«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»




Скачать 56.99 Kb.
Название«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Дата конвертации04.01.2013
Размер56.99 Kb.
ТипДокументы



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

№ 393 қаулысымен

бекітілген
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»

мемлекеттік қызмет

стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орталық бөлімшесінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – орталық бөлімшесі) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1, 2-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеудің ережесі 2-тарауының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, орталық бөлімшелерінің стенділерінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алу құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдері:

1) орталық бөлімшесінде тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн сайын көрсетіледі. Орталық бөлімшесінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс.

Тұтынушыларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүзеге асырады.

Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу көзделмеген.

10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орталық бөлімшесінің үй-жайында көрсетіледі. Орталық бөлімшесінің үй-жайында орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

Орталық бөлімшесінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай, үй-жай режимі – еркін.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;

4) әлеуметтiк жеке код берілгені туралы куәлiк (болса, жеке сәйкестендіру нөмірі);

5) тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

12. Өтініш нысандарын мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген тұрғылықты жері бойынша орталықтың бөлімшесінде құжат қабылдайтын қызметкер береді.

13. Құжаттарды қабылдау тұтынушының тікелей тұрғылықты жері бойынша орталық бөлімшесінің ғимаратында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алуға қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректері www. gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ орталық бөлімшесі үй-жайларының көрнекті жерлерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

14. Тұтынушыға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметке тұтынушыны тіркеген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

15. Орталық бөлімшесіне өтініш берген кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру және жеткізу тұрғылықты жері бойынша орталық бөлімшесіне тұтынушының өзі келгенде, не пошталық хабар арқылы жүзеге асырылады.

16. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.
      Жәрдемақы төлеу оны тағайындау негiздемесi жойылған жағдайда немесе алушы қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады. Жәрдемақы төлеу:

1) жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде;

2) жәрдемақы алушылардың мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұрған кезеңінде тоқтатыла тұрады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Орталық бөлімшесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Орталық бөлімшесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсетілетін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің жергілікті органдарының басшысына не Астана қаласы, Кравцов көшесі, 18 мекенжайында орналасқан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның облыстық филиалдарына шағыммен бара алады.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген кезде шағым кабинет нөмірі стендіде көрсетілген орталық бөлімшесі басшысының атына беріледі. Орталық бөлімшелері басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі, электрондық поштаның мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

23. Көретілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.

25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.
_________________________



Похожие:

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconРегламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconРегламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» iconЗейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын,...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайларының тізбесі осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ереже
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Орталық бөлімшесі) мекенжайларының тізбесі осы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау»...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Ақмола облысында белгіленген кедейлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница