Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты




Скачать 52.33 Kb.
НазваниеҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты
Дата конвертации10.11.2012
Размер52.33 Kb.
ТипДокументы
Инвестицияларды тарту, АЭА дамыту және экспортты ынталандыру бойынша салалық бағдарламаның

ҚРҮ отырысына баяндама
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Құрметті үкімет мүшелері!
Бағдарламаның мақсаты - шикізат емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық өндіріске тікелей инвестициялар және өңделген тауарларды экспортқа жылжыту арқылы әлемдік сауда жүйесіне біріктіру үшін тартымды жағдайлар жасау.

(2 слайд)

Бағдарлама 3 бағытта бағытталған:

1) Инвестицияларды тарту;

2) АЭА дамыту;

3) Экспортты ынталандыру.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес 1993 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына 108 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.


(3 слайд)

Индустрияландыру картасы шеңберінде 237 жобалар жүзеге асырылуда, бұдан басқа 28 млрд. АҚШ доллары сомасына 88 перспективті жобалар бар.

Барлық жобалардың жалпы құны - 72 млрд. АҚШ доллары

ИК бойынша расталған сомма - 44 млрд. АҚШ доллары


(4 слайд)

Бағдарлама жүйелі шараларды көздейді:

1) жеңілдіктер, преференциялар беру жәрдемімен инвестицияларды ынталандыру инструменттерін дамыту арқылы инвестицияларды тартуды жандандыру;

2) АЭА дамыту;

3) Экспортты ынталандыру.
(5 слайд)

Инвесторларды тарту үшін ынталандырудың үш мүмкін болған пакеті көзделген:

1. Инвесторлар үшін ынталандырудың базалық пакеті

2. АЭА қатысушылары үшін

3. Арнайы пакет
(6 слайд)

1.Базалық пакет

Кедендік баждарды төлеуден босатуды көздейтін «Инвестициялар туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы келісілді және Үкіметке енгізілді:

- жабдықтар, шикізат және материалдар үшін қор бөлшектерін импорттауға (қазіргі уақытта тек жабдықтар және оған жинақталатын бөліктер босатылады)

- инвестициялық жоба үшін жабдықтарды импорттайтын лизинг берушіге.

Бұдан басқа көзделеді:

Мүлік және жер салығын төлеуден босату (экономиканың басымды секторларындағы кәсіпорындар үшін) және инвестиция көлеміне байланысты 10 жылға дейінгі мерзімде жаңа құрылған кәсіпорындар үшін КТС төлеуден босату.

Айлық есептік көрсеткішіне (АЕК) байланған инвестиция көлеміне байланысты шкаласы шеңберінде босату болжануда.

Мысалы: АЕК 13 млн.-нан АЕК 14,5 млн.-ға дейін 6 жылға КТС босату;

АЕК 14 млн.-нан АЕК 16 млн.-ға дейін 7 жылға КТС босату және т.с.с. 10 жылға дейін

(7 слайд)

2. АЭА қатысушылары үшін

«АЭА туралы» жаңа заң жобасында АЭА қатысушылары үшін жеңілдіктер келісілген:

- Қызметін жүзеге асыру үшін ҚҚС нольдік мөлшерлемесі бойынша;

- 10 жыл мерзімімен АЭА аумағында жер пайдалану төлемінен босату;

- IT-компанияларды програмаллық қамтамасыз ету үшін қолданылып жатқан амортизацияның шекті нормасын 15% дан 40% ға ұлғайту;

- «Астана - жаңа қала» АЭА үшін 100% КТС төлеуден босату;

АТП АЭА үшін әлеуметтік салықты төлеуден 5 жылға дейінгі мерзімде босату;

- АЭА аумағына шетел жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетікті енгізу;

- «бір терезе» принципі бойынша АЭА қатысушыларына қызмет көрсету.

Қазіргі уақытта АЭА қатысушыларына жер және корпоративтік табыс салықтарынан, мүлік салығын төлеуден босату ұсынылуда, сондай-ақ дайын инфрақұрылым ұсынылады.
(8 слайд)

3. Стратегиялық инвестициялық жобалар үшін ынталандырудың арнайы пакеті.Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлек шешімінің негізінде инвестор үшін қызметтің жеке режимі ұсынылатын болады.

Аталған ынталандыру пакеті түрлі салық түрлерін және алымдарды төлеуден босатуды, жобаны бірлесіп қаржыландыруды, шетел жұмыс күшін әкелудің ерекше режимі, ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырысты қарастыратын қолдау шараларын көздеуі мүмкін.

Абу-Даби Плаза - КТС, ҚҚС, жер, мүлік салықтарынан, кедендік баждардан босату, құрылыс кезеңінде шетел жұмыс күшін әкелу.
(9 слайд)

Бағдарламада елдің инвестициялық мүмкіндігін жылжыту бойынша шаралар көзделген:

1) Шетел инвесторлары үшін интернет-портал құру;

2) Инвестицияларды тарту және экспортты жылжыту мәселесі бойынша үкіметаралық комиссиялардың рөлдерін арттыру;

3) «бір терезе» принципі бойынша инвесторлармен жүйелі жұмысты ұйымдастыру;

4) Инвестициялар бойынша Комиссия құру.

Қазіргі уақытта Экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту (ЭЫҰД) және «Strategy Partners» консалтингтік компаниясымен бірлесіп жылдың соңына дейін АҚШ, Түркия, Корея, Жапония, Германия, Франция елдерінен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту «Жол картасы» пилоттық жобасы ретінде әзірлеу бойынша зерттеу жүргізуде.
(10 слайд)

Бағдарламаға отандық экспорттаушыларды қаржылық және сервистік қолдау жөніндегі шаралар бойынша бөлім қосылды:

Шетелде өнімді тіркеу және сертификаттау бойынша, сыртқы рынокта өнімді жарнамалаудың, экспорттық кәсіпорындардың қызметкерлерін оқыту бойынша, экспорттық жол бағыттардың тиімді логистикалық есебі бойынша шығынның орнын толтыру.

Ағымдағы жылы сервистік қолдау шеңберіндегі шараларға 740 млн. жуық теңге бөлінді, қаржылық - 2 млрд.теңгеден астам.

(11 слайд)

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:

  • Инвестицияларды және АЭА қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  • Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы шетел мемлекеттерімен келісім жасау;

  • Имидждік шаралар, елдердің салалар және сауда әріптес елдердің өнімдері бойынша шолу, сондай-ақ нақты рынок бойынша.


(12 слайд)

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2015 жылға белгілі мақсатты индикаторларға қол жеткізілетін болады:

- экономиканың шикізат емес секторына отандық және шетелдік инвестицияларды 15%-ға ұлғайту;

- тікелей шетел инвестицияларды елдің ЖІӨ қатынасы бойынша 5 пайыздық тармаққа ұлғайту.

Қаржыландыру көлемі - 38 млрд.теңге;

ТШИ тарту үшін - 3 млрд. теңге;

АЭА дамыту - 8 млрд. теңге;

Экспортты ынталандыру - 27 млрд. теңге.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Бағдарлама мүдделі мемлекеттік органдармен және салалық қауымдастықтармен келісілген.
Назарларыңызға рахмет!


Похожие:

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті алқа мәжілісіне қатысып отырған әріптестер және шақырылған қонақтар!
Экономикалық даму және сауда министрлігінің жұмысы келесі негізгі бағыттарда атқарылды
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!
Республикасы Үкіметінің «2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мәселесі жөніндегі отырысында Қазақстан...
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚұрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері!
Е. Шпановтың 2011 жылғы 14 қазандағы Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен өткізілетін
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚадірлі отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 28. 01. 2011 г
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚадірлі отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 28. 01. 2011 г
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н. А. Назарбаева народу Казахстана
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н. А. Назарбаева народу Казахстана
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н. А. Назарбаева народу Казахстана
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница