А. есенжолова




Скачать 113.45 Kb.
НазваниеА. есенжолова
Дата конвертации11.01.2013
Размер113.45 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
СОЦИОЛОГИЯ


А.ЕСЕНЖОЛОВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ–нің оқытушысы
ЖАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В настоящей статье рассматриваются некоторые проблемы современной молодежи и особенности ее правовой социализации.
This article deals with some problems of modern young people and their social legal features.
Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар-ең озық, жасампаз топтың өкілдері.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді.

Жастардың бойында өте жоғары деңгейдегі қүқықтық мәдениетті орнықтыру - болашақта мемлекетіміздің өркендеуінің бірден-бір негізгі жолының бірі. Қазіргі жеткен жетістіктерді одан әрі қарай дамыту міндеті де солардың мойнында.

Байқағанымыздай, жастардың қоғамдағы үлес салмағы өте басым екен. Осы жастар деген кім? Ол қандай әлеуметтік топтың көрінісі және мүдде-мақсаттары қандай? Соған тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың ғылыми анықтамасын беру, олардың жас аралығын айқындау көптеген ғылым бағыттарының: философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, құқық, т.б. ғылымдардың негізгі мәселелерінің біріне айналады. Жастардың табиғатын тануда, оның ұғымын тұжырымдауға қатысты ғылымда әр уақытта, әр түрлі пікірлер мен көзқарастар айтылған болатын.

Әлеуметтанушы И.В. Бестужев-Ладаның жастарға қатысты пікірі ерекше. Оның ойынша жастық өмір сүру дағдысы тек отызға дейінгілерге тән емес, сонымен қатар отыздан асқан көптеген адамдарда осындай өмір салтын жалғастыруда деп келе: "Вот почему в понятие "современная молодежь" приходится включать возрастную группу населения от 14-16 до 28-30 лет... и ту часть населения 30-40 лет, которая продолжает вести молодежный образ жизни" деп, жастықты адамдар арасындағы жас айырмашылығына байланысты жіктелу емес, өмір сүру дағдысына қатысты бөлініс деп қарайды [1].

Осы саланың белгілі білгірлерінің бірі И.С.Кон былай анықтайды: «Молодежь - социально-демографическая группа, выделяемая на основе современности возрастных характеристик, особенности социального положения и обусловленных тем и другим социально-психологических свойств. Молодость как определенная фаза, этап жизненного цикла биологически универсальна, но ее конкретные возрастные характеристики, связанный с ней социальный статус и социально-психологические особенности имеют социально-историческую природу и зависят от общественного строя, культуры и свойственных данному обществу закономерностей социализации» [2]. Бұл берілген түсінік жастардың табиғатын толық ашуға мүмкіндік беретін және қазіргі кезеңде осы саланы зерттеушілер тарапынан қолдауға ие тұжырымдардың бірі.

Осы мәселені зерттеудегі тағы бір маңызды жағдайдың бірі жастардың жас аралығы болып табылады. Бұл мәселеге қатысты ғылыми әдебиеттерде сан алуан көзқарастар мен пікірлер бар екендігін көруге болады. Сондай ойдың бірі: "Сущность молодости, как природа жизни человека состоит в переходе от детства к "взрослости" (зрелости). Исходя из этого многие ученые, занимающиеся молодежной проблематикой, предлагают следующие критерии возрастных границ молодости:

- для нижней границы выход из детства, вхождение в трудоспособный возраст (от 14-16 лет);

- для верхней границы вхождение в пару социальной зрелости, "отрицание молодежного социального качества", сформированность мировозрения (до 30 лет)". И.А. Громов, С.Н. Иконникова, В.Т. Лисовскийлердің ойы бойынша жастардың жастық шектері төменгісі 15 жас, жоғарғысы 25 жас деп саналады" [3]. Кейбір әдебиеттерде тек жастықтың жас мөлшерінің ең жоғарғы шегі көрсететілген көзқарастарды көруге болады.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері

Кеңестік кезеңде шыққан "КСРО жастары" атты анықтамалықта жастардың жастық шегі 16 жас пен 30 жастың аралығы деп белгіленген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылысындағы жастардың алатын орны мен рөлін саралауға арналған жұмысында С.А.Золотухин осы мәселемен айналысқан ғалымдардың бірі В.И. Борездің қараған еңбектерін сөз ете отырып: "Кстати сказать, по подсчетам В. Бореза, специально изучавщего ответ на этот вопрос, в 121 работе 61 раз нижней границей молодежного возраста назывались 16 лет, 77 раз верхней границей 30 лет" дей келе, өзі былай қорытынды жасайды: "Таким образом, по нашему мнению, возрастные группы молодежи, как большие социально-демографические группы, включает в себя индивидов в возрасте от 14 до 30 лет" [4].

Қазіргі кездегі елімізде қолданып жүрген заңдар мен басқа да нормативтік құжаттарда да бұл мәселе өзінің нақты шешімін таба қоймаған. Қолданыстағы Қазақ ССР-індегі "Мемлекеттік жастар саясаты" туралы заңда арнайы ештеңе айтылмаған. Бұл заңның Казақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдар және халықаралық шарттарға қатысты 4 бабында 30-ға дейінгі жастардың мүдделеріне қатысты қатынастарды реттейтіндігі сөз етіледі. Аталған заңның 6-бабының 5-тармағында жас отбасы деп жұбайлардың жас мөлшері 30-ға дейінгілер болып табылатындығы көрсетіледі [5].

Ал, Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы қаулысында "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтарына жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін беріледі. Бұл қаулыдан еліміздегі жастар деген әлеуметтік топтың ең жоғарғы жастық шегі 35-ке дейін екендігін көреміз. Қазақстан Республикасында жастардың жастық мөлшерлерінің төменгі және арнайы шектері заңда арнайы көрініс таппағанын байқаймыз. Болашақта жастар атты әлеуметтік топтың жас мөлшері белгіленуі қажет. Ол бізге жастар деген кімдер және де оларға қатысты құқықтық, әлеуметтік және т.б. қолдауларды беру және қолдану ісін жеңілдеткен болар еді.

Жастар мәселесіндегі тағы бір маңызды жағдайлардың бірі, біздің ойымызша, олардың құқықтық әлеуметтенуі. Жастардың құқықтық әлеуметтенуі бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-тұрысының, құқықтық мәдениетінің қалыптасуының механизмін ашуға, жастардың қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге асыруына әсерін тигізетін объективті, субъективті және оң, теріс әлеуметтік факторлардың табиғатын тануға мүмкіндік беретін еді. Жалпы құқықтық әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы талаптарды жеке адамдардың сақтауына жол ашатын нормативтік құндылықтар, ұстанымдар, көзқарастар, т.б. қамтып қана қоймайды, ол оның толыққанды азамат болып қалыптасу дәстүріне әсер ететін объективті және субъективті жақтарын да қамтиды.

Құқықтық әлеуметтену өте күрделі құбылыс болып табылады. Тұлғаның өмірінде қүқықтық әлеуметтенудің маңызы туралы А.С.Тагиев былай дейді: "В процессе правовой социализации происходит приобщение личности к правовым ценностям, формирование у нее внутренней системы социального контроля и соответствующей этой системе нормативного одобряемого поведения". Яғни, құқықтық әлеуметтену барысында адам қоғамның толық әлеуметтік даярлықты бойына сіңірген мүшесі болып қалыптасады. Осы қырынан мәселеге көз жүгіртетін болсақ, жастардың құқықтық әлеуметтенуі өте үлкен маңызға ие екендігін аңғару қиындық тудыра қоймайды деуге болатындай: «Изучение проблем правовой социализации имеет важное социальное» значение для уяснения закономерностей, тенденций и противоречий, связанных жизнедеятельностью молодежи в общественно-правовой сфере и для нахождения научно-обоснованных путей и методов их разрешения" деп, студенттердің құқықтық әлеуметтенуінің методикалык мәселелерін қарастырған ғалымдардың бірі Т.А.Царева жастардың өмірде құқыктық әлеуметтенудің алатын орны мен рөлін көрсетуге ұмтылады [6]. Әрмен қарай, жастардың құқықтық әлеуметтенуін қарау барысында қандай

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері

алғы шарттарға баса назар аудару керек екендігі туралы ойын былай сабақтайды: "Процессправовой социализации молодежи должен рассматриваться в тесной связи с такими предпосылками, составляющими суть всякого существования людей, как социальные условия жизни, общественные отношения, деятельность посредством которой изменяется социальная среда и соотносится с собственной сущностью, идеалами, взглядами и поведенческими стереотипами. Эти предпосылки, являются исходными методологическими принципами сущности, структуры, механизма процесса правовой социализации молодежи [6]".

Қазіргі уақытта Жастардың құқықтық әлеуметтенуінде өмірдің әлеуметтік жағдайының маңызы өте зор. Қоғам қаншалықты алға дамыса, жастардың да құқықтық әлеуметтенуі өте орынды, қалыпты жүретін еді. Қалыпты өмір адамды ертеңгі күніне сеніммен қарауға бейімдейді. Экономикалық хал-ахуалдың көтерілуі жастардың да әлеуметтік тұрғыдан қорғалуында көптеген мүмкіндіктерге жол ашқан болар еді. Қазіргі кезде еліміздің экономикасы бірте-бірте көтеріліп келе жатыр, бұл дегеніміз жастар мәселесі, олардың әлеуметтік және т.б. жағынан қорғалуы жақын уақыттарда шынайы сезілетін деңгейде қолға алынады деген сөз.

Осыдан бірнеше жылдар бұрынғы еліміз дағдарыстан әлі шыға қоймаған кездегі ауыл жастарына қатысты зерттеулерде көбінесе төмендегідей суреттеме басым: "Районы наибольшей концентрации казахов охвачены в настоящее время социально-экономическими и экологическими кризисами. Отток населения оттуда стремительно набирает темп, что создает дополнительную нагрузку на социальную инфраструктуру. По мере дальнейшего притока сельской молодежи в городах и с ростом социальной необустроенности все большее их число пополняет ряды преступных группировок. Эта часть молодежи непосредственно влияет через нелегальные формы социализации, например, через систему землячеств и др. на студенческую молодежь, расширяя тем самым социальную базу крименногенности" . Әрине, жерлестіктің мұндай жағымсыз қыры көрініп қалатын да тұсы бола тұрғанмен, жалпы ол ауыл жастарының қала өміріне, бойларын үйретуде үлкен маңызы бар жақсы құбылыстың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне көңіл бөліне бастады. Елбасы үш жылды қатарынан ауыл жылы деп жариялап, мемлекет деңгейінен ауылға оң өзгерістер әкелуге қадамдар жасауда. Бұл бетбұрыстар өз деңгейінде нақты іс-шараларға ұласатын болса, онда ауылдың жай-күйі біраз түзелері сөзсіз. Ол – ауыл жастарының бойында тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің орнығуына жол ашар еді.

Адам өзінің өмірінде қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс өмір сүруі мүмкін емес. Күнделікті өмірде де адам белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп отырады. "Общественные отношения - это форма материальной и духовной деятельности людей, способ организации, характер этой деятельности, но не сама деятельность. Общественные отношения не могут существовать вне реальной жизнедеятельности и общения людей".

Қоғамдық қатынастар адамдардың арасындағы байланыс. Қоғамдық қатынастар өзгеріп те отырады. Осы қоғамдық қатынастар жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер адамның сана-сезіміне, ұстанымдарына ықпал етпей қоймайды, ол жастарда өте айқын білінеді. Жас буын қоғамдағы өзгерістерді жастардың бойында, жүріс-тұрыстары мен түсініктерінде өзінің көрінісін табады. 1997 жыл мен 1998 жылдың басында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің философия және саясаттану институтының демократияға азаматтардың көзқарасын білуге қатысты сауалнамасының нәтижесі туралы Р.К.Қадыржанов мынандай дерек келтіреді: "Учащиеся (как правило, молодежь) в два раза выше оценивают такие определения демократии, как свобода духа и форма правления, чем пенсионеры люди старшего поколения". Ал елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға студенттер мен оқушылардың 28,2 пайызы теріс баға берген [7].

Қорыта айтқанда, "Қазақстан жастары - 2000" атты мемлекеттік бағдарлама мәтінінен біз елімізде жастардың 28,7 пайызы саясатпен осы сөздің, толық мағынасында, айналысатындығын көреміз. Жоғарыда аталған жастардың көзқарастарын білдіретін сандық деректер еліміздегі жағдайда саяси мәселелерге жастардың немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді. Болашақта жастарды жастар ұйымдарының қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, көптеп тарта түсу қажет.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері

Бұл еліміздегі саяси элитаның үзіліссіз қалыптасуына, дер кезінде толығып отыруына жағдай жасар еді. Сонымен қатар, жастардың саяси аренаға шығуына алғашқы баспалдақ кызметін атқарар еді.
Әдебиеттер


  1. Бестужев-Лада И.В. Какая ты, молодежь? - М., 1988. - 288 с.

  2. Кон И.С. Молодежь: Большая советская энциклопедия. М.: Советская
    энциклопедия, 1974.-Т. 16. -С. 366-367.

  3. Громов И.А., Иконникова С.Н., Лисовский В.Т. Молодежь в обществе. Человек и Общество: социальные проблемы молодежи / Под. общ. ред. Б.Г.Ананьева, Д.А.Керимова. - Л.: ЛГУ, 1969. - С. 256-276.

  4. Золотухин С.А. Молодежь в социальной структуре общества: Дис. кан.
    ... социол. наук. -Алма-Ата, 1993. - 138 с.

  5. Казахская ССР. Закон от 28.06.91 г. №722-ХП О государственной молодежной политике в Казахской ССР // Юрист - справочная правовая система.

  6. Царева Т.А. Методологические проблемы анализа правовой социализации студенческой молодежи: Дис. ... канд. соц. наук. - Алматы, 1999. -138 с.

  7. Шайкенова А.Т. Отношение казахстанцев к реформам в условиях современной политической обстановки // Саясат. - 2001. -№ 3.

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница