Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»




Скачать 61.13 Kb.
НазваниеСабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Дата конвертации11.01.2013
Размер61.13 Kb.
ТипДокументы
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын меңгерту, поэманың композициялық құрылымы мен поэтикалық шеберлігіне талдау;

2.Дамытушылық: Танымдық және ойлау операцияларын, сөйлеу және жазбаша тіл мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік: ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға, поэзияның құдіретті күшін сезіне отырып табиғаттың сырлы көріністерін тамашалауға, қамқорлықпен аялай білуге, адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, FILA кестесімен жұмыс, сын

тұрғысынан ойлау – РАФТ әдісі, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Экология, психология, этнопедагогика, саз өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интербелсенді тақта, табиғат көріністері,

аққу құстың сұлулығы бойынша слайд-шоу.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар үш топқа - әдебиет сыншылары, экологиялық сарапшылар, психолог сарапшылар болып бөлініп отырғызылады.

Қызығушылығын ояту. «Мұқағали әлеміне саяхат» - поэзия минуттары.

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

-М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып келу.

-Поэма ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Не ұнады?

-Оқушылар жауап береді.

-Олай болса, балалар, осындай тамаша сұлу поэма жазған ақын Мұқағали Мақатаев туралы не білесіңдер?

Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқи отырып, авторға оқыған өлеңдері бойынша қысқаша мінездеме береді.
Мақсат қою. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында әр топтың алдына мақсат қойылады.

Әдебиет сыншыларының мақсаты:

1.Шығармаға әдеби-теориялық талдау жасау.

Экологиялық сарапшылардың мақсаты:

2.Шығармадағы экологиялық тақырыпты ашу.

Психолог сарапшылардың мақсаты:

3.Шығармадағы Ананың іс-әрекетіне психологиялық тұрғыдан баға беру.
Ізденіс жұмысы. FILA кестесімен жұмыс.

-Балалар, енді біз өз топтарыңның тақырыбына сәйкес, FILA кестесімен ізденіс жұмысын жасаймыз. Поэмадан өз мақсаттарыңа байланысты деректерді теріп жазыңдар.
Әдебиет сыншыларының кестесіне төмендегідей деректер алынады.

Деректер

Идеялар

Туындайтын сұрақтар

Жоспарлы іс-әрекет

-Жетімкөлдің бүгінгі сипаты.

-Жетімкөлді кезінде аққулар мекендеген.

-Ана баласы ауырғандықтан,

қайғыға салынады.

-Тәуіп шалдың сөзі.

-Әкесі аққуды атудан бас тартады.

-Ана аққуды атып, баласын аластауға бел байлайды.

-Көл басына келгенде, ана табиғат сұлулығына тамсанып, отырып қалады.

-Баласы есіне түсіп, аққуды атады.

-Жылқышы қарт мылтық даусын естіп, жақын келеді, жөн сұрайды.

-Келінінің ісіне өкініш білдіреді.

-Ана үйіне қайтады.

-Баласы қайтыс болады.

-Ананың есі ауысады.












Экологиялық сарапшылардың кестесінде төмендегідей деректер толтырылады.

Деректер

Идеялар

Туындайтын сұрақтар

Жоспарлы іс-әрекет

-"Жетімкөлде" тір-

шілік белгісі жоқ.

-Кезінде аққулар мекендеген.

-Аққудың әсемдігі мен мүсін келістігі.

-Су тазалығын ашатын детальдар.

-Көл мен тау табиғатының аққу-мен жарасымдылық табуы.

-Аққулар мекендеген көлдің суымен адамдардың сырқаттарын емдеуі.

-Тәуіптің сөзі.

-Ананың аққуға оқ атуға бел байлауы.

-Салтанат құрған сұлу табиғатты көріп, қобалжуы.

-Аққуға оқ ату.

-Аққулардың "Жетімкөлден" мез-гілсіз ұшып кетуі.

-Бір өлі, бір тірі аққудың көлде қалуы.

-"Жетімкөлден" сән кетті.












Психологиялық сарапшылардың кестесінде төмендегідей деректер толтырылады.

Деректер

Идеялар

Туындайтын сұрақтар

Жоспарлы іс-әрекет

-Кезінде аққулар мекендеген, қазір иесіз қалған мекенге байланысты жанашырлық сезім туындайды.

-Баласы ауырған Ананың қайғысы.

-Сұлу табиғатпен жарасқан аққудың үндестігін көрген ананың абыржуы.

-Халықтық наным-сенімнен аттай алмай қобалжуы.

-Баласы үшін аққуға оқ атуы.

-Аққуды атқаннан кейінгі Ана қасіреті.

-Қарттың сөзі.

-Баласының қайтыс болуы.

-Ананың есі ауысуы.











Сергіту сәті. FILA кестесі толтырылып болған соң, интербелсенді тақтадан «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша слайд-шоу көрсетіліп, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі тыңдалады.
Сабақты бекіту. РАФТ әдісі бойынша ойтолғау жазу ұсынылады.

Р-роль: аққу, ана, қарт жылқышы;

А-аудитория: адамдар, табиғат, замандастары;

Ф-формасы: ойтолғау, арнау, сурет, өлең, т.б.;

Т-тақырып: табиғатты қорғау, ана махаббаты, халықтық наным-

сенімнің маңызы.
Оқушылардың білімін бағалау сын тұрғысынан бағалау бойынша жүргізіледі. Берілген жұмыс парағы - FILA кестесінің соңында оқушыларға өз білімін бағалау көрсеткіштері ұсынылады.


№р/р

Сын тұрғысынан бағалау көрсеткіштері

Орындай алмаймын

Жартылай орындаймын

Орындай аламын

1

Мәтін мазмұнын түсінемін.

-

1

2

2

Мәтін мазмұнын әңгімелеп бере аламын.

-

1

2

3

Өз пікірімді, ойымды қорғау үшін дәлел келтіре аламын.

-

1

2

4

Деректермен жұмыс жасай аламын. Қолдана білемін.

-

1

2

5

Деректерге байланысты болжамдар, идеялар айта білемін.

-

1

2

6

Талдаудың жолдарын, кезеңдерін білемін.

-

1

2

7

Себеп-салдарлық байланысты ажыратамын.

-

1

2

8

Мәтінді конструкциялық жобалау технологиясы бойынша талдай аламын.

-

1

2

9

Талдауды ауызша және жазбаша түрде тіл мәдениеті талаптарына сәйкес жеткізе аламын.

-

1

2


9 балдан 13 балға дейін «3» деген баға;

14 балдан 16 балға дейін «4» деген баға;

17-18 балдар арасы «5» деген баға қойылады.

Оқушылардың өздерін бағалау нақтылығы мұғалім тарапынан тағы да тексеріледі.

Похожие:

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconСабақтың тақырыбы: М. Мақатаев.«Өмірі, қазақ поэзиясындағы Мұқағали орны» Сабақтың түрі: Іздену-зерттеу сабағы
Сабақта қолданатын әдісі: Занков. «Дамыта оқыту әдісі»,Қараеев. «Деңгейлеп оқыту әдісі»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы. Жарықтық сәулелену
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» icon1. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconСабақтың тақырыбы
...
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы әскерлік қорғаныш...
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconҚожаберген мөлдір есетқызы сабақтың тақырыбы: Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Тілек» өлеңі. Сабақтың мақсаты: Білімділік
Сабақтың тақырыбы: Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Тілек» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдарын...
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconАшық сабақтың талдамамасы Сыныбы: 6 «А» Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқу, жазу арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін қалыптастыруға ықпал ету
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» iconКүні Сыныбы Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница