БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




НазваниеБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница3/5
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.7 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын рәсімдеуі

36. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізіп берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде рәсімделеді

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізіп беруші қол қойып, мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті жеткізіп берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе толықтырулар болмауы тиіс;

3) отандық әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуі тиіс.

37. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: «БАҚ-ТА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН МАҚАЛАЛАР ДАЙЫНДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС - КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫ – 2012 ЖЫЛҒЫ «____» ___________ АЛМАТЫ УАҚЫТЫМЕН «____» САҒАТ «____» МИНУТҚА ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының біреуден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне де, конкурстық баға ұсынысын қайтарып алуына не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуіне де жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық

комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

38. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

- конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерін оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

- конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронология тәртібімен жария етеді;

- конкурстық комиссия хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

39. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілім жасау құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуі тиіс.

41. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - теңгеге конкурстық баға ұсыныстарын (конкурсқа қатысушыларды) бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша аударады.

42. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен жұмыстарды осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген белгілердің пайыздық мәнін олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

43. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен қызметті мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама рәсімдейді. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жеткізіп берушінің жазбаша сұранысын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде беруге міндетті.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

 45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі біткенге дейін қайтарып алуы;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қолдың қойылуы. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізіп берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қолдың қойылуы. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі;

5) әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімінің бітуі.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда қайтармайды:

1) әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің ақырғы мерзімі біткен соң конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алуы не өзгертуі және (немесе) толықтыруы;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізіп берушінің өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде бермеуі не кері қайтарып алуы;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізіп берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтаруы.

 

9. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 47. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және осы конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасына сай қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

48. Тапсырыс беруші жеткізіп беруші шарт бойынша міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеткізіп берушіге қайтарады.

49. Заңның 37-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасау туралы ережелерді қамтуы тиіс.

50. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

51. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды, қызметтерді жеткізіп берушілермен шарт тауар жеткізгені, жұмыс орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала төлем және толық ақы төлеу талабын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық төлем мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

52. Егер әлеуетті жеткізіп беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасап, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарды деп саналады.

53. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:

1) ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға береді және мұндай әлеуетті жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың тиянақсыз қатысушысы деп тану туралы шағыммен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтару арқылы келтірілген шығындарды өтеу туралы шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.




10. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер жасалатын және берілетін тілге қойылатын талаптар

54. Әлеуетті жеткізіп беруші дайындаған конкурсқа қатысуға арналған өтінім, сондай-ақ өтінімге қатысты бүкіл хат-хабар мен құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілде жасалады және беріледі. Мұндайда, өтінім конкурстық құжаттама тіліне нотариат куәландырған тура аудармасы тіркелген жағдайда басқа тілде жасалған құжаттарды қамти алады және бұл жағдайда аударма басымдылыққа ие болады.
11. Әлеуетті жеткізіп берушінің баға ұсынысы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар және баға ұсыныстарын салыстыру мен бағалау мақсатында ортақ валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам

55. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті жеткізіп берушінің баға ұсынысы теңгемен берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жеткізіп беруші баға ұсынысын басқа валютада беруіне болады.

56. Конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары түрлі валютада берілсе, олар бағалау және салыстыру үшін баға ұсыныстары бар конверттер ашылған күндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шетелдік валюталарға белгілеген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгеге ауыстырылады.





Аты-жөні

Қолы

Күні

Конкурстық комиссия төрайымы – Басқарма Төрайымының орынбасары


Егеубаева С.А.


______________


______________


Конкурстық комиссия төрайымының орынбасары – Жарнама және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры


Цой Е.В.


______________


_____________






Аты-жөні

Қолы

Күні

Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасының бастығы


Мендыханов Е.Г.


______________


______________


Жарнама және жұртшылықпен байланыс департаментінің 1-санатты маманы



Иминова З.А.



______________



______________


Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті Банкішілік операцияларды есепке алу басқармасының бастығы


Сарсенбекова Ж.Т.


______________


______________


Жоспарлау және бақылау департаменті Бақылау басқармасының 1-санатты маманы



Сорокина М.С.



______________



______________


Заң департаменті Банктің әкімшілік қызметін құқықтық сүйемелдеу басқармасының 1-санатты маманы


Югай И.В.


______________


______________


Конкурстық комиссия хатшысы

Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасының 1-санатты маманы


Иманбердиев А.С.


______________


______________



Конкурстық құжаттаманың №1 қосымшасы

Сатып алынатын қызметтердің тізбесі

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс

 

Лот



Тапсырыс

берушінің

атауы

Қызметтің

Атауы*

Өлшем

бірлігі

Саны,

көлемі

Жеткізу талаптары

(ИНКОТЕРМС

2000 сәйкес)

Қызметтер

көрсету

мерзімі

Қызметтер

көрсету

орны

Аванстық

төлем мөлшері,

%

Конкурс тәсілімен

мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

БАҚ-та орналастыру үшін кейіннен мемлекеттік тілге аудару және бейімдеумен орыс тілінде мақалалар дайындау қызметтері БАҚ-та орналастыру үшін мемлекеттік тілде мақалалар дайындау қызметтері

Қызмет

Қызмет


1
1

-

Шартқа қол қойылған күннен бастап міндеттемелерді толық орындағанға дейін


Алматы қ.

0

526 315,60 теңге.

473 684,40 теңге.


1   2   3   4   5

Похожие:

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЖарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Жарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница