Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды




Скачать 444.23 Kb.
НазваниеТелекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды
страница1/5
Дата конвертации11.01.2013
Размер444.23 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 312-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тiркелдi. Тiркеу N 2649.

 



 

       Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ   бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168  қаулысыменбекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ   бұйрығымен.
      2. Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiн ұсынатын табиғи монополия субъектiлерi:
      1) Табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы  заңнамағасәйкес реттелетiн телекоммуникациялардың қызметтер түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн әзiрлесiн және бекiтсiн, оны табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсыну мерзiмдерi:
      2005 жылғы 15 тамызға 2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығы үшiн қызмет бағыттары бойынша бiрiншi есептiлiк;
      2006 жылғы 15 ақпанға 2005 жылдың екiншi жарты жылдық үшiн реттелетiн қызметтердiң түрлерi бойынша бiрiншi есептiлiк;
      1-1) 2007 жылдан бастап реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң бөлiгiндегi қызметтерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекет реттейтiн, бағалар (тарифтер) қолданылатын қызметтердiң бөлiнiсiнде;
      жылдық есептiлiктi - мiндеттi жыл сайынғы аудиттен өткеннен, қаржы есептiлiгiне сәйкес, есептi кезеңнен кейiнгi жылдың сәуiрiнiң он бесiншi күнiнен кешiктiрмей;
      жартыжылдық есептiлiктi - есептi жылдың тамыз айының он бесiншi күнiнен кешiктiрмей;
      2) 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiне табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетiн телекоммуникациялардың қызметтер түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу үшiн ұсынсын.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ, 2007.04.05. N 88-НҚ бұйрықтарымен.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөнiндегi департаментi (Е.М.Досмағамбет):
      1) ұсынылған табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетiн телекоммуникациялардың қызметтер түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн белгiленген тәртiппен келiсудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрықты жергiлiктi желiлер торабын пайдалана отырып, телекоммуникациялар қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын.
      5. Осы бұйрық Ереженiң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 32-тармағын қоспағанда, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның мiндетiн атқарушы

       Келiсiлдi

      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы

      2003 жылғы 13 желтоқсан

Қазақстан Республикасының   
Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестiктi қорғау 
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 312-НҚ бұйрығымен    
бекiтiлген       

  Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және
телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына
технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп
көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының
табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген
активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесi

       Ескерту: Ереженiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ   бұйрығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) бөлектеп есепке алуды жүргiзудiң негiзгi қағидаттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерi болып танылатын байланыс операторларының бөлектеп есепке алуды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ   бұйрығымен .

      2. Бөлектеп есеп алуды жүргiзудiң мақсаты экономикалық негiзделген бағаларды (тарифтердi) белгiлеу үшiн реттелетiн, табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiтетiн немесе келiсiлетiн қызмет түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi айқындау болып табылады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ, 2007.04.05. N  88-НҚ бұйрықтарымен .

      3. Байланыс операторлары реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне сәйкес қызметтердiң, сондай-ақ мемлекет реттейтiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бағалар (тарифтер) қолданылатын қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн түрi (бұдан әрi - реттелетiн қызмет көрсетулер) бойынша табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүзеге асырады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 90-НҚ   бұйрығымен.

      4. Бөлектеп есепке алу телекоммуникациялардың реттелетiн әрбiр түрi бойынша бөлек табыстар, шығындар мен iске қосылған активтер туралы ақпарат жинау және қорыту сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес реттелетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша табыстар, шығыстар мен iске қосылған активтер туралы осындай ақпараттың негiзiнде байланыс операторлары есептердi кезең-кезеңiмен жасау және уәкiлеттi органға ұсыну жүйесiн бiлдiредi.

      5. Бөлектеп есепке алудың негiзгi қағидаттары:
      1) табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бастапқы құжаттар деректерiнiң негiзiнде қызметтiң және қызмет түрлерiнiң тиiстi бағыттарына мүмкiн болғанша тiкелей жатқызу басымдылығы;
      2) табыстардың, шығындардың және iске қосылған активтердiң өздерi тәуелдi қызметтiң және қызмет көрсету түрлерiнiң тиiстi бағыттарымен себептiк-салдарлық байланысы;
      3) табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi қызметтiң және реттелетiн қызметтер түрлерiнiң тиiстi бағыттарына жатқызудың және бөлудiң айқындығы.

      6. Бөлектеп есепке алу бухгалтерлiк және басқарушылық есеп жүргiзу үшiн пайдаланылатын, табыстарды, шығындар мен icкe қосылған активтердi қызметтiң және қызметтер түрлерiнiң тиiстi бағыттарына осы Ережелерге сәйкес бөлу үшiн қажеттi бөлшектеу деңгейiн қамтамасыз етуге тиiстi бастапқы құжаттарға негiзделуi тиiс. Осы Ережелер байланыс операторлары белгiлеген қаржылық және салықтық есептердi берудiң тәртiбi мен нысандарын өзгертпейдi.

      7. Бөлектеп есептеудi жүргiзу мақсаттарында жасалған Осы Ережелерде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) бөлу негiзi - шығындар мен активтердiң iске қосылу дәрежесiн қызметтер түрлерi мен желi элементтерiне бөлу үшiн пайдаланылатын мөлшерлiк көрсеткiш (көрсеткiштер);
      2) негiзгi желi - түпкiлiктi пайдаланушыларға трафик (ақпарат) беру және басқа байланыс операторларына трафик өткiзу қызметтерiн ұсынуды қамтамасыз етуге арналған қызмет көрсететiн телекоммуникациялар желiсiнiң құрамдас бөлiгi. Негiзгi желi коммутациялау (топтық коммутациялық жабдық) және беру (тасымалдау желiсi құрайтын байланыс арналары) элементтерiнен пайда болады;
      3) бизнес процестер - байланыс операторының қызметiндегi қызметтер көрсетудiң түпкiлiктi мақсатымен оның ресурстарын пайдалана отырып, айқындалған iс-қимылдардың дәйектiлiгi;
      4) менеджмент (басқару) бизнес процестерi - басқа барлық процестердiң нәтижелiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру нәтижесi болып табылатын бизнес процестер;
      5) сыртқы қызметтер - қызмет көрсетулер, оның iшiне байланыс операторы реттейтiн, сыртқы пайдаланушыларға,оларға соңғы пайдаланушылар (абоненттер және басқа қажеткерлер) мен байланыс операторлары жатады, ұсынылатындар да кiредi;
      6) iшкi (трансферттiк) қызметтер - сыртқы қызметтердi ұсынудың байланыс операторы қызметiнiң бiр бағыттары осы байланыс операторы қызметiнiң басқа бағыттарына ұсынатын қызмет көрсетулер болып табылатын шартты түрде бөлiнетiн кезеңi;
      7) қосалқы бизнес процестер - нәтижесi негiзгi бизнес процестердi және менеджмент (басқару) бизнес процестерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау болып табылатын бизнес процестер;
      8) iске қосылған активтер - байланыс операторы телекоммуникациялар қызметтердiң барлық түрлерiн ұсыну үшiн пайдаланатын активтерi, оның iшiне негiзгi құрал-жабдық, материалдық емес активтер және айналымдағы қаражат кiредi;
      9) қызметтерге арналған жанама iске қосылған активтер - бiрнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бiр мезгiлде себептiк-салдарлық байланысы бар iске қосылған активтер және сол себептi олар белгiлi бiр қызметке тiкелей және бiр жақты жата алмайды, бiрақ нақты белгiленген қызмет көрсетулерде iске қосылу дәрежесi осы себептiк-салдарлық байланыстарды көрсететiн бөлу базасының негiзiне қарай анықталуы мүмкiн;
      10) қызметтерге арналған жанама шығындар - бiрнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бiр мезгiлде себептiк-салдарлық байланысы бар шығындар және сол себептi оларды нақты белгiленген қызмет көрсетуге тiкелей және бiр жақты жатқызуға болмайды, бiрақ шығындардың пайда болу себептерiн көрсететiн бөлу базасының негiзiнде қызметтерге бөлiнуi мүмкiн;
      11) желi элементтерiне жанама iске қосылған активтер - бiрнеше желi элементтерiне бiр мезгiлде себептiк-салдарлық байланысы бар iске қосылған активтер және сол себептi оларды нақты белгiленген желi құрамдасына тiкелей және бiр жақты жатқызуға болмайды, бiрақ нақты белгiленген желi құрамдастарында iске қосылу дәрежесi осы себептiк-салдарлық байланыстарды көрсететiн бөлу негiзiне қарай анықталуы мүмкiн;
      l2) желi элементтерiне жанама шығындар - бiрнеше желi элементтерiне бiр уақытта себептiк-салдарлық байланысы бар шығындар және сол себептi оларды нақты белгiленген желi құрамдасына тiкелей және бiр жақты жатқызуға болмайды, бiрақ шығындардың пайда болу себебiн көрсететiн бөлу негiзiне қарай желi элементтерiне бөлiнуi мүмкiн;
      13) қызметтiң бағыттары - қызмет көрсетулерде жеке өздерi де, бiр бiрiмен өзара қабысып та қатынасатын қызмет көрсетулердiң нақты анықталған процестерiнiң жиынтығы;
      14) жалпы активтер - қызметтердiң барлық түрлерiн ұсынумен байланысқан, бiрақ осы қызметтердiң қандай болса да нақты себептiк-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан олардың қызмет көрсетулерде iске қосылу дәрежесi уәкiлеттi органмен келiсiлген бөлу негiзiнде анықталуы мүмкiн;
      15) жалпы шығындар - қызметтердiң барлық түрлерiн ұсынумен байланысқан, бiрақ осы қызметтермен қандай болса да нақты себептiк-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан уәкiлеттi органмен келiсiлген бөлу негiзiнде бөлiнедi;
      16) негiзгi бизнес процестер - нәтижесi қызмет көрсету болып табылатын бизнес процестер;
      17) қызметтерге арналған тiкелей iске қосылған активтер - белгiлi бiр қызмет көрсетуге тiкелей себептiк-салдарлық байланысы бар активтер және сондықтан нақты белгiленген қызмет көрсетуге тiкелей және бiр жақты жатқызылулары мүмкiн;
      18) қызметтерге тiкелей шығындар - нақты қызмет көрсетумен тiкелей себептiк-салдарлық байланысы бар шығындар және сондықтан нақты белгiленген қызмет көрсетуге тiкелей және бiр жақты жатқызылулары мүмкiн;
      19) желi элементтерiне тiкелей iске қосылған активтер - нақты желi элементтерiмен тiкелей себептiк-салдарлық байланысы бар активтер және сондықтан нақты белгiленген желi элементiне тiкелей және бiр жақты жатқызылулары мүмкiн;
      20) желi элементтерiне тiкелей шығындар - нақты желi құрамдасымен тiкелей себептiк-салдарлық байланысы бар шығындар және сондықтан нақты белгiленген желi құрамдасына тiкелей және бiр жақты жатқызылулары мүмкiн;
      21) себептiк-салдарлық байланыс негiзiнде бөлу - реттелетiн қызметтер түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi шығындардың, табыстардың және iске қосылған активтердiң нақты белгiленген қызмет көрсетулермен байланысын, пайда болу себептерiн алдын ала зерттеу негiзiнде бөлу. Шығындар мен iске қосылған активтердi бөлу бiр желi элементiнiң бiрнеше қызметтерге қатысы барын ескерумен жүргiзiледi және желi элементтерiмен байланысқан шығындар мен iске қосылған активтер осы қызметтерге бөлiнулерi тиiс;
      22) экономикалық ресурстар - табиғи (шикiзаттық, геофизикалық), еңбек (адам капиталы), күрделi (физикалық капитал - негiзгi құрал-жабдық), айналымдағы құрал-жабдық (материалдар), ақпараттық ресурстар, қаржылық (ақша капиталы) ресурстарға бөлiнетiн, өндiрiстiк-шаруашылық қызметте пайдаланылатын көздердiң, құрал-жабдықтардың жиынтығы;
      23) абоненттiк қол жеткiзу желiсi - соңғы пайдаланушыларға байланыс қызмет көрсетулерiне қол жеткiзу ұсынылуы үшiн қызмет ететiн телекоммуникациялар желiсiнiң құрамдас бөлiгi. Абоненттiк қол жеткiзу желiсi коммутаторларда немесе концентраторларда орналасқан абоненттiк жинақтауларды, желiлiк карталар мен порттарды, абоненттiк желiлердi (сымды және сымсыз) және солармен байланысқан бүкiл жабдықтар мен ғимараттарды абоненттiк құрылғыларымен қоса қамтитын барлық абоненттiк жабдықтардың жиынтығынан құралады;
      24) бiрлесiп iске қосқан активтер - бiрнеше қызметтер көрсетулердi (қызмет көрсетулер тобын) ұсыну үшiн пайдаланылатын активтер, бiрақ бұл қызмет көрсетулермен қандай болса да нақты себептiк-салдарлық байланысы жоқ, алайда олардың қызмет көрсетулерде iске қосылу дәрежесi уәкiлеттi органмен келiсiлген бөлу негiзiнде анықталуы мүмкiн;
      25) бiрлескен шығындар - бiрнеше қызметтердi (қызметтер тобын) ұсыну үшiн пайдаланылатын шығындар, бiрақ бұл қызмет көрсетулермен қандай болса да нақты себептiк-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан уәкiлеттi органмен келiсiлген бөлу негiзiнде бөлiнедi;
      26) тасымалдау желiсi - станцияаралық жергiлiктi, iшкi аймақтық және магистральдық желiлердiң беру жүйелерi мен желiлерiнен және тиiстi инфрақұрылымнан тұратын телекоммуникациялар желiсi;
      27) трансферттiк төлемдер - көрсетiлген iшкi (трансферттiк) қызметтер көлемiнiң бағалық мөлшерi;
      28) трансферттiк бағалық - көрсетiлген iшкi қызметтердiң бip өлшемiнiң бағалық мөлшерi;
      29) экономикалық негiзделген шығындар - байланыс операторының операциялық (кәдiмгi) қызметiн, iске қосылған активтерге салынған iске қосылған капиталы және iске қосылған активтердi үдемелi өндiруге өтiлiмдiк ақша аударуы бойынша өтемдерiн қамтамасыз етуге жұмсалған байланыс операторының шығындары;
      30) желi элементтерi - телекоммуникациялар қызметтерiнiң барлық түрлерiн көрсеткенде телекоммуникациялар желiсiнде пайдаланылатын, олардың құнын және сонымен байланысты шығындарды телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiнiң барлық түрлерiне бөлу үшiн қызметтiң бағыттары бойынша бiрiктiрiлген негiзгi құрал-жабдық топтары.

      8. Осы Ережелерде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының заңнамасының азаматтық және басқа салалардағы ұғынымдар, егер осы Ережелерде басқаша көзделмесе, заңнаманың осы салаларында қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.

  2. Бөлектеп есепке алу жүргiзiлетiн қызметтердiң
  1   2   3   4   5

Похожие:

Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconЭлектр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Ағы n 276-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2006 жылғы 1 желтоқсандағы n 318 Бiрлескен...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconI. Жалпы ережелері Осы «Байланыс операторларының желісін (жабдықтарын) «Қазақтелеком»
...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconЕсептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы n 373-НҚ Бұйрығы. Қазақстан...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconКәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
Н республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес және авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, құралымдарды...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconҮ лгішарт № телекоммуникациялар қызметтерін көрсетуге
Тараптар болып аталатын, Қазақстан Республикасының Байланыс туралы Заңына және Телефон байланысы қызметін көрсету Ережелеріне сәйкес...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды iconБАҒдарламасы «Технологиялық машиналарды жинақтау (монтаждау) және пайдалану»
М072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница