Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»




НазваниеСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
страница5/7
Дата конвертации11.11.2012
Размер0.73 Mb.
ТипСочинение
1   2   3   4   5   6   7

Нұрлыбай Ш., 10класс,

4 Алға орта мектебі
Мен 1995 жылы 2 қарашада Ақтөбе облысы Алға ауданында дүниеге келдім. №4 Алға орта мектебінің 10-сынып оқушысымын. Болашақ арманым Қазақстан Республикасын қорғайтын ұшқыш болу. Елімді қорғау – менің өмірдегі ең басты арманым және міндетім. Өз міндетімді орындау үшін әрдайым еңбектенемін. Менің нағашы атам Ұлы Отан соғысының ардагері және ол соғыстың басынан аяғына дейін болған. Мен оны көрген жоқпын, бірақ анамның айтуы бойынша ол соғыстан бір аяғынан айырылып келген. Атамның көптеген медальдары бар. Атам 90 жасқа толған шағында дүниеден өткен. Менің осындай батыр атам бар екенін мақтан тұтамын. Өз елімді атамдай қорғауға дайынмын. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев тұрғанда еліміз көркейе береді деген үміттемін. Тәуелсіздік жолында қазақ елі көптеген қиындықтар көрді. Жоңғар шапқыншылығы одан соң Ресей патшалағының отарлау саясаты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы кемелденген тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жыл мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа Елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті.

Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде. Бүгінгі күні Қазақстан Халықаралық алаңда атақты, әрі танымал деп сенімді түрде айта аламыз.

Қазір Қазақстан тәулелсіз мемлекет. Өзіміздің елтаңбамыз, туымыз, әңұранымыз бар. Қарулы күштеріміз қуатты, елді қорғайтын азаматтармыз тұрғанда мемлекетіміз қуатты мемлекет деп санаймын. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойыды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды.

Сөйтіп, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанын 7-мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі”, - деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.

Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.

Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес.

Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді.

Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмінің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.


Омаров Жеткізген, 10 класс,

Ш.Бекмұхамбетова атындағы Ойыл орта мектебі,

жетекшісі Қонақбаева М. Қ.
Қарулы күштер
Қазақстан – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы ерекше жылдарды бастан өткеруде. Республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз байрағы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. Бүгінгі Қазақстан әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 20 жыл толды. 1992 жылғы 7 мамырда «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Заңға қол қойылды. Бұл күн егеменді Қазақстан Армиясының құрылған күні болып саналады. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында оңтүстік-шығыс шептерді қорғау міндеті жүктелген 200 мың адамға тарта әскер тобы қалдырылды. Оның негізгі күштері бірлестіктер, стратегиялық қарулы күштер құрамалары мен бөлімдері, жалпы әскерлік қорғаныс корпустары мен Әскери – соғыс күштерінің аралас авиациялық корпустары, сондай-ақ тылдық және техникалық жабдықтау құрмалары мен бөлімдері болатын. Бұл әскери бөлімдерді басқару үшін Қауіпсіздік кеңесі құрылды, ол кейінірек Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

1995 жылы Қазақстанда Орталық Азия батальоны құрылды. Ол Бірлескен Ұлттар Ұйымының атынан бітістіру қызметтерімен айналысады. Батальон құрамына үш мотоатқыштар ротасы зениттік-ракеталық взвод, миномент батареясы, байланыс взводы, медициналық пункт және материалдық жабдықтау взводы кірді. Қазақстан Республикасының армиясы корпустар мен дивизиялардан тұрады, олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныстың танк және авияция корпустары, радио және радиотехникалық барлау бөлімдері, Байқоңыр ғарыш айлағын, сынау орталықтары мен полигондарын жабдықтау бөлімдері бар. Қазақстанда барлығы екі жүз мыңнан астам әскери қызметкер орналасқан. Олар танктермен және бронды транспортерлермен, артиллериялық жүйелермен және әскери ұшақтармен қаруландырылған.

Мен болашақта Қарулы Күштер қатарына ілігіп, өз Отанымды қорғап, үлкен азамат иесі болғым келеді. Қазіргі Егеменді елімізде мүмкіндіктер көп, қалаған мамандық иесі болуға болады. Жақсы білім алып, осындай мамандық иесі болу. Сондықтан осы мамандықты қастерлеу, оған зор құрметпен қарау – бәріміздің абыройлы міндетіміз.

Қарулы Күштер армиясының 20 жылдығы тұғырлы, баянды болсын!


Рыскулова Айханым, 9 сыныбы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саға мектеп – бала бақшасы
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын

Б.Момышұлы
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп нақты көрсеткен болатын.

Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс. Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.

Патриоттық сезімнің нысанасы мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескеткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патротизмге тәрбиелеудің арқауы.

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Қоғамды қайта құрудағы маңызды және неғұрлым өткір мәселелердің бірі – Қарулы Күштердің тағдыры болып саналады. Бұлай болуы заңды да, өйткені армия – мемлекеттің тағдырын, ішкі тұрақтылығын, қазіргі әлемдегі орны мен маңызын айқындайтын құралдардың бірі.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу үшін әскерге арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және ТМД аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық поцестерді талдай келе, Қазақстан Республикасы өз Қарулы Күштерін құруды қолға алды.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

Республика Президенті, еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Республиканың Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Бізге егемендігімізді қорғау мүддесін кез келген жағдайлардағы әрекеттерге дайын, жаттықтырылған, жоғары жинақтылықтағы осы заманға сай армия қажет», - деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мыналар:

  1. Егемендікті сыйлау, мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы, басқа мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау және олардың ісіне араласпау;

  2. Әскери салада айқындылық пен сенімділік шараларын нығайту;

  3. Халықаралық дау-дамайларды бейбіт жолмен реттеу;

  4. Халықаралық міндеттемелер мен Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын келіссөздердің өз мақсатына жетуі үшін ықпал ету;

  5. Өзара түсінушілік және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынас орнату;

  6. Бейбітшілікті қалпына кетіруді қолдау, әскери қақтығыстардың алдын алуға бағытталған жалпы және аймақтық қауіпсіздік жүйелерін құруға қатысу.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтады, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына - құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды біріктіреді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды. Еліміз үшін жаңа жетістіктер мен өршіл міндеттердің уақыты туып отыр. Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз – бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату. Өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып келе жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сенімі», - деп көрсеткен болатын. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап, міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді.

Қазақ халқының ұлылығы басым тұғыр тағылымы аясында ұлды ұлылығымен, қызды сан қырлы қылықтылығымен рухты етіп тәрбиелеу – халқымыздың, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың түпкілікті міндеті.

Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Қорыта келгенде, бүкіл әлемдегі адамзат халқының бар арманы мен мақсат-тілегі ол – бейбітшілік. Әрқашанда елімізде тыныштық, ынтымақ достығымыз, отаншылдығымыз жоғары артып, әлемде әрқашан бейбітшілік болсын!

Самбаева Әсем, 8 класс,

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының,

пән мұғалімі Таңжарықова М. С.
Елдің ерлігі ерінен танылар

Елдің байлығы жерінен танылар. Б.Момышұлы

«Туып өскен ел қымбат, ата қоныс жер қымбат», - дегендей, кіндік қаны тамған қасиетті өлені, алтын бесік асыл елді кім сүймес? Алтайдан - Атырауға, Алатаудан - Арқаға дейінгі ұлан – ғайыр аймақты мекендеген ата-бабамыз ұшқан құстың қанаты талатын сайын даланы ұрпағына аманат етіп қалдырды. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елді, найзасына үкі таққан елді талай рет жау жағасынан алып, талай рет даланың кеңдігі мен елдің теңдігін қызғанып, қырғын соғыстар ашты. Көңілі көктем ел ағалары ел үшін, жер үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып, ат үстінде күн көрмей, қазақпен аңдысқан жауды кейін шегіндіріп, таңды-таңға жалғап, соғыс жалынын сөндірді. Кеудесінен жаны шыққанша туды жерге қоймаған ата-бабамыздың ежелден ешкімге тәуелді болғысы келмегенін - қай уақытта да соғысқа аттануға дайын тұратындығынан-ақ байқауға болады. Елдің ертеңін ойлаған батырлар жесірге пана, жетімге жаға, сөз бастаған дана, қол бастаған аға бола білді. Жеті жасында Қобыланды, сегіз жасында Алпамыс жауға қарсы шығып, жарғақ құлағы жастыққа тимей, талай жойқын шапқыншылықтарды басып-жаншып, жарқын болашақ пен тәуелсіздіктің таңы атарына сенді.

Жойқын шапқыншылықтардың бірі әрі елдің еңсесін езген Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың жазында басталды. 1931 жылы Алманияның басшысы болып сайланған Гитлер Совет Одағына қарсы соғыс ашады. Күтпеген жерден шабуылға тап болған КСРО бірден бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әскер жинап, есін жия бастайды. Ұлы Отан соғысында ерекшк көзге түскен аға-апаларымыз аз емес. Ұмытылмайтын ұлы есімдердің қатарында қазақтың қаһарман қызы әрі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова да бар. Ата-анасы мен ағайын-туғандарынан ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңінде айырылған Әлия апамыз менің жерлесім, яғни, Ақтөбе облысынан. Ашық айқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясының құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға қатысып, құралайды көзінен атқан мергендігімен дараланды. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның жарқын үні жауынгерлерге дем беріп, соңына ілескен солдаттар жаудың бетін қайтарды. Осы шайқаста өжет қыз ауыр жараланып, қаһармандықпен қаза тапты.

Бүгінде Әлия Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен гүлзарлар бар. Оның өшпес ерлігіе өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман-хикаяттар да көп. Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке ескерткіш орнатылды. Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің ерлігі мен қаһармандығы алдында басымды иемін. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша, Қазақстан халқы мен Отан қорғаушылар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жарқын мерекесі қарсаңында «Отан қорғаушы» күнін атап өтеді. Аға буынның ерлік дәстүрлері төл Қарулы Күштеріміздің қатарында лайықты қызмет атқарып жүрген бүгінгі қазақстандық жауынгерлердің сабында да заңды жалғасын табуда. Осыдан 20 жыл бұрын Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Тәуелсіздіктің басты кепілі - өз жерін кез келген қолсұғушылықтан қорғауға қабілетті болу. Сол себепті азаттықтың ақ таңы атқан сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттың қауіпсіздік қазіргі заманға және ұрысқа қабілетті армия құру мәселелері Елбасы Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші кезекті қамқорлығында болуда. Елбасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі дамыту шаралары туралы» 2003 жылғы 7 мамырдағы №1085 жарлығы төл армияның дамуының жаңа кезеңі болды. Осыған сәйкес әскерлер мен әскери басқару органдарының оңтайландырылған құрылымы құрылды. Оның жүзеге асуы ретінде құрамына төрт өңірлік қолбасшылық кіретін Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің құрылуын айта аламыз. Сондай-ақ, жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылатын Аэроұтқыр әскерлері, Ракета әскерлері мен артиллерия іс жүзінде өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Еліміздің тәуелсіздік алып өркендеуі, Қарулы Күштің 20 жыл бойы тыныштық күзетінде абыройлы қызмет етуі, Қазақстан Республикасын нығайту жолында ерен еңбек сіңірген Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Ел сүйген, елін сүйген Елбасы бүгінде туған Отанға абыройлы қызмет етіп, бойындағы патриоттық сезімін, киелі қасиетін паш етіп, халыққа қалаулы азамат атанып, кейінгі буынға ағалық игі өнеге көрсете білді. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Сарыарқаның төсіндегі бір кездегі темір жол бекеті ару қалаға айналды.

Тәуелсіздіктің мәні - тәуелсіз ойлана білуде. Біз тарихымызды да, әдебиетімізді тәуелсіздікке жетелеуіміз керек. Ал біздің бүгінгі егемендігіміз кейінгі буынның алдыңғы өткен бабалардан ақылды немесе данышпан, тәуекелшіл, кемеңгер болғандығынан емес, қайта солардың сара жолдарын, рухани тірлігін мәңгі есте сақтап, атадан-балаға өсиет ретінде қалдыруынан туындап отыр. Көк тудың бейбітшілік төрінде желбіреп, бірліктің нышаны болғаны - көңілге тыныштық ұялатады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...
Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, свободная, наша страна смело идёт вперёд, расправив свои гордые плечи,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница