Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы




Скачать 89.59 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Дата конвертации10.11.2012
Размер89.59 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ғылыми-техникалық кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № 7 2010 жылғы 18 ақпан
Төрағалық етуші: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

Вице-министрі Петров В.В.
Қатысушылар: 1) ҒТК мүшелері (тізім бойынша)

2) Комитеттер, Департаменттер, Басқармалар,

ММ, Министрліктің ғылыми-зерттеу ұйымы РМК

басшылары мен мамандары (тізім бойынша)

3) Ғылыми-зерттеу жұмыстарды бірлесе

атқаратын ұйымдардан шақырылғандар (тізім

бойынша)

2009 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЛАСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ОРЫНДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ МИНИСТРЛІКТІҢ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
Петров В., Ғаббасов С., Баймұханбетов Б., Веснин В., Малая Е., Ысқақов Е., Өзбеков Н., Евниев Б., Жұмағалиев Р., Әмірғалинов С., Әкімбеков А., Торопчанин А., Шарафиев А., Седелев В., Карп Л., Айкешева А., Костюк А.
Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату саласындағы тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2010-2014 жылдарға Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарын тиімді жүзеге асыру мақсатында, Министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) ШЕШТІ:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бағынысты ғылыми ұйымдары мен құрылымдық бөліністері басшыларының, «Астана медицина университеті» АҚ қызметкерлерінің ұсынған есептері мен баяндамалары мәліметке алынсын:

1.1. 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау және 2010 жылға ҒЗЖ негізгі бағыттары;

1.2. Министрліктің ҒТК 2009 жылғы 11 желтоқсанда берілген тапсырмасын орындау;

1.3. Көкшетау техникалық институтында (бұдан әрі - КТИ) ҒЗЖ жағдайы мен жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ оқу сыныптарын озық интерактивті техникалық оқу құралдарымен және арнайы әдебиетпен жарақтауды жақсарту.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ) Ғылым комитетінде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (бұдан әрі - МҒТС) оң қорытындысын және Қазақстан Республикасы Ғылыми-техникалық ақпарат Ұлттық орталығында тіркеу нөмірін алған төмендегі ҒЗЖ аяқталған деп есептеу:

2.1. Химия, мұнай-химиясы және мұнай-газ өңдеу өнеркәсіптерінде техногендік сипаттағы апаттар мен авариялар мониторингі, модельдеу мен болжау;

2.2. Таукен металлургиялық кәсіпорындарында технологиялық газдар мен атмосфералық ауаның нақты тығыздығын анықтау әдістемесін талдау;

2.3. Микросейсмикалық деректер бойынша жер сілкінуді қысқа мерзімде болжау желісін құру.

3. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Ахметов С.Б), Өртке қарсы комитет (Әубәкіров С.Г.), «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.), КТИ ММ (Сұлтанғалиев А.М.), Медициналық апат және психологиялық қызмет басқармасы (бұдан әрі - МАжПҚБ) (Малая Е.О.), МАО ММ (Ысқақов Е.С.), Министрліктің бағынысты ғылыми – зерттеу ұйымдары (Әмірғалинов С Т., Жұмағалиев Р.М., Өзбеков Н. Б.):

3.1. ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Елбасының Қазақстан Халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық қарқын – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметіне тапсырған тапсырмасын орындау барысында Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық талдама жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне (бұдан әрі - Департамент) еліміздің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық даму салааралық жоспары жобасына нақты ұсыныстар ұсыну;

3.2. құзырет аясында республиканың, жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу және жобалық-құрылымдық ұйымдарымен бірлескен жұмыстар ұйымдастыру:

Ресей ТЖМ «Бүкілресейлік өртке қарсы қорғаныс ғылыми-зерттеу институы» Федеральды мемлекеттік мекемесімен;

Ресей ТЖМ «Бүкілресейлік азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ғылыми-зерттеу институы» Федеральды мемлекеттік мекемесімен;

Ресей ТЖМ «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ мониторингі мен болжау бүкілресейлік орталығымен» («Антистихия» орталығы);

Ресей ТЖМ «Өртке қарсы қызмет мемлекеттік академиясымен»;

Абхазия Республикасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Сухуми қаласының Әскерилендірілген өртке қарсы күзетімен;

Болгария ТЖМ Өрт қауіпсіздігі және құтқару жөніндегі ғылыми-қолданбалы институымен;

Өзбекстан Республикасы ІІМ Өрт қауіпсіздігі жоғары техникалық мектебімен;

Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының сейсмология институтымен;

Әзірбайжан Республикасы Жер сілкінісін болжау мен зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу институтымен;

Белорусь Республикасы ТЖМ «Өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлар мәселелері ғылыми-зерттеу институтымен»;

Тәжікістан Республикасы Ғылым академиясының сейсмология және сейсмотұрақты құрылыс институтымен;

Қырғызстан Республикасы Жерді қолданбалы зерттеудің орталық-азиялық институтымен;

ҚР БҒМ «Парасат» ҰҒТХ АҚ «Сейсмология институты» ЖШС;

ҚР БҒМ «Парасат» ҰҒТХ АҚ «Физика-техникалық институты» ЖШС;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының геофизикалық зерттеулер институтымен;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ;

Қазақстан Республикасы «Аумақтық даму институты» Консорциумы «Сейсмо-мониторинг» «Инновациялық-технологиялық орталығы» ЖШС;

3.3. алдыңғы қатарлы шетелдерде азаматтық қорғаныстың заманауи технологияларды пайдалану талдамасын жүргізу, атап айтқанда:

құтқару технологияларын, сонымен қатар авиацияны пайдаланумен;

өрт сөндірудің жаңа технологияларын;

ТЖМ кадрларын кәсіптік дайындаудың жаңа технологияларын;

жұртшылықты оқытудың жаңа технологияларын;

табиғи және техногендік төтенше жағдайларды мониторингі, бағалау мен болжаудың жаңа технологияларын;

табиғи апаттардан халықты инженерлік қорғаудың жаңа технологияларын;

төтенше жағдайлар кезінде психологиялық және медицина терапевтік көмек көрсетудің жаңа технологияларын;

жаңа ақпараттық-талдама технологияларын, төтенше жағдайлар туралы хабарлау мен байланыс технологияларын;

3.4. қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдау:

Министрліктің ҒТК отырысында қаралған және мақұлданған, аяқталған ҒЗЖ нәтижелерін өндіріске;

Министрліктің құрылымдық, аумақтық және бағынысты ұйымдарының тәжірибелік қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өндірістік кәсіпорындарына «ҰҒЗО» РМК өңдеген «Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық актілер каталогы және оны енгізу әдістемесі» нормативтік актілердің ақпараттық анықтамалық жүйесін енгізу бойынша.

4. Министрліктің «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.), «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК (Өзбеков Н. Б.), «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.), ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін:

2011 жылы орындау жоспарланып отырған ҒЗЖ тақырыптары бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінде МҒТС оң қорытындысын алуды және оларды бюджеттік өтінімдермен бірге Экономика және қаржы; Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым, жаңа технологиялар департаменттеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Министрліктің МАжПҚБ (Малая Е.О.), МАО ММ (Ысқақов Е.С.), «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.), «ҰҒЗО» РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - ЕМК) (Әкімбеков А., Торопчанин А., Шарафиев А., Седелев В.) «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК (Өзбеков Н. Б.) басшылары ағымдағы жылдың 25 наурызына дейін Департаментке:

5.1. Министрдің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 80 бұйрығымен бекітілген ҒЗЖ ұйымдастыру мен жүргізу ережесінің 19 және 20-тармақтарына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) ҒЗЖ жалғасып жатқан тақырыптары бойынша аралық есептерді;

5.2. 2009 жылы аяқталған және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында жалғасып жатқан ҒЗЖ нәтижелерін тәжірибеге енгізу есептерін ұсынсын.

6. «ҰҒЗО» РМК «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ЕМК (бұдан әрі - «ҚазТӨЖҚҒЗИ» ЕМК) ЕМК директоры (Әкімбеков А.К.):

«ҰҒЗО» РМК Бас директоры С.Әмірғалиновтың ұсынысын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасы аясында ағымдағы жылы «ҚазТӨЖҚҒЗИ» ЕМК қаржылық қаражаты есебінен «Жер асты тәсілімен кен орындарын өңдеу кезінде бағынбайтын опырылулардың алдын алу мақсатымен бұзылуы бойынша қауіпті аймақтарды болжау әдістемесін жетілдіру» тақырыбындағы ҒЗЖ орындалуын аяқтауды ұсынсын.

7. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Ахметов С.Б), Өртке қарсы комитет (Әубәкіров С.Г.), Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (Жұмашев Ж.К.), ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.), «ҰҒЗО» РМК Әмірғалинов С Т, «ҰҒЗО» РМК «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК (Торопчанин А.В.) жетекшілері:

- ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Атырау қаласында Солтүстік-Шығыс Каспий кен орнында көмірсутекті өндіру кезінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша мұнай өндіру компаниялары басшыларын шақырумен және Министрліктің құрылымдық, аумақтық және бағынысты ұйымдарының, Комитеттердің өкілдерін, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасының салалық ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекші ғалымдарын қатыстырумен семинар-кеңес ұйымдастырсын.

8. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Ахметов С.Б), «ҰҒЗО» РМК Әмірғалинов С Т, «ҰҒЗО» РМК «Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК (Седелев В.А.):

Бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының барлық түсті металлургия өндірістік кәсіпорындарында осы кезеңінде сұранысқа ие өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер мен НИОКР терең талдау жүргізу, талдама нәтижелерін Департаментке ұсынсын.

9. МАжПҚБ (Малая Е.О.), МАО ММ (Ысқақов Е.С.) басшылары:

9.1. ҒЗЖ медицина апаты саласында ұйымдастырылуын бақылау мен сәйкес үйлестігін қамтамасыз ету

9.2. Министрліктің медицина апаты саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ҒЗЖ ұйымдастыру мен жүргізуге дербес жауаптылық туралы көрсетсін;

9.3. ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінен медицина апаты саласында жалғастырылып жатқан ҒЗЖ тақырыптарына МҒТС оң қорытындысын алуды және оларды бюджеттік өнімдермен Экономика және қаржы; Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар департаменттеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.

10. КТИ ММ (Сұлтанғалиев А.М.) басшысы:

10.1. ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Департаментке Министрліктің ҒТК ескертулері мен ұсыныстарын есепке алумен қайта өңделген ағымдағы және орташа жеделдіктегі кезеңге КТИ ҒЗЖ жоспарын ұсынсын;

10.2 тоқсан сайын Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар, кадрлық қамтамасыз ету департаменттеріне КТИ ҒЗЖ жетілдіру бойынша Министрліктің ҒТК осы шешімін орындау, сондай-ақ оқу сыныптарын оқытудың озық интерактивті техникалық құралдарымен және арнайы оқулықпен жарақталуын жақсарту туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

11. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары:

Құзыреті аясында және белгіленген тәртіпте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату саласындағы Министрліктің бағынысты құрылымдық ұйымдарының ҒЗЖ мен НИОКР ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

12. Министрліктің ақпарттандыру және байланыс (Құндақбаев М.К.) департаменті, «Есептеу техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайды талдау бойынша орталық» РМК (Чумаков О.Г.) басшылары:

12.1. Министрліктің web-сайтында «ҰҒЗО» РМК өңдеген «Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық актілер каталогы және оны енгізу әдістемесі» нормативтік актілердің ақпараттық анықтамалық жүйесін орналастыру мен тәжірибелік пайдалану үшін қажетті шаралар қабылдасын;

12.1. Министрліктің web-сайтында халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи апаттан, зілзаладан, авариядан қорғау саласындағы ғылыми-қолданбалы өңдеулер туралы ақпарат орналастыруды жалғастырсын.

13. Министрлік департаментіне (Ғаббасов С.Ғ):

Министрліктің бағынысты ұйымдарының ғылыми-қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді, сонымен қатар Министрлік басшылығының келісімен Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық органдарының құрылымдық бөліністерін тартумен Министрліктің ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметін мақсатты барып тексеру жүргізуді жалғастырсын.

14. Осы хаттаманың шараларын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-на Министрлік Департаментіне ұсынылсын.

15. Осы хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

16. Осы хаттаманың орындалуын өзім бақылаймын.

Вице-министр В. Петров

Похожие:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
КӨмір және тау-кен өндіру өнеркәсібінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулердің орындалу...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ОҢ Қорытындысын алған министрліктің бағынысты ұйымдарының Ғылыми-қолданбалы...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мәжілісінің хаттамасы
Стратегиялық жоспарының (бұдан әрі- министрліктің Стратегиялық жоспары) негізгі бағыттарын нәтижелі іске асыру мақсатында Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының
Төрағалық етті: Божко В. К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Көкшетау техникалық институты»

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТөтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, төраға орынбасары (келісім...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы icon2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
Республикасы Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелерінің мәртебесін арттыру мақсатында, БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТаблица на гос языке
Р төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТаблица на гос языке
«ҚР төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Нұра ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі» мм...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconХимия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы Требования промышленной безопасности в химической промышленности Астана 2009
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница