Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов




Скачать 118.42 Kb.
НазваниеАрыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов
Дата конвертации07.01.2013
Размер118.42 Kb.
ТипДокументы
Қала әкімінің 2011 жылғы

_____ ________________№ _______

өкімімен бекітілген
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу
Арыс қаласының әкімі Қ.Ж.Сыдықов
1. Арыс қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі Жарлықтарымен, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер арқылы белгіленген өкілеттіктері мен құзыретіне сәйкес қала аумағында атқарушы билікті толық іске асырады.

Әкім Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің, облыс әкімінің кесімдерінің, тапсырмаларының сөзсіз орындалуын, өңірлік мүдделердің жалпы мемлекеттік мүдделермен дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда қаланың мүдделерін білдіреді.

2. Қаланың жергілікті органның басшысы ретінде Арыс қаласының әкімі қалалық өкілді органның қарауына заңдардың сақталуын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық кесімдерді енгізеді.

3. Арыс қаласының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаладағы атқарушы органдар жүйесін қалыптастыруды іске асырады, кадрлық саясат, жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерін қарайды, сондай-ақ, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары аумақтық органдарының өзара іс-қимылын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкілі ретінде Арыс қаласының әкімі заңнамада көзделген жағдайларда өңір проблемаларын облыстық атқарушы органдарында шешілуіне ықпал етеді, өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық қызметте қаланың мүдделерін білдіреді және өңіраралық байланыстардың дамуына ықпал етеді.

5. Арыс қаласының әкімі бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар саласында жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, салық және бюджеттік әкімшілік жүргізу, қаржылық бақылау және экономикалық қауіпсіздік мәселелерін үйлестіруді және осы мәселелер бойынша аумақтық органдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.

6. Арыс қаласының әкімі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңы талаптарының орындалуын ұйымдастырады, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыскерлікке, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламалардың іске асуын үйлестіреді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтық-құқықтық қатынастарды жетілдіру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерін іске асыру саласындағы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды.

7. Арыс қаласының әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшілерді (ауылдық округ әкімдерін), қала әкімінің орынбасарларын, қала әкімі аппаратының басшысын, әкімі аппаратының қызметкерлерін, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.

8. Мыналардың:

1) қала әкімі орынбасарларының;

2) қала әкімі аппарат басшысының;

3) ауылдық округ әкімдерінің қызметіне тікелей басшылық етеді.

9. Мыналармен:

1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Арыс қалалық бөлімімен;

2) прокуратурамен (аудандық және көлік);

3) аудандық сотпен;

4) қалалық ішкі істер бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды.

10. Мыналарды:

1) қала әкімдігін;

2) қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды;

3) қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті басқарады.
Қала әкімінің орынбасары

С.Ә.Сұлтанов
11. Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді:

1) салық және бюджет саясаты;

2) коммуналдық меншікті басқару және оған билік ету;

3) әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді

жоспарларын дайындау және іске асыру;

4) мемлекеттік тұрғын үй саясаты;

5) өнеркәсіп және энергетикалық кешен кәсіпорындары, қаржы-

шаруашылық қызметінің мониторингін жүргізу;

6) аумақтарға құрылыс салу, бас жоспарды іске асыру және

инфрақұрылым нысандарын дамыту, бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыс;

7) қаржыландыру, баға, несиелендіру, есеп айырысу тәртібі, мемлекеттік

сатып алу, ақша айналымы, жалақыны қалыптастырудың ағымдағы және индикативтік жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу;

8) тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру;

9) дәрменсіз кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру;

10) қаланы дамыту бағдарламаларын, қаржы-несие қатынастарын

қаржыландыру;

11) коммуналдық шаруашылық;

12) қаланы, елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

13) байланыс және телекоммуникация;

14) жылу және энергетика;

15) көлік, қала мен ауылдардағы автомобиль жолдарының құрылысы

мен реконструкциясы;

16) барлық мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды үйлестіру және

іске асыру;

17) қала бюджетін сапалы жоспарлау және орындау мәселелері бойынша

талдау жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

12. Мыналарды:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді басқарудың 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын;

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын» орындау мақсатында «2004-2015 жылдарға арналған Арыс қаласының инновациялық даму бағдарламасын»;

2) 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын;

3) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

4) Қаланың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді.

13. Экономикалық реформаларға, коммуналдық меншікке басшылық етуді, жергілікті бюджет және әртүрлі қорлар қаражаттарының жиналуы мен жұмсалуына талдау мен мониторинг жасауды жүзеге асырады.

14. Қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына, әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелерін және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталатын қаржы ресурстарының мақсатты бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады.

15. Мемлекеттік тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалану тәжірибесін жақсартуды қамтамасыз етеді, коммуналдық меншік нысандары мен мүліктік кешеннің тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.

16. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауапты береді.

17. Мыналардың:

1) экономика және қаржы;

2) тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және

жолаушылар тасымалдау көлігі;

3) қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің қызметіне тікелей

басшылық етеді.

18. Мыналардың:

1) қалалық статистика бөлімінің;

2) қалалық қазынашылық басқармасының;

3) қала бойынша салық басқармасының;

4) барлық банктердің, «Микрокредит» ҮEҰ-ның;

5) құрылыс, мердігерлік ұйымдардың;

6) экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Сырдария аумақтық басқармасының Арыс өкілдігінің;

7) «Оңтүстіксушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Арыс филиалының;

8) «Теміржолсу-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің;

9) теміржол, өнеркәсіп, көлік, телекоммуникация, жылу-энергетика

кәсіпорындары мен ұйымдарының, өрт сөндіру және өртке қарсы мекемелерінің жұмысына жетекшілік етеді, үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды.

Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қала әкімінің орынбасары

Д.Хасенов
19. Мына салаларға қарайды және осы салаларда қабылданатын қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді:

1) агроөнеркәсіптік кешен және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету;

2) ауылдық аумақтарды және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту,

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету, тамшылатып суғару технологиясын енгізу жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сату. Ауылды жерлерде реформаларды тереңдетуді, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылық сауықтыруды, шаруа (фермер) қожалықтарын, маркетингтік және ветеринариялық қызметтерді, машина-технологиялық стансаларды, азық-түлік көтерме сауда рыноктарын дамытуды, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ассоциациялары мен одақтарының жұмысын жөнге қою;

3) жер қатынастарын реттеу;

4) селолық тұтынушылар кооперативтерін құру және олардың жұмысын

ұйымдастыру;

5) қоршаған ортаны қорғау;

6) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;

7) мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;

20. Мыналарды:

1) Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2009-2011 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын;

2) Халықты жеміс-жидек өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын;

3) «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын;

4) Оңтүстік Қазақстан облысы су нысандарын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын;

5) Оңтүстік Қазақстан облысы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын;

6) Қаланың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

7) «Жасыл аймақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын ұйымдастырады.

21. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауап береді.

22. Мыналардың:

1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы;

2) жер қатынастары;

3) сәулет және қала құрылысы;

4) ветеринария бөлімдерінің қызметіне тікелей басшылық етеді.

23. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Арыс қаласы бойынша аумақтық инспекция басқармасының;

2) Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеменің;

3) Арыс қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арыс су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының;

4) Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығы филиалының;

5) Арыс қалалық әділет басқармасы;

6) «Арыс несиелік серіктестігі» ЖШС-ның;

7) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы;

8) «Максимум АИО» ЖШС-ның;

9) «Ырыс шағын несие» ұйымының;

10) Шу-талас инспекцияның Арыс қаласының инспекторына және басқа да агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарының жұмысына жетекшілік етеді, үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды.

Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қала әкімінің орынбасары

Б.Ділдәбеков
24. Мына салалардағы мәсеселерге қарайды және осы салаларда қабылданатын қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді.

1) ішкі саясат;

2) ұлтаралық келісім;

3) еңбек және әлеуметтік қорғау;

4) денсаулық сақтау;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы;

6) білім және ғылым;

7) мәдениет;

8) тіл саясаты;

9) көші-қон және демографиялық процестерді реттеу;

10) жұмыспен қамту орталығының;

11) жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар мәселелерін шешу;

12) «Қазақстан Республикасында ақпараттық тәуелсіздікті төмендету бағдарламасы» шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру;

25. Әлеуметтік-саяси жағдайды зерделеу мен болжамдауды, мемлекет басшысының, Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөніндегі жұмысты, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу болдырмау тетіктерін қалыптастыру жөнінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни бірлестіктермен, шығармашылық одақтың өкілдерімен, ұлттық-мәдени орталықтардың филиалдарымен, Оңтүстік Қазақстан облысы халқы кіші ассамблеясымен, ардагерлер, әйелдер, жастар және кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жүргізуді және үйлестіруді ұйымдастырады.

26. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша әкімдіктің және қала әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырады.

27. Мыналарды:

1) Қаланың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

2) «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын;

4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруды үйлестіруді;

5) Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау өңірлік қорымен өзара іс- қимыл жасап жүзеге асырады.

28. Мемлекеттік органдардың қоғамдық-саяси және спорт іс-шараларын дайындау мен өткізу жөніндегі қызметін үйлестіреді.

29. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауап береді.

30. Мыналардың:

1) ішкі саясат;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар;

3) білім;

4) мәдениет және тілдерді дамыту;

5)дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жұмысына тікелей басшылық жасайды.

31. Мыналарды :

1) ономастикалық;

2) «Құрметті азамат» атағын беруді қарау;

3) отбасы ісі және гендерлік саясат;

4) діни бірлестіктермен байланыстар;

5) жастар ісі;

6) қалалық тұрғын үй;

7) кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысын басқарады.

32. Мыналардың:

1) қалалық және желілік ішкі істер бөлімдерінің;

2) қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің;

3) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

басқармасының;

4) Аудандық орталық аурухана мен емханының;

5) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» ОҚОФ-ның

қалалық бөлімінің;

6) «Қазпошта» ААҚ-ның Арыс филиалының және мерзімді

басылымдарға жазылу, тарату ұйымдарының;

7) Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей

апаттың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті өкілдерінің;

8) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің Арыстағы өкілінің жұмысына жетекшілік етеді, үйлестіреді, өзара іс-қимыл жасайды.

33. Кәсіптік-техникалық мектеп пен теміржол колледжі жұмысын

үйлестіреді.

34. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Қала әкімі аппаратының басшысы

Т. Әшенов

35. Бектілген регламентке және ережелерге сәйкес қала әкімі аппараты бөлімдері мен қызметтерінің жұмысының әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

36. Қала әкімі аппаратының, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

37. Құжаттамамен қамтамасыз етуді жетілдіру, құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеруді жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, қала әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

38. Іс жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік кесімдерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірбиесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді.

39. Азаматтардың хаттары мен өзге де өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді.

40. Өз құзыреті шегінде қала әкімі аппаратының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, қалалық мәслихатпен және ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

41. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктігін жоғарлату мақсатында мемлекеттік қызметшілердің оқуын ұйымдастырады.

42. Заңды тұлғаның басшысы ретінде әкім аппараты мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие.

43. Мыналардың:

1) ұйымдастыру және кадрлық;

2) жалпы бөлімдерінің және қала әкімінің көмекшісімен заң кеңесшісінің жұмысына тікелей басшылық етеді.

44. Мыналарды:

1) қала әкімі аппараты қызметшілерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу жөніндегі конкурстық;

2) аттестациялық;

3) мемлекеттік қызмет стажын есептеу комиссияларын басқарады.
Мынандай өзара орын басу белгіленеді:


  1. С.Ә.Сұлтановты – Д.Хасенов, ол болмаған жағдайда Б.С.Ділдәбеков;

  2. Д.Хасеновты – Б.С.Ділдәбеков, ол болмаған жағдайда; С.Ә.Сұлтанов;

  3. Б.С.Ділдәбековты – С.Ә.Сұлтанов, ол болмаған жағдайда Д.Хасенов

алмастырады.

Похожие:

Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconКентау қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының жетекшісі арасындағы міндеттерді бөлу туралы
Кентау қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының жетекшісі арасындағы міндеттері бекітілсін
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconЖаңақорған ауданының әкімі, орынбасарлары және «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі арасындағы міндеттерді бөлу. Аудан әкімі С. Т. Тәуіпбаев
Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады, жергілікті атқарушы орган аудан әкімдігін басқарады және оның жұмысына...
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың ақпан айына Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың 1-ші жарты жылдық Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов icon2011 жылғы Арыс қаласының жергілікті бюджетінің орындалуы
...
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconКелісемін: Арыс қаласы әкімінің орынбасары Д. Хасенов
ОҚО, Арыс қаласының көп қабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдарын, қала көшелерінің аяқжол төсемін және көшелерін орташа жөндеу...
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА
Ж. Б. Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК филиалдары директорлары
Арыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов iconЕ. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының
«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына,Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница