Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!




Скачать 88.69 Kb.
НазваниеҚаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!
Дата конвертации04.01.2013
Размер88.69 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мәселесі жөніндегі отырысында Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі Б.Б. Жәмішевтің сөзі

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!
2010 жылғы бюджеттің атқарылуы Елбасы тапсырған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Бюджет саясаты тек дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге де бағытталған.

Елбасының Үндеуінен туындайтын еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру жөнінде шаралар кешені қабылданды.

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөнінде жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге деңгейінде бекітілді.

Салық саясаты саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді, нақты ынталандыру шаралары көзделді. Арнайы экономикалық аумақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында салық рәсімдері жеңілдетілді, салық режимі жақсартылды. Көлікке салынатын салықты есептеу мақсаттары үшін көлік құралдарын жіктеу тәртібі нақтыланды.

Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан босату жөнінде түзетулер көзделді.

Егер бюджеттің негізгі атқарылу қорытындылары туралы айтар болсақ, олар мынадай. (1-слайд) Мемлекеттік бюджетке 4 388,8 млрд.теңге түсті, бұл 2009 жылға қарағанда 878,5 млрд.теңгеге көп. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 4 299,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 2 934,1 млрд. теңгені құрады.

Негізгі салық түрлері бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды, (2-слайд) оған елдің оң даму қарқыны, кеден одағына кіруге байланысты кедендік баждарды бөлу тетігін енгізу және алыс шет елден Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына импорттың өсімі, саланың ерекшелігіне байланысты іс жүзінде экспортталғанға қарағанда мұнай экспортының үлкен көлемі үшін уақытша декларациялар бойынша ақы төлеу нәтижесінде мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы түсімдерінің артуы, жоспарлыға қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.

Сонымен бірге 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер жөнінде бересі 199,0 млрд. теңгені құрады (3-слайд).

2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда бересі 98,7 млрд. теңгеге, оның ішінде бересінің өсуін айқындап отырған, жалған кәсіпорындар бойынша 89,5 млрд.теңгеге ұлғайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,4 млрд.теңгені құрады. Ол 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 30,0 пайызға, немесе 1,0 млрд.теңгеге азайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері 2010 жылы 2 394,5 млрд.теңгеге толықты және 2011 жылғы 1 қаңтарда 5 691,2 млрд.теңгені құрады. Салықтар түрлері бойынша Ұлттық қорға түсімдер 4-слайдта келтірілген.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 913,1 млрд.теңгеге арттырылған және іс жүзінде 4 916,1 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет 4 284 млрд.теңгеге немесе жоспардың 99,1 пайызға орындалды.

Игерілмеген қалдықтар үлесі шығыстардың жалпы сомасында 0,9 пайызды немесе 37,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 22,6 млрд.теңгеге кем. (5-слайд). Бұл ретте 10,4 млрд. теңге жалғасатын инвестициялық жобалар бойынша 2010 жылғы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінде Бюджет кодексіне сәйкес ағымдағы жылы төленетін болады.

Енгізілген нәтижеге бағытталған бюджет саясаты арқасында 2010 жылы қаражат стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және нәтижелерді алуға бағытталды. Бұл ретте, мемлекеттік органдардағы алқаларда жасалған қорытындылар ел азаматтарының өмір деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау, индустриалдық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша Ел Басының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттер іске асырылғанын көрсетті деп айтқым келеді.

Осыған байланысты, қалған 27,1 млрд. теңге Президент біздің алдымызға қойған жаңа міндеттер үшін пайдаланылуы мүмкін резерв болып табылды.

2010 жылы әлеуметтік шығыстардың басымдылығы сақталғанын айту маңызды деп есептеймін. Білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының оң серпіні бар, соңғы бес жылда олар екі еседен артық көбейді. 2010 жылы олардың көлемі жалпы ішкі өнімнің 10,4 пайызына жетті.

Осылай, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемдерін арттыру жүргізілді, ортақ зейнетақы мөлшері 25 пайызға арттырылды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 9 пайызға арттырылды.Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақылар мөлшері, сондай-ақ 4-ші және одан да көп баланы туғаны үшін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға бір ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952 теңге) жаңа жәрдемақы енгізілді.

2010 жылы Ұлы Отан соғысында Жеңістің 65-жылдық құрметіне біржолғы материалдық көмек төлемдері жүргізілді, сондай-ақ ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне жеңілдікпен жол жүру қамтамасыз етілді. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен өткен жылы 4,2 млрд. теңге бөлінді.

Жеке өңірлерде тұратын халыққа медициналық көмекке қол жетімділікті арттыру мақсатында телемидицинаның енгізілуі, жоғары білікті мамандардың қашықтан консультация өткізуі бойынша жұмыс жалғастырылуда. Заманауи медициналық жабдықпен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадаларымен жасақталған жылжымалы медициналық кешендер сатып алынды.

«100 аурухана» жобасы шеңберінде 50 денсаулық сақтау объектісі, оның ішінде есепті жылы жалпы сомасы 79 млрд. теңге 33 объекті аяқталды.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде білім беру саласында республикалық бюджеттен мемтапсырманы орналастыру есебінен балалардың мектепке дейінгі тәрбиесі үшін 90,0 мың орын енгізілді. Балалардың жалпы қамтылуы балалардың жалпы санының 37 пайыздан 41,6 пайызға дейін артқан.

«100 мектеп» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 104,3 млрд. теңге 103 мектептің құрылысы,оның ішінде 2010 жылы сомасы 6,4 млрд. теңгеге 24 мектептің құрылысы аяқталды.

Жоғарғы білім беру жүйесінде «Назарбаев Университеті» елдің индустриалдық-инновациялық даму үшін жоғары білікті мамандарды дайындайтын әлемдік деңгейдегі университет ретінде танылған жаңа бір серпін болды.

2010 жылы осы университеттің дамуына бюджеттен 16,1 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік шығыстармен қатар бюджет шығындарының жоғары деңгейі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларға, отандық кәсіпорындардан шығатын өнімдерге сұранысты қамтамасыз еткен ауыл шаруашылығын дамытуға және экономикадағы жұмыспен қамтуға келеді.

Экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытуға жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шараларын іске асыру үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға өткен жылы 921,5 млрд.теңге жіберілді.

Бағдарлама шеңберінде 2010 жылы елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін мультипликативтік әсері бар (Балқаш жылу энергия станциясы, «Шар-Өскемен», «Хоргос-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы» темір жолдар салу, «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырын салу басталды) ірі инфрақұрылымды және стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру жалғастырылуда.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы нысаналы индикаторларына сәйкес елді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындылары бойынша: алтын, қорғасын, мырыш, көмір, уран мұнай мен газ қорларының өсіміне қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты ішкі нарықтың қажеттілігін толық жабуға, сондай-ақ экспорттық жеткізілімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.

Мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсу қарқындары сақталды. Барлық мал түрлерінің саны орташа есеппен 2-3 пайызға өсті, мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі өсті. Қайта өңдеу саласында өндіріс қарқынының 13 пайыздық өсіміне қол жеткізілді.

2010 жылы Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 1548 бірлікке, оларда тұратын халықтың үлес салмағы 22-ден 52 пайызға дейін артты.

2002 жылы басталған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды. 3417 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды. Тасып әкелінетін суды пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 445 мың адамнан 83 мың адамға қысқарды.

2010 жылы 22 гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау аяқталды және олардың күнделікті жұмысы қамтамасыз етілді, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі төмендеді.

2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аяқталды, оның шеңберінде 19,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілген болса, оның 6,4 млн.шаршы метрі 2010 жылы тапсырылды.

Жол картасы іске асырылды, оған республикалық бюджеттен 90,4 млрд. теңге сомада қаражат бөлінді, жергілікті бюджеттерден бірлесе қаржыландыру 46,4 млрд. теңгені құрады (6-слайд).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылды, ол үшін 2010 жыл пилоттық болып отыр (7-слайд). Оны іске асыру шеңберінде республикалық бюджет өңірлеріне 13,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: 9,0 млрд.теңге – жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 4,8  млрд.теңге – индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (8-слайд) - 527,3 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша - 554,8 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызы деңгейінде қалыптасты, бұл жоспардан 248,8 млрд.теңгеге аз.

Үкіметтің қарыз алуы бюджеттік бағдарламаларды уақытылы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен ішкі қарыз алударды жүзеге асыра отырып, Қаржы министрлігі, халықаралық тәжірибе талап еткендей, бюджет тапшылығын қаржыландырумен қатар, қарыз құралдары нарығын қолдау міндеттерін шешеді. Сыртқы қарыз алу саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарынан қарыздар тарту жүзеге асырылды. Бұдан басқа, есепті жылы Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі қаражаттары тартылған болатын.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік қарыз деңгейі және оған көрсетілетін қызмет пен оны өтеу бойынша жол беруге болатын және қауіпсіз деңгейде тұр.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкіметтік борыш 2 222,0 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 11,5 пайызын құрады. Қазіргі кездегі инфляция мен пайыздық ставкалар деңгейінде, жылдың басында 10,6 пайызды құраған қарыздық жүктеменің лимиті (көрсетілетін қызметтерге және қарызды өтеуге арналған шығыстар республикалық бюджеттің кірісінің 15 пайызынан аспауы тиіс) байқалады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау, ортамерзімдік кезеңде Қазақстан өзінің қарыздық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ете алмайтын шарттардың жоқ екенін көрсетті.

Қорытындылай келе 2010 жылы жүргізілген бақылау-тексеру жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті өткен жылы 7 284 бақылау объектілерін қамтыды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 15 пайызға аз (9-слайд). Бұл орайда, бюджетке қалпына келтірілген және орны толтырылған сомаларды айтарлықтай (2009 жылғы 25 953 млн,теңге қарсы 664,5 млн. теңге) ұлғайтуға қол жеткізілді (10-слайд).

2010 жылы әкімшілік тәжірибе бойынша жұмыс жандандырылды. Мәселен бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет заңнамасын бұзғаны үшін 1001 (бір мың бір) адамға әкімшілік жаза қолданылды. Бұл өткен жылғы әкімшілік материалдардың санына 168-ге (2009 ж. – 833) артық. Осыған ұқсас, 2009 жылмен салыстырғанда, тиісінше 152,3 млн.теңгені және 90,3 млн. теңгені құраған, салынған және құқық бұзушылардан өндіріліп алынған айыппұлдар сомасының 2 еседен асуына қол жеткізілді.

Бақылау объектілерінің бақылау қорытындылары бойынша жолданған ұйғарымдар мен ұсынымдарды орындауының өсуіне қол жеткізілді. Мәселен, 2009 жылы бұл көрсеткіш 95 пайызды құраса, ал 2010 жылы 97,5 пайызды құрады.

2010 жылы нәтижесінде тәуекелді сатып алуларды тексеруге бастамашылық етуге жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларға мониторингі бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыстың оңды тиімділігі мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың өсуінің төмендеуі болып отыр. Мәселен, 2010 жылы мемлекеттік сатып алу кезінде анықталған бұзушылықтар сомасы 199 026,9 млн. теңгені (2009 ж.- 208 386,4 млн. теңге) құрады.
Назарларынызға рахмет!



Похожие:

Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті алқа мәжілісіне қатысып отырған әріптестер және шақырылған қонақтар!
Экономикалық даму және сауда министрлігінің жұмысы келесі негізгі бағыттарда атқарылды
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты
Инвестицияларды тарту, аэа дамыту және экспортты ынталандыру бойынша салалық бағдарламаның
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті Ербол Тұрмаханұлы!
Ылым министрі б. Т. ЖҰМАҒҰловтың математика мұҒалімдерінің І съезінде сөйлеген сөЗІ
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!
«Әдебиет» сөзі, төменде қолданылған әдебиеттер тізімі; формулалар Microsoft Equation формулалар редакторында орындалуы тиіс
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! icon«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің баяндамасы

Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconСөйлейтін сөзі Құрметті Серік Нығметұлы, әріптестер!
С) бойынша (67,1%) және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша (88,5%) жоспарды толық орындамау себебінен болып отыр....
Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница