Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы




Скачать 46.68 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы
Дата конвертации11.01.2013
Размер46.68 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмiне қол қою туралы







Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi № 1026 Жарлығы



-->
      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмге қол қойсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                         H. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2010 жылғы 15 шiлдедегi
№ 1026 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы
Дипломаттық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы,
      екi мемлекет арасындағы достық қатынастарды және ынтымақтастықты нығайтуға ниет бiлдiре отырып,
      дипломаттық паспорттары бар өз азаматтарының сапарларын жеңiлдетуге ниет бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Мақсаттары

      Осы Келiсiм Тараптардың дипломаттық паспорттары иелерiн визалардан босату үшiн құқықтық нормаларды белгiлейдi.

2-бап
Анықтамалар

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген ережелер мыналарды бiлдiредi:
      a) «жарамды паспорт» - Тараптардың бiрiнiң аумағынан шыққан кезде кемiнде үш ай мерзiмге жарамды Тараптардың дипломаттық паспорты.
      b) «отбасы мүшесi» - Тараптардың жарамды паспорттары иелерiнiң жұбайы/зайыбы, сондай-ақ балалары мен асырауындағы адамдар.

3-бап
Қысқа мерзiмдi болу

      1. Қазақстан Республикасының жарамды паспорттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары 1990 жылғы 19 маусымда қабылданған, 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келiсiмiн қолдану туралы конвенцияға қатысушылар болып табылатын мемлекеттер құрған, еркiн жүрiп-тұру аймағының сыртқы шекарасын кесiп өткен алғашқы күннен бастап Португалия Республикасының аумағына өте алады және онда алты айлық кезең iшiнде ең көп дегенде 90 (тоқсан) күнге дейiн визасыз бола алады.
      2. Португалия Республикасының жарамды паспорттары бар Португалия Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келе алады және онда алғашқы келген күннен бастап алты айлық кезең iшiнде ең көп дегенде 90 (тоқсан) күнге дейiн визасыз бола алады.

4-бап
Келу және болу

      1. Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне, не Португалия Республикасындағы халықаралық ұйымға тағайындалған жарамды паспорттардың иелерi, сондай-ақ жарамды паспорттары бар олардың отбасы мүшелерi Португалия Республикасының аумағына келе алады және онда өздерi тағайындалған кезеңде визасыз бола алады.
      2. Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне не Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымға тағайындалған жарамды паспорттардың иелерi, сондай-ақ жарамды паспорттары бар олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының аумағына келе алады және онда өздерi тағайындалған кезеңде визасыз бола алады.
      3. Алдыңғы тармақтарда көрсетiлген мақсаттар үшiн Тараптардың әрқайсысы Тараптардың аумақтарындағы дипломатиялық өкiлдiкке немесе халықаралық ұйымға тағайындалған жарамды паспорттар иелерiнiң, сондай-ақ жарамды паспорттары бар олармен бiрге жүретiн отбасы мүшелерiнiң келетiнi туралы жазбаша нысанда және дипломатиялық арналар арқылы олар екiншi Тараптың аумағына келетiн күнге дейiн хабарлауға мiндеттi.

5-бап
Ұлттық заңнаманы сақтау

      1. Визалардан босату осы Келiсiмде белгiленген ережелерге сәйкес жарамды паспорттар иелерiнiң болатын мемлекетке келуi, болуы және одан кетуi кезiнде адамды Тараптардың ұлттық заңнамасын сақтау мiндеттерiнен босатпайды.
      2. Осы Келiсiм Тараптардың әрқайсысының құзыреттi органдарының екiншi Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес оның азаматтарының келуiнен немесе онда болуынан бас тарту құқығын жоққа шығармайды.

6-бап
Паспорттар туралы ақпарат

      1. Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен кейiн Тараптар 30 (отыз) күннен кешiктiрмей жарамды паспорттардың үлгiлерiмен дипломатиялық арналар арқылы алмасады.
      2. Егер Тараптардың бiрi жаңа дипломаттық паспорттарды енгiзсе немесе оларды өзгертсе, онда оларды пайдалануды бастайтын күнiне дейiн 30 (отыз) күннен кешiктiрмей ол жаңа немесе өзгерген паспорт үлгiсiн дипломатиялық арналар арқылы жолдау жолымен екiншi Тарапқа хабарлауы тиiс.

7-бап
Дауларды реттеу

      Осы Келiсiмдi түсiндiру кезiнде не пайдалану кезiнде туындайтын кез келген дауларды Тараптар келiссөздер және дипломатиялық арналар арқылы шешедi.

8-бап
Қолданылуын тоқтата тұру

      1. Тараптардың әрқайсысы қоғамдық тәртiптi, қоғамдық денсаулықты немесе ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында осы Келiсiмнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтата алады.
      2. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатыла тұратыны туралы оны қолданғанға дейiн 3 (үш) күннен кешiктiрмей екiншi Тарапқа жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы хабарланады.

9-бап
Өзгерiстер

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмiнiң 11-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

10-бап
Қолданылуы мерзiмi және тоқтатылуы

      1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады.
      2. Тараптардың кез келгенi дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жiберу арқылы кез келген уақытта осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата алады.
      3. Осы Келiсiм осы баптың 2-тармағында көзделген жазбаша хабарлама алынғаннан кейiн 3 (үш) ай өткен соң қолданылуын тоқтатады.

11-бап
Күшiне енуi

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен кейiн 30 (отыз) күн өткен соң күшiне енедi.

12-бап
Тiркеу

      Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн Португалия Тарапы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн оны Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына жолдайды және оның тiркеу нөмiрi туралы Қазақстан Республикасына хабарлайды.

      ___________ қаласында 2010 жылғы "___" _________ әрқайсысы қазақ, португал, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмдi түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасы үшiн       Португалия Республикасы үшiн








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconБизнестiң жол картасы 2020
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы icon"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы
Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconҚазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы»
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы
...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница