Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат




НазваниеМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации10.11.2012
Размер39.7 Kb.
ТипДокументы
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында

атқарған жұмысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» Заңына сәйкес барлық діни ұйымдар 2012 жылдың 25 қазанына дейін қайта тіркелуден өтуі тиіс. Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі түрде жаңа Заңды және қайта тіркеуден өту үдерісін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Маңғыстау облысы әкімдігінің жанында Діни ұйымдармен байланыс жөніндегі Кеңес жұмыс атқарады. Бұл құрылымның да күнделікті және маңызды мәселелерінің бірі діни ұйымдарды тіркеу. Бұл Кеңесте облыстағы діни бағыттағы маңызды сұрақтар қаралып дер кезінде өз шешімін тауып отыр. 2012 жылдың ішінде жалпы саны 4 Кеңес отырысы өткізілді.

Маңғыстау облысы бойынша Әділет департаменті және Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірігіп тіркеу мәселесі және құжаттарды қабылдау жұмыстары бойынша бірқатар кездесулер өткізілді.

Облыс тұрғындарын діни сауаттылыққа белсенді жұмылдыру мақсатында Дін істері департаменті түрлі іс-шараларды (дөңгелек үселдер, семинарлар, дінтанушылардың білімін арттыру шаралары, кездесулер) ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын атқарып отыр. Барлығы 2012 жылдың басынан бері 12 семинар, 3 дөңгелек үстел, 8 үгіт-насихат топтары мүшелерінің кездесулерін, 2 дінтанушылардың үйрету курстарын, 3 дін мәселелері жөніндегі Штаб отырысы өткізілді.

Одан басқа, Облыстық жастар саясаты орталығымен бірігіп 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталды. Ал бұл өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқаруға жол ашты.

Айталық, діни экстремизмге төтеп беру мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен «Түзету ұйымдарындағы діни экстремизм мен терроризм идеяларының таратылуын алдын алу және тоқтату туралы біріккен жоспар» бекітілді.

Осы жоспарды іске асыру шеңберінде түзету мекемелерінде департамент тарапынан ислам және православие дінтану негіздерін түсіндіру мақсатында дәстүрлі діндер өкілдерінің сотталған азаматтармен кездесулерін, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне арналған діни сенім бағытындағы «дөңгелек үстелдер» өткізілді.

Облыс жастарының дәстүрлі емес діни ағымдар қармағына түсуінің алдын алу және осы ағымдардан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында «Имам ағзам», «POZITIV AKTAU», «Аль Фатима» және т.б. қоғамдық бірлестіктер қызмет атқарады. Бұл бірлестіктердің басты қызметі Қазақстан халқына дәстүрлі Имам ағзам Абу Ханифа мазхабын насихаттау болып табылады. Бұл ұйымдар арқылы көптеген қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады, облыс бойынша Ислам мәдениеті және білімін қолдау қорының жіберіп отыратын «Хадис-ғұрпымыз, сүннет-салтымыз», «Иман негіздері», «Құрбан айт-құтты мереке» және діни экстемизмге қарсы «Жихад деген не?», «Сүннетті мойындамау – дін бұзудың амалы», «Мазхаб ұстану – ынтымағымыздың кепілі», «Ұлық имам – имам Ағзам» секілді ақпараттық-насихат құралдары таратылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизмге қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында 13 мақала, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі туралы 6 мақала жарияланды, 8 телебағдарламалар көрсетілді

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасында ақпан айының 3, 10, 17, 24-ші, наурыз айының 2, 9, 16, 23-ші жұлдыздары «Жұмадағы жүздесу» атты бағдарламалар ұйымдастырылды. Бағдарламалар барысында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Маңғыстау облысындағы тілші-хатшысы Марат Себасовпен және имамдармен кездесулер, діни экстремизмге қарсы дәрістер, дәстүрлі ислам діні жөнінде уағыздар көрсетілді.

Маңғыстау облысында діни бағыттағы маңызды сұрақтарды түсіндіру, діни экстремизмге қарсы шараларды өткізу және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында ақпараттық-насихат тобы қызмет атқарады. АНТ құрамы мемлекеттік мекемелер өкілдері, облыстағы мешіттердің бас имамдары, депутаттар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған.

2012 жылдың 6 айында, осы АНТ мүшелері облыс аудандарында 6, ЖОО студенттерімен 8 кездесу өткізді. Кездесулерде қамтылған адам саны 1700-ден астам адам.

2012 жылдың 25 маусымында Ақтау қаласы әкімдігі АНТ жұмысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында медиа-жоспар жасақтап бекіткен. Осы медиа-жоспарда АНТ мүшелері және шараларға қатысушылардың баяндамалары мен пікірлерін газет, журнал және телеарналарда шығару жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси ортаны талдау орталығымен қарым қатынас орнатылды. Мысалға, осы орталықтың 2012 жылдың маусым айында өткізген зерттеулерінің нәтижесінде діни бағыттағы көрсеткіштердің 2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда оң нәтиже беріп отырғанын көруге болады:

Этникааралық қарым қатынас бағытындағы жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа оң баға беріп отырған халық саны – 78% (2011 ж. – 63%).

Конфессияаралық қарым-қатынас бағытындағы жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа оң баға беріп отырған халық саны – 67% (2011 ж. – 59%).

Ұлттық бірлік доктринасын іске асыру аясында өткізіліп отырған толеранттылық және этникааралық келісім құндылықтарын насихаттау бағытындағы іс-шараларға қатысушы 30-60 жас аралығындағы халық саны – 46% (2011 ж. – 34%).

Жалпылай алғанда, облыста Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына сәйкес, мемлекеттiк жастар саясаты аясында жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында кешенді жұмыстар жүзеге асырылады. Аталған шаралар жанама түрде діни экстремизм идеялары таралуының шеңберін тарылту үшін қолға алынған.


Похожие:

Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман,...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 ислам...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Маңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница