Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»

НазваниеСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
страница7/7
Дата конвертации11.11.2012
Размер0.73 Mb.
ТипСочинение
1   2   3   4   5   6   7

Ізтаева Ләззат, 9 сыныбы

Амангелді орта мектебі,

жетекшісі Қалиева Г.

Ел дегенде еміреніп, жұрт

дегенде жүгініп қызмет еткін!

Б.Момышұлы
Өз Отанын қорғау-әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті. Біздің Ата заңымызда осылай жазылған. Бұл-ғасырлар бойы кең байтақ кеңістікті қазақ жерін жат жұрттық басқыншылардан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келген ата-бабаларымыздың даңқты ерлік дәстүрі. Осынау даңқты дәстүрді байытып, ертеңгі күнге жалғастыру, әрине, жас ұрпақтың еншісіндегі дүние. Ал, сол тарихи деректерді талдап, тарқату, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, олардың бойына отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухын дарыту баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қазақ - жауынгер халық. Ұлы далада жөңкіп жүрген көшпелілердің бір тармағы «қазақ» деп аталғалы бері, сол Ұлы елдің ұландары өз атамекендерін көздің қарашығындай қорғады. Жан беріп, жан алысты. Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, толарсақтан қан кешіп жүріп, ұлтарақтай жерді де жауға бермеді. Арыстан жүрек, жалаңтөс батыр ұлдарының арқасында жаугершілік кездерде үнемі жаудан мерейі үстем шығып отырды. Бұл - ақиқат. Бүгінгі күні жауынгер бабаларымыздың мирасқа қалдырған жерінде Қазақ мемлекеті тұр. Сол елді қорғайтын тастүйін әскері бар.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әскері 1992 жылы 7 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жарлығымен құрылды. Бүгінгі таңда әскер-құрлық әскері, әуе қорғаныс және әскери-теңіз күші деп үш салаға жіктеледі.

Қарулы күштер елдің тірегі, қорғаны, тыныштығының күзетшісі, тұтастығының кепілі. Жер бетінде кез-келген мемлекет өз қарулы күштерінің қуатты, мықты болғанын қалайды. «Өз әскеріне көңіл бөлмеген ел, өзгенің әскерін асырауға мәжбүр болады» деген нақыл кімді болса да, ойға қалдырды.

Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің, жалпы әскери қызметтің беделі артып келеді. Оған Отан алдындағы борышын өтеуге ынталы жастар санының арта түсуі дәлел. Бұдан бөлек, арнаулы және жоғары әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіруші жасөспірімдердің қатары да жыл сайын көбейіп келеді. Жастардың осынау жақсы талпынысы көңілге қуаныш ұялатады.

Қазақстан Республикасының Президенті Республика Қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен дербес әскерімізді құрып, қорғаныс саласын нығайтуға ерекше қамқорлық жасап келеді. Жасампаздықтың 20 жылында жергілікті әскери мамандар мен командирлер корпусын жасақтау бағытында да көп іс тындырылды. Оған дәлел ретінде Республикалық Жас Ұлан мектебін, Петропавл жоғары әскери училищесін, Ақтөбе қаласындағы Т.Бегелдинов атындағы ұшқыштар даярлау училищесін айтуға болады.

Әскери тақырыпты сөз еткенде әдетте ойға ең бірінші оралатыны Бауыржан атамыздың бейнесі. Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан атамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі болардай өнегелі істері жетіп артылады.

Батыр шықты қазақ деген қауымнан,

Қорықпайтын боран менен дауылдан

Францияда туылса, болар еді Бонапарт

Қазақстанда туылып ,

Болып қалған Бауыржан!

деп тегіннен тегін жырланбаса керек. Ол генералдарға сабақ берген әскери ұстаз. «Б.Момышұлының соғыс тактикасы» деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және ол пәннен студенттер емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржан атамыздың соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Сонымен қатар Бауыржан атамыз жақсы жазушы да бола білген. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!», «Тәрбиелі-тәртіптің құлы», «Опасызда Отан жоқ...» секілді қанатты сөздері әлі күнге дейін өз өміршеңдігін жойған жоқ. Ал «Ұшқан ұя» (1975), «Ел басына күн туса» (1970), «Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Офицердің күнделігі» (1952), «Майдандағы кездесулер» (1962) атты еңбектері қос тілде жазылып, әлемге тараған.

Көзі оттай өткір, мінезі тік, Отаны үшін жанын қиюға даяр, өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйе білген біртуар тұлғаның талай ақындардың шығармаларына арқау болғаны айғақ. Осы орайда Оразақын Асқардың «Бауыржан батыр» өлеңі ойға оралады.

Ұл болып туып, ұлы болып қалдың мәңгі,

Жоқтатпадың жорықта Ер Тарғындарды.

Қорғап бейбіт күнде де әділдікті,

Аттатпадың ешкімге алдыңда арды...

Айналдырды атыңды аңызға тіл,

Әр қимыл, әр сөзіңде маңыз жатыр.

Тірісінде-ақ ұлтына ұран болған,

Өзіңсің ең ақырғы нағыз батыр!

Иә, осындай қайталанбас тұлғаны дүниеге әкелген қазақ халқы нағыз бақытты халық. Бауыржан атамыздай елін сүйген патриот, шыншыл, өз ұлтының тілін, дәстүрін құрметтейтін ұрпақтары қашанда биіктен көрінетіні сөзсіз.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, демек әрбір қазақстандық жастардың бойында отаншылдық сезім жоғары болуы керек, Отанды сүю отбасынан басталады, сондықтанда әрбір отбасында берілетін тәрбие «Қазақстан» атты елмен, оның батыр ұлдарымен байланысты болуы тиіс.

Әуеде де, теңізде де, құрлықта да мықты әскеріміз тұрғанда елімізде бейбітшілік орнап, сәбилеріміздің ұйқысы тыныш болары күман тудырмайды. Ендеше сол елімізді қорғайтын салауатты, білімді, қайсар, өжет ұрпақтарды дүниеге әкелетін «қазақ» деген батыр халқымыз аман болсын деген тілекпен өз шығармамды аяқтағым келеді. Әрқашан отаншылдық сезіміміз жоғары болып, жүрегіміз қазақ елі деп соқсын!

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...

Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, свободная, наша страна смело идёт вперёд, расправив свои гордые плечи,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница