17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы




Скачать 195.77 Kb.
Название17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы
Дата конвертации06.01.2013
Размер195.77 Kb.
ТипДокументы
Анықтама
2010 жылдың екінші жартыжылдығында Атырау облысы соттарымен қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолдану сот тәжірибесіне жүргізілген талдау бойынша
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы
Атырау облыстық сотының 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жоспарына сәйкес 2010 жылдың екінші жартыжылдығында Атырау облысы соттарымен қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолдану сот тәжірибесіне талдау жүргізілді.

Талдаудың мақсаты –қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолданудағы сот тәжірибесін анықтау болып табылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу

құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлім жазасы қолдануы мүмкін.

Қылмыстық істерді қарау жайлы дерегін анықтауда Атырау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп орталығының мәліметтері пайдаланылды.

Аталған органның дерегі бойынша 2010 жылдың 2-ші жартыжылдығында облыстық аудандық және оған теңестірілген соттарында барлық санаттағы қылмыстармен 593 адам сотталған, оның 48 адамы, яғни 8,09% аса ауыр қылмыстарды, 232 адамы 39,1% ауыр қылмыстарды, 159 адамы 26,8% орташа қылмыстарды, 154 адамы 25,9% онша ауыр емес қылмыстарды құраған.

2009 жылдың 2-ші жартыжылдығында облыстық аудандық және оған теңестірілген соттарында барлық санаттағы қылмыстармен 657 адам сотталған, оның 34 адамы, яғни 5,2% аса ауыр қылмыстарды, 232 адамы 35,3% ауыр қылмыстарды, 197 адамы 29,9% орташа қылмыстарды, 194 адамы 29,5% онша ауыр емес қылмыстарды құраған.

Сотталған адамдардың саны 9,7 % азайған, бірақ аса ауыр қылмыс жасаған адамның саны 29,1 % өскен, ал ауыр қылмыстар бірқалыпта, бірақ орташа қылмыстар мен онша ауыр қылмыстардың саны 19,2 % азайған.

2009-2010 жылдарда облыс соттарында барлық санаттағы қылмыстармен тағайындалған жазалар төмендегідей:


Аса ауыр

қылмыстармен

Бас бостандығынан айыру

Шартты жаза

айыппұл

Қоғамдық жұмыстарға тарту

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт.

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

34

48

34

48

-

-

-

-

-

-

5,17%

8,5%

100%

100%



















Яғни, 2010 жылдың 2 жартыжылдығын өткен жылдың есептік мезгілімен салыстырғанда аса ауыр санаттағы қылмыстармен сотталған адамдардың саны, соның ішінде бас бостандығынан айырумен жазаланған адам 14-ке көбейген. Сонымен қатар, аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға 100% бас бостандығынан айыру жаза тағайындалған.


Ауыр

қылмыстармен

Бас бостандығынан айыру

Шартты жаза

айыппұл

Қоғамдық жұмыстарға тарту

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт.

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

232

232

152

147

77

78

2

6

2

-

35,3%

39%

65,5%

63,3%

33,2%

33,6

0,8%

2,5%

0,8%

-


Яғни, 2010 жылдың 2 жартыжылдығы мен 2009 жылдың 2 жыртыжылдығымен салыстырғанда шартты жаза қолдануы бірқалыпта, 33,6 пайыз құрайды (2009ж.2ж.-33,2 пайыз), ал айыппұл тағайындалуы 1,7 пайызға көбейген, қоғамдық жұмысқа тарту жазасы 2010 жылдың 2 жартыжылдығында мүлдем қолданылмаған, 2009 жылы- 0,8 пайыз болған.


орташа

қылмыстармен

Бас бостандығын шектеу

Шартты жаза

айыппұл

Қоғамдық жұмыстарға тарту

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт.

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

197

159

6

18

97

68

16

16

2

8

29,9%

26,8

3%

11,3%

49,2%

42,7

8,1%

10%

1%

5%


2010 жылдың 2 жартыжылдығында орташа қылмыстар жасаған адамдарға бас бостандығынан айырмау жазалардан шартты жаза жиі қолданылған, бас бостандығын шектеу жаза – 8,3 %, қоғамдық жұмысқа тарту- 5 %, ал айыппұл - 2% өскені көрінеді.


онша ауыр емес

қылмыстармен

Бас бостандығын шектеу

Шартты жаза

айыппұл

Қоғамдық жұмыстарға тарту

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт.

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

2009

2 жарт.

2010

2 жарт

194

154

1

3

51

25

66

83

40

32

29,5%

25,9

0,5%

0,5%

26,2%

16,2

34%

53,8%

20,6

20,7


2010 жылдың 2 жартыжылдығында онша ауыр емес қылмыстар бойынша айыппұл жаза қолдануы 53,8 % болған, бас бостандығынан айырмау жазаларда былтырғы жылмен салыстырған жағдайда ешқандай өзгеріс жоқ, бұл жазалардың қолдануы бірқалыпта, тек қана шартты жаза мен айыппұл жазаның қолдануы 10 пайызға өскен.

2009-2010 жылдардың 2 жартыжылдығында аудандық және оған теңістірілген соттарда қылмыс жасаған адамдарға жаза тағайындау тәжірибесі туралы кесте : (қоса тіркелді).

Ауыр санаттағы қылмыстар бойынша 42 адамға шартты жаза және 3 адамға айыппұл жазасы ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін тағайындалған, шартты жаза 8 адамға- ҚК-нің 176-бабының 2,3-бөліктермен, 6 адамдардан- ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен және 192-бабының 2,3-бөліктерімен, 4- адамға- ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігімен және ҚК-нің 177-бабының 2,3-бөліктерімен.

Орташа санаттағы қылмыстар жасаған адамдарға соттардың жиі қолданған жазасы- шартты жаза:

27 адам (33 адам- 2009ж.2ж.) – ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігімен,

11адам (11 адам) – ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен,

7 адам (3 адам) – ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігімен,

4 адам ( 0 адам) – ҚК-нің 245-бабы мен 183-бабының 2-бөлігімен.

Сонымен қатар, 4 адамға қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен жасаған қылмыс үшін қолданылған.

Онша ауыр емес санаттағы қылмыстар бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 21 адамға (28 адам- 2009ж.2ж.) ҚК-нің 182 бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін, 5 адамға (5 адам)- ҚК-нің 257-бабының 1-бөлігімен, 4 адамға (6 адам)- ҚК-нің 105 бабы бойынша.

1 адамға – ҚК-нің 257-бабының 1-бөлімен- түзеу жұмыстары тағайындалған.

ҚК-нің 105-бабы, ҚК-нің 183-бабы және 190-бабы, ҚК-нің 316 бабымен кінәлі деп танылған адамдардан - 1 адамнан қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс қысқартылған.

Аудандық және оған теңестірілген соттармен қаралған қылмыстық істердің кестесі төмендегідей.



Соттар

Барлық сотталғандар саны


Аса ауыр санаттағы қылмыс

Ауыр санаттағы қылмыс

Орташа санаттағы қылмыс

Онша ауыр санаттағы қылмыс

2009ж

2-ші жарт. жылд.

2010ж

2-ші жарт. жылд.

2009ж

2-ші жарт. жылд.

2010ж

2-ші жарт. жылд.

2009ж

2-ші жарт. жылд.

2010ж

2-ші жарт. жылд.

2009ж

2-ші жарт. жылд.

2010ж

2-ші жарт. жылд.

2009ж

2-ші жарт. жылд.

2010ж

2-ші жарт. жылд.

Атырау обл соты

11

-

6

-

5

-

-

-

-

-

Атырау қ/қ соты

290

-

20

-

131

-

95

-

44

-

Атырау қ/қ №2 соты

98

330

3

-

35

158

23

90

37

82

Жылыой ауд соты

66

55

1

-

16

18

26

17

23

20

Индер ауд соты

19

27

-

-

6

7

3

3

10

17

Исатай ауд соты

32

17

-

-

1

1

3

7

28

9

Құрманғазы ауд соты

62

46

-

-

11

11

20

25

31

10

Қызылқоға ауд соты

23

12

-

-

11

7

10

2

2

3

Мақат ауд соты

30

33

3

-

12

15

9

11

6

7

Махамбет ауд соты

26

12

1

-

4

4

8

2

13

6

Қылмыстық сот

-

61

-

48

-

11

-

2

-

-

Барлығы:

657

593

34

48

232

232

197

159

194

154


Апелляциялық сот алқасында 2010 жылдың 2 жартыжылдығында 222 адамға қатысты қылмыстық іс қаралып (2009 жылдың 2 жарт.-175 адам, өзгертілген -2 адамға қатысты), 212 адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалған, 4 адамға қатысты- үкім өзгертілген, бірақ бас бостандығынан айырмау туралы жазаны өзгерту жөнінде қаулы қабылданбаған.

Атап айтатындай, есепті мерзімде ауыр санаттағы қылмыс жасаған 78 адамның, яғни 33,6% ҚК-нің 63-бабы қолданылған. Оларды зерделей отырып, соттардың ауыр санаттағы қылмыс жасағандарға ҚК-нің 63-бабын қолдану кезінде сотталушының жеке басының мәліметтерін, атап айтқанда денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтер мен оның отбасы жағдайын жан-жақты, толық және объективті түрде тексеру арқылы қолданыстағы заң мен соған сәйкес қабылданған нормативтік қаулылардың талаптарын сақтай отырып белгілейтіндігі анықталды.

Мысалы, Атырау қаласының №2 сотының 8 қыркүйек 2010 жылғы үкімімен Джексенов Махамбет Кудайбергенович Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 176-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен және 314-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен – 5 (бес жыл) мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 (бес) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруға, ҚК-нің 314-бабының 1-бөлігімен – 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға , ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде қатандығы жеңілірек жазаны не ғурлым қатан жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, 5 (бес) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруға, ҚК-нiң 63-бабын қолдану арқылы тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 3 (үш) жыл сынақ мерзiмін белгіленген.

Сотталушы Джексенов Махамбетке жаза тағайындау кезінде бірінші сатыдағы сот оның бұрын сотталмағанын, жанұялы екенін, тәрбиесі мен асырауында кәмелет жасқа толмаған бір баласы бар екенін ескерген.

Сонымен қатар, ауыр қылмыс жасаған адамға, ҚК-нің 72-бабы негізінде сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін бір жылға дейін кейінге қалдырып және жас балалары бар сотталған әйелдердің жазасын орындауды сот бала он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырған, бұл адамның саны-7, былтыр да 7 адам болған.

Үкімнің орындауын кейінге қалдыру алаяқтық және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап еткен әйелдерге қолданылған.

Мысалы, Атырау қалалық №2 сотының 2010 жылдың 07 шілдесіндегі үкіммен Мунгатова Звайра Кайрлиевна Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 176 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен айыпты деп танылып, ол осы бап бойынша 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жеке өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 3 (үш) жыл мерзімге материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыруға сотталған, жаза өтеу орны ретінде түзеу колониясының жалпы режимі белгіленген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72 бабын қолданып, 2000 жылдың 01 қыркүйек күні туылған Мунгатов Мейрлан Нурбекович он төрт жасқа толғанға дейін сотталушы Мунгатова Звайраға тағайындалған жаза кейінге қалдырылған.

Мунгатова Звайра өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдаланып бірнеше рет ірі мөлшерде ұрлап, иеленіп алу қылмыстық әрекеттерін жасаған.Атап айтқанда, «Дана сауда үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 093 087 теңге мөлшерінде мүліктік залал және «Прогресс-Торг» ЖШС-не жалпы құны 492 064 теңге материалдық залал келтірген.
Апелляциялық алқаның ауыр санаттағы қылмыс жасағандарға ҚК-нің 63-бабын қолдану тәжірибесі жөнінде:

Ауыр санатағы қылмыс жасағандарға 2010 жылдың 2 жыртыжылдығында апелляциялық алқада 1 адамға ҚК-нің 63-бабы, яғни соттаудың шартты түрі қолданылған.

Апелляциялық алқа ауыр санаттағы қылмыс жасағандарға бірінші саты сотымен белгіленген бас бостандығынан айыру жазасын апелляциялық шағым мен прокурордың наразылығының негізінде жан-жақты зерделей отырып, үкім қабылдаған соттың ескермеген сотталғанның жеке басының, отбасылық немесе жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайларды объективті түрде зерттеп, тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы қабылдаған.

Атап айтқанда, Мақат аудандық сотының 7 қырқүйек 2010 жылғы үкімімен Жумашев Нурлан Мерекеханович ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, кәсіпкерлік қызметінен айналысу құқығынан 3/үш/ жыл мерзімге айырып, ҚК-нің 55-бабын қолданып, 3/үш/ жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған.

Сот үкімімен Н.Жұмашев кінәлі деп танылып, ол «АРУ-Строй»ЖШС-нің басшысы бола тура 2006 жылы КТЖ» ҰҚ АҚ-мен ұйымдастырылған тендерді ұтып, 12 қазан 2006 жылы «АРУ-Строй»ЖШС-гі мен «КТЖ» ҰҚ АҚ-ның «Жобалау және күрделі жөндеу дирекциясымен» қызмет құнының жалпы сомасы 34 188 250 теңге болатын 20 қаңтар 2007 жылғы мерзімге дейін Атырау облысы Мақат аудандары Ескене бекетінің монтерлық бөлімшелерінің айналасын металмен қоршау және гаражі бар мантерлық бөлімшені жылыту буткасын қондыру, табельдік сауықтыру орталығының ғимарат құрлысының салу туралы келісім шарт жасалған. Ауа райының жағдайы және жоспарды жергілікті әкімшілік, жобалаушы және тапсырыс берушімен қайта жасақтауға келісуге байланысты шарт мерзімі 2007 жылдың 20 шілде айына дейін ұзартылған. «КТЖ» ҰҚ АҚ-ның 18 қазан 2007 жылы «АРУ-Строй»ЖШС-нің есеп шотына 8 605 108теңге сомасында қаржылай ақша аудару негізінде осы жылдың қыркүйек айында Н.Жұмашев тапсырыстың 9 924 767 теңге жұмыстың жасалған орындалған бөлігін тапсырды. 2007 жылы желтоқсан айында Жұмашев объектінің құрылыс жұмыстарының аяқталғандығы және қолдануға беруге дайындығы туралы №2 және №3 формаларының жалған актілерін жасақтап, оған жалған ақпараттар енгізген. Алайда, Атырау облысы Мақат ауданы Ескене бекетіндегі құрылыс толықтай аяқталмаған. Н.Жұмашевтың жасақтаған жалған №2 және №3 формаларының актілерінің негізінде 2008 жылдың 5 наурызында «КТЖ» ҰҚ АҚ-мен «АРУ-Строй» ЖШС-нің есеп шотына 21 569 600 тенге сомасында қаржылай ақша аударылған. Осымен Жумашев мемлекеттің қаржылай ақшасын ұрлап, осы уақытқа дейін аталған мекеменің құрылысы аяқтамай, объектіні қолданылуға бермеген.

2010 жылдың 18 ақпанындағы №0174 санды сот-құрылыстық сараптамасына сәйкес объектіде толық жасалған құрылыстық-монтаждық жұмыстар 27 084 929 теңгеге бағаланады.

«КТЖ» ҰК АҚ-нан «АРУ-Строй»ЖШС-нің есеп шотына 30 174 708 теңге сомасында қаржылай ақша аударған, ал объектіде жасалған жұмыс 27 084 929 теңгеге жасалып, «АРУ-Строй»ЖШС-нің басшысы Н.Жұмашевтың заңсыз іс-әрекеттерінен «КТЖ» ҰК АҚ-ы арқылы мемлекетке барлығы 3 089 779 теңге материалдық залал келтірілген.

Сотталған Н.Жумашев апелляциялық шағым келтіріп, үкімнің жаза тағайындау бөлігімен келіспейтінін көрсетіп, бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Алқа сот үкімінің сотталушының жасаған әрекетін дұрыс дәрежелеген деп тауып, алайда, бірінші саты сот сотталушы Н.Жумашевқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындау барысында төмендегі мән-жайды ескермеген деп санаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 нормативтік қаулысының 3-тармақшасында, соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын. Еңбекке қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді анықтау керек.

Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейін, соттар ҚК-нің 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қаңдай әсер ететінін ескеруі керек.

Іс құжаттарынан көрінгендей, Н.Жумашев жалғыз өзі жұмыс жасайтыны, бір баласының мүгедек екені байқалады.

Осы жағдайларды ескеріп, алқа Н.Жумашевқа ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп санап, 2 жыл сынақ мерзімін белгіледі.

Талдау соттардың аса ауыр санаттағы қылмыс жасағандарға бас бостандығынан айырудан тыс жазаларды қолданбағанын, ал ауыр санаттағы қылмыс жасағандарға заңның талабына сай, соттаудың шартты түрін, жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру, орташа қылмыс жасағандарға - шартты жаза, айыппұл мен бас бостандығын шектеу, ал онша ауыр емес қылмыс жасағандарға – айыппұл мен қоғамдық жұмыстарға тарту жазаларды қылмыстық заң мен соған сәйкес қабылданған нормативтік қаулылардың талаптарын қатаң ескере отырып тағайындағанын көрсетті.

Яғни, Атырау облысының соттарында ауыр, орташа қылмыстар және онша ауыр емес қылмыс жасаған кінәлілерге бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындау бірқалыпты сот тәжірибесі қалыптасқан деп айтуға болады.

Сондықтан осы мәселе бойынша қаңдайда бір қиындықтар мен түсініспеушілік сот тәжірибесінде туындамаған деген тұжырым жасалады.

Сот тәжірибесінде анықталған кемшіліктер мен қателіктердің сот әділдігін жүзеге асыру сапасына әсері бар екендігін назарға ала отырып, шолу қорытындысын барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға талқылау үшін жолдау ұсынылады.

Атырау облыстық

сотының судьясы Р.З.Аққұлова

Похожие:

17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы iconҚантар 1, 2 қантар Жаңа жыл 9 қантар Қосжан Мүсіреповтің туғанына 80 жыл. 12 қантар Д. Конаевтің туғанына 100 жыл 17 қантар Энгельс Ғаббосовтің туғанына 75 жыл 29 қантар Жумағали Саинның туғанына 100 жыл
Жазушы, профессор, биология ғылымдарының докторы П. М. Мариковскийдің туғанына 100 жыл
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы iconАтырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл
Улысымен «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі» болып құрылып, облыс әкімиятының 2006 жылдың 14 қаңтардағы...
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы iconҚаралатын орны : Атырау облыстық соты, Бөкен би залы Қаралатын күні: 11 сәуір 2011 жыл
«Жер ресурстары мен жер құрылысының мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының» Атырау еншілес кәсіпорны
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы iconСемей қаласы аумағының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұНЫ

17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы iconҚызмет көрсету атауы
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 15 орналасқан Атырау облысы бойынша Қазынашылық Департаменті Мемлекеттік сатып алуды жүргізуде баға...
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы icon-
Е. Шпановтың 2011 жылғы 14 қазандағы Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен өткізілетін
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы iconАтырау халықаралық әуежайы АҚ, 060011, Атырау қаласы, әуежай
Тс-1 реакторлық отынды сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетіндегі туралы хабарлайды
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы icon«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, 060011, Атырау қаласы, әуежай
Тауарларды жеткізудің талап етілетін көлемі, орны және мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы icon3. Press tenders рк (Казахстан), №0 (0), 03. 02. 2011 г. Ао «Атырау тэц»
Ао «Атырау тэц» 22 февраля 2011 года проводит открытый тендер среди потенциальных поставщиков по закупу товаров и услуг на 2011 год...
17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы icon2010-2014 жылдарға арналған Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімнің стратегиялық жоспары Атырау 2009 жыл Мазмұны
Міндет және пайым
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница