Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы




НазваниеҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы
Дата конвертации07.01.2013
Размер42.5 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн Астана қаласында жер учаскелерiн беру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы







Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы № 438-IV Заңы



-->
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 25 мамырдағы № 217-220 (26618); "Казахстанская правда" от 25.05.2011 г., № 166 (26587); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 9 (2586), 79-құжат

      2010 жылғы 22 сәуiрде Сеулде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн Астана қаласында жер учаскелерiн беру туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының
Үкiметi арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық
өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн Астана қаласында жер
учаскелерiн беру туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi,
      екi елдiң арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң болуы мен жұмыс iстеуiнiң тиiстi жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында,
      1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан тарапы Корея Республикасының Елшiлiгi ғимаратын салу үшiн Астана қаласында Обаған көшесi мен Арғанаты көшесiнiң қиылысындағы аудандағы жалпы алаңы 1 га және Корея Республикасының Елшiлiгi резиденциясының ғимаратын салу үшiн Обаған көшесiнде орналасқан жалпы алаңы 0,5 га жер учаскелерiн уақытша қайтарымды жердi пайдалануға (жалға алуға) 49 жыл мерзiммен Корея тарапына бередi.
      Жалға алу мерзiмi тоқтатылған жағдайда Қазақстан тарапы осы Келiсiмде көзделген жер учаскелерiн қайтарып алады, бұл ретте Корея тарапы осы Келiсiмге сәйкес жоғарыда көрсетiлген жер учаскелерiнде салынған ғимараттарға меншiк құқығын сақтап қалады.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жер учаскелерi жер учаскелерiн жалға алғаны үшiн төлемдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес өндiрiп алынатын барлық салықтардан, алымдардан, баждардан босатылады.

3-бап

      Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 180 күн iшiнде Корея тарапы осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жер учаскелерiн жалға алудың шарттарын жергiлiктi атқарушы органдармен келiседi және бiр жолғы тәртiппен 49 жыл үшiн төлем төлейдi. Жалға алу ақысының мөлшерi жылына 1 шаршы метрге 34 теңге 74 тиынды құрайды.
      Осы Келiсiмдi ұзартқан жағдайда жалға алу ақысының төлемiн Корея тарапы ұзарту сәтiнде кезiнде Қазақстан Республикасында қолданыста болатын жалға алу ставкалары бойынша әрбiр жолы келесi 49 жыл үшiн бiр жолғы тәртiппен жүргiзедi, оның мөлшерi осы Келiсiмнiң ажырамайтын бөлiгi болып жеке хаттамамен ресiмделедi.

4-бап

      Корея тарапы осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жер учаскелерiн келетiн елдiң жазбаша рұқсатынсыз басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бермеуге мiндеттенедi.

5-бап

      Корея тарапы Корея Республикасы Елшiлiгiнiң ғимараттарын жобалаған және салған кезде Қазақстан Республикасында қолданыстағы қала құрылысы мен сәулет саласындағы заңнаманы сақтауға мiндеттенедi.

6-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жер учаскелерiне байланысты жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық жұмыстар, ғимараттың жобасын сараптау және салу сияқты нақты қызмет түрлерiне арналған барлық шығыстарды, сондай-ақ оны ұстауға және жөндеуге, электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтауға, байланыс қызметтерiне және қызмет көрсетудiң басқа да нақты түрлерiне арналған шығыстарды Корея тарапы Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес дербес көтередi.

7-бап

      Қазақстан тарапы Корея тарапы Астана қаласының коммуналдық құрылыстарына қосуға арналған бастапқы деректердi уақтылы бергеннен кейiн Корея Республикасының Елшiлiгi жер учаскелерiнiң шекарасына дейiнгi коммуналдық құрылыстарға барлық қажеттi қосуларды Қазақстан тарапының есебiнен, ал осы жер учаскелерiнiң шекарасынан оның аумағы бойынша Корея тарапының есебiнен ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жәрдем көрсетедi.

8-бап

      Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында көзделген барлық қолдануға болатын рәсiмдердi Корея тарапы мiндеттi түрде сақтаған жағдайда, осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген жер учаскелерiнде Корея Республикасы Елшiлiгiнiң ғимараттарын және оған қосалқы құрылыстарды салуға арналған рұқсат берудi ұйымдастыруға жәрдем көрсетедi.

9-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi және оның ажырамас бөлiктерi болып табылады.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және орындау кезiнде туындайтын даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар өзара консультациялар және келiссөздер арқылы шешедi.

11-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм қырық тоғыз (49) жыл iшiнде қолданылады және, егер Тараптардың бiр де бiрi кезектi қырық тоғыз жылдық кезең аяқталғанға дейiн кемiнде 1 жыл бұрын оның қолданылуын ұзартпау ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, келесi қырық тоғыз жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
      2010 жылғы 22 сәуiрде Сеул қаласында екi данада әрқайсысы қазақ, корей, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының                 Корея Республикасының
            Үкiметi үшiн                              Үкiметi үшiн

      2010 жылғы 22 сәуiрде Сеул қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн Астана қаласында жер учаскелерiн беру туралы келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер министрлiгi
      Халықаралық құқық
      департаментiнiң
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесi. Бұдан әрi Келiсiмнiң мәтiнi ағылшын,  корей тiлдерiнде берiлген.








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconКонкурстық құжаттама Жалпы ережелер
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы
Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы оаөэы көлiк дәлiзiн қайта жаңарту жобасы...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconБиржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы №638 Қаулысы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconҰлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconҚаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-iv заңы
Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 8 ақпандағы №39-40 (26442); "Казахстанская правда" от 05. 02. 2011 г., №42-43 (26463-26464); Қазақстан...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconАкционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы
Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconАкционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 10 шiлдедегі n 281-1 Заңы
Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы n 415-іі заңына сәйкес осы заңның күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 28 қазан №1225 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 25 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1219 2011 жылғы 28 қазан, Астана, Үкімет Үйі
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница