БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




НазваниеБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница1/5
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.7 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Бекітілді

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Басқармасының Төрайымы Наурызбаева Н.С.

2012 жылғы «03» ақпанда №47 шешім

 

 

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

Тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91, СТН 600 700 525 207, ЖСК KZ8497297228670000BV, БСК HCSKKZKA, БСН 030 740 001 404, өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың электронды мекенжайы: www.hcsbk.kz

 

Тапсырыс беруші өкілі – Басқарма Төрайымының орынбасары – Егеубаева С.А. байланыс телефоны +7 (727) 279-35-11, электронды пошта мекенжайы s_yegeubayeva@hcsbk.kz

 

Сатып алуды ұйымдастырушы - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Әкімшілік департаментінің Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91.

 

Сатып алуды ұйымдастырушы өкілі - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасының бастығы Мендыханов Е.Г., байланыс телефоны +7 (727) 279-35-11 (ішкі 181), электронды пошта мекенжайы mendykhanov_e@hcsbk.kz

 

Конкурстық құжаттама құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

  

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ үшін БАҚ-та орналастыруға мақалалар дайындау қызметтері (бұдан әрі – Қызметтер) бойынша жеткізіп берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.

2. Мемлекеттік сатып алулар бойынша аталған конкурсқа бөлінген сома 1 000 000,00 (бір миллион) теңгені құрайды, соның ішінде лоттар бойынша:

Лот №1 – 526 315,60 (бес жүз жиырма алты мың үш жүз он бес) теңге 60 тиын;

Лот №2 – 473 684,40 (төрт жүз жетпіс үш мың алты жүз сексен төрт) теңге 40 тиын.

Төлем ай сайын Орындаушы төлемге дұрыс шот, нақты көрсетілген қызметтерге шот-фактура бергеннен кейін көрсетілген қызметтер құнының сомасына көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актілеріне қол қойылған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде жүзеге асырылады.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттаманың №1 қосымшасына сай сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

2) осы конкурстық құжаттаманың №2 қосымшасына сай техникалық ерекшелік кіретін, сатып алынатын қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;

3) осы конкурстық құжаттаманың №3 және №4 қосымшаларына сай заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің нысандары;

4) осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сай қызметтер көрсету үшін әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы мәліметтердің нысаны;

5) әрбір белгінің пайыздық мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті белгілер тізбесі;

6) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны (Банктік кепілдеме);

7) осы конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасына сай берешектік жоқтығы туралы анықтама нысаны;

8) осы конкурстық құжаттаманың №8 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны (Банктік кепілдеме);

9) осы конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт;

10) осы конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасына сай конкурста сатып алу мәні болып табылатын ортақ орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізіп берушінің ортақ орындаушыларға беретін қызмет түрлері нысаны;

11) осы конкурстық құжаттаманың №10 қосымшасына сай нысандағы бағалар кестесі.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға арналған өтініммен қоса қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілді ақшалай жарнасы, СТН 600 700 525 207, БСК HCSKKZKA, ЖСК KZ8497297228670000BV;

2) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай банктік кепілдеме.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс

5. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн. Қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қысқа конкурстық өтінім қабылданбайды.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізіп берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

 6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп беруші 2012 жылғы «02» наурызға 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұраныспен жүгінуге құқылы. Әлеуетті жеткізіп берушілердің сұраныстарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, Сатып алу басқармасы, 1009 кабинет.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұраныстың кімнен келіп түскенін көрсетпей:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «07» наурызға 18 сағат 00 минуттан кешіктірілмеген мерзімде өзінің бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізіп берушінің сұранысына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен рәсімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті жеткізіп берушілерге жібереді. Мұндайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің ақырғы мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті жеткізіп берушілердің ескеруі үшін он күнтізбелік күннен кем емес мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті жеткізіп берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2012 жылғы «02» наурызда 11 сағат 00 минутта Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 кабинетте кездесу өткізеді.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда көздері көрсетілмеген әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы берілген сұраныстары, сондай-ақ осы сұраныстарға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті жеткізіп берушілерге конкурстық құжаттама алған әлеуетті жеткізіп берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

 

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті жеткізіп берушілердің беруі

 

3.1. Конкурсқа қатысуға өтінім

 11. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізіп беруші осы конкурстық құжаттаманың №3 және №4 қосымшаларына сай толтырған және қол қойған өтінім;

2) әлеуетті жеткізіп берушінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігінің дәлелі ретінде беретін құжаттарының тізбесі:

- құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

- заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариат куәландырған көшірмесін беруі тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариат куәландырған, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді беруі тиіс;

- әлеуетті жеткізіп берушінің қызмет көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінімнің нотариат куәландырған көшірмесі;

- құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариат куәландырған үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариат куәландырған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттар:

- осы конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасына сай әлеуетті жеткізіп берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізіп берушінің Банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сай банк алдында анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізіп беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілуі тиіс;

- бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесін беруге болады;

- үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

Әлеуетті жеткізіп беруші төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резидентінің банктік кепілдемесі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету беру арқылы растауға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді.

Сонымен қатар әлеуетті жеткізіп беруші өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін төмендегі құжаттардың бірін беру арқылы растауға құқылы:

- халықаралық рейтинг ұйымының әлеуетті жеткізіп берушіге рейтинг беруін растайтын құжат;

- қор не тауар биржасынан әлеуетті жеткізіп берушіні биржаның ресми листингіне қосу туралы үзінді;

3) әлеуетті жеткізіп берушінің және (немесе) оның ортақ орындаушыларының арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

- әлеуетті жеткізіп берушінің және оның ортақ орындаушыларының осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетілген арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.

Әлеуетті жеткізіп беруші ортақ орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын ортақ орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беруі тиіс;

осы конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасына сай конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсетудың ортақ орындаушылары туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізіп берушінің қызмет көлемінің жинап келгенде үштен екісінен астамын ортақ орындаушыларға ортақ орындауға беруге тыйым салу талабы;

4) қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, қызметтерді көрсету мерзімдері, сапа кепілдіктерін беру, қызмет көрсету талаптары мен кестесі (әдістері) сипатталған техникалық ерекшелік;

5) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай банктік кепілдеме не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) әлеуетті жеткізіп берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізіп берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат;

7) әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Әлеуетті жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті беретін құжаттар не конкурстық құжаттама тіліне нотариат куәландырған аудармасымен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтері бар құжаттар беріледі.
  1   2   3   4   5

Похожие:

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЖарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Жарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница