Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың




Скачать 99.22 Kb.
НазваниеАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Дата конвертации02.01.2013
Размер99.22 Kb.
ТипДокументы
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті кент тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» тапсырмасын орындауға Ұлан ауданында жыл сайын әкімдердің өздеріне сеніп тасырылған аумақтарында кездесулер өткізілуде.
Өнеркәсіп
Кент аумағында 100-ден астам адамды жұмыспен қамтылған «Белогорстрой» ЖШС жекеше өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорын тротуар плиталарын, жақтаулар, поребрикетер,вазондар, опорлар, қабырға тастарының жиынтығын өндіреді. Оған қоса кәсіпорын брус ретінде ағаш өнімдерін тілінген тақтайлар, вагоншалар, еден тақтайлары және т.б. өндіреді. «Саржомарт»ЖШС әртүрлі мөлшердегі тақтайлар, қашалар шығарады. «Ұлан жолдары» КМК жұмыс істейді. Жаз айларында жолдарға жөндеу жұмыстарын, қыс кезінде кент аумағында қардан арылту жұмыстарын жүргізеді. 2012 жылы жеке кәсіпкер Айбатова М. нан пісіретін цех ашпақшы. Ол осы мақсатта 2 млн тенге мөлшерінде мемлекеттен несие алды, цех тәулігіне 500-1000 бөлке нан шығаруды жоспарлап отыр. ЖШС «Красный Кардон»,ЖШС «Тау-2002», ЖШС «ГРК БГОК», Орман шаруашылығы, Қазақтелеком, Алтайэнерго, Өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімшесі, Казпошта, «Ұлан жолдары»
Ауыл шаруашылығы
Жеке шаруашылықта немесе жеке меншік секторда ірі қара – 1201 бас, оның ішінде 514 сиыр, қой мен ешкі – 993 бас, шошқа – 15 бас, жылқы – 81 бас,құс – 1911 бас. Ауылшаруашылығын өсімдік жағынан қорытындыласақ: картоп отырғызу алаңы -49,6 га құрайды,өнім алу - 7500 ц.Көкөніс отырғызу алаңы- 4,3 га құрайды, 13,75 ц өнім алынды.
Әлеуметтік тақырыпты айтар болсақ кент аумағында 2 ҰОС ардагерлері, 127 тыл еңбеккерлері тұрып жатыр.Зейнеткерлердің жалпы саны 650, оларға мемлекет ай сайын 16 941 000 теңге зейнетақы төлеп отыр. 2011 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алып отырған отбасы – 68, оларға 1 488 000 теңге төленді, әлеуметтік көмек алушылар 68 адам 1 328 300 теңге төленді, тұрғын үй көмек 1 864 198 теңге көрсетілді.2011 жылға 1 қаңтарға жұмыссыздар саны 14 адам болса, олардың 3-еуі оралман, 30 қарашаға олардың саны 23 адамды құрайды. Жыл ішінде 10 адам жұмысқа орналастырылды. 2011 жылы лицей ашылды, директоры Жакупов Б. С. Лицей штукатур - сылақшы, ВС категориялы жүргізушілер, газ және электрмен дәнекерлеушілер даярлайды. Мұнда 15 адам газбен және электрмен дәнекершілеушілер, 24 адам сылақшы, 9 адам жүргізуші болып даярланып шықты. «2020 –Бағдарламасы» бойынша тегін оқытылып, 12 мың теңге стипендия төленеді.
Жергілікті бюджетті толықтырудың басты құралы салық болып табылады. 2011 жылы мүлік және жер бойынша салық 100 пайызға орындалды. Жер салығы жоспардағы 171,1 орнына 340,2 орындалды, орындалуы 199 %. Мүліктік – 47.0, іс жүзінде 48.1, орындалуы 102 %.Бір реттік талондар жоспар бойынша 73 700, орындалуы 79 000, 107%.
Кенттегі бизнес
Кентте шағын бизнестің 27 субъекті тіркелген, олардың істеп тұрғаны – 20. Олар 19 дүкен, біреу дәмхана, шаштараз, аяқ-киім жөндейтін, дөңгелек жөндеу нүктелері, бизнеспен айналысатындар саны 37 адам. Инфляциялық процестерді ұстап тұру үшін субъектілермен 10 пайыздық қосымша баға қоюға меморандум жасалған. Бірінші қажеттілік тауарларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Бюджет
2011 жылға 9171000 теңге бөлінді, аппарат қызметіне 7811000 теңге, бұл статьяға салықтар, аударылым мен еңбек ақы, әкім аппаратын ұстау. Көшелерді жарықтандыруға 660 000 теңге бөлінді, оның ішінде Мир көшесі бойынша 405 000 теңге 5 нүктеден тұратын жаңа желі, 65 000 теңге қызмет істеп тұрған нүктелерге,190 000 теңге жұмсалған электр энергиясына. Санитарлық тазалық сақтауға 100 000 теңге,сумен қамтамасыз етуге 500 000 теңге, Подгорная және Северная көшелерінде су құбырлары қазылды.
Білім беру
Кент аумағында 286 оқушы қамтылған,бір орта мектеп орналасқан.Мектеп ішінде мини орталық ашылған,толық күнге 31 бала,толық емес күнге 15 бала тартылған. Былтырғы жылы мектепті 30 оқушы бітірді. БҰТ орта балы 93% пайыз

құрады, 5 мектеп бітіруші 100 балдан жоғарыға ие болды. Бүгінгі күнге мұғалімдер жеткілікті; ұстаздардың біліктілік деңгейі: 7 адам жоғары категориялы, 14 адам-1 категория, 11 адам -2 категория- 4 адам.Балардың білім алуы үшін толық жағдай жасалған, компьютерлік сыныпта 16 компьютер бар, оларды интернетке қосылған,интерактивтік тақта бар. Бүгінгі күнге 94 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, 64 оқушы отбасы жағдайлары нашар және көпбалалы отбасыларынан.

Медициналық қызмет
Халыққа медициналық қызметті учаскелік аурухана көрсетеді,онда 65 адам жұмыс істейді, олардын ішінде- 6 дәрігер, 25 медбике.Олар 800 адамды қамтиды, Қызмет көрсету радиусы 100 км.

Стационарда 20 төсек, күндізгі стационар 10 төсек.Аурухана электр энергиясымен жылыту қондырғысы бар типтік ғимаратта орналасқан УДТ, флюрогафия рентгенкабинет, зертхана, кеңестік диагностикалық емхана жұмыс істейді, сондай-ақ жедел жәрдем пункті істейді, шақыртуларға бірі 2001 жылғы, екіншісі 2005 жылғы автомабиль шығады. Медициналық көмек алуға 2011 жылы 22156 адам қабылданған. Жедел жәрдем 5536 адамға көмек көрсетті кент бойынша 2853 адам

Есеп беру уақытында кентте 31 адам бала дүниеге келді, 22 адам өлді,өлгендер жасы орташа жасы 74 жасты құрады. Екі балалар өлімі болды, аналар өлімі жоқ. Қатерлі ісік ауруымен 31 адам есепте тұр. Тұрғындар тарапынан медициналық қызмет көрсету шағымдар жоқ. Қазақстан Республикасының 2011-2015 ж.ж. денсаулық сақтауды дамытуға арналған «Салауатты Қазақстан» бағдарламасында салауатты өмір салтын одан ары дамыту көзделген. Ауруханада көрнекті үгіт-насихат құралдарымен жабдықталған салауатты өмір салтының кабинеті бар. Медициналық көмекті жоғары категориялы учаскелік терапевт, педиатр көрсетеді. Дәрігерлер мен фельдшерлер ауруларды қабылдайды, үйге шақыртуларға қызмет көрсетеді, мектеп оқушылармен жасөспірімдердің жоспарлы медициналық тексерулерден өтуді қамтамасыз етеді. Ай сайын жоспарлы түрде жақын елді мекендерге барып тұрғылықты халықты жоспарлы имунизация өткізеді.
Кенттің инфрақұрылымы
Кентте барлығы 12 қоғамдық ұңғымалар бұрғыланған, оның ішінде 2010 жылы - 3. 2011 жылы – 2. Су құбырларының суғаруға арналған желісі жақсарта түсуді қажет етеді.Құбырлар 40 жыл бұрын тартылған, металл шіріді, жаңғыртуды талап етеді. Аудан көмегінсіз, біз өз күшімізбен жөндей алмаймыз.Барлық ұзындыққа 5 км-дей құбырлар қажет.Үйлердің барлығында электр жарығы бар. Мир, Ленин көшелері толық, Октябрь көшесі жартылай жарықтандырылды. «Алтайэнерго» учаскесі жұмысты жақсы атқаруда. «Казтелеком» балансында 689 абоненттік нөмер бар. Сымсыз абоненттер 97, 2011 жылы тағы 5 қосылды. Қаламен кент арасында телебайланыс жақсы.
Құқық қорғау
Асубұлақ кентінде 9 елді мекенді қамтитын поселкелік полиция бөлімі орналасқан.Кентті учаскелік инспектор аға лейтенант Закиров Латиф. Аумақта 2829 адам тұрып жатыр. Есеп беру кезеңінде полиция қызметкерлері қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, мақсатты түрде оперативтік-профилактикалық шаралар өткізіп тұрды. Өткен кезеңде 94 ұсыныстар мен шағымдар қаралды.




КУЗ бойынша қабылданған шешімдер

саны

1.

Барлық тіркелгені

64

2.

Қылмыстық іс қозғалды

15

3.

Қылмыстық іс қозғалудан бас тартылды

43






ҚР ҚК баптары

саны

ашылды

Ашылған жоқ

1.

175 бап (ұрлық)

20

12

8

2.

178 бап (тонау)

1

1




3.

185 бап (айдап кету)

2

2




4.

120 бап (зорлау)

1

1




5.

257 бап (бұзақылық)

1

1




6.

103 бап 3 бөлімі (өлімге әкеп соқтырған, денсаулыққа залал келтіру)

2

2




7.

99 бап (өзін қорғау қажеттілігінен асып кету)

1

1




8.

104 бөлім (денсаулыққа орташа залал келтіру)

1

1





Кент бойынша профилактикалық есепте 106 адам тұр, оның ішінде:

әкімшілік бақылауда -1

УДО - 1

Бұрын сотталған – 1

Шартты сотталған – 3

Қорғау ұйқарымы – 15

Спирттык ішімдіктерді шектен тыс пайдаланушылар – 72

Кәмелетке толмағандар есепте – 4

Жайсыз жанұялар – 6

Ерекше талаптар – 2

Аңшылық құралдар иелерін тексеру барысында, оны сақтау және қайта тіркеу мерзімін бұзушылық анықталып, 4 бірлік алынды., қаруды заңсыз сақталған-1 адам әкімшілік сотқа жіберілді.

Еріксіз емделуге 11 адам жіберілді.1 адам ата-ана құқығынана, 14 оперативтық-профилактиқалық шарлар өткізілді.Барлық хаттамалар 109, олардың ішінде:

  • 79 бап – 5-9 адам (жанұялық құқықбұзушылық)

  • 79 бап – 3-2 адам (денсаулыққа жеңіл залал келтіру)

  • 330 бап – 7 адам (ұсақ бұзушыдық)

  • 355 бап 2 б – 2 адам (полиция қызметкерлеріне бағынбау)

  • 336 бап 1.2.3.б. – 5 адам (аңшылар бойынша)

  • Сотқа барлығы 32 материал жіберілді.Кентте түнгі уақытта сағат 8-ден 11-ге дейін мұғалімдер, ата-аналар, ардагерлер кеңесі мүшелері тарапынан кезешілік ұйымдастырылған. Олар әсіресе жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмауға аз көмек көрсетпейді.


Азаматтар өтінішімен жұмыстар
Өтініштер саны – 48

  • жер рәсімдеу сұрақтары бойынша – 40

  • су туралы – 1

  • ескі ағаштарды кесу жөнінде – 7

Ауызша хабарласу – 21
Кентті санитарлық тазалау,көгалдандыру,абаттандыру жөнінде
Облыс әкімі жариялаған 2-айлық санитарлық тазалық кезінде сенбіліктер өткізілді. Заңсыз қоқыс жинағыштар үлкен проблемалар тудыруда, Үнгірлі өзен бойында көктемгі және күзгі тазалау жұмыстары жүргізілді. Мира көшесінен құрылыс қалдықтары аздапшығарылды, Казаченко көшесіндегі Нургалиевтер үйі жанында көктемде өзен шайып кеткен жағалауға бекініс жасалды. Ушанов, Ленина, Октябрьская, Токтарова көшелерінде су ағарлар үнемі тазаланады. Азаматтардың өміріне және тұрғын үйлерге қауіп төндіретін қураған ескі теректердің басы кесілді. Сенбілік уақытында соғысқа қатысушыларға ескерткіш қойылған әскери Даңқ саябағы тәртіпке келтіріліп тазаланды. Санитарлық тазалық жұмыс күндерінде де өткіәзілді. Сенбілік сайын кентті тазалау жұмыстарында әркім өз үлесін қосты. Сенбілік өткізуде қоқыс шығару мақсатында техника пайдаланылды. Кентте 50 қарағай, 50 қайың көшеттері отырғызылды. Жол бойындағы шөп шабылды.Кенттегі спорт кешені ЖӨСМ балансына беріліп,ағымдық жөндеу жұмыстарынан кейін ғимарат жылытылып қолданыста. Спорт кешенінде 14 адам жұмыс істейді,оның ішінде 3 еркін күреспен волейболдан жаттықтырушылар. Мұнда кенттік кітапхана орналасқан. Жергілікті,аудандық,облыстық спорт шаралары өткізіліп тұрады. Ұйымдар бойынша қатынас кестесі жасалған. Мүгедек балалар тенниспен шұғылданады.

Облыс әкімінің ұйғарымы бойынша өткізіліп жатқан «Туған елге тағзым» акциясы аясында кентке 1 млн 952 мың теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкерлер С. Гайсин, Жанузаков Ж., орман шаруашылығының директоры М. Кусаинов, ЖШС «Белогорстрой» 1 млн.тенгеге тратуарлық плиталармен көмек көрсетті және басқаларында ерекше атап өту керек. Бұл акцияға 41 адам белсенді қатысты. Акция жалғасуда және жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «20 жарқын іс» акциясы өтуде. Кентте жалғызбасты зейнеткерлермен мүгедектерге көмек көрсету бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Отындарын шабу және жинау жұмыстары бойынша Акласова А., Садыкова М., Рыспаев Р., Сейсенова Н., Жампеисова А., Сейльгумарова Р. көмек көрсетілді. Рахымбаева М., Сакитова С., Т. Скачкоға шатырларын жөндеуге көмек көрсетті. Жұмыс жалғасуда. 25 жалғызбасты қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік жұмысшылармен көмек көрсетіледі. Кетте ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Лукпанов,ардагерлер алқасы төрайымы Н. Савельева қоғамдық ұйымдар кентте қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Барлық өткізілетін қоғамдық шараларға қатыса жүріп,олар Елбасының Жолдауын іс жүзінде асыруда айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.Олар мектепте сынып сағаттарына қатысады,мектеп оқушыларымен әңгімелер өткізіледі. Кентте өткізілетін мерекелік шараларға қатысады. Есеп беру кезеңінде ақсақалдар кеңесі 13 отырыс өткізді,оларға полиция бөлімінен 10 іс және кент тұрғындарынан түскен 4 өтініштерді қарады. Әрбір іс бойынша нақты шешімдер қабылданды,ақсақалдар кеңесінің шешімі бойыншпа 11 адам ішімдіктен еріксіз емделуге жіберілді.

АҚПАРАТТЫ НАСИХАТ ТОБЫ:


  1. жылы АНТ мүшелері тұрғылықты халықпен кездесулер өткізіп,онда Елбасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге қалаймыз» жолдауын талқылады. Кенттегі қоғамдық саяси ахуалды сараптарды,тендірлік саясат тәрбиесі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», алкогольдік ішімдік, шылым шегу, есірткі пайдалану сияқты жағымсыз қылықтардан аулақ болу,діндік ахуал және басқа мәселелер бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

Алдымызда көптеген жоспарланған жұмыстар бар,атап айтқанда:

1.Бұзылып орнын тазаламай кеткен тұлғаларды тауып тазалату,бойынша жұмыс жүргізу;

2.Сіздермен бірлесе отырып өз күшімізбен кентімізден ҰОС қатысқан адамдардың ата - тегі жазылған мемориалдық тақтай Даңқ саябағына орналастыру және жерлесіміз Халық Қаһарманы Қ.Қайсеновке ескерткіш қою;

3. Жазғы бау-бақша суаратын құбырларды іске қосу;

4. Жаз уақытында мал жаюды ұйымдастыру;

5. Жеке кәсіпкерлікті дамыту

6. Көшелерді жарықтандыру;

7. Жолдардың тесіктерін жамау

Похожие:

Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconАсубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі
Бүгінгі күні бізде алдарыңызда 2010 жылы Асубұлақ кенті әкімі аппартының атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, сіздердің арыз шағымдарыңызды,...
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconБозанбай ауылдық округінің әкімі А. М. Сембаевтың Бозанбай ауылдық округі тұрғындары алдындағы 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Здеріңізге белгілі 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда....
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Асубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  icon2009 жылы Огневка кент әкімінің атқарған жұмысының есебі «Огневка кент әкімінің аппараты»
Асу-Булақ кенті полиция бөлімінің 2 ұсынысы, азаматтардың 5 шағымдары қарастырылды
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница