Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде




Скачать 147.58 Kb.
НазваниеЭкологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде
Дата конвертации10.11.2012
Размер147.58 Kb.
ТипДокументы
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

2011 жылдың 1 жарты жылдығына

есебі

Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде. 2011 жылдың I жартыжылында 3055 жобалық материалдардың атаулары қаралды, оның ішінде Комитетпен 629 жобалық материалдар қаралды.

Қаралған материалдар ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен шаруашылық қызмет жобалары; ЖШШ, ЖШТ, ҚТН нормативтерінің жобалары; қала құрылысы сипатындағы, сұлбалардың жобалары, жекелей алғанда, жер телімдерін бөлуді келісу; инвестицияларды алуға ТЭН және ЭЕТ жобалары; жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және технологиялар, техникалар мен жабдықтар қолдануды негіздейтін құжаттамалардың жобалары.

Қаралған жобалардың ішінен ең маңыздылары мыналар болып табылады:

- «Күкірт сақтау ұлттық орталы» құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесіне әзірленген алдын ала ҚОӘБ жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 10-02-15/90 қорытындысымен келісілмеді;

- «Вест Дала» ЖШС-ның мұнаймен ластанған жерлер мен топырақтарды микробиологиялық тазарту әдістемесін қолдану технологиясына әзірленген ҚОӘБ жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 15 наурыздағы № 10-02-16/457 қорытындысымен келісілді;

- «Каспий теңізінің Казақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстарының жағдайын бағалау бойынша кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу» биологиялық негіздемесі мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 10-02-05/369-и қорытындысымен келісілген;

- «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қоры аумағын кеңейтудің табиғи-ғылыми негіздеме» жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 24 наурыздағы № 10-02-05/369-и қорытындысымен келісілген;

- Урихтау мұнайгазконденсат кенорнының даму бағдарламасының техникалық-экономикалық негіздемесіне әзірленген қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобасы 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 10-02-16/1342 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен келісілген жоқ.
ЕИИД МЖ бойынша ақпарат.
Жалпы Қазақстанды индустрияландыру Картасы шеңберінде 294 жоба қарастырылуда (республикалық деңгей – 131 жоба, аймақтық – 163). Бастапқыда 237 жоба қосылған.

Комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысымен бекітілген жобалардың тізіміне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың өткізілуіне мониторинг жүргізуде. Аталған Жарлықта нысандарды енгізудің жоспарлы мерзімдері көрсетілген.

Жалпы, индустриализациялау Картасы бойынша, 294 жобалар арасында (пайдалануға беру кезеңі 2010 жылдан 2021 жылға дейін):

- 247 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысымен келісілген (бұдан әрі – МЭС);

- 2 жобаға МЭС жүргізу қажет емес: «Актюбрентген» ЖШС «ҚР медициналық техниканы өндіруді жергіліктендіру» және «ТНК «Қазхром» АҚ Ақсу ферросплав зауытының «Өндірісті басқарудың информациялық жүйесі»;

- 2 жоба қарастырылуда: (Әкімшіліктегі 03.06.2011ж. бастап "Абу Даби Плаза" көп функционалды кешеннің құрылысы және 17.06.2011ж. бастап вагон құймасы құрылысына № 1 шойын-балқыту цехін қайта жөндеу жобасы);

- 43 жоба қарастырылуға тапсырылған жоқ.

Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөнінде ағымдағы ақпарат ИЖТМ және әкімшіліктерге 01.06.2011 жылы (№10-02-20/757-и) жіберілді.
Индустрияландыру Картасы шеңберінде орындалған инвестициялық жобалар бойынша жіберілген хаттар тізімі




Датасы, хаттың №

Адресат

Қысқаша мазмұны

Жауабы



5.01.11 ж.

№ 10-02-20/Д-2008

ҚР ИЖТМ

2011 жылдағы ағымдағы ахуал (ақпарат үшін)

Қажет емес



31.01.11 ж.

№ 10-02-22/126-и

ҚР ИЖТМ

- 2010 жылдағы ағымдағы ахуал;

- іске асыру мерзімінің ауысуын, сонымен қатар жобалардың алынуын растау

ҚР ИЖТМ жауабы келген жоқ




4.03.11 ж.

№ 10-02-20/284-и

ҚР ИЖТМ

- іске асыру мерзімінің ауысуын, сонымен қатар жобалардың 2010 жылы алынуын растау;

- 2011 жылдағы ағымдағы ахуал (ақпарат үшін)

ҚР ИЖТМ жауабы келген жоқ




29.03.11 ж. № 10-02-20/608-и

ҚР ИЖТМ

- іске асыру мерзімінің ауысуын, сонымен қатар жобалардың 2010 жылы алынуын растау;

- 2011 жылдағы ағымдағы ахуал (ақпарат үшін)

ҚР ИЖТМ жауабы келген жоқ




22.04.11 ж. № 10-02-20/545-и

ҚР ИЖТМ, әкімшіліктер

- 2010 жылдағы ағымдағы ахуал;

- 2011 жылдағы ағымдағы ахуал.

Әкімшіліктердің жауабы келуде



1.06.11 ж. № 10-02-20/757-и

ҚР ИЖТМ, әкімшіліктер

- 2010 жылдағы ағымдағы ахуал;

- 2011 жылдағы ағымдағы ахуал;

- 2011 жылғы актуализациядан кейін жобалардың толық тізімін беру жөнінде сұрау

Әкімшіліктердің жауабы келуде;

ҚР ИЖТМ жауабы келген жоқ




2. ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің 2010-2015 жылдарға стратегиялық жоспарды жүзеге асыру мақсатында «1 санаттағы нысандарға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу» 015 бюджеттік бағдарлама бойынша жобалар штаттан тыс сарапшыларға жіберілген жоқ.

Нәтижеден ауытқуға ықпал жасаған себептер:

  1. 015 бюджеттік бағдарлама бойынша конкурс 2011 жылдың 12 мамырында ғана кеш өткізілді, алайда Комитет конкурс өткізуге ұсыныстарын ҚОҚРЭИД-не 2011 жылдың ақпан айында жіберген;

  2. Конкурс нәтижесі бойынша қатысқан ешбір ұйыммен жұмыстар жүргізуге келісім-шарт жасалған жоқ.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 56-бабы
2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің жанындағы Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 66-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы әзірленді және қабылданды.

Басқарма қызметшілері Трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенцияны түсіну және жүзеге асыруды жақсарту үшін Орталық Азия елдерінің әлеуетін нығайту жөніндегі субөңірлік оқу семинарына қатысты.

Сонымен қатар басқарма маманы Швейцариядағы Женева қ. БҰҰ ЕЭК («Трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы») 5 Конференциясына қатысты.

Экология департаменттері және олардың облыстық филиалдары бойынша Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Тобыл-Торғай, Балхаш-Алакөл экология департаменттерінде қаралған жобалық құжаттамалардың өсу үрдісі байқалса, Арал-Сырдария, Нұра-Сарысу, Шу-Талас экология департаментіндерінде төмендеу үрдісі байқалуда.
2011 жылдың 1 жартыжылдығы Қазақстан Республикасының сараптамалық бөлімшелері бойынша қаралған және бас тартылған құжаттар санының динамикасы


Р/с



Облыстардың/қалалардың сараптамалық бөлімшелерінің атаулары

Қаралған

құжаттар саны

Келісілмеген құжаттар саны

жалпы

келісілген жоқ

жалпы

келісілген жоқ

1

ҚОҚМ

218

40

211

39

2

Арало-Сырдария ЭД

242

18

121

12

3

Балхаш-Алакол ЭД

376

34

380

19

4

Есіл ЭД

161

37

289

45

5

Жайық-Каспий ЭД

663

130

702

157

6

Ертіс ЭД

289

88

357

138

7

Нура-Сарысу ЭД

72

22

64

18

8

Тобыл-Торғай ЭД

415

53

620

143

9

Шу-Талас ЭД

320

116

311

89




Жалпы

2756

538

3055

629



2010 жылмен салыстырғанда мемлекеттік экологиялық сараптамамен қаралған құжаттамалардың көлемі 1,1 есеге, яғни 2756-дан 3055 бірлікке дейін көбейді.

Экология департаменттерінде қаралған материалдар санының өсуі мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санат объектілерін бөлу бойынша функциясын аумақтық бөлімшелерге беруімен байланысты.

Қоршаған орта эмиссияларына рұқсаттар беру бөлігінде.

Есеп беру кезеңінде Комитет пен Экология департаменттеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға 605 құжаттар топтамасы түсті (ЭРБК - 105).

Осы уақыт аралығында Комитет және Экология департаменттерімен барлығы 572 рұқсат беріліп (ЭРБК - 96), 95 өтінім бойынша рұқсат беруден бас тартылды (ЭРБК - 18).

Қазіргі кезде қарастыруда барлығы 163 өтінім бар (ЭРБК - 38).

Эмиссиялар нормативтерінің жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы, келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жоқ болуы және нормативтік көрсеткіштірінің сұрап отырған көлеміге сәкес келмеуі, рұқсат беруден бастартуға негіз болып табылады.
Жұмыс бойынша талдаушы кесте өтінім материалдарымен тіркеледі.




р/с

Экология департаменттері


Түсті

Берілді

Рұқсат беруден бас тартылды


Қарау үстінде

(бұрын түскендермен)

1-жарты жылдықта

1

Есіл

72

117

3

12

2

Балқаш-Алакөл

38

43

3

6

3

Жайық-Каспий

116

81

34

26

4

Тобыл-Торғай

71

62

19

14

5

Ертіс

40

45

12

7

6

Арал-Сырдария

25

21

1

3

7

Нұра-Сарысу

11

8

1

1

8

Шу-Талас

127

99

4

56

9

ЭРБК

105

96

18

38

БАРЛЫҒЫ:

605

572

95

163


Ілеспе газды жағуға рұқсатты келісу бойынша

Аталған уақыт аралығында келісім алуға 81 өтінім түсті, олардың
68-не келісім берілді, 6-на келісім беруден бас тартылды, қалған 7-і қарастырылуда.
Лицензиялау бөлігінде.

Есепті айда жеке және заңды тұлғалардан лицензиялау мәселелері бойынша 915 өтініш келіп түсті.

Бүгінгі күні 894 өтініш қаралды. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге 114 лицензия, 291 түсүндірме хат, 87 прекурсорларға рұқсат берілді, 37 экспорт/импорт оозон қабатын бұзатын өнімдеріне, 25 рұқсат озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге,

137 экспорты мен импорты автоматты түрде лицензиялауға тиіс тауарларға рұқсат берілді.

Толық және біліктілік талаптарға сәйкес болмағанына байланысты көрсетілген кезеңде лицензия алу бойынша 133 өтініш, 29 рұқсат озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жәндеуге, 16 лицензия экспорт/импорт озон қабатын бұзатын өнімдеріне, прекурсорларға 6 және экспорты мен импорты автоматты түрде лицензиялауға тиіс тауарларға беруден 19 бас тартылды.

Комитеттің Экология департаменттеріне лицензияланатын қызмет түрлерін келісуге 1978 өтініш келіп түсті, 1586 өтініш келісілді, 356 өтініш бойынша келісуден бас тартылды.
Лицензияланатын қызмет түрлерін келісуге Комитеттің Экология департаменттерінің есебі




Экология департаменттері

Түсті


Берілді

Бас тартылды

1

Есіл

267

237

40

2

Балқаш-Алакөл

780

615

165

3

Жайық-Каспий

364

309

33

4

Тобыл-Торғай

145

93

40

5

Ертіс

144

89

46

6

Арал-Сырдария

65

48

13

7

Нұра-Сарысу

74

72

1

8

Шу-Талас

139

123

18




БАРЛЫҒЫ:

1978

1586

356



Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлігінде.

2010 жылдың 1 тоқсанында экологиялық инспекторлармен шаруашылық субъектілерде 5 887 тексеріс жүргізілді.

4 102 экологиялық заңнамаларды бұзу анықталды, 3 735 нұсқама берілді, оның 2 708 орындалды.

Жалпы көлемі 1 389,576 млн. тенге болатын 3 900 әкімшілік айыппұл салынды, оның жалпы сомасы 934,523 млн. тенге көлемінде 3 181 әкімшілік айыппұл төленді.

2010 жылы салынған әкімшілік айыппұлдардан жалпы сомасы 94,975 млн. тенге көлемінде 439 әкімшілік айыппұл мемлекет кірісіне төленді.

Жалпы 2011 жылы жалпы сомасы 1 029,498 млн. тенге көлемінде 3 620 әкімшілік айыппұл мемлекет кірісіне төленді.

Экологиялық заңнамаларды бұзу нәтижесінде қоршаған ортаға тигізген залалдар үшін жалпы соммасы 8 463,143 млн. теңге көлемінде залалды өтеу туралы 784 талап ұсынылып, оның 6 295,168 млн теңге болатын 523 талап төленді.

Жалпы 2011 жылы 8 471,965 млн. тенге көлемінде 675 талап мемлекет кірісіне төленді. Оның ішінде, 2010 жылы ұсынылған талаптардан жалпы көлемі 2 176,796 млн. тенге болатын 152 талап мемлекет кірісіне төленді.

Бұл ретте, ерікті түрде төленбеген талаптар мәжбүрлеп төлету үшін сот органдарына жолданды.
Кәсіпорындарда жүргізілген тексерістердің сараптамалық көрсеткіші көрсеткен негізгі заң бұзушылықтар:

жобалық және шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауы;

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, ластаушы заттарды шығаруға, ағызуға және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттен асуы,

өндірістік және тұтыну қалдықтарының есебінің болмауы, жер ресурстарының ластануы;

өндірістік экологиялық бақылау жүргізу туралы талаптардың сақтамауы;

табиғат қорғау іс-шараларының жүргізілмеуі;

жобалық құжатта бекітілген нормалардың сақталмауы;

атмосфераға нормадан тыс ластаушы заттар шығаруға алып келетін технологиялық қондырғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы.
Әкімшілік жұмыстар бөлігінде.

- 2011 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Әшімнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Алқа тақырыбы: «Табиғат пайдаланушылармен экологиялық заңнаманың сақталуы» туралы болды.

Отырыста ҚР Парламент өкілдері, ҚР Бас прокурорының орынбасары А.Н. Кравченко, министрліктің басшылығы мен қызметкерлері, табиғат пайдаланушылар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ қатысты.

- Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - ЭРБК) мен аумақтық экология департаменттері қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау Әдістелесі әзірленді және ЭРБК төрағасының 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 55-ө және № 56-ө бұйрығымен бекітілді.

Похожие:

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconҚОҚм экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconҚаралатын істердің күні мен уақыты Сот пен судьяның атауы
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті мм-і
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconРегламенті Жалпы ережелер «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы және «электрондық үкіметтің»...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconАтырау облыстық сотының апелляциялық алқасында тағайындалған азаматтық істер кестесі
«Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология депертаменті»...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconЕсіл экологиялық департаментінің 2012 жылдың 18 25 мамыр аралығында мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімі мамандарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы өткізген жұмысы туралы ақпарат

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconБалқаш-Алакөл экологиялық департаментінің 2010 жылдың 10-15 қаңтар аралығында өткен инспекциялық тексерулерінің нәтижесі Айыппұл салынған нысандар
Балқаш-Алакөл экологиялық департаментінің қызметкерлері 2010 жылдың 10-15 қаңтар аралығында қоршаған ортаны қорғаудың санитарлық-эпидемиологиялық...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconҚазақстан Республикасының экологиялық апатты аймақмен экологиялық проблемалары Тұрарбеков А. Т. ҚазЭҚжәнехсу профессоры
Арал маңы, бұрынғы ссп аумағы және оған іргелес жатқан аудандар ШҚО, Қарағанды және Павлодар облыстарын – экологиялық апатты аймақ...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconМемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы
...
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде iconГазбен жабдықтау объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Сараптама жүргізу тәртібі, шаралары және сараптама қорытындысын ресімдеу Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница