Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ




Скачать 154.38 Kb.
НазваниеҒали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ
Дата конвертации03.01.2013
Размер154.38 Kb.
ТипДокументы
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы

Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сынып :7ғ

Мұғалім : Нұрахметова Г.Қ.

Астана – 2010 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты:

Балалардың өз пікірін қолдай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сот сабағы

Сабақтың әдісі :сұхбаттасу( қаралаушы,куә,күнәқар),айтыс,дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс:жануартану.

Көрнекілігі:Мұхтар Әуезов портреті,бүктеме,нақыл сөздер,сот киімін,қасқыр киімін киген оқушылар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сабақ барысын,мақсатын түсіндіру.

Сот,адвокат,прокурор,куәгер сөздерінің мағынасын тоқталу,ашу.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Ұлы жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өміріне шолу жасайық.

Топтастыру әдісімен:

Мұхтар Әуезов кім?

Мұхтар Әуезов туралы суретттермен жұмыс.

Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.

«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен ашу.

Оқиғаның мазмұнын тоқталу.

1.Көксерек Қараадыр ауылында.

2.Көксерек – түз тағысы.

3.Жекпе – жек.

Негізгі бөлім.

«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.

Сот төрағасы: сот үрдісін ашық деп жариялайды.

Прокурор сөз алып, «қылмыстың оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.

Ақтаушылар Көксеректің ауыл иттерінен,ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардың соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп,адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы ,өз қандастары бар екені туралы айтады.Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау –таста өмір сүру керек,бұл – табиғат заңы.Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар.Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де,бөрілік табиғатына тартып,екі аяқты пендемен өштесіп өсті.Себебі ол – қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті.Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.

Қаралаушы өз сөзінде Құрмаштың Көксеректің қалай жақсы көргені,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп,оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.

Ақтаушылар:Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.Себебі ол – тағы.Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады.Мысалы:Көксеректің дене бітімін суреттегенде « зіңгіттей көк шолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дөңкейіп,жон жүндері үрпейіп алған», « зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап,жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.

«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дартқысы келмеді», «қорқ –қорқ» асайды, «қылқ – қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт – кірт сындырады», «дүр – дүр еткізіп келеді» - бұл оның арланға тән қимылдары.

Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,жойқындық бар»,«әлі күнге бір жадырап ойнап көрген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада,елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестемен суреттеледі.Мұның барлығы тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән,мінезіне тән әрекет жасады.

Айыпталушы Көксерек : Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:

1)адамдар менің ұяластарымды өлтірді;

2)ата – анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;

3)өзім адам оғына тап болдым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы көрдім.

Екі куәгердің сөздері.

Ақтаушылардың қорытынды сөздері:Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не?Қасқырдың өзіне тән мінезі, табиғи қасиеті дедік.Сонықтан ол қанына тартып,иесі болса да Құрмашты өлтірді.

Адам,жануар – табиғат жаратылысы.Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді.Қасқыр жыртқыш та болса тіршілік иесі.Адамдар осыны түсіну керек еді.Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру – адамның табиғатқа жасаған қиянаты.

Әңгімеде адамдар әлемінің қатігездігін көреміз,қиянатшы екенін байқаймыз.Ойланбай істеген істің опық жегізетіндігін көреміз.Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді,қасқырды соймақшы болғанына көнбеді.Ал үлкендер ертеңді ойламай,арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.

Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өлімінің басты кінәлі Көксерек емес.

Сот үкім шығарады:Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі.Көксерек , біріншіден,тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан оны мұндай қылыққа итермелеген – адамдардан көрген жәбір – жапасы.Адамдар «Еккенің тікен болса,орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген.Көксерек күшік емес,бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата – бабалар даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкен әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін аяқтадық.Жазушының «Көксерек» - оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.

Үйге тапсырма: «Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.

Бағалау.Қорытынды.

Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы

Тақырыбы : Әр өлеңі – бір әлем

Сынып :8а

Мұғалім : Нұрахметова Г.Қ.

Астана – 2010 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы :Әр өлеңі – бір әлем

Сабақтың мақсаты :

1.Білімділік:ақыынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырыпөзгешелігіне көңіл бөлу.

2.Дамытушылық:оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау.Ауызша да, жазбаша да еркін,шешен, көркем сөйлеуге үйрету.

3.Танымдылық: өз бетімен іздене білуге,ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:зерттеу сабағы.

Көрнекілігі:Қазақстан картасы,ақынның портреті,шығармалары,ақын туралы естеліктер,газет – журнал материалдары.

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе.Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-

Деп ақынның өз айтқанындай,өзін өзгелерден ерекше көрмесе де,келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқалы ақын екендігін танып отыр.

Мұқағали бағы мен соры,күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын.Оның бағы өлмес жыр жаратқаны,өтірік өлең жаза алмағаны.ойлау мен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық,әлемдік биігіне көтергені.соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай,қасірет шеккені,тапқан- таянғаны отбасын асырауға жетпей,өмірінің қиыншылықта өткені,соны да кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны.

«Ақыл толымы – қырық» деген екен бұрынғы даналарымыз.Сол ақыл тоқтатқан шағында Мұқағали өмірден өтті.Өзінің «Өмір деген бір күндік сәуле екен ғой»... деген өлеңінде:

Өмір дегенге

Тірлікте сірә жетер ме ой!

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі,бөтен ғой.

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой,- деп,мынау пәни дүниенің,өмірдің өткіншіекенін айтып отыр.

Мұқағали туралы айта берсек сөз жетпес.Біздің сабағымыз зерттеу сабағы болғандықтан,бұл сабаққа бәріміз алдын ала дайындалып келген болатынбыз.Қазір кім не біледі екен,білгендерімізді ортаға салайық.

Ақынның өмірі туралы не білесіңдер?

1-оқушы:М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде дүниеге келген.Әкесінің аты – Сүлеймен,шешесінің аты – Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесінің аты –Тиын,әйелі –Лашын.

Мұғалім :Сендерге бір ой салғым келіп тұр.Мұқағали әжесі туралы бір естелік айтайын.

Ақынның атасы көкпар шауып жүріп,аттан құлап,аяғы сынады.Ел – жұрт оны аттың алдына өңкеріп,аяғын салбыратып әкеледі.туысқандары сынықшы іздеп кеткенде әжесі атасына : «мына аяқ түбінде аяқ болмайды,шауып тастау керек»дейді.Атасы келіседі.балтаны өткірлеп,ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап,жуып,таза шүберекпен орап тастайды.Үш күннен кейін сынықшы келіп,бәрін дұрыс істегенін айтып,батасын береді.Мінезіне қарап атасы «Көкдауыл» дейді екен.Әжесіне аранп ақын «Сөнбейді әже ,шырағың» деген өлеңін шығарған.Әні Н.Тілендейевтікі.

Сұрақ:Ақынның мінезі жағынан әжесіне ұқсастығы бар ма?

Жауап:Әрине,бар.Мұқағали ағамыз да – өр мінезді,бірбеткей.

Сұрақ:Ақын өлеңі алғаш рет қашан жазылды?

Жауап:Өлеңді ақын 10 жасынан бастап жаза бастаған.Әкесі 10 жасында соғысқа кеткен,соны сағынып,өлеңдер жаза бастады.Алғашқы өлеңдері – «Қырман басында», «Қойшы бала –Әкітай».

Қазір «Бәйге» ойыны.

Кім қандай өлеңдерін жатқа біледі?

1-оқушы- «Үш бақытым»

2- оқушы –«Елім барда»

3- оқушы – «Қара өлең»

4- оқушы – «Өмір деген бір күндік сәуле екен ғой».Осы сияқты бірнеше оқушы өлеңдерін айтты.оқушылардың қызығушылығының басым екендігі көрініп тұр.

Мұғалім:1973 жылы Мұқағали ағамыз «Аққулар ұйықтағанда» дастанын жазып,алғаш рет Ғ.Мүсіреповке оқып берген.Сонда жазушы риза болып,алтын қаламын берген екен.

Сұрақ: Ақынның қандай кітаптарын білесіңдер?

Жауап: «Өмір – өзен», «Өмір – дастан», «Шолпан», «жылап қайттым өмірдің базарынан», «Соғады жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қош,махаббат», «Аққудың қанатына жазылған жыр».

Мұғалім:Көзітірісінде 11 кітабы жарық көрген,қайтыс болғаннанкейін 12 кітабы жарық көрген.

Сұрақ:Мұқағалидың әндері туралы не білесіңдер?

Жауап: «Саржайлау», «Фариза», «Дариға,домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың».

Мұғалім:жалпы Мұқағалидың 30 шақтыөлеңдеріне ән жазылған.

Бірде қазақтың көп ақындары жиналып,әрбір ақынныңатына ұйқастырып өлең шығарады.Мысалы : «Абай,өлеңің қалай» деген сияқты.Сонда Мұқағалға өлең шығарайын десе ұйқас таппайды.Сонда Мұқағали келіп қалғанекен.Бәрі аңтарылып қарап қалады.Сонда Мұқағали:

«Мұқағали,Мұқағали,

Аш бала,ауру әйел,жатаған үй»,- деген екен.Сол сияқты сендерде Мұқағалиға арнап өлең шығарып көріңдер.

« Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық»- деп Ф.Оңғарсынова айтқандай,осы тақырыпқа арнап,шығарма жазып келіңдер.




Тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін күні

1

XXI ғасыр көшбасшысы

1




2

Айтыстың көркемдік сипаты

1




3

Алаштың ардақты азаматтары

1




4

Бабалар рухымен сырласу

1




5

Қазақтың ұлттық ойындарының орны

1




6

Ұлы дәстүр ұлағаты

1




7

Болашағымыз – білімді ұрпақ

1




8

Әр өлеңі – бір әлемі

1




9

Абай ақындығы хақында

1




10

Жақсы кітап – жан азығы

1




11

Шешендік сөздер

1




12

«Сәтті сағат» ойыны

1




13

Қазақ халқының салт-дәстүрі

1




14

Ұлы тұлғалар

1




15

Жырға ғашық жүрегімнің ұясы

1




16

Тіл – халықтың жаны да сәні

1




17

Тіл дамыту(мәнерлеп оқу)

1




18

Ойын да өнер

1




19

Өлең түрлері

1




20

Өмір шындығы және көркемдік шындық

1




21

Ұлттық харектер

1




22

Көркемдік шындық

1




23

Әдеби шығарма- біртұтас көркемдік дүние

1




24

Сөз халықтың қымбаттан қымбат кені

1




25

Ақындық өнер мен ақындар жайлы өлеңдер

1




26

Ойы нәрсіздің тілі де нәрсіз

1




27

Образдың түрлері

1




28

Көркем өнер және әдебиет

1




29

Қоғамдық ғылымдар

1




30

Сөз өнеріндегі бет пен бағыт

1




31

Драмалық тектің түрлері

1




32

Лириканың тарихи түрлері

1






Ғали Орманов атындағы №7 мектеп- гимназиясы

«Бекітемін»

Мектеп директоры________ Айтова Ж.Т.

«___»__________2010 ж.

2009-2010 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен онкүндік жоспары

( 20-30.01.10 ж)



Аты - жөні

Тақырыбы

сынып

Өтетін күні

Сабақ өтетін кабинет

1.

Жолдасбекова Н.

«Ортақ етіс»



22.01.10.

211каб.2сабақ

(2ауысым)


2.

Ташимова С.

«Абай Құнанбаев поэзиясы»



25.01.10

202 каб.4сабақ

(1 ауысым)

3

Алдамжарова А.С.

«Буын»



26.01.10

202 каб.4 сабақ

(2 ауысым)

4

Артес Б.

Иврай Р.

Ташимова С.

«Поэзия патшалығында – Ғали ақын»

9-сын.

26.01.10

Мәжіліс залы

1230

5

Сейфуллина А.

«Есімше»



27.01.10

202 каб.3 сабақ

(2 ауысым)

6

Артес Б.

«Махамбет бейнесі»



27.01.10

202 каб.2сабақ

(1 ауысым)

7

Иврай Р.

«Талғаулы салалас құрмалас сөйлем»



28.01.10

202 каб.2сабақ

(1 ауысым)

8

Қызыр Н.

«Ананың анасы»



27.01.10

202 каб.3 сабақ

(2 ауысым)

9

Сейфуллина А.

Нұрахметова Г.Қ.

«Ұлы тағдыр- басты арман»(Ғали шығармасын дәріптеу)

7-8

сын

29.01.10

202 каб.3сабақ

2 аусым

10

Канафина Б.К.

«Ортақ етіс»



сын

29.01.10

202 каб.5 сабақ

(1ауысым)

10

АлдамжароваА.

Жолдасбекова Н.

Кеңесова Г.

Апталықтың жабылуы.

«Дариға – жүрек» атты мектептің 20 жылдық мерекесіне арналған шығармашылық кеш.


5-11

сын.

30.01.10

Мәжіліс залы

1300


ӘБ жетекшісі:Нұрахметова Г.Қ.

Похожие:

Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconАстана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы
Мақсаты:ұлттық салт-дәстүрді үлгі ету,мадақтау,оған деген оқушылардың сүйіспеншілік сезімін ояту
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының 6 «А» сынып оқушыларының тізімі 2009-2010 оқу жылы

Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010
Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Бауыржан Момышұлының өмірлері мен ерлігі туралы мағлұмат бере отырып,...
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ icon№7, Ғали Орманов атындағы орта мектеп Қаралды: келісемін: бекітемін
Білімділік: оқушыларға алған білімдерін ары қарай жетілдіру мақсатында мәтіндегі ұлы тұлғалар жайында мағлұмат беру, сөйлем мүшелерін...
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconТақырыбы: Көз көру мүшесі
Павлодар қаласының мемлекеттік мекемесі Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Такиева...
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ icon«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты
Оқушыларды Отансүйгіш, елжанды, өз елін, жерін сүйетін, жан-жақты, рухы биік тұлға қалыптастыру
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconАстана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ»
Мақсаты: Алғашқы көмек және оның адам өмірі үшін маңызымен таныстыру. Оқыс жағдайда жарақат алған, зардап шеккен адамдарға көмек...
Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Ғали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ icon1 сайлау округі орталығы «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-гимназиясы», (Қаныш Сәтпаев атындағы даңғыл, 8/3). №2 сайлау учаскесі орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница