Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы»




Скачать 480.24 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы»
страница1/4
Дата конвертации05.01.2013
Размер480.24 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы
«Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жыл 18 қыркүйектегі кодексінің 155-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5918 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 2010 ж., № 3) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаменті (К.С. Болтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны ресми алғашқы жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

денсаулық сақтау министрі С. ҚАЙЫРБЕКОВА.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2011 жылғы «16» наурыз

№145 бұйрығына

1-қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже Қазақстан Республикасы халқының нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу тәртібі мен кезеңділігін анықтайды.

2. Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру - бұл ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың дамуын, қауіп факторларын, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулер.

3. Скринингтік тексерулер осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жүргізіледі.

4. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - Басқарма):

1) осы Ережеге сәйкес халықтың нысаналы топтарына жыл сайын скринингтік тексерулер жүргізуді;

2) скринингтік тексерулердің электрондық деректер базасын қалыптастыруды;

3) тұрақты жұмыс істейтін скринингтік тексерулерді үйлестіру, мониторингі және талдау жөніндегі жұмысшы топты құруды қамтамасыз етеді.

5. Ересек халықты скринингтік тексерулер мен алдын алулар:

1) қан айналым жүйесінің негізгі ауруларын-артериялық гепертония, ишемиялық жүрек ауруы;

2) ерлер мен әйелдердің арасында қант диабетін;

3) әйелдердің арасында жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісіктерін;

4) әйелдердің арасында сүт бездерінің ісікалды, қатерлі ісіктерін;

5) ерлер мен әйелдердің арасында глаукоманы;

6) ерлер мен әйелдердің арасында жуан және тік ішектің ісікалды, қатерлі ісіктерін ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған.

6. Балаларды скринингтік тексерулер әртүрлі жас кезеңінде, оның ішінде жасөспірімдік кезеңде анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты ауруларды ерте анықтауға және дамуының алдын алуға бағытталған.
2. Халықтың нысаналы топтарын сринингтік тексеру жүргізу тәртібі мен кезеңділігі
7. Скринингтік тексерулер динамикалық бақылаумен және сауықтырумен бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК ұйымдары) көрсететін мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырылады:

1) қала халқы үшін – қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ведомстволық медициналық-санитариялық бөлімдер мен меншік нысанына қарамастан емханалар;

2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, аудандық емханалар, сондай-ақ мобильдік бригадалар (арнайы автокөлік пен темір жол көлігі базасындағы жылжымалы медициналық кешендер (поезд));

8. БМСК ұйымдары:

1) қызмет көрсету аумағындағы тіркелген халықты есепке алуды жүзеге асырады, скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы тобын қалыптастырады;

2) осы тексерулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз етеді;

3) халықты скринингтік тексерулер қажеттілігі туралы ақпарттандырады;

4) амбулаториялық пациенттің медициналық картасына немесе баланың даму тарихына тексеру нәтижелерін енгізе отырып есептік нысандарды толтырады;

5) бекітілген халық денсаулығын нығайту бойынша іс-шараларды әзірлей отырып, жүргізілген скринингтік тексерулердің ай сайынғы талдауын жүргізеді;

6) скринингтік тексерулердің электрондық базасын қалыптастырады және ай сайын аумақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығына жібереді.

9. Әртүрлі жас кезеңіндегі балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер (мамандардың тексеруі, зертханалық және аспаптық зерттеулер) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

10. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерінің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізуді БМСК аумақтық ұйымдарының мамандары мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарының аумағына шыға отырып, жүргізеді.

11. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарының медициналық қызметкері (дәрігер, фельдшер немесе мейірбике) ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін скринингтік тексерулер жүргізуді жүзеге асырады.

12. Ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі балаларды скринингтік тексерулер бекіткен жері бойынша БМСК ұйымдарында жүргізіледі.

13. Балалар үйінде, сәбилер үйінде, мектеп-интернаттарда, мамандандырылған интернаттарда, жеткіншектер үйлерінде скринингтік тексерулер жылына екі рет өткізіледі.

14. Жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға есту бұзылуларын анықтауға скринингтік тексерулер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 тіркелген «Ерте шақтағы балалардың есту бұзылуларының скринингін және диагностикалауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

15. Үш-төрт ай аралығындағы балаларға айғақтары бойынша сан-жамбас буындарының дисплазиясын және жамбастың туа болған шығуын ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.

16. Балалар мен жасөспірімдерді скринингтік тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, жасөспірімдер дәрігері, жалпы практика дәрігері мынадай «денсаулық тобын» анықтай отырып балалардың денсаулық жағдайын кешендік бағалау жүргізеді:

I топ – дені сау балалар;

II топ – дені сау, бірақ функциялық және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторы бар балалар.

III топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;

IV топ - организмінің функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;

V топ - организмінің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар.

17. II, III, IV, V топтарына жататын балалар БМСК мамандарының немесе тиісті бейін мамандарының динамикалық бақылауы мен сауықтыруына жатады.

18. Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер нәтижелері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – 907 бұйрық) бектіліген баланы профилактикалық медициналық тексерудің (скринигтің) (025-07/е нысан) статистикалық картасына енгізіледі.

19. Әрбір балаға скринингтік тексеру нәтижесі бойынша медицина қызметкері денсаулық тобын, физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалауды, көру мен есту жітілігін, дене шынықтыру тобы (негізгі немесе арнайы топ) бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, эпикриз бен қорытындыны ресімдейді.

Балаларды скринингтік тексеру нәтижелері (эпикриз бен қорытындының көшірмелері) міндетті түрде ата-аналарға хабарланады.

20. Әртүрлі жас кезеңіндегі ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер (мамандардың тексеруі, зертханалық және аспаптық зерттеулер) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізудің кезеңділігіне сәйкес жүзеге асырылады.

21. Ауруларының бейіні бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар осы скринингтік тексерулерге жатпайды.

22. Қосымша диагностикалық зерттеулер мен амандардың бейінді тексерулері айғақтар бойынша жүргізіледі.

23. БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексерулердің нәтижелері амбулаториялық пациенттің профилактикалық медициналық тексерудің (скрининг) статистикалық картасына енгізіледі (025-08/е нысан).

24. Скринингтік тексеру аяқталғаннан кейін БМСК ұйымдарының/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерінің дәрігері бейінді мамандардың қорытындысы және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, ересектерді мынадай «динамикалық бақылау топтарына» бөледі:

1) қауіп факторынсыз дені саулар – қандайда бір шақым жасамайтын және анамнезінде және тексеру кезінде созылмалы ауруы, қауіп факторы немесе жекелеген органдары мен жүйелерінің бұзылулары анықталмаған тұлғалар – IА диспансерлік топ (бұдан әрі – Д-IА);

2) қауіп факторы бар дені саулар – бақылауды және профилактикалық араласуды қажет ететін «шекаралық» жағдайындағы, қауіп факторлары анықталған (ағзаның функциялық қызметіне әсер етпейтін артериялық қысым өлшемдерінде және басқа да физиологиялық сипаттамаларында белгіленген норма шегінен аздаған ауытқулары анықталған) тұлғалар – IБ диспансерлік топ (бұдан әрі - Д-IБ);

3) іс жүзінде дені саулар – анемнезінде жіті және соңғы бірнеше жыл бойы қабынусыз келген созылмалы аурулары бар тұлғалар – II диспансерлік топ (бұдан әрі - Д-II);

4) науқастар – емдеуді қажет ететін тұлғалар – III диспансерлік топ (бұдан әрі - Д- III).

25. Дені сау (Д-IА, Д-IБ) және іс жүзінде дені сау ересектерге (Д-II):

Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес кезеңділікке сәйкес БМСК ұйымдарында кейін скринингтік тексерулер жүргізу;

БМСК ұйымдары мен саламатты өмір салты қызметінің салауатты өмір салты кабинеттеріне, бейінді денсаулық мектептерге, темекіге қарсы орталыққа, жастар денсаулығы орталықтарына сауықтыру үшін жіберу ұсынылады.

26. Скринингтік тексерулер барысында анықталған созылмалы аурулары және/немесе жекелеген жіті аурулары бар тұлғалар диспансерлік есепке алынуға және денсаулықтарын нығайту мен қалпына келтіруге бағытталған, кейіннен сауықтыру және де оларға кешенді медициналық, әлеуметтік, денешынықтырулық-сауықтырулық іс-шараларын өтізу арқылы диспансерлік бақылауға жатады.

27. Балалар мен ересектерді скринингтік тексерулер жүргізудің кезеңділігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес Скринингтік тексерулерді жүргізу кезеңділігінің алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Скринингтік тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

28. Аумақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығы тоқсан сайын республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығына (бұдан әрі – РАТО) , салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіне (аудандық, қалалық, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіне), бейінді қызметтер мен Басқармаға скринингтік тексерулер бойынша жиынтық талдауды ұсынады.

29. Басқармаға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) тоқсан сайынғы талдамалық материалдық ұсына отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі бейінді қызметтермен, штаттан тыс мамандармен бірлесіп барлық жүргізілген скринингтік тексерулердің мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.

30. РАТО тоқсан сайын СӨСҚПҰО-на скринингтік тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша шығыс нысандарын және халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеру жүргізуге жауапты басқа бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымдары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұсынады.

31. СӨСҚПҰО Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жиынтық талдамалық тоқсан сайынғы және жылдық қорытынды есептерді ұсына отырып, скринингтік тексерулерді үйлестіруді, әдістемелік сүйемелдеуді, талдауды және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады.

Халықтың нысаналы

топтарын профилактикалық

медициналық тексеру

жүргізу ережесіне

1-қосымша

Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізудің кезеңділігі

Педиатр Хирург Оторин Невро Стом Офта Эндо Хирург Педа Жалпы Қандағы Жалпы Ішек Артер ЭКГ Флюор

(жасөспі (орто оларинг лог атол льмо крин / уролог гог қан қантты зәр құрты иялық ограф

рімдер пед) олог ог лог олог (жеткін -психо анализі тексеру анализі на қысы ия

отбасы шектер) лог алына мды

дәрігері/ тын өлшеу

жалпы нәжіс

практика

дәрігері)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

1 жасқа дейін – туған кезде дене салмағы кемінде 1500 г шала туған балалар

+ (ай + + + + +

сайын) (1, 3, 6 (3 ( 1, 3, (3 (3, 6

айда) айда) 6 айда) айда) айда)

1 жасқа дейін (дене салмағы 1500 г артық )

+ (ай + + + + +

сайын)

1 жас

+ (3 + + + + + + +

айда 1

рет)

2 жас

+ (3 айда + + +

1 рет)

3 жас

+ (жылы- + + + + +

На 2 рет)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

4 жас

+ +

5 жас

+ + +

6 жас (мектепке дейінгі)

+ + + + + + + + + + +

7 жас (1 - сынып)

+ + + +

8 жас (2 - сынып)

+ + +

9 жас (3 - сынып)

+ + +
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігігің бұйрығы 2011 жылғы 5 қантар №18, Астана қаласы «Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанында көмек көрсету ережесін бекіту туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы №793 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2010 жылғы 3 тамыз №587 Астана қаласы Темір жол көлігі объектілеріне және
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconХалықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 21-бабына...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №697 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізу ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №736 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» iconҚазақстан Республикасында медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы n 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница