ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі




НазваниеЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
страница1/14
Дата конвертации11.01.2013
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі

  1. №7 қосымшаға сәйкес қатысуға Өтінім; №8 қосымшаға сәйкес Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол туралы ақпарат алуға келісімі – осы Регламентке қоса тіркелген нысан бойынша түпнұсқалар;

  2. Көшірме: заңды тұлғаны, құрылтайшылық шартты және/немесе жарғыны (бүкіл өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге), салық төлеушінің куәлігін (СТН) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер; Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздар иелерінің тізілімінен шақыру күніндегі жағдай бойынша (Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған қажет жағдайларда) барлық қатысушыларды (акционерлерді) көрсете отырып, анықтама түпнұсқасы (үзінді);

  3. Өтінім берер алдындағы соңғы 12 айға банк шоты бойынша айдың басына және соңына кіріс және шығыс ақша қалдығын көрсете отырып, несие берешектерінің болуы (болмауы) туралы, шоттарының болуы туралы, айналымдар туралы Қызмет көрсетуші қаржы ұйымдарының (банктердің, лизингілік компаниялардың, несие серіктестіктері мен несие ұйымдарының) анықтамасы – түпнұсқа;

Егер несие берешегі болса, несие тарихы бойынша құжаттардың көшірмелері тапсырылады: несие желісін ашу туралы шарттар мен келісімдер, несие шарттары, лизинг шарттары, несие (лизинг) бойынша төлемдер кестесі, кепілзат шарттарының көшірмесі;

  1. Осы Регламентке қоса тіркелген № 10, 11, 12 және 13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қаржылық есептілік, соңғы екі жыл бойынша және өтінім берер алдындағы айдың ақырғы күнтізбелік күніне, ақырғы есеп жылы бойынша салық декларациясының көшірмесін, сонымен қатар осы Регламенттің №14 қосымшасына сәйкес талаптардың, міндеттемелердің, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық запастардың расшифровкасы – бірінші басшы мен бас бухгалтердің (болса) мөрімен және қолтаңбаларымен куәландырылған түпнұсқалар;

  2. №15 қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспар және осы Регламентке қоса тіркелген нысан бойынша №16 қосымшаға сәйкес Ықтимал қарыз алушының Инвестициялық жобаны ортақ қаржыландыру құрылымы туралы анықтама – бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбаларымен куәландырылған түпнұсқалар;

  3. Құрылыстық-монтаж жұмыстары бойынша ірілендірілген (болжамды) есеп айырысу және ғимараттардың экспликациясы - түпнұсқа;

  4. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті, Ықтимал қарыз алушы мен жабдықтар мен асыл тұқымды малдың ықтимал жеткізушілері арасында келісілген бүкіл технологиялық жабдыққа берілген техникалық спецификациялардың және асыл тұқымды мал спецификациясының көшірмелері немесе түпнұсқалары;

  5. Ықтимал қарыз алушының кепілдіктік мүлігінің өтімділігін және жеткіліктілігін бағалау үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Регламентке қоса тіркелген №17 қосымшаға сәйкес тапсырылады (көшірме).

Ескерту:

        1. Осы Регламент арқылы қамтылған құжаттардағы Ықтимал қарыз алушы мен Инвестициялық жоба туралы теріс ақпараттың болуы Ықтимал қарыз алушының өтінімін қабылдамауға немесе Инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы шартты бұзуға (егер мұндай шарт жасалса) әкеліп соғуы мүмкін.

        2. Осы тізбеде берілген тиісті құжаттардың жай көшірмелерін жобаның несие сарапшысы (менеджер) салыстырып, растауға және келесідей жазу жазуға тиісті: «Түпнұсқамен салыстырылған. Көшірмесі дұрыс. _________несие сарапшысының (менеджердің) аты-жөні жазумен, лауазымы көрсетіле отырып жазылады, қолы ___________.».


Заңды тұлғалар үшін толық құжаттар тізбесі

  1. Нотариалды түрде куәландырылған көшірмелер: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің, құрылтайшылық шарттың және (немесе) жарғының (бүкіл өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге), қарыз алушының (Тең қарыз алушының) салық төлеуші куәлігінің (СТН), статистикалық карточкасының;

  2. Салық органының ақырғы үш ай бойынша бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешектерінің болмауы немесе болуы туралы анықтама, бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы, аталмыш салық органының мөрі қойылған – түпнұсқа (егер салық органының анықтамасына басшы немесе оның орынбасары қол қоймаса, анықтамаға қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері тапсырылады);

  3. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан қаржыландыру алу туралы Ықтимал қарыз алушының уәкілетті органының шешімі, мұндай қаржыландыру сомасын, сондай-ақ, меншікті өзінің ортақ қаржыландыру көлемін көрсете отырып;

  4. ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

  5. Қол қою құқығы бар және мөр оттискісі бар лауазымды тұлғалардың қолтаңба үлгілері қойылған карточканың нотариалды куәландырылған түпнұсқасы;

  6. Қарыз алушының атынан несие және кепілдіктік құжаттамаға қол қоюға уәкілеттенген тұлғаның өкілдігін құптайтын Қоғам талаптарына сәйкес расталған құжат көшірмесі;

  7. Атқарушы органның білімі туралы және Атқарушы орган басшысын тағайындау туралы (егер Атқарушы орган алқалы болса) Ықтимал қарыз алушының уәкілетті органының шешімі – заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірме;

  8. Міндетті аудит жүргізілуге жататын субъектілер үшін – көшірме: соңғы 2 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілікке жүргізілген тексеріс нәтижелеріне негізделген аудиторлық қорытындылар, тексеріс жүргізген аудиторлық ұйымдардың лицензиялары;

  9. Соңғы 2 (екі) жыл бойынша 1-аш «Ауыл шаруашылығының және шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілік – статистикалық органның белгісі қойылған көшірме немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа.

  10. Егер Ықтимал қарыз алушының негізгі қызмет түрі мал шаруашылығы болса, онда келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- соңғы 2 (екі) жыл бойынша және өтінім берер алдындағы соңғы 3 (үш) ай бойынша 24-аш «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілік;

- соңғы 2 (екі) жыл бойынша 10-аш «Жемшөп шығындары» нысаны бойынша статистикалық есептілік.

  1. Егер Ықтимал қарыз алушының негізгі қызмет түрі өсімдік шаруашылығы болса, соңғы 3 (үш) жыл бойынша 29-аш «Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілікті тапсыру қажет;

  2. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығында немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығында жер телімін/-дерін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі, жер телімін/-дерін жалдау (сатып алу-сату) туралы шарт және жеке меншік құқығына немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығына акт, сонымен қатар жерге құқығын тіркеу туралы әділет органының берген анықтама көшірмесі;

  3. Соттарда дәрменсіздік (банкротқа ұшырау) туралы тергеу істерінің болмауы туралы, сонымен қатар Ықтимал қарыз алушы арызданушы, жауапкер ретінде болған істер туралы анықтама (еркін нысанда жасалған және бірінші басшымен қол қойылған);

  4. Ықтимал қарыз алушының Инвестициялық жобаны ортақ қаржыландыруы үшін несие ұйымының немесе басқа субъектінің Ықтимал қарыз алушыға ақша ресурстарын беру ниеті туралы құжаттардың түпнұсқалары;

  5. Лицензияланатын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға, тиісті жұмыстарды орындауға (егер қарыз алушы/кепіл беруші/Кепілгер жүзеге асыратын қызмет Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын болса) құқығын құптайтын нотариалды түрде куәландырылған лицензиялардың, рұқсат құжаттардың көшірмелері;

  6. Жұмыскерлердің білімі туралы дипломдардың, сондай-ақ, жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;

  7. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті технологиялық жабдық пен асыл тұқымды малды ықтимал жеткізушілердің жеткізуге дайындығын және жеткізетіндей нақты мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелері немесе түпнұсқалары, ықтимал жеткізу мерзімін, монтаж жасау мерзімін, сондай-ақ, құны мен ақы төлеу талаптарын көрсете отырып;

  8. Инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті технологиялық жабдыққа монтаж жасау үшін Ықтимал қарыз алушының әзірлеген орынының жарамдығын растайтын технологиялық жабдық жеткізушісі берген құжаттардың көшірмелері немесе түпнұсқалары (егер жабдық монтажы қолдағы бар орындарда жасалатын болып жоспарланса);

  9. Алғашқы тіркеу туралы, бүкіл қайта тіркеулер мен олардың себептері туралы, жарғыға енгізілген өзгертулер туралы мәліметтер, сонымен қатар жарғылық капитал мөлшері мен құрылтайшылар құрамы көрсетілген әділет органының анықтамасы;

  10. Жарғылық капиталға ақы төленгенін растайтын құжаттар көшірмесі (АҚ қоспағанда);

  11. Қатысу үлесінің (акцияларының) 10% астамына ие құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) және заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

  12. Ықтимал қарыз алушының кепілдіктік мүлігінің өтімділігін және жеткіліктілігін бағалауға қажетті құжаттар тізбесі осы Регламентке қоса тіркелген №17 қосымшаға сәйкес тапсырылады;

  13. Инвестициялау сатысындағы құрылыс құнының техникалық-экономикалық негіздемесі, құрылыс құнының ірілендірілген сметалық есеп айырысулары, алдағы құрылыстық-монтаж жұмыстары мен шығын түрлерінің құрылымын толық көрсете отырып, негіздеменің бастапқы есеп-қисаптарды, тұтынылатын өндірістік қуаттарды (жабдық жеткізушілерінің қуатқа деген талаптарын ескере отырып) көрсете отырып, инженерлік желілер мен коммуникацияларға қатысты мәселелерді міндетті түрде сипаттап көрсету;

  14. Акционерлік қоғамдар құқықтық сараптама жүргізу үшін қосымша келесі құжаттарды тапсырады:

    1. Акциялар шығарылымы анықтамалығының көшірмесі;

    2. Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

    3. Акциялар шығарылымы және оларды орналастыру қорытындысы туралы есепті бекіту жөніндегі хабарламаның көшірмесі;

    4. Шақыру күніндегі жағдай бойынша бүкіл қатысушыларды (акционерлерді) көрсете отырып, бағалы қағаз иелерінің тізілімінен анықтама (үзінді) түпнұсқасы (Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген қажетті жағдайларда);

    5. Тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызмет көрсетуге тапсырма-шарт көшірмесі (болса, қосымшаларымен және өзгертулерімен бірге).



  1. Жергілікті атқарушы органдардың жобаны қолдау-хаттары;



  1. Ішінде техникалық сипаттама, осы Регламентке қоса тіркелген №18 Қосымшада берілген нысан бойынша ең кемінде 3 жеткізушіден келетін барабар комплектациядағы осыған ұқсас жабдықтың құны берілген жабдықтың бәсекелік парағы, коммерциялық ұсынымдарымен бірге;

  2. Осы Регламентке қоса тіркелген № 19 Қосымшаға сәйкес жеткізушінің сауалнамасы».


Ескерту:

        1. Ықтимал қарыз алушы мен Инвестициялық жоба туралы теріс ақпараттың болуы Ықтимал қарыз алушының өтінімін қабылдамауға немесе Инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы шартты бұзуға (егер мұндай шарт жасалса) әкеліп соғуы мүмкін.

        2. Осы тізбеде берілген тиісті құжаттардың жай көшірмелерін жобаның несие сарапшысы (менеджер) салыстырып, растауға және келесідей жазу жазуға тиісті: «Түпнұсқамен салыстырылған. Көшірмесі дұрыс. _________несие сарапшысының (менеджердің) аты-жөні жазумен, лауазымы көрсетіле отырып жазылады, қолы ___________.».

        3. Осы тізбеде көрсетілген нотариалдық растау бойынша тиісті талаптар қойылатын құжаттардың көшірмесі өтінім берілер алдында 1 ай бұрын нотариуспен расталуға тиісті. Егер осы Регламент талаптарымен құжат көшірмеде берілуі және нотариалды түрде расталуы мүмкін деп тура көрсетілмесе, онда аталмыш құжат түпнұсқада тапсырылады.

        4. Егер осы тізбеге сәйкес Ықтимал қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылуға тиісті құжаттарға басқа тұлға қол қойса, құжаттарға қол қойған тұлғаның өкілеттігін құптайтын сенімхат түпнұсқасын ұсыну қажет.

        5. Ықтимал қарыз алушының үлестес тұлғалары болған жағдайда, осы Тізбенің 22 тармағының 3), 4) тармақшаларында және 32 тармағының 1), 2), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген үлестес тұлғалар бойынша құжаттарды ұсыну қажет. Үлестес тұлғалар қызметін мал шаруашылығы және/немесе өсімдік шаруашылығы салаларында жүзеге асырған жағдайда, осы Тізбенің 32 тармағындағы 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну қажет. Сонымен бірге бірінші басшылардың және жарғылық капиталда 10% артық үлесі бар құрылтайшылардың немесе акциялардың 10% ие акционерлердің жеке бас куәліктері мен салық төлеушінің куәлігі (СТН). Егер өтініш берушінің үлестес тұлғасы жеке тұлға болса, жеке бас куәлігі және салық төлеушінің куәлігі (СТН) тапсырылады.

        6. Шаруашылық серіктестіктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, міндетті түрде осы мәселелерге қатысты құжаттарды ұсыну қажет (меншік құқығының қатысу үлесіне ауысуы жөнінде мәмілелер және осындай мәмілелер бойынша төлемақы төлеу туралы құжаттар).

        7. Егер қайта ұйымдастырылса, қайта ұйымдастыруға (қосылуға, бірігуге, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) қатысты құжаттар тапсырылады.

        8. Егер заңды тұлға қайта құрудан өтсе, келесі құжаттарды тапсыруға тиісті: қайта ұйымдастыру туралы қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, бөліністік баланс, тапсырыс актісі және заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылу фактісін растайтын басқа құжаттар.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту»
Заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту» инвестициялық бағыты бойынша жемшөп дайындау, жемшөп тарату, жемшөп әзірлеу техникаларын...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗаңды тұлғалар үшін атауы, Жеке тұлғалар үшін таә
Алматы қ., Түркісіб ауданы, Ақан Сері көш Молдағалиев көш бұр., 16/5, 12 87017810808
ЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі icon1.Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру Қажеттік құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы тұрғылықты жері бойынша тіркеуде екенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын, құжат үшін мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница