Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»




НазваниеСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
страница3/6
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.75 Mb.
ТипСочинение
1   2   3   4   5   6

Жамшит Гүлбаршын, 9-сынып орта мектебі,

пән мұғалімі Ергазиева Ж. Қ.
Алтын анам, Отаным!

Сенен аяр жаным жоқ,

Сенен іркер күшім жоқ.

М.Әуезов
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды.Тек одан барлық алғаныңды ардақтап, бал жинаған арадай, жүрегіңе құя білуің шарт. Жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуіеде жүрсем де, қайта соғар сағынышымды басар темірқазығым –туған жер атты ұғым біреу. Өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмас. Қазақстан –менің кіндік кескен туған жерім. Алатау мен Қаратау жоталарынан Батыс Сібір Каспийден Алтай жазығына дейін көсіліп жатқан кең-байтақ өңір – менің Отаным.

Қазақстан – достықтың, бірлік пен татулықтың, байлық пен жайлы өмірдің мекені. Бұл мекенде аспанмен таласқан биік таулар, ұшы-қиырсыз далалар, тіпті теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттар да бар. Ну ормандары, шалқар көлдері, сарқырап аққан өзендері –байлық көзі.

Қазақстан – даласы дарқан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазақстан жер көлемі жөнінен 9-шы орынды алады. Міне, қазақ даласы қандай байтақ! Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда: «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы-айшылық, Қаратауы күншілік» – деп толғайтыны.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным бізге ана сүтімен дарыған.
Батырлар жырындағы:

Атам күйеу болған жер,

Анам келін болған жер,

Кіндік қаным тамған жер,
– деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

ХХ ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мың жылдықтың табалдырығын аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттылық салтанат құруы үшін жаңаша өмірге қадам басты. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғатымен, дамыған экономикасымен, бірлігімен аты шықты.

Елордамыз ел кіндігі Арқа жерінде ту тіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Астана-елдің жүрегі!

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билейді. Мұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?!

Сол бір алыста қалған желтоқсан күнінде біз азаттық пен тәуелсіздікті таңдадық, өйткені өз болашағымызды дербес құрғымыз келді, өйткені біз қолда бардан әлдеқайда көпке қабілетті едік. Бұл туралы бабаларымыз армандаған еді, сондықтан да бізге олардың армандарын нақтылыққа айналдыру құрметі тиді. Біз өзіміздің дербес, қазақстандық жолымызды бастадық және бұл жол әлемдік қоғамдастықтың мақұлдауына ие болды.

20 жыл бойы біз күн сайын және сағат сайын өз жоспарымызды іске асырып, жаңа Қазақстанды – өз арманымыз бен үмітіміздің мемлекетін құрудамыз. Еліміздің 20 жылда жеткен жетістігін бір кітаппен де айтып жеткізу мүмкін емес. Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешулі жолында алдымыздан шыққан асу-асу белдер де, ұлттың ұлан асуында ұйтқи соғатын желдер де болды. Сол асу-асу белдерде Қазақстан халқы белін талдырмады, сол ұйтқи соққан желдерде ұлы мұраттарын ұмыт қалдырмады. Бүгінде тарих еншісіне айналып үлгерген 20 жылда біз ұлы іске –Тәуелсіз Қазақстанды құруға, сақтауға әрі дамытуға, оның экономикалық және рухани күш-қуатын нығайтуға арнадық. 20 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктері мен өткендері Қазақстанды құрыштай қылып шынықтырды, әлем мойындатқан елге айналдырды.

«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», – деп Төле би бабамыз айтқандай, қазақ елі әрқашан да еркіндікке ұмтылған халық. Қазақ елі Еуразияның алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы, аспанмен тілдескен мұзарт шыңдары, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдері, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған теңізі, күні от шашқан шөлейті, арналы өзені, ну орманы, сонымен қатар, ауызбірлігімен аты шыққан көпұлтты халқы бар ел. Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әртүрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Ғасырлар бойы армандап жеткен елдігімізге қорған болар отансүйгіш патриоттар көп болсын демекпін. Тәуелсіздік біз үшін қалай маңызды болса, отан қорғар әскердің біз үшін маңызы зор. Келер ұрпақ қазіргі әскерден үлгі алып, отаншыл, батыр ұландар болып ер жетуі – еліміздің қорғанының мықты болуының кепілі.

Казкеева Диана, 9 сынып оқушысы

2 Новоишим орта мектебі

пән мұғалімі Мукатова Ж. Ж.
Қазақстан гүлдену жолында
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген

қастерлі сөз екен-ау!

Шыдамадым қапасқа,

Кеңшілікке қаштым.

Көндікпедім матауға

Асау атша бастым

Уһ, шырқап, зымырап,

Сұңқардай зулап ұшайын!

Ұшайын!

С. Сейфуллин
Міне, биылғы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толды.

Тәуелсіздік! Қандай рухты, қандай жүрекке жылы, жанға жайлы ұғым! Тәуелсіздік – жатса түсінен, жүрсе есінен кетпейтін ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы еді. Бұл сөздің тұңғиығында бабаларымыздың мақсаты, тәуелсіздік жолында құрбан болған талай қас батырлар мен боздақтардың кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Бүгінгі таңда дүниежүзінің ірі мемлекеттерімен тереземіз тең, керегеміз кең елміз.

Қазақстанды Азия Барысына айналдыруды мақсат еткен Елбасымыз өз алдына қойған талаптарды орындайды деп кәміл сенемін. Себебі, жиырма жыл бұрын қазынасы бос, экономикасы төмен елді дұрыс жолға қоя білген, елімізді гүлдендіру жолында қиыншылықтарға төзе жүрген, тәуелсіздікке қол жеткізген ғажайып сәттен аз уақыт өткеніне қармастан мақтан тұтарлық талай шыңдарға жетектей білген, Отаны үшін еңбек етіп, халық жүрегіне сенім ұялата білген еліміздің перзентін халық қолдауда.

Иә, Елбасымыз еліміздің іргетасын мықты етіп қалап беріп, Қазақстанның болашақ иесі – біздердің сапалы білім алып, Отанымызды одан әрі гүлдендіріп дүние жүзінің алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер санына қосуға жағдай жасап, мүмкіншілік шегін ұлғайтып жатқанына қалай шаттанбассың?!

Мен бақыттымын! Себебі, мен тәуелсіз елдің азаматымын, мен оның кішкентай да болса бөлшегімін, мен оның ертеңімін. Бүгін партада отырған шәкіртпін, ертең Қазақстанның келешегімін. Қанаты қырқылмаған, көкке қарай еркін өрлеген қыранмын. «Қазақ» десе, соққан жүрегім лүпілдеп, бет ажарым жадырап, «Мен қазақпын» деген мақтаныш толы сезімге бөленемін. Мен Қазағымды сүйемін, мен онымен бірге күйемін, бірге қуанамын. Мен де Қазақстанымдай үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған жанмын.

Астана – біздің мақтанышымыз, тірегіміз. Елордамыз Алатау баурайындағы әсем қала Алматыдан Сарыарқа төсіндегі жаңа қала Астанаға көшті. Таң қаларлық аз уақыт ішінде көркейіп, гүлденген Ақордамыз елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әлемге әйгілегендей болып тұр. Жарқын болашаққа есігін айқара ашқан арман қаламыз өнер – білім, мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда.

Тәуелсіз ел екенімізді қазір мақтанышпен, көкірек толы қуанышпен, нық сеніммен айта аламыз. Ал бұдан жиырма жыл бұрын ше?!

Бұдан жиырма бұрын дәл жанымда отырған сыныптастарым және мен жөргекте жатқан, сәбилік санамыз ештеңе білмейтін, тоя ішкен сүтімізге мәз болып анамыз жайған ақ бесікте қамсыз жатқан нәресте едік...

Біз «соғыс» дегенді көрген жоқпыз, көрмесек екен. Соғыстың құны – тесілген жүрек, соғыстың құны – кесілген білек екенін білеміз. Біз – елдің болашағымыз. Елбасы айтқандай, 50 елдің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыратын бәсекеге қабілетті, «Болашақ» бағдарламасын меңгерген ұл-қыздары.

Кешегімізді бағалап, әлі де негізгі жол алда екенін, ол үшін жаңа күш-қуат керектігін түсіну абзал. Сондықтан Отанымыздың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, білім алу, жас тәуелсіз еліміздің Көк байрағын биік ұстау біз үшін парыз.

Шығармамды аяқтай келе, «Тұғырың биік болсын, Қазақстаным» дегім келеді.

Кангужина Дина, 10 класс,

Привольная СШ,

Учитель Нуртаева М. К.
Моя любовь к степному краю безгранична

И ни чего нет здешних мест милей,

Ведь Казахстан – моя отчизна

Я здесь живу, я поклоняюсь ей!

М. Шаханов.
Дорогой мой ровесник!
Хочу ответить на все твои вопросы своим небольшим письмом. Я учусь в 10 классе, мне 15 лет. Живу я в прекрасном государстве среди красивых лесов, полей и степей. Моя земля щедро одарила наш народ поэтами, писателями, акынами – импровизаторами, учеными, деятелями науки и культуры. Казахстан во все времена был «перекрестком миров», где успешно развивалась культура и искусство разных народов. Земля хранит и помнит историю всех, кто жил здесь когда-то. В эпоху бронзы на территории Казахстана обитали многочисленные племена. Высокие курганы в степи – память о сакских племенах. Никогда не была легкой жизнь казахской земли: и набеги джунгар, и гнет царской России, и великий джут, и репрессии 30-х годов. Сколько было принесено жертв, сколько перенесено обид и страданий, но не очерствел душой мой народ. Распахнули свои души и сердце репрессированным немцам и ингушам, полякам и латышам, русским и корейцам. Делились всем, отдавали все. Во время Великой Отечественной войны приютили эвакуированных из России, Украины, Белоруссии. Пришла пора, и моя земля накормила всех целинным хлебом. У нас можно увидеть рядом стоящие православную церковь, мусульманскую мечеть и католический костел.

Я ездила на экскурсию в Астану, она меня поразила своим величием и красотой. А наша армия сегодня? Эти мужественные люди в пагонах надежно защищают наши рубежи. Приятно смотреть на них, когда они маршируют на параде. Они под стать нашему надежному Президенту. С такой армией можно верить в будущее.

Ты спрашиваешь, какой у меня дом? Отвечаю, дом у меня небольшой, с обыкновенной обстановкой. Главное богатство в нашем доме – это книги мой мамы (она у меня учитель), а еще ордена и медали моего дедушки и пожелтевшая красноармейская книжка, выданная в далеком 1942 году. Мой дедушка ушел на фронт добровольцем 11 июня 1942 года. Его зачислили в 1099 мотострелковый полк и отправили на передовую. А в сентябре 1943 года Рахим Кангужин в ожесточенном бою получил осколочное ранение. После лечения в госпитале был демобилизован и отправлен домой. Мой дедушка был солдатом своей Родины, сумел защитить жизнь на земле! В комнате на стене висит фотография молодых бабушки и дедушки. Они такие счастливые! Я люблю смотреть на них, разговаривать с ними и просить совета. Во время войны бабушка работала на самых трудных объектах. Бабушка моя – ветеран тыла. Я помню ее рассказы о той поре, помню ее слезы, когда она вспоминала об этом. Каждый год 9 мая мы собираемся в нашем доме, вспоминаем наших дорогих дедушку и бабушку и не стесняемся слез. Мы плачем, смеемся, смотрим фотографии, нам хорошо! Такое чувство, что дедушка и бабушка снова с нами.

Ты пишешь, что ты – патриот своей страны, своего народа. Сейчас я тоже могу так о себе сказать. Когда я исполняю Гимн, меня переполняет гордость, я чувствую себя взрослой. У меня есть мечта – поступить в военное училище. Я занимаюсь каратэ, летом бегаю, знаю, у меня все получится.

Я, как и любой гражданин Казахстана, принимая и ясно представляя себе стратегический курс развития страны, буду вкладывать свои знания и умения в дело процветания моей Родины.
Вновь встает расцвет над Казахстаном,

Волшебством душа озарена

Хочется трудиться неустанно

Чтобы крепли крылья у таланта,

Чтоб цвела родимая страна.
На этом заканчиваю свое письмо. Жду от тебя ответа. Пиши! До свидания!
Қазақбаева Әсел, 8-сынып оқушысы

әл-Фараби мектеп-лицейі,

жетекші Шаханова С. Қ.
Отан! Бұл әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. «Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды» дегендей, мен де өз Отанымды мақтан етемін және сүйемін. Менің Отанымның жері кең байтақ және бай. Биыл біздің тәуелсіздігімізге жиырма жыл толды. Осы аз уақыттың ішінде еліміз көп қиыншылықтардан өтіп, беделі зор, мықты мемлекетке айналды. Бұл – менің халқымның және біздің Президентіміздің жетістігі. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке бүгінгі күні қол жеткіздік. Мен осындай елде туғанымды мақтан етемін. Себебі, елімізде достық, бірлік және тыныштық бар. Қазіргі Қазақстан – бүкіл әлемге үлгі. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Мысалы, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиындық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, себебі бұл – біздің өміріміз, бұл – біздің тарихымыз. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» - деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарына енді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болды. Ел өз қалауымен Президент сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Астана күн сайын гүлденеді. Астана – жаңа қала, бірақ оның бай тарихы бар.

Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Біз – ел болашағымыз, сондықтан біз оқуымыз керек, ата-аналарымызға көмектесуге міндеттіміз.

Әр мемлекеттің өз Қарулы Күштері болады. Сонда ғана ол мықты мемлекет бола алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы делінген. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп бойынша әскери қызмет атқарады. Әскер – ел қорғаны, мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан тәуелсіз еліміздің тыныштығы соларға жүктеледі. Бұл күнде Қазақстан мемлекетінің Қарулы Күштері, оның сарбаздары өз істеріне жауапкершілікпен қарап, әскери-техникалық жаттығуларда алдыңғы шептен көрініп, бүкіл дүние жүзі алдында өзінің күш-қуатын мойындатып келеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аймақтың қауіпсіздік жүйесін тиімді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еліне деген сүйіспеншілігін Қарулы Күштер қатарында қызмет ету арқылы көрсетуі тиіс. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға атсалысамыз.

Менің еліме бұндай жетістікке жету оңай болған жоқ. Қазақстан – тәуелсіз ел. Туған еліміздің тыныштығын, тәуелсіздігін сақтау – біздің парызымыз. Қазыбек би айтқандай, біз достықты бағалай білетін елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, еліміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.

Осындай намысты еліміздің тыныштығын күзететін Қарулы Күшіміз бар болғанын мақтан тұтамын.

Қайруллина Ж., 8 сынып оқушысы

«Орта мектеп 13» ММ,

мұғалімі Рақышева Р.А.
Ел барда ер қор болмас,

ер барда ел қор болмас.

Халық даналығы
Әскери патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілігімізді нығайтып, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл жиырма жыл толып отыр. Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтап жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.

Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.

Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республикамыздың Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ардақтап, құрметтеуге тиіспіз. Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.

Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн” - дейді.

Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, свободная, наша страна смело идёт вперёд, расправив свои гордые плечи,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница