Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы
Дата конвертации10.11.2012
Размер93.4 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.04.2012 15:46:53
Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 Қаулысы

(2011.19.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Сауықтыру жөніндегі кеңес құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2011.19.11. № 1355 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 17 маусымдағы

660 қаулысымен

құрылған

 

 

Сауықтыру жөніндегі кеңестің

құрамы

 

Мәсімов

Кәрім Қажымқанұлы

 

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

 

Орынбаев

Ербол Тұрмаханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

 

Шоқпытов

Андар Мәулешұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

 

Ермегияев

Талғат Амангелдіұлы

 

- Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрі

 

Жәмішев

Болат Бидахметұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

Жұмағалиев

Асқар Қуанышұлы

 

- Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі

 

Жұмағұлов

Бақытжан Тұрсынұлы

 

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

Камалиев

Берік Сайлауұлы

 

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

 

Келімбетов

Қайрат Нематұлы

 

- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі

 

Қайырбекова

Салидат Зекенқызы

 

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Мамытбеков

Асылжан Сарыбайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Есенбаев

Мәжит Төлеубекұлы

 

- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы

Нокин

Серік Кеңесұлы

 

- Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы

Тәжияқов

Бисенғали Тамғалиұлы

 

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Pay

Альберт Павлович

 

- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Аханов

Серік Ахметжанұлы

 

- Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Баталов

Райымбек Әнуарұлы

 

- «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Ошақбаев

Рахым Сәкенұлы

 

- «Қазақстан экономистері қауымдастығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Оразғұлов

Расұл Қабдоллаұлы

 

- «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары (келісім бойынша)

Мырзахметов

Абылай Исабекұлы

- «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 17 маусымдағы

660 қаулысымен

бекітілген

 

 

Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Сауықтыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

 

3. Кеңестің міндеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушыларын анықтау болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2011.19.11. № 1355 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы міндетті орындау үшін Кеңес:

2) Жұмыс органы жасақтаған әлеуетті қатысушылардың деректерін, оның ішінде әлеуетті қатысушылардың сауықтыру жоспарларын қарайды;

3) әрбір әлеуетті қатысушы бойынша қорытынды дайындайды;

4) мынадай:

Жұмыс органына кредиторлардың кәсіпорынды банкрот деп тану туралы талап арыз беруіне мораторий енгізу туралы сот шешімі ұсынылмаған жағдайда;

Бағдарламаға қатысушылардың сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингі барысында мүдделі тараптардың сауықтыру жоспарын орындамағаны не сауықтыру жоспарының нәтижелеріне қол жеткізілмегені анықталған жағдайда қатысушыларды Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдайды;

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос ақшаны екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруы үшін олардың кәсіпорындарды сауықтыруға қатысу дәрежесі жөнінде ұсынымдар береді;

6) Бағдарламада туындайтын өзге де функцияларды орындайды.

5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдармен, орта және ірі кәсіпкерлік саласындағы республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.

 

 

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

8. Кеңестің жұмыс органы:

1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

3) Кеңес мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;

4) Бағдарламадан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.

Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.

10. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.

12. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.

13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.

14. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.

15. Кеңестің отырыстарына Кеңестің мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

 

 

4. Кеңестің қызметін тоқтату

 

16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.

 

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconАқмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің Қаулысы есіл қ. №2012 жыл 2012 жылдың 23 ақпанындағы
Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1722 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 31 желтоқсан №1745 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы №1373 қаулысы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 40-2-бабына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1736 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы icon«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница