Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы




НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
страница1/13
Дата конвертации04.01.2013
Размер1.9 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 1999 жылғы 15 қараша № 388

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 27 желтоқсанда N 1011 тіркелді


(2006.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
 

Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекітілсін және өндірістік пайдалануға тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін.

2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.05.00 ж. № 195 қаулысымен 3-тармақтың 1) тармақшасы өзгертілді

3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.):

1) "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Абдулкаримов С.Х.) бірлесіп тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және оны 2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізетін болсын.

2) Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасымен (Ғалиева Д.Т.) бірлесіп Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылға арналған шығыс сметасынан тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қаражат қарастыратын болсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г.Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

1999 жылғы 15 қарашадағы

388 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін -

төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін

қолдану ережесі

Енгізілген өзгерістер:

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.05.00 ж. № 195 қаулысымен

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.02 ж. № 49 қаулысымен

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 21.04.03 ж. № 125 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 12.02.04 ж. № 18 қаулысымен

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2005.13.05. № 58 қаулысымен

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды

1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ТББЖ-нiң кодын мiндеттi түрде қою көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрi - төлем құжаттары) қолданылатын кодтарды қою жүйесi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қою тәртiбi көрсетiлген.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405; 16.02.02 ж. № 49 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi төлем бойынша берiлген мәлiметтер негiзiнде төлемдердiң айқындығын қамтамасыз ететiн көрсеткiштер жүйесiн қалыптастыруға және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдауға арналған.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405; 16.02.02 ж. 16 № 49 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:

1) төлем белгілеу коды - төлем белгілеудің шартты, қысқартылған сандық белгісі;

2) төлем құжаты - ақша міндеттемелері негізінде немесе Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, шарттарының, нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілетін ақша міндеттемелерінің көмегімен орындалатын құжат;

3) валюта және қымбат металдар коды - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шет мемлекеттер валютасының, сондай-ақ қымбат металдардың шартты, қысқартылған белгісі (бұдан әрі - валюта коды);

5) Электронды төлем жүйесі - есептеу жүйесін, мәміле жасауды, ақша аударымын және ақпаратты белгіленген электронды форматта, электронды байланыс құралдары арқылы беру.

6) төлем жүйесі - қатысушының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін заң, ереже және стандарттар бойынша бір қатысушының қаражатын екінші қатысушыға аударатын механизм;

7) халықаралық төлемдер - елдер, қаржы мекемелері, ұйымдар мен түрлі елдер аумағындағы азаматтар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысулар;

8) алып тасталды

9) алып тасталды

10) алып тасталды

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405; 12.02.04 ж. № 18 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді

4. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін толтыру тәртібі төлемдердің электрондық жүйесіндегідей, ішкі банкаралық және халықаралық төлемдерді қоса отырып, банктердің тікелей корреспонденттік шоттар жөніндегі операциялары үшін де қолданылады.

2-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің құрылымы

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды

5. Сондай-ақ төлем белгiлеу коды бар, төлем сипатының атауы болмайтын "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылары" деп аталатын 0 бөлiм бұған кiрмейдi.

6. I және II символдары төлем құжаттарында код - ақша жіберушінің коды қойылған жерге жасалады.

7. III және IV символдары төлем құжаттарында КБе - бенефициардың коды қойылған жерге жасалады.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405; 16.02.02 ж. № 49 қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді

8. Валюта және қымбат металдар коды (V VI VII символдары) - ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне сәйкес белгіленеді.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді

9. VIII, IX, X символдарды төлем белгілеу коды жасалады.

10. Резиденттік белгі Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес белгіленеді және мынадай тәртіппен қойылады:

"1" - резидент

"2" - резидент емес

11. Экономика секторы экономика секторының кодына сәйкес қойылады (№ 1 қосымша).

12. Төлемді белгілеу коды осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес қойылады.

3-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісіне сәйкес

төлем құжаттарын толтыру тәртібі

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді

13. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі төлем құжатының жасалу кезеңінде қалыптасады:

1) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша электрондық төлем хабарларын жіберуге арналған электрондық форматта ақша/бенефициар жіберушінің резиденттік және экономика секторындағы белгілері арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады.

2) резиденттік және экономика секторының белгілері қағаз жазбаға ресімдеу кезінде ақша жіберушінің "КОд" және бенефициардың "КБе" жеріне, валюта коды және төлем белгілеу коды төлем құжатының арнайы бөлінген жеріне қойылады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 12.02.04 ж. № 18 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

14. Ақша жіберуші төлем құжатының "Төлемді белгілеу" бағанында орындалатын міндеттеменің нақты операциясының мазмұнын көрсете отырып, сондай-ақ солардың негізінде ақша және/немесе төлем жүзеге асырылатын құжаттардың деректемелерін, яғни нөмірін, күнін, аты-жөнін және басқа мәліметтерді көрсетуге тиіс.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 12.02.04 ж. № 18 қаулысымен 15-тармақ алып тасталды (бұр.ред. қара)

15. алынып тасталды

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді;

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.02 ж. № 49 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда

ҚР Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 12.02.04 ж. № 18 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

16. Төлем құжатына ақша жіберушінің коды қате қойылған жағдайда, ақша жіберуші банк төлем құжатын акцептеуден бас тартуға құқылы.

Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем бастамашысынан нұсқау қабылдаған кезде төлем белгілеудің цифрлық белгіленуі оның мәтіндік бөлігімен сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартуға міндетті. Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акцептен бас тарту туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда осы талапты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілік атқарады.

Ақша жіберушінің банкі салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша нұсқауларды орындаған кезде салық төлеуші көрсеткен салық режимінің түрі және бюджетке төлем түрі шеңберіндегі төлем белгілеу кодтарының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

17. Төлем бастамашысы төлем құжаттарында делдал банктің резиденттік және экономика секторының белгілерін көрсетпей-ақ ақша аударымын және бенефициар төлемін жүргізу арқылы банк делдалын көрсетуге құқылы.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 18-тармақ толықтырылды

18. Төлем құжаттарында төлем белгiлеу кодын біреуден артық қоюға болмайды.

Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн код қойылады.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды

18-1. Егер операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып саналатын төлем белгiлеу коды егжей-тегжейлi көрсетiлсе, онда қоюға болмайды.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.02 ж. № 49 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды

ҚР Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 12.02.04 ж. № 18 (бұр.ред. қара); 2005.13.05. № 58 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 18-2 тармақ өзгертілді

18-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ТББЖ кодтарына қатысты жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, екiншi деңгейдегi банктер және "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы" (бұдан әрі - банктер) "Казпочта" акционерлiк қоғамы, клиринг ұйымдары, бередi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.

Бенефициар банк төлем бойынша мәліметтерге бенефициардың кодының және шет елдерге жіберілетін төлемдер бойынша төлем белгілеу кодының дұрыстығын тексереді.

Банктер және "Қазпочта" акционерлік қоғамы мәліметтердегі деректердің дұрыстығын растау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер жөніндегі ақпаратты, сонымен бірге төлем құжаттарының көшірмелерін береді.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

 

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк жiктеушiсiн -

төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн

қолдану ережесiне

 1 қосымша

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. № 405 қаулысымен № 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды

ҚР Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 12.02.04 ж. № 18 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред. қара)

ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАРЫ

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

1                 Орталық Үкiмет

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

2                 Аймақтық және жергiлiктi басқа органдары

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

3                 Орталық ұлттық банктер

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

4                 Басқа депозиттiк ұйымдар

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

5                 Басқа қаржылық ұйымдар

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

6                 Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

7                 Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

8                 Үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық

                  емес ұйымдар

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

9                 Үй шаруашылығы

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2006.12.08. № 81 қаулысымен ескерту өзгертілді (бұр.ред.қара)

Ескерту:

Секторлар бойынша экономикалық қызметтi бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелiк бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелерi бойынша) өз бетiнше қабылдау құқығымен және қаржы есепшоттарының қажеттi жиынтығын жүргiзумен ерекшеленедi. Әрбiр жеке мекемелiк бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түрiне сәйкес тұтастай бiр экономика секторына қатысы бар. Осыған орай жiктеудiң принциптерi экономиканың қызметтiң негiзгi түрiне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелiк бiрлiктерден тұратынын негiзге алады.

Сектор қызметтiң негiзгi бiр түрiмен айналысатын мекемелiк бiрлiктер бiрiктiрiлген экономика секторының негiзгi бөлiмшесi болып табылады. Әрбiр сектор экономиканың талдауға бейiм маңызды бөлiгi болып есептеледi және оның басқа секторлардан ерекшеленетiн экономикалық сипаттамалары бар.

Мекемелiк бiрлiк құқық бойынша активтерге ие бола алатын, өзiне мiндеттемелер қабылдай алатын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналыса алатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi.

Ережеде экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттiк басқару органдары; қаржылық ұйымдар; қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы.

Мемлекеттiк басқару органдары

"1" Орталық Yкiмет;

"2" Аймақтық және жергiлiктi басқару органдары;

Қаржылық ұйымдар

"3" Орталық (ұлттық) банктер;

"4" Басқа депозиттiк ұйымдар;

"5" Басқа қаржылық ұйымдар;

Қаржылық емес ұйымдар

"6" Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар;

"7" Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар;

Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар

"8" Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар;

Үй шаруашылығы

"9" Yй шаруашылығы.

"Мемлекеттiк басқару органдары" секторы - ел аумағында орналасқан басқа мекемелiк бiрлiктерге қолданылатын заң, сот немесе атқарушы билiкке ие мекемелiк бiрлiктер. Мемлекеттiк басқару органдарының негiзгi қызметiне мыналар жатады: тұтастай алғанда қоғамды және жеке үй шаруашылығын тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жауапкершiлiк: салық салу арқылы немесе басқа кiрiстер есебiнен осыған қажеттi қаржы қаражатын жинақтау; трансферттер арқылы кiрiс пен байлықты қайта бөлу және рыноктық емес өндiрiстi жүзеге асыру. Осы секторға орталық үкiмет ("1" коды), аймақтық және жергiлiктi басқару органдары ("2" коды) кiредi.

"1" коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен агенттiктер, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелiк бiрлiктер - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң агенттерi, мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауындағы, мемлекеттiк органдарға тән мiндет атқаратын және рыноктық өндiрiспен айналыспайтын басқа ұйымдарды бiлдiредi;

"2" коды облыс, қала және аудан деңгейiнде басқару қызметiн жүзеге асыратын мекемелiк бiрлiктердi және аймақтық (жергiлiктi) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды бiлдiредi.

"Қаржылық ұйымдар" секторы - негiзгi қызметi қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты қосалқы қаржылық қызмет болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға орталық (ұлттық) банктер ("3" коды), басқа депозиттiк ұйымдар ("4" коды) және басқа қаржылық ұйымдар ("5" коды) кiредi.

"3" коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтердi басқару сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелiк бiрлiктi бiлдiредi. Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар "Орталық (ұлттық) банктер" экономика секторына есепке алынуға тиіс. Барлық басқа халықаралық ұйымдар "Орталық Үкімет" деген экономика секторына есепке алынуға тиіс.

"4" коды негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және мiндеттемелерi депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (қолданыстағы ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Осы топқа банктер жатады.

"5" коды түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсететiн немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық мекемелiк бiрлiктерiн бiлдiредi. Осы топқа кредиттік серіктестіктер,  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жатады.

"Қаржылық емес сектор" - негiзгi қызмет түрi көбiнесе рыноктық тауарлардың және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар ("6" коды) және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар ("7" коды) жатады.

"6" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.

"7" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасамайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.

Бұдан басқа осы топқа қызметi негiзгi қызметiнен кiрiс табуды көздемейтiн, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуiмен қатаң шектелген, екiншi кезектегi (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады.

"Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" секторы ("8" коды) - тауар шығаратын немесе қызмет көрсететiн, бiрақ осындай ұйымдарға бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктерге кiрiс немесе өзге қаржылық үлес түсiрмейтiн мекемелiк бiрлiктер - және оларға мынадай мекемелiк бiрлiктер жатады:

1) осындай ассоциациялардың мүшелерiн тауарлармен немесе қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн тұлғалардың ассоциациялары құратын бiрлiктер. Бұндай қызмет әдеттегiдей тегiн көрсетiледi немесе жүйелi мүшелiк жарналардың есебiнен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, мешiттер, шiркеулер (храмдар) және дiни қоғамдар, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорттық клубтар және басқалары жатқызылады.

2) негiзгi қызмет түрi қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын бiрлiктер. Оларға қоғам мүшелерiнiң мүдделерiне қызмет көрсету үшiн қайырымдылық мақсатында құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдар мен агенттiктер жатады. Осындай үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар рыноктық емес негiзде өздерiне мұқтаж үй шаруашылықтарына тауарлар беру немесе қызмет көрсетумен айналысады. Yй шаруашылығына қызмет ететiн осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттiк басқару органдарынан және резидент еместердiң трансферттерiнен түсетiн ақшалай немесе заттай нысандағы қайырмалдық есебiнен құралады (Мысалы, Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қоғамдық қор, "Бөбек" балалар қоры).

"Үй шаруашылығы" секторы ("9" коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бiрге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкiн (түгелдей немесе ішiнара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтiң (тұрғын үйдi, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бiр түрлерiн бiрге пайдаланатын жеке тұлғалардың (отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Сонымен қатар осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды жатқызуға болады.

Қазақстанның резидент еместерiнiң экономика секторларын анықтаған кезде мынадай секторларды атап көрсету маңызды болып табылады:

     "1"                  Орталық Yкiмет;

     "3"                  Орталық (ұлттық) банктер;

     "4"                  Басқа депозиттiк ұйымдар;

     "9"                  Yй шаруашылығы.

Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкiн болмаса, "7" секторының кодын белгiлей отырып, экономиканың бiр секторына - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарға жатқызуға болады. Халықаралық ұйымдар мүше-мемлекеттер арасындағы саяси келiсiмдер негiзiнде құрылады.

Бұндай келiсiм халықаралық шарттың мәртебесiне ие. Халықаралық ұйымдар құрудың мақсаты осы ұйымдар мүшелерiнiң ұжымдық пайдалануы үшiн рыноктық емес қызмет көрсету және/немесе қаржылық делдалдықты жүзеге асыру немесе түрлi елдердiң кредиторлары мен заемшылары арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгiлi бiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер бекiтiледi; бұндай ұйымдарға өздерi аумағында орналасқан елдердiң заңдары мен нормалары қолданылмайды. Осыған орай, осындай мекемелер, өздерi аумағында орналасқан немесе олардың қызметi қолданылатын елдi қоса есептегенде, қандай болса да елдiң резиденттерi болып саналмайды.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

1999 жылғы 15 қарашадағы

388 қаулысымен
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Р Ұлттық Банкi Басқармасының 2006. 24. 01. №2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр ред.қара)
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница