Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»

НазваниеСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
страница6/6
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.75 Mb.
ТипСочинение
1   2   3   4   5   6

Тұрсынов Әділет, 7 сынып оқушысы

2 Новоишим орта мектебі,

пән мұғалімі Қалиева Ж. К.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
- деп Қасым Аманжоловтың өлең жолдарымен шығармамды бастағым келіп отыр.

Отансүйгіштік, отаншылдық – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналады.

Биыл Қазақстан Республикасы үшін ерекше қастерлі және қасиетті жыл, себебі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті. Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. 1916 жылғы көтерілістен бастап күштеп ұйымдастыру 20-жылдардағы аштық, 30-жылдардағы тоталитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигоны, Арал қасіреті, 1986 желтоқсан оқиғасы жазылмас ауыр жара салды. Оны ұмытуға, айтпауға болмайды. Міне, енді еліміз егемендік алып, жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы арман-мақсаты орындалды, ата-баба алдындағы парыз өтелді деуге болады. Тәуелсіз ел ретінде бүкіл әлем халқы тани бастады. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданды, экономикамыз нарық жолына қарай бағытталды.

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Басымыздан талай заман өткерді.

Керей менен Жәнібек бабамыздан,

Басталды ғой тарихы қазағымның, - дегім келеді. Олардың басты арманы – ел егемендігі еді.

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел бақыты. Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.

Мен жер шарының сұлу, бай өлкесінде тұрамын және оны мақтан етемін. Ол - менің Отаным. Туған Отанымды, халқымды, Новоишим ауылымды, ана тілімді құрмет тұтамын. Менің туған өлкем - Новоишим ауылы. Ол - алтын сары бидайдың отаны. Туған өлке адамның жүрегіне қажетті бір нәрсе сияқты. Осы туған өлкені құрметтеп, сыйлап, аялаған сайын, ол гүлдене береді. Маған туған өлкем ыстық көрінеді. Ол табиғаттағы күннің шуағынан төгілген ыстық емес, туған өлкеге деген махаббатын лаулап жанған ыстық оты.

Бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған өркениетті елдер мойындаған тәуелсіз мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік деген - тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы жылдар ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел - Қазақстан. Қазақ халқы ғасырлар бойы талай-талай қиын кезеңдерден өтті. Біздің жеріміздің өткен тарихына үңілсек, кең байтақ жерімізде қаншама қантөгіс, қаншама зорлық, бабаларымыздың қайғы-мұндары кешілді. Ата-бабаларымыз біздің жеріміздің тұтастығын сақтап қалды. Олардың ерлік күші, батылдығы мәңгі біздің жадымызда. Біздің жеріміз кең байтақ жер. Қазақстанның жері бай. Оның шалғынды, кұнарлы жері, табиғаты да ешқандай жермен тең емес. Қазақстан Республикасы табиғатымен қатар, қаншама өнеркәсіп орындары, өндіргіш күштерге бай. Қазақстанда мұнай, газ да, пайдалы қазбалар да өндіріледі. Қазақстан өзінің үлкен арманына жетті. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің көркеюіне бар күшін салуда.

Қорыта келгенде, мен болашақта жақсылықтар болады деп сенемін, себебі біз талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз. «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамай, ел үшін мен не істей аламын?» - деген мақсатты ұстасақ, болашағымыздың кілті өз қолымызда. Сол кілтпен ХХІ ғасырдың дұрыс жаққа қараған қасиетті есігін ашып, азаматы, маңдайы жарқыраған бақытты елі боламыз деп сенемін. Тәуелсіздігіміздің негізгі рухани тірегі - біздің жүрек жұтқан ағаларымыз бен апаларымыз болса, тәуелсіздіктің негізгі кепіл і- біз! Осыны жадымызда ұстасақ, еліміздің болашағы да көркем болары сөзсіз.

Жаңа ғасырға басар қадамымыз сәтті болғай!

Тюлюбаев Жаслан, 8 сынып

Неженка орта мектебі,

мұғалімі Дюсембекова А. Е.
Ұлан –байтақ жерімді,

Ұлан –байтақ елімді.

Қорғап тұрған сенімді –

Ұланымыз қаһарман!

Алғыс алған Отаннан!

Н.Айтов
Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс-тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата- бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

«Отан үшін отқа түс — күймейсің», - деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз! Әрине, біз, кейінгі ұрпақ, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалуда. Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті.

Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не өткермеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.

Ер жігіт үшін ең қымбат сезім Отан қорғау сезімі деп білемін. Тепсе темір үзетін кез келген ер-азамат әскери борышын өтеуге асығады деп ойлаймын.

Қазақстан Қарулы Күштері де өркениет көшінен қалмай, әлемдік стандартқа сай әскери қалашықтарды қалыптастыруға кірісті.

Қазақстан Қарулы Күштері туған Отанының шынайы патриоттары қызмет ететін, өскелең ұрпақ үшін арман болатын, шын мәніндегі беделді және құрметті қызмет болып қала бермек.

Қазақстандықтар өздерінің қорғаны – Қарулы Күштерімен мақтана алады. Мамырдың жетісі – Отан қорғаушылар күні. Бұл - бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бұл - Қарулы Күштер ардагерлерінің және барлық әскери қызметшілердің төл мерекесі. Кең-байтақ Отанымыздың тыныштығын кірпік қақпай күзету, тәуелсіз мемлекетімізді көздің қарашығындай қорғау әрбір қазақстандық үшін зор абырой. Бұл орайда, еліміздің ертеңі болашағы – жастарға, жас ұрпаққа үлкен мәртебе болары анық. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» - деп айқын жазылған. Демек, еліміздің азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскер қызметін атқару барысында бір ғана мақсатты көздейді. Ол – Республика қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылатын қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуға, қазақстандық патриотизмге адал қызмет ету.

Бір-екі жылдан кейін біз де өмірге араласамыз. Өмірдің сан қилы сынақтарынан өтеміз. Қай кезде болсын, менің елім Қазақстанның басқа мемлекеттер алдында мәртебесі биік тұратынына сенім білдіре аламын. Өйткені, бүкіл әлемге достықты паш ететін, ынтымақшыл, бірлікшіл, бейбітшіліктің қамалын берік ұстайтын Қазақстан мемлекетінде біз сияқты ұландар өсіп келеді…

Міне, Қазақстан дамып, өркендеу жолында. Мен де ертеңгі күні ер жетіп, алған жолымнан таймай, өз елімнің білімді азаматы болсам, сол елімнің өркендеуіне шамам келгенше елеулі үлесімді қоссам деймін.

Қай кезде де Отанға деген ыстық сезім баршамыздың қанымызда тулап жатуы тиіс. Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болғай.

Умбетова Мақпал, 9-шы сынып оқушысы

Мамлют қазақ мектеп-интернаты
Мен өзімнің осы шығармамды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келеді: “Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін” - деген болатын. Мен де бұл сөздермен толық келісемін. Елбасымыздың халыққа жолдаған сөздері жадымызда. Ол тек халқы үшін тер төгіп, еңбек етуде. Оның бұл еңбегін болашақ жастары да ұмытпайтынына сенемін.

Міне, бүгінгі таңда еліміз тәуелсіздігін алып отыр. Бұл халқымыз үшін өте маңызды тарихи кезең. Осы жеңісімізге енді 20 жыл толып отыр. 20 жыл ішінде қаншама қыруар жұмыстар атқарылды десеңші... Зәулім-зәулім үйлер, қалалар құрылып, ауылдарда жаңарту жұмыстары жүрді, әлі де тоқтаған жоқ. Жаңа жүз мектеп пен жүз аурухана жобасымен көптеген жұмыстар атқарылды. Тәуелсіз ел болып, көк байрағымызды аспанда желбіретуімізге қаншама ер-азаматтар ат салысты. Тәуелсіздік жолында құрбан болды, елін жан жүрегімен сүйе білді.

Қазақ елі жайдары халық емес пе?!

Жүрегі кең, шат көңілді,

көңілі кең, ақ пейілді...

Егер қазақ патриоты болмаса,

Егер қазақ армиясы болмаса,

Онда дәл осындай болмас еді

Жұртымыз.

Барша жұртымыздың атынан

Қазақ армиясына мың алғыс!!!
Қазақстанның тәуелсіздік жолында қаншама қазақ азаматтары қасық қаны қалғанша шайқасты,үлкен ерлік көрсетті. Өздерінің туған жерінің алдында перзенттік парызын осылайша ақтады. Бірақ бұны сол жерде болып көрмеген адам сезіне алмайды.

Сұрапыл соғыс кезі қандай болғандығын қазақ ақындары болашақ жастардың білуіне үлкен мүмкіндік берді. Ол мүмкіндік ақын, жазушылардың өлеңдері, жырлары болатын. Олардың өлеңдерін оқығанда жандүниең түршігіп, көз алдыңа сол қатыгез соғыс елестейтін. Осындай турашыл, шындықты тайсалмай айта алатын азаматтарды өлім жазасына кесіп отырған. Соған қарамастан ақындардың шығармалары біздің заманымызға жетті.

Ал қазір жаңа заман, жаңа Қазақстан, жаңа қалалар, жаңа үйлер...қаншама жаңа оқиғалар...

Жаңа жасақталған сарбаздар! Қазақстан армиясының рухы жоғары. Ылайым, қазақ елінің әр азаматы өз ішінен «Отан үшін жан пида» деп ант қабылдаса деймін. Ал жүректегі антты ешкім ешқашан бұза алмайды.

1   2   3   4   5   6

Похожие:

Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...

Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, свободная, наша страна смело идёт вперёд, расправив свои гордые плечи,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница