бағалау үшін Ұйымдастыру алқасы құрамында Әділқазылар алқасының төрағасы, Әділқазылар алқасының хатшысы және Әділқазы мүшелері Байқаудың Әділқазылар алқасын қалыптастырады.
8.2. Әділқазылар алқасының құрамына Байқаудың ұйымдастырушыларының өкілдері кіреді: БҚ ОТД, облыстық БАҚ өкілдері, Байқаудың ақпараттық демеушілері (әріптестері).
8.3. Әділқазылар алқасының құрамы мен әділқазылар алқасын Байқаудың Ұйымдастыру комитеті бекітеді. Әділқазылардың шешімі қайта қарауға жатпайды.
9. Байқау қорытындысын шығару
9.1. Байқау қорытындылары бойынша Байқаудың Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. Ынталандыруға тұратын материалдар болмаған кезде Байқаудың әділқазылар алқасының Байқаудың ұйымдастырушысына жүлделі орындарды бермеуін ұсынуға құқығы бар.
9.3. Қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2012 жылғы 28 маусым – ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өткізіледі. Марапаттау салтанатына журналистер, журналистік ұжымдар, әділқазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен ақпараттық демеушілер және журналистік орталар қатыса алады.
9.4. Байқаудың Әділқазылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары дипломдармен, және бағалы сыйлық немесе ақшалай сыйақылармен марапатталады.

Похожие:

«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» icon«Тілге құрмет – елге құрмет» республикалық байқауы туралы ереже жалпы ережелер
«Нұр Отан» хдп өткізетін «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауының (бұдан әрі – Байқау) өткізілу тәртібі мен шарттарын анықтайды
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» icon«Біз – Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту студенттеріміз» Сурет байқауы туралы ереже алматы 2012 Жалпы ережелер 1 «Біз – Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту студенттеріміз»
«Біз – Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту студенттеріміз» сурет байқауын өткізуге (бұдан әрі – Сурет байқауы) Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» icon«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Республикасының Заңына, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына сәйкес әзірленді және басқарма мен оның...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» iconЕң үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан әрі – Байқау) әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже
Осы ереже «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауының (бұдан әрі Байқау) өткізілу тәртібін...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» iconАтырау инженерлік-гуманитарлық институты «Үздік оқу сабағы (дәріс, практикалық, зертханалық сабақ)» байқауы туралы ереже
«Үздік оқу сабағы (дәріс, практикалық, зертханалық сабақ)» байқауын (бұдан әрі Байқау) Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (бұдан...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» iconДенсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесi Жалпы ережелер Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының...
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам» iconЕреже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер
Бұл ереже байқаудың мәртебесі, мақсаты мен міндеттерін, өтілу мерзімі мен тәртібін, байқауға қатысу жағдайын, қорытындысы мен марапатталуын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница