Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген




Скачать 38.18 Kb.
НазваниеЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген
Дата конвертации02.01.2013
Размер38.18 Kb.
ТипДокументы

Лисаков қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ


Тақырыбы: Тапқыр достар

Өткізген: Мауленова Г.С.

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: Тапқыр достар.
Мақсаты: - ата –аналар мен балаларының арасында қызықты ойын ұйымдастыру; өзара жақындық пен жылулық ұялату; оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру; бәсекелестікке баулу және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: өзін-өзі басқару сабағы.

Көрнекілік: кеспе сөздер, әріптер, интерактивті тақта, мадақтау қағаздары.
Сабақтың жүргізілуі:

  1. Кіріспе.

1-жүргізуші: -Хош келдіңіздер құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр. Оған себеп сіздер мен біздің ардақты ата-аналарымыздың арасындағы сайыс сабақ.

2-жүргізуші: -Бұл сайысты жүргізетін біздер, сыныбымыздың үздік оқушысының бірі-Агибаева Томирис.

1-жүргізуші: -Және сыныбымыздың өнерлі оқушысы Сейілбек Ақниет!

Ақниет: - Ендеше ойынымызды бастайық! Ортаға тапқыр ата-аналарымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Томирис: -Екінші қарсылас топ олардың балалары , сыныптастарымызды шақырамыз! Орындарыңызға отыра қалыңыздар.

Ақниет: -Енді сабағымыз сайыс болғандықтан әділ қазы алқасы да болу керек.

Әділ қазыға Анар Түлкібайқызы мен Шарбану Балғабайқызын және оқушылар атынан Анеля Ержанқызын шақырамыз.

Томирис: - Дайын болсақ бәріміз тақтадан ойын шартымен танысайық.

( Тақтадағы шарттарды түсіндіріп өтеді)

Ақниет: -Ал, қонақтар, сөз сіздерде!Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

Томирис : -Келесі топ , кезек сіздерде!

Ақниет: -Ал ,енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа ұтымды жауап береді деп «Сөз тапқыш» сайысын өткіземіз.Шарт бойынша тек өз әріпіңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер, түсінікті ме?Бірінші оқушылар тобынан бастайық:

  1. Кеше қайда болдың?

  2. Атың кім?

  3. Қазір қандай сабақ?

  4. Үстел үстінде не жатыр?

  5. Жазда не болады?

  6. Есік қаққан кім?

  7. Кіммен доссың?

  8. Қалтаңдағы не?

  9. Ысқырған кім?

  10. Кімді жақсы көресің?

-Жарайсыңдар, қол соғып қоялық.

Томирис: -Қонақтар дайын болса, бастайық:

  1. Немен келдіңіз?

  2. Ертең қайда барасыз?

  3. Не ұшып бара жатыр?

  4. Түсіңізде не көрдіңіз?

  5. Ән айтқан кім?

  6. Қай қалаға бардыңыз?

  7. Көктемде не болады?

  8. Сандықта не жатыр?

  9. Қасыңыздағы кім?

  10. Неден қорқасыз?

-Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар, келесі сайысымызға көшеміз.

Ақниет: -Келесі тапсырмаға тақтаға қарайық. Екі топқа берілген тірек сөздерден бірнеше сөз құрастыру керек. Берілетін уақыт 2 минут.Бір сөзді қайталауға болмайды. Ал, іске сәт!

Томирис: - Тапсырма тоқталды.Қане, тексеріп шығайық! (Екеуі кезектесіп оқып шығады, тексереді де қазыларға тапсырады)

Сіздерге сергіту сәті ретінде, сыныптағы үздік қатардың көрінісін ұсынамыз.

«Ара мен шыбын» көрінісі.

Ақниет: -Рахмет, достар.Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз.Тақтада бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып, ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер сол ұпайды өз қоржындарыңызға саласыздар.Қане, қонақтардан бастайық, ойлануға 30 секунд. (Кезектесіп орындап шығады.)

Томирис: - Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан шықтыңыздар.Ендігі тапсырма топ мүшелері кезектесіп 1 минут ішінде сөздерді көрермендерге тек мимикамен көрсетіп, жауабын шештіре алу керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.Егер мимикаға түсіндіре алмасаңыздар, 1-2 сөзбен жақындатып айтуға болады.Одан артық айтпайсыздар.Ал дайын болсақ, оқушылар тобынан бастайық.

Ақниет: -Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік.Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек. «Өнерлі-өрге жүзер » дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер.Қай топ дайын? (Екі топ өнерлерін көрсетеді, қолпаштап тұру керек)

Томирис: - Сіздерге рахмет! Сөз кезегін әділ қазыларға берейік!

(Әділ қазылар сөйлеп, әр топты марапаттайды)

Ақниет: -Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек. ( тапсырма орындатады)

Томирис: -Оң қанатым-әкем де,

Сол қанатым-анашым

Бірі түссе қатерге

Мәңгі ұша алмай қаласың – дегендей, құрметті ата-аналар , сіздер біздің тірегімізсіздер, сіздердің уақыт бөліп бізбен бірге болғандарыңыз біз үшін бақыт. Қашан да аман-сау болыңыздар!

Ақниет: -Сіздер барда, біз де аман боламыз.Көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Осымен сабағымыз да аяқталды.

Похожие:

Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Өткізген : Мауленова Г. С. Ашық сабақ. Математика 2-сынып Сабақтың тақырыбы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті, суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тәрбие сабағы Тақырыбы: Өткізген
Еліміздің мақтан тұтар көркем жері Көкше өңірімен, табиғатымен танысу, Ақын Ілияс Жансүгіров ойын анықтау және оған өз пікірлерін...
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconКонкурсы «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі «№1 орта мектебі»

Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconЛисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconЛисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон
Топпен араласа алу, ұйымшыл бола білу және шапшаңдық пен жеке тұлғаның өзін-өзі басқара алуына ықпал жасау
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconПән мұғалімі: Сейтқазиев Жанат Тұрарұлы Саудакент ауылы Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын «Тапқыр достар»
Армысыңдар, бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл...
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген icon«Тапқыр информатиктер» Өткізген: Саттарова Жанар Егізбайқызы Астана-2011 жыл 8-сынып Информатика сабағы. Саб тақырыбы: «Тапқыр информатиктер»
Саб. Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тереңдетіп, ақыл-ойларын қалыптастыру
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconЛисаков қаласы әкімінің Шешімі Лисаков қаласы №28 2007 жылғы 24 желтоқсан
Азаматтарды Лисаков қаласының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconАстана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі
Білімділік: Экологиялық мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауға, аялауға шақыру
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген iconАстана қаласы Мектебі: №57 орта мектебі Сыныбы: 10 «а» сыныбы Пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы
Хіх ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай қандай еді? – Ресей патшалығының отарлау саясаты жүргізіліп жатқан кез
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница