Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




Скачать 377.54 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
страница1/3
Дата конвертации03.01.2013
Размер377.54 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қазақстан Республикасының

бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің

бұйрығымен бекітілген

№____________________

«____»__________2008ж.
«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«Альфадез форте» дезинфекциялайтын затын қолдану жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Астана, 2008 жыл
«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«Альфадез форте» дезинфекциялайтын затын қолдану жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Әдістемелік нұсқаулық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ.д. К.С.Оспанов, орындаушы – профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция, дератизация бөлімінің меңгерушісі – О.А.Хасенова).

«Альфадез форте» дезинфекциялайтын затын талдаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері» бөлімін өндіруші фирма ұсынған.

Әдістемелік нұсқаулық емдеу-профилактикалық ұйымдарының персоналына, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне (басқармаларына), санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарына және дезинфекциялық қызметпен айналысуға құқығы бар басқа да мекемелерге арналған.
1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1. «Альфадез форте» (бұдан әрі – зат) әлсіз сезілетін ерекше иісі бар, ашық-сары түсті мөлдір сұйықтық болып табылады. Әрекетті зат ретінде құрамында төртеселік аммоний қоспаларының комплексі бар: бензалкониум хлориді және дидецилдиметиламмониум хлориді (ЧАС) – 12%, глутарлы альдегид (ГА) – 4%, глиоксаль – 8%, сондай-ақ қосалқы компоненттер ретінде изопропилді спирт, неонол АФ 9-10, этоксилирленген майлы спирт және дистилденген су немесе 100%-ға дейін деиондалған су.

Заттың сутегі иондары концентрациясының көрсеткіші (рН) 4-6.

Зат сыйымдылығы 1дм3 және 5дм3 полимерлі ыдыста шығарылады.

2. «Альфадез форте» затының грамтеріс және грамоңтайлы бактерияларына (туберкулез микробактериялары, аса қауіпті жұқпа қоздырғыштары – оба, тырысқақ, туляремия, күйдіргі), вирустарға, Кандида тектес саңырауқұлақтарға, Трихофитонға, зеңге қатысты микробқа қарсы белсенділігі бар, сондай-ақ оның спороцидті және жуу қасиеті бар.

Зат мұздағаннан кейін және ерігеннен кейін де өзінің қасиетін сақтап қалады.

Зат әр түрлі металдардан, сондай-ақ көміртекті болат пен қорытпалардан жасалған медицина құралдарының коррозиясын болдырмайды.

3. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша аталмыш зат МЕСТ 12.1.007-76 сәйкес асқазанға енгізу барысында орташа қауіпті заттардың 3 класына, теріге тиген кезде және ингаляциялық әсер ету барысында (бу) орташа қауіпті заттардың 4 класына жатады, ас қорыту жолдарынан тыс енгізу барысында орташа уытты болып келеді. Заттың тері мен көздің сілемейлі қабығына аз шамада жергілікті тітіркендіргіш және сенсибилизиттейтін әрекеті бар.

Заттың 0,5-5%-дық ерітіндісінің теріге бір рет тигенде жергілікті тітіркендіргіш әрекеті болмайды, ал көп рет тигенде терінің құрғақтығы пайда болады. Заттың 20%-дық ерітіндісінің бір және бірнеше мәрте теріге тигенде орташа тітіркендіретін әрекеті болады. Затты суландыру әдісімен қолдану барысында тыныс алу органдары мен көздің сілемейлі қабығы тітіркенеді.

Әрекет ететін заттың жұмыс аумағының ауасындағы ПДК мынаны құрайды: глутарлы альдегид үшін - 5,0мг/м3; глиоксаль үшін – 2,0мг/м3; алкилдиметилбензиламмоний хлориді үшін – 1,0мг/м3.

Заттың жарамдылық мерзімі дайындаушының ашылмаған қаптамасында 3 жылды құрайды, жұмыс ерітінділері 14 тәулікке дейін жарамды.
2. Қолдану аясы.
4. Емдеу-профилактикалық мекемелердегі (клиникалық, микробиологиялық және басқа да зертханалар), сондай-ақ мектеп пен балалар мекемелеріндегі, бактериялы (туберкулезді және аса қауіпті жұқпаларды қоса алғанда), вирусты және саңырауқұлақты (кандидозалар, дерматофитиялар) этиологиялы жұқпа кезіндегі алдын алу, ағымдағы және соңғы дезинфекция;

5. Бактериялы жұқпа (туберкулезді және аса қауіпті жұқпаларды қоса алғанда), вирусты және саңырауқұлақты (кандидозалар, дерматофитиялар) этиологиялы жұқпа кезіндегі медициналық мақсатта қолданатын бұйымдарды, хирургиялық және стоматологиялық құралдарды, қатты және иілмелі эндоскоптар мен олардың бөлшек құралдарын стерилизациялау алдындағы тазартумен қатар жүргізілетін дезинфекциялау;

6. Эндоскоптарды жоғары деңгейлі дезинфекциялау (ЖДД) үшін;

7. Медициналық мақсатта қолданатын бұйымдарды, хирургиялық және стоматологиялық құралдарды, қатты және иілмелі эндоскоптар мен олардың бөлшек құралдарын стерилизациялау үшін.

8. Медициналық қалдықтарды дезинфекциялау үшін.

9. Жалпы жинау жұмыстарын жүргізу үшін

3. Жұмыс ерітінділерін әзірлеу .
10. Аталмыш заттың жұмыс ерітінділері бөлме температурасындағы ас суына зат концентратының сәйкес мөлшерін қосу жолымен (1 кестеге сәйкес) шыны, пластмассадан жасалған, сондай-ақ эмальданған (эмалі тұтас болуы керек) сыйымдылықтарда әзірленеді.

Заттың жұмыс ерітіндісін дайындау

1 кесте

Жұмыс ерітіндісінің концентрациясы, (%)


Жұмыс ерітіндісін әзірлеуге қажетті зат концентраты мен су мөлшері, (мл)

Ерітіндінің 1л

Ерітіндінің 10л

Препарат бойынша

ДВ бойынша

зат

су

зат

су

ЧАС

ГА

Глиок-саль

0,05

0,006

0,002

0,004

0,5

999,5

5

9995

0,10

0,012

0,004

0,008

1,0

999,0

10

9990

0,20

0,024

0,008

0,016

2,0

998,0

20

9980

0,30

0,036

0,012

0,024

3,0

997,0

30

9970

0,50

0,060

0,020

0,040

5,0

995,0

50

9950

0,80

0,096

0,032

0,064

8,0

992,0

80

9920

1,00

0,120

0,040

0,080

10,0

990,0

100

9900

1,50

0,180

0,060

0,120

15,0

985,0

150

9850

2,00

0,240

0,080

0,160

20,0

980,00

200

9800

2,50

0,300

0,100

0,200

25,0

975,0

250

9750

3,00

0,360

0,120

0,240

20,0

970,0

300

9700

5,00

0,600

0,200

0,400

50,0

950,0

500

9500

7,00

0,840

0,280

0,560

70,0

930,0

700

9300

10,00

1,200

0,400

0,800

100,0

900,0

1000

9000

20,00

2,400

0,800

1,600

200,0

800,0

2000

8000


4. Зат ерітіндісін әр түрлі объектілерді дезинфекциялау үшін қолдану
11. Зат ерітіндісін бөлмелердегі үстіңгі беттерді (еден, қабырға, есік), қатты жиһаз, аппарат пен аспап үстін, науқастарды күтуге арналған заттарды (жылытқы, клизма үштары, төсеніш клеенкалар және т.б.), зертханалық ыдыстарды (түтікшелер, тамшуырлар, жабын шынылар, цилиндрлер, колбалар, флакондар, Петри чашкалары, иммунологиялық талдауға арналған планшеттер және т.б.), резеңке кілемшелерді, резеңке, пластмасса және басқа да полимерлі материалдардан жасалған аяқ-киімдерді, жинау жабдықтарын (шүберектер және т.б.), медициналық қалдықтарды (қолданған салфеткалар, таңу материалы, мақта тампондары), санитарлық-техникалық жабдықтарды (ванналар, раковиналар, унитаздар және т.б.) зарарсыздандыру үшін қолданады. Объектілерді дезинфекциялау сүрту, суландыру, матыру әдістерімен жүргізіледі.

12. Бөлмелердегі үстіңгі беттерді, қатты жиһазды, аспаптардың үстіңгі беттерін зат ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртеді, затты шығындау нормасы 100мл/м2, немесе гидропультті, автомаксті қолдана отырып, 300мл/м2 есеппен суландырады, я болмаса «Квазар» типті бүркегішті қолдана отырып, 150мл/м2 есеппен суландырады.

Зеңді саңырауқұлақтармен күресу үшін бөлмені зеңнен тазарту керек, содан кейін арасына 15мин салып, экспозиция 240мин болғанда заттың 2,0%-дық ерітіндісімен бөлмені екі рет өңдеу керек.

13. Санитарлық-техникалық жабдықты зат ерітіндісінде суланған шүберекпен сүртеді, немесе щеткамен, ершпен тазалайды. Дезинфекция аяқталғаннан кейін санитарлық-техникалық жабдықты сумен шайып, жуады.

14. Резеңке кілемшелерді зат ерітіндісіне салып, матырып қояды. Дезинфекциялық өңдеуден кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

15. Іш-киімдерді 1кг құрғақ киімге 4л есебімен зат ерітіндісіне салып, матырып қою керек. Дезинфекциялық өңдеуден кейін іш-киімдерді жуып, шаю керек.

16. Майда ойыншықтарды жұмыс ерітіндісі құйылған ыдысқа толығымен матырып қояды, ірі ойыншықтарды ерітіндіде суландырылған шүберекпен сүртеді немесе заттың жұмыс ерітіндісімен суландырады. Дезинфекциялық өңдеуден кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

17. Резеңке, пластмасса және басқа да полимерлі материалдардан жасалған аяқ киімдерді зат ерітіндісіне салып, матырып қояды. Дезинфекциялық өңдеуден кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

18. Науқастарды күтуге арналған заттарды зат ерітіндісіне матырып қою керек немесе ерітіндіде суландырылған шүберекпен сүртеді. Дезинфекциялық өңдеуден кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

19. Зертханалық және асхана ыдыстарын (тамақ қалдықтарынан босатып) 1 жиынтыққа 2л есебімен дезинфекциялайтын заттың ерітіндісіне матырып қою керек. Дезинфекциялық өңдеу аяқталғаннан кейін щетка немесе губканың көмегімен ыдысты ағын сумен шайып, кептіру қажет. Оба, тырысқақ, туляремия кезіндегі дезинфекциядан кейін тазарту 3 минуттан кем болмауы тиіс, ал күйдіргі кезінде 15 минуттан кем болмау керек.

20. Жинау жұмыстарына арналған инвентарьды зат ерітіндісіне салып, матырып қояды. Дезинфекциялық өңдеуден кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

21. Медициналық қалдықтарды:

- қолданылған таңу материалдарын, салфеткаларды, мақта тампондарын зат ерітіндісі құйылған жеке ыдысқа салып, матырып қояды. Дезинфекциялық өңдеуден кейін пайдаға асыруға жібереді;

- бір рет қолданатын медициналық мақсаттағы заттардың дезинфекциялық өңдеуі пластмассадан жасалған немесе эмальданған (эмалі тұтас болуы керек), қақпағы жабылатын сыйымдылықтарда іске асырылады.

Бір рет қолданатын медициналық мақсаттағы заттарды өңдеу технологиясы көп рет қолданатын бұйымдарды өңдеу технологиясынан ұқсас болып келеді. Дезинфекциялық өңдеуден кейін заттарды ерітінді құйылған сыйымдылықтан алып шығып, пайдаға асыруға жібереді.

22. Жұқпалы аурулармен ауратын науқастарды тасымалдауға арналған санитарлық көлікті сәйкес жұқпалар кезінде ұсынылатын тәртіпте өңдейді.

23. Объектілерді күйдіргі ауруы кезінде зат ерітіндісімен дезинфекциялау үшін 60 минуттық экспозиция кезінде 10%-дық ерітіндіні қолданады, оба, тырысқақ, туляремия кезінде – 0,5% - 60, 1,0% - 30 минут.

24. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі жалпы жинау жұмыстарын жүргізу барысында 3 кестеде келтірілген тәртіпті міндетті түрде басшылыққа алу керек.

25. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі әр түрлі объектілерді дезинфекциялау тәртібі 2 кестеде келтірілген.
Әр түрлі объектілерді дезинфекциялау тәртібі
2 кесте

Зарарсыздандыру объектісі

Препарат бой-ынша кон-цент-рация сы,%

Жұқпа кезіндегі экспозиция уақыты, мин.

Зарарсыздандыру әдісі

бактерии-ялы

вирусты

саңырау-құлақты

Туберкулез

кандидоза

дерматофитии

Бөлмелердегі үстіңгі беттер, жиһаз, санитарлық көлік, азық-түлік тасуға арналған автокөлік

0,05

0,10

0,20

0,30

0,50

1,0

3,0

60

30

15

15

-

-

-

60

30

-

-

-

-

-

-

-

-

-

30

15

-

-

-

-

-

-

90

15

-

30

-

-

-

30

-

Сүрту немесе суландыру

Асхана ыдысы, зертханалық ыдыс (түтікшелер, тамшуырлар, зат шынысы), резеңке груша, шлангілер және т.б.


0,10

0,20

0,30

0,50

1,0

90

60

30

-

-

90

60

30

-

-

-

-

-

45

-

-

-

-

-

-

-

-

-

90

30




Науқастарды күтуге арналған құралдар, ойыншықтар

0,10

0,20

0,30

0,50

1,0

2,0

90

60

30

-

-

-

90

60

30

-

-

-

-

-

-

60

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

90

30

15

Матыру,

сүрту

Санитарлық-техникалық жабдықтар

0,05

0,10

0,20

0,50

1,0

60

30

15

-

-

60

30

-

-

-

60

30

-

-

-

-

-

-

60

30

-

-

-

90

30

Щетка немесе ершпен сүрту

Жинау жұмыстарына арналған инвентарь

0,10

0,20

0,30

2,0

150

120

90

-

-

60

-

-

-

-

-

30


-

-

-

30

-

-

-

30


Суға салып қою

Резеңке кілемшелер

1,0

2,0

3,0

-

-

-

90

45

15

-

-

-


Суға салып қою

Медициналық қалдықтар: таңу материалы, мақта-мәрлі таңғыш, тампондар, бір реттік төсек орын тысы және медициналық мақсаттағы заттар

0,10

0,20

0,30

0,50

2,0

150

120

90

-

-

90

60

30

15

-

-

-

-

60

30

-

-

-

60

30

-

-

-

120

30

Матыру
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница