БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




НазваниеБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница4/5
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.7 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5


* Қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

 

Әкімшілік департаменті

Сатып алу басқармасының бастығы

Басқарма Төрайымының м.а.



_____________________ / Е. Мендыханов
Күні______________ 


_____________________ / Алтынсақа Н.Қ.
Күні______________
М.О.



Конкурстық құжаттаманың №2 қосымшасы

 

Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі.

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс


Лот

Лот атауы

Қызметтердің сипаттамасын талап ететін

қызметтер сипаты

1

БАҚ-та орналастыру үшін кейіннен мемлекеттік тілге аудару және бейімдеумен орыс тілінде мақалалар дайындау қызметтері

Лот №1 - БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау

Жалпы саны – кейіннен мемлекеттік тілге аудару және бейімдеумен орыс тіліндегі 34 мақала;

Бір мақаланың көлемі 400 ш.см. кем болмауы тиіс (5500 белгіден кем емес, шрифті Таймс нью роман, 12 кегль);

Жалпы көлемі 13600 ш. см;

Мақалаларды дайындау кезеңі: Шартқа қол қойылған күннен

бастап міндеттемелерді толық орындағанға дейін;

Бір мақаланы дайындау мерзімі – Тапсырыс беруші тақырып берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мақаланы мемлекеттік тілге аудару және бейімдеу мерзімі – Тапсырыс беруші орыс тілінде бекітілген мақаланы берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

2

БАҚ-та орналастыру үшін мемлекеттік тілде мақалалар дайындау қызметтері

Лот №2 - БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау

Жалпы саны – мемлекеттік тілдегі 24 мақала;

Бір мақаланың көлемі 400 ш.см. кем болмауы тиіс (5500 белгіден кем емес, шрифті Таймс нью роман, 12 кегль);

Жалпы көлемі 9600 ш. см.;

Мақалаларды дайындау кезеңі: Шартқа қол қойылған күннен

бастап міндеттемелерді толық орындағанға дейін;

Бір мақаланы дайындау мерзімі – Тапсырыс беруші тақырып берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.


Дайын мақалалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Мақалалардың мазмұны тексерілген жайттардан, деректер мен сандардан құралуы, материал жинау алдын ала әрі сапалы жүргізілуі және сипатталатын жағдайдың идеясы неғұрлым ақпаратқа толы, жаңа, өміршең болып қана қоймай, ұғынықты, ақылға қонымды және шынайы бейнеленуі тиіс. Мақалада проблеманың шынайы ауқымдылығы мен маңыздылығы, нақты қарастырылып отырған жайт көрініс табатын түрлі көзқарастар және идеялар мен аргументтердің нанымдылығы айқын көрсетілуі тиіс. Журналистік материалдың нысаны сюжеттен, үйлесімді композициядан құралуы, сондай-ақ есте қаларлық динамикалы образдармен, лексикалық дәлдігімен ерекшеленуі тиіс. Мақала көпшілік қауымға арнап дайындалуы, қарапайым адамдарға да, мамандарға да түсінікті болатындай, жеңіл оқылатын деңгейде жазылуы тиіс. Мақаланың құрылымы оқуға ыңғайлы болу мақсатында тақырыпшаларға оңай бөлінетін болуы қажет. Тақырыбы оқырман үшін аса тартымды болғаны жөн. Мақалаларды дайындау кезінде Тапсырыс берушінің теруге қоятын талаптары басшылыққа алынуы тиіс (фотосуреттердің, иллюстрациялардың, көрнекі графиктердің пайдаланылуы, мақаланың шағын тақырыпшаларға бөлінуі).

Мақаланы дайындау құнына қаржылық құжаттаманы ұйымдастыру, рәсімдеу, жеткізумен байланысты барлық ілеспе және қосымша шығыстар кіруі қажет.

Мақалаларды дайындау және жазу жұмыстарына міндетті түрде мақалаларды редакторлық және корректорлық өңдеу кіруге тиіс.


Конкурстық құжаттаманың №3 қосымшасы

 
Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

 
Кімге ____________________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен ___________________________________________________________________________

(әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті жеткізіп беруші) туралы мәліметтер:


 Әлеуетті жеткізіп берушінің заңды, почталық мекенжайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

 

 

2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтінім арқылы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті жеткізіп беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті жеткізіп беруші осы өтінім арқылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулерді бұзудың жоқтығын растайды.

Сонымен қатар осы арқылы әлеуетті жеткізіп берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.

4. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті жеткізіп беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап ___ күн ішінде қолданылады.

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау сәтіне дейін осы конкурсқа қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

(Заңды тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысының

не орынбасарының лауазымы, аты-жөні және қолы)

 

Толтырылған күні___________________________________
М.О.

Конкурстық құжаттаманың №4 қосымшасы
Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлға үшін)

 

Кімге __________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен __________________________________________________________________

(әлеуетті жеткізіп берушінің атауы толық көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті жеткізіп беруші) туралы мәліметтер:

 

Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес аты-жөні

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің тіркелген мекенжайы

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекенжайы

  

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің байланыс телефондары, почталық мекенжайы мен электрондық почтасының мекенжайы (ол болған кезде)

  

 

2. ___________ (жеке тұлғаның аты-жөні көрсетіледі) осы өтінім арқылы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті жеткізіп беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті жеткізіп беруші осы өтінім арқылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулерді бұзудың жоқтығын растайды.

Сонымен қатар осы арқылы әлеуетті жеткізіп берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.

4. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті жеткізіп беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап ___ күн ішінде қолданылады.

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау сәтіне дейін осы конкурсқа қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

(Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізіп берушінің аты-жөні және қолы)

 

Толтырылған күні___________________________________

Конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасы
Біліктілік туралы мәліметтер

 (қызметтер сатып алу кезінде әлеуетті жеткізіп беруші толтырады)
1. Әлеуетті жеткізіп берушінің атауы ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
2. Әлеуетті жеткізіп беруші соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас көрсеткен қызметтердің  көлемі, теңгемен

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Көрсетілген қызметтердің

атауы

Тапсырыс берушілердің

атауы мен олардың

телефондарының нөмірлері

Қызметтер

көрсетілген

орын және жыл

 

Шарттың құны, теңге

(көрсетілмесе де болады)

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

3. Қызметтер көрсету үшін әлеуетті жеткізіп берушіде мынадай жабдықтар (тетіктер, машиналар) бірлігінің болуының елеулі мәні бар. Әлеуетті жеткізіп беруші төмендегі кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруге тиіс:

 

Жабдықтардың

(тетіктердің,

машиналардың) түрі

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жекеменшік, жалға

алынған (кімнен), сатып алынады (кімнен)

  

 

  

  

  

 

  

  

  

 

  

  

 

4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті жеткізіп берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)

 

Р/с



Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы конкурста қызмет көрсету саласындағы жұмыс өтілі

Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

 

4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу қоры*

 

Р/с



Қызметкерлердің аты-жөні (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау уақытындағы жалақысы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

Жалпы еңбекақы төлеу қоры

 

 

 

 

ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы

 

 

 

 

 * толтырмауға болады;
5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау және растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беру қажет.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсынымдық хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың пікірлерін санамалау және қоса беру қажет

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

Қолы____________________

Конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасы
Банктік кепілдеме

 

Банктің атауы: _______________________________________________________________

(банктің атауы мен деректемелері)

Кімге:_______________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

 

N_________ кепілдемелік міндеттеме

 

______________________________  

(орналасқан жері)

"___"______________ ____ж.

 

 

Біз, бұдан әрі "Жеткізіп беруші" деп аталатын _____________________________________

                                                     (әлеуетті жеткізіп берушінің атауы)  

__________________________________________________________________ ұйымдастырған (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

_______________________________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және

________________________________________________________________________________

 (конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы)

қызметтерін көрсетуге дайындығынан хабардармыз.

_______ жылғы "___"______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу бойынша конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізіп берушілердің банктік кепілдеме түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.

Осыған байланысты біз ________________________________________________________                                                 (банктің атауы)

осы арқылы өзімізге Сіздің төлемге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткізіп берушінің:

конкурсқа қатысуға өтінім берудің ақырғы мерзімі өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;

конкурс қатысушысы деп таныла отырып, белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;

конкурстың жеңімпазы деп анықтала отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарғандығын;

Бұл кепілдемелік міндеттеме конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.

Бұл кепілдемелік міндеттеме Орындаушының конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің соңғы қолданылу мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжаттың бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдемелік міндеттеме де сондай мерзімге ұзартылады.

Осы кепілдемелік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.



   Кепілгердің қолы мен мөрі            

Күні мен мекенжайы   


Конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасы 


Берешектің жоқтығы туралы анықтама
 

Банк (атауы) _______ жағдай бойынша Банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сай осы Банкте қызмет көрсетілетін (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет) банк алдында анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.

 

Күні

 

Қолы

 

M.О.

 

Конкурстық құжаттаманың №8 қосымшасы 



Банктік кепілдеме

(сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
 

Банк атауы: ________________________________________________________________

(банк атауы мен деректемелері)

Кімге: _____________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
________ кепілдемелік міндеттеме


__________________

(орналасқан жері)

«___»___________ _____ ж.

 

 

Бұдан әрі "Жеткізіп беруші" деп аталатын ______________________________________,

(жеткізіп берушінің атауы)

________________________________________________________________________________

(тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер сипаттамасы)

жеткізу (орындау, көрсету) үшін ____ жылғы «____» ____________ №____ мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасағанын (жасайтынын)* және Сіздің шартта Жеткізіп берушінің жалпы сомасы ______________________ теңге банктік кепілдеме түрінде
(сан және жазумен берілген сома)

шарттың орындалуын қамтамасыз ету салуын көздегеніңізді ескере отырып, осы арқылы ________________________________________________________________________________

(банк атауы)

жоғарыда көрсетілген шарт бойынша кепілгер болып табылатынын және өзіне Сіздің талабыңыз бойынша ______________________________________________________________

(сан және жазумен берілген сома)

тең соманы Сізден төлемге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Орындаушының шарт бойынша міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растау алған соң төлеудің қайтарып алынбайтын міндеттемесін қабылдайтынын растайды.

Бұл кепілдемелік міндеттеме қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.

Осы кепілдемелік міндеттемеге байланысты туындайтын бүкіл құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасы арқылы реттеледі.

 

 

Кепілгерлер қолы мен мөрі

Күні мен мекенжайы


(Банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе орынбасары және банктің бас бухгалтері)
* Заңның 8-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда

Конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасы 
Конкурста сатып алу мәні болып табылатын ортақ орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізіп берушінің ортақ орындаушыларға беретін

қызметтер түрлері

(конкурстың толық атауын көрсету қажет)

 

Р/с



Ортақ орындаушы -

заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын

ортақ орындаушының аты-жөні

Ортақ орындаушының салық төлеушісінің

тіркеу нөмірі, оның

толық заңды және

почталық мекенжайы,

байланыс телефоны

Техникалық ерекшелікке

сәйкес көрсетілетін

қызметтер

атауы

Техникалық ерекшелікке

сәйкес көрсетіле-

тін қызметтердің ақшалай

мәндегі көлемі

Техникалық ерекшелікке

сәйкес көрсетілетін қызметтердің ақшалай

мәндегі көлемі

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Осы ортақ орындаушы бойынша барлығы

  

теңге

  

көлемінің %

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Осы ортақ орындаушы бойынша барлығы

  

теңге

  

көлемінің %

Барлық ортақ орындаушылар бойынша жиыны

  

теңге

  

көлемінің %

 

Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауы көрсетілсін) қатысуға өтінім беретін әлеуетті жеткізіп берушінің ортақ орындаушысы конкурс (конкурстың толық атауы көрсетілсін) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу талаптары туралы хабардар екендігін білдіреді және өзіне әлеуетті жеткізіп берушінің ортақ орындаушыларына қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті қабылдайды.

 

Ортақ орындаушы - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын ортақ орындаушының аты-жөні

Ортақ орындаушының уәкілетті өкілінің аты-жөні

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуетті жеткізіп беруші ортақ орындаушыға беретін қызметтер көлемі қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.

 

Конкурстық құжаттаманың №10 қосымшасы 

 
Әлеуетті жеткізіп беруші бағаларының кестесі

 (әлеуетті жеткізіп берушінің атауы әр лотқа жеке толтырылады)

 

№ р/с

Мазмұны

Қызметтер

атауы

1.

Қысқаша сипаты

 

2.

Өлшем бірлігі (көрсетілім/басу)

 

3.

___________ бірлік бағасы _______ ИНКОТЕРМС 2000 (белгіленген пункті) талаптарында _________


 

4.

Саны (көлемі)

 

5.

Барлық бағасы =__________ 5б. х 6б.

 

6.

ИНКОТЕРМС 2000 талаптарында _________ жалпы бағасы, белгіленген пункті, әлеуетті жеткізіп берушінің тасымалдау, сақтандыру, кедендік баж салығын, ҚҚС мен басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеу шығыстары, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер, өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсету құны, басқа да шығыстары қосылады

 

 

Әлеуетті жеткізіп беруші басқа шығыстарды да көрсетуге құқылы, оның ішінде:

жеңілдіктер берілетін жағдайда, оның көлемі

 

Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада аталған төлем талаптарыңызға келісеміз.

Төлемнің мынадай балама талаптарын ұсынамыз

________________________________________________________________________________

(егер олар болса, төлемнің балама талаптары көрсетіледі)

немесе басқа талаптар (санамалау қажет ___________ _______________ ______________)

мұндайда ______________________________________ мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз.

(ақшалай мәнде жазбаша көрсету қажет)
________________________      _______________________

(Қолы)                       (лауазымы, тегі)

 

М.О.

 

Ескертпе: әлеуетті жеткізіп беруші жалпы бағаны құраушыларды көрсетпесе де болады, мұндайда бұл жолда көрсетілген бағаны конкурстық комиссия әлеуетті жеткізіп берушінің бүкіл шығыны ескеріліп анықталған баға ретінде қарастырады және қайта қарастырылмайды.

Конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасы 

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін

мемлекеттік сатып алу туралы

№__________ ШАРТ



_________ қ. «___» _______________20___ ж
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталады, ________________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын ______________________________________________________ арқылы бір жағынан және ________________________________________, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталады, _______________ негізінде іс-әрекет жасайтын __________________ арқылы екінші жағынан, бірге Тараптар деп атала отырып 20___ жылғы «__» ___________ конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт немесе осы шарт) төмендегілер жайлы жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ



1.1. Шартқа сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарттың талаптарына, Қызметтердің сипаттамасына (Шарттың №1 Қосымшасы) сай БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді, ал Тапсырыс беруші Орындаушы көрсеткен Қызметтерді қабылдайды және ақысын төлейді.

Мақалаларды дайындау және жазу жұмыстарына міндетті түрде мақалаларды редакторлық және корректорлық өңдеу кіруге тиіс.

1.2. Қызметтерді көрсету мерзімі Шартқа қол қойылған күннен бастап Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін.

Бір мақаланы дайындау мерзімі – жазу тілін көрсете отырып, Тапсырыс беруші тақырыпты берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мақаланы мемлекеттік тілге аудару және бейімдеу мерзімі – Тапсырыс беруші орыс тілінде бекітілген мақаланы берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

1.3.________________________________ (Орындаушы тендерге қатысуға арналған өтінімде берген растаушы құжат көрсетілсін) сәйкес қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі - ___________________. (Орындаушы тендерге қатысуға арналған өтінімде көрсеткен қазақстандық қамту үлесі көрсетілсін. Бұл тармақ Орындаушы тендерге қатысуға арналған өтінімде тиісті құжаттармен расталған қазақстандық қамту үлесін көрсеткен жағдайда конкурс қорытындысымен шарт жасау кезінде көрсетіледі ).

2. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
2.1. Осы шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы құны ҚҚС сомасы ескерілген ____________________________ (_______________________________________) теңгені (бұдан әрі - Шарттың жалпы сомасы) құрайды.

Шарттың жалпы сомасы нақты және өсу жағына қарай өзгермейді. Тауарды жеткізу бойынша барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ шартты орындауға байланысты басқа да мүмкін шығыстарды Орындаушы дербес өз есебінен төлеуі тиіс.

Егер қызметтер көрсету кезеңінде ҚҚС мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес азаю жағына қарай өзгерсе, шарттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы мұндай өзгерістерге байланысты көрсетілетін қызметтерді іске асырудан алынатын айналымның жаңа мөлшерлемесі бойынша ҚҚС сомасына тиісінше төмендетілуі тиіс.

2.2. Төлем ай сайын Орындаушы төлемге дұрыс шот, нақты көрсетілген қызметтерге шот-фактура бергеннен кейін көрсетілген қызметтер құнының сомасына көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актілеріне қол қойылған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде жүзеге асырылады.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Тапсырыс беруші:

1) осы шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер ақысын төлеуді жүзеге асыруға;

2) көрсетілген қызметтерге ескертуі болмаған жағдайда, Орындаушы берген көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісіне берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қоюға не қол қоюдан бас тартылған жағдайда, Орындаушыға көрсетілген мерзімде жазбаша түрде уәжді бас тарту беруге міндетті.

2.2. Тапсырыс беруші:

1) Орындаушының шарт бойынша міндеттемелерін толық, сапалы және уақытылы орындауын бақылау мен тексеруді жүзеге асыруға;

2) Орындаушыға қызметтер көрсету тәртібі бойынша ұсыныстар (тілектер) беруге;

3) Орындаушы қызметтер көрсеткен соң көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісіне қол қойғанша қызметтердің осы шарт талаптарына сәйкестігін 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес мерзімде тексеруге;

4) Орындаушы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, ол туралы Орындаушыға нақты бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлай отырып, Тапсырыс беруші осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы;

5) Орындаушы қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі бойынша дұрыс емес ақпарат берген жағдайда, шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға және шығынның өтелуін талап етуге құқылы.

3.3. Орындаушы:

1) тиісінше сапалы қызметтерді осы шарт талаптарына сәйкес көрсетуді;

2) Тапсырыс берушіге сұранысы (жазбаша, ауызша) бойынша қызметтер көрсету барысын бейнелейтін ақпарат (материалдар) беруді;

3) мақалаларды дайындауға (жазуға) қажетті барлық материалдарды дайындауды және Тапсырыс берушімен келісуді;

4) Тапсырыс берушінің талабы бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде мақалаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді;

5) көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу барысында Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтерден анықтаған ақауларды (қайшылықтарды, толық істемеулерді, қателерді) 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз есебінен жоюды;

6) шарттың қолданылу мерзіміне тәуелсіз қызметтер көрсету барысында өзіне белгілі болған Тапсырыс берушіден алған құпия, коммерциялық және басқа да ақпаратты жарияламауды және құпия сақтауды;

7) қызметтер көрсету аяқталған соң көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісі мен шот-фактураға қол қоюды және Тапсырыс берушіге беруді. Көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісін Орындаушы осы Шарттың №3 Қосымшасында келтірілген нысан бойынша дайындайды және Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолдары қойылады;

8) Толық көлемде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісіне қол қойған кезде Тапсырыс берушіге Орындаушының уәкілетті тұлғасының қолы қойылған және Орындаушының мөрі басылған (болған жағдайда), осы Шарттың №2 қосымшасына сай нысандағы растаушы құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып қазақстандық қамту үлесі бойынша есептілікті беруді міндеттенеді.
3.4. Орындаушы:

1) Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, ол туралы Тапсырыс берушіге нақты бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлай отырып, Орындаушы осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
4. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ӨТКІЗУ

4.1. Тараптар толық көлемде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісі негізінде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізуді жүзеге асырады. Толық көлемде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісі бойынша ескертулерді Тараптар өзіне қол қоюға берілген актінің мәтінінде көрсете алады.

4.2. Тараптардың толық көлемде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күні Орындаушының шарт бойынша міндеттемелерін орындау күні деп саналады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шарттың талаптарына сәйкес жауап береді.

5.2. Орындаушының шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісінше орындамауы нәтижесінде келтірілген (туындаған) зиян үшін Орындаушы жауап береді және мұндай зиян салдарынан туындаған шығынды толық көлемде өтейді.

5.3. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушының шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған әрбір күні үшін Орындаушыдан шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл өндіруге құқылы.

5.4. Шарт бойынша төлем мерзімдерін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушіден әрбір мерзімі өткен операциялық күн үшін төленуі тиіс сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл өндіруге құқылы.

5.5. Орындаушы қазақстандық қамту үлесі бойынша есептілікті беру мерзімдерін бұзған жағдайда, Тапсырыс берушіге тұрақсыздық айыбы ретінде әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызына) балама соманы төлейді.

5.6. Орындаушы қазақстандық қамту үлесі бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін шарттың жалпы сомасының 5% (бес пайызы), сондай-ақ орындалмаған қазақстандық қамтудың әрбір 1% (бір пайызы) үшін 0,15% (нөл бүтін жүзден он бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді.

5.7. Орындаушы шарт бойынша міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші шарт бойынша ақырғы төлемді жүзеге асыру кезінде тұрақсыздық айыбының сомасын Орындаушының келісімінсіз өз бетінше ұстап қалуға құқылы.

5.8. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
6. ДҮЛЕЙ КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ
6.1. Тараптар жауап бермейтін дүлей күш жағдайлары, атап айтқанда: табиғат апаты, заңнама өзгерістері, соғыс, ылаңкестік актілер, Тараптарға тәуелсіз, еркінен тыс орын алған төтенше және тежеу мүмкін емес жағдайлардың орын алуы себебінен осы шарттың орындалуы мүмкін болмаған және бұл жағдайлар осы шарт бойынша міндеттерді орындауға тікелей ықпалын тигізген жағдайда, оларды орындау дүлей күш жағдайларының болу мерзіміне жылжытылады.

Дүлей күш жағдайларына шартты орындау үшін қажет тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің нарықта болмауы, басқа валюталарға қатысты ұлттық валюта бағамының өзгеруі және кәсіпкерлік тәуекелге жататын басқа да ұқсас жағдайлар жатпайды.

6.2. Дүлей күш жағдайларының әрекеті нәтижесінде міндеттемелерін орындау мүмкіндігінен айырылған Тарап дүлей күш жағдайлары орын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі Тарапты бұл туралы жазбаша хабарландыруы тиіс. Дүлей күш жағдайларының туындағаны туралы хабарландырмау, тиісті Тарапты шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі ретінде көрсетілген жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

6.3. Жалпыға танымал сипаттағы дүлей күш жағдайлары қосымша дәлелдерді немесе хабарламаларды қажет етпейді. Дүлей күштің басқа барлық жағдайларын дәлелдеу мүдделі Тарапқа жүктеледі.

6.4. Дүлей күш жағдайлары туындаған күннен бастап қатарынан 60 (алпыс) күнтізбелік күннен астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені шартты болжалды бұзу күнінен кемі 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын келесі Тарапқа бұл туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы шартты бұзуға құқылы. Мұндайда, Тараптар осы шарттың бұзылу күніне дейін барлық өзара есептесулерді жүзеге асырады.
7. ХАБАРЛАМА
7.1. Шартта көзделген хабарламалар жазбаша нысанда беріледі. Бұл хабарламалар алғанын растаған қолхат алу арқылы жеке қолға тапсырылады, сондай-ақ артынан жеке қолға не жіберілгені мен алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін басқа тәсілмен бере отырып телефакс арқылы жіберіледі. Шарттың осы бабына сәйкес берілген барлық хабарламалар:

1) жеке қолға, пошта немесе курьер қызметі арқылы тапсырылса - алған күні;

2) телефакс/телеграф арқылы жіберілсе және факсты алғаны туралы алушының жазбаша растауы бар болса - факсимильді хабарламада көрсетілген мерзімде алынды деп саналады.

7.2. Тараптардың мекенжайы, телефакс немесе телефон нөмірі, банктік деректемелері өзгерген жағдайда, олар бұл туралы бірін бірі мұндай өзгерістерден кейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарландырулары тиіс.

7.3. Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған болса, Тараптар факсимильді байланыс арқылы түскен құжаттарды қабылдайды және мойындайды.
8. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
8.1. Шарт, сондай-ақ шартта реттелмеген, алайда одан шығатын қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсініледі.

8.2. Тараптар арасында осы шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз арқылы шешіледі.

8.3. Келісімге келмеген жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

9. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
9.1. Тараптардың әрқайсысы осы шарт мәтінін, сондай-ақ Тараптардың осы шартты жасау кезінде және осы шарттан туындайтын міндеттемелерін орындау барысында бір-біріне берген және беретін бүкіл ақпарат көлемін құпия ақпарат (ал Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін шектерде - коммерциялық құпия) деп санауға келісті.

9.2. Тараптардың әрқайсысы осы шартты жасау кезінде және шарттан туындайтын міндеттемелерін орындау барысында рұқсат алған келесі Тараптың құпия ақпаратын ешқандай тәсілмен жарияламауға (үшінші тұлғалардың заңның тікелей нұсқауымен тиісті өкілеттігі бар жағдайларды не келесі Тарап құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге жазбаша нысанда келісім берген жағдайларды қоспағанда, кез келген үшінші тұлғаларға білдірмеуге) міндеттеме қабылдайды. Тараптар бұл міндеттемені осы шарттың қолданылу мерзімі ішінде және басқаша келісілмесе, қолданылуы тоқтатылған соң орындайды.

9.3. Тараптардың әрқайсысы келесі тарапқа шарттың осы бөлімін бұза отырып құпия ақпаратын жариялау арқылы соңғысына келтірген бүкіл шығынды толық көлемде өтеуді міндеттенеді.

1   2   3   4   5

Похожие:

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЖарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Жарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница