Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы




Скачать 340.72 Kb.
НазваниеСартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы
страница1/3
Дата конвертации07.01.2013
Размер340.72 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сартерек ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 2010 жылдың атқарылған жұмыстары сараланып- ауыл халқы алдында аудан, ауыл әкімдері есеп беріп, кездесулер өткізген көпшілік жиындарда айтылған ұсыныс-пікірлердің 2010 жылға берілген аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Сартерек ауылдық округінде ауылды дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламасының орындалуы туралы мәдіметтердің қорытындылары мен алда тұрған міндеттерді басшылыққа ала отырып, жалпы округтегі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталайын:

Сартерек ауылдық округінің орталығы Сартерек ауылы, аудан орталығынан 29 км, облыс орталығынан 470 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі – 77512 га, Егіндігі-2500 га, шабындығы 6500 га, жайылымдығы – 68512 га. Жалпы халық саны: 2386 адам.

Әлеуметтік сала бойынша: 3 кітапхана, 2 спорт зал, 1 байланыс бөлімі, 1 почта, 1 учаскелік полиция, 1 клуб үйі , 2 орта, 1 бастауыш мектепте – 511оқушыға 73 мұғалім білім берсе ,1 жанұялық емханада, 3 фельдшерлік акушерлік пункте 2 жоғары білімді дәрігер, 9 орта буынды мейірбике халыққа қызмет етеді.

Ауылымыздың әлеуметтік экономикалық дамуын, мәдени,рухани өмірін нығайтуға бағытталған сан саладағы істеріңізге әрдайым сәттілік пен табыс тілеймін.

Әр шаңыраққа денсаулық,бақыт, береке –бірлік, ол ырыс әкелсін.

Тарих табалдырығын аттаған 2011 жыл қоян жылы өткен жылы орындалмаған жұмыстар орындалады деп ойлаймын.

2010 жыл еліміз үшін ерекше есте қалар жыл болды.

Қазақстан 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ-ның Саммиті болып өтті.

ЕҚЫҰ құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым болып табылады. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдың алдын алу және оны болдырмау, көрініс берген жанжалдарды реттеу мәселелерін қарастырады. Сол сияқты қару-жараққа бақылау жасау, алдын алу дипломатиясы, сенім шаралар мен қауіпсіздікті нығайту, адам құқықтар, сайлауға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Сондықтан біздің елдегі Саммитке дайындық барысы өте мұқият жүргізілді. Өйткені, ұйымға қатысушы елдердің бірде-бірі өзекті мәселелерді шешу үшін он бір жыл бойына бас қосқан жоқ, яғни ЕҚЫҰ саммиті өткізілген жоқ. Ал бұл уақыт аралығында әлемде қаншама өзгерістер болды. Жаңа заманға сай жаңа міндеттер туындады. Бірақ, он бір жылдан кейінгі үзілістен соң Саммит өткізу қажеттігін жариялау оңайға түспеді. Бұл үшін Елбасы бірнеше мәрте халықаралық кездесулер өткізді.

Ұйымның төрағалығын қолға алғанға дейін бірнеше жыл бойына Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ірі іс-шараларын өткізді. Мәселен, адам саудасына қарсы күрес, мәдениетарлық, дінаралық және этносаралық түсінік, сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының сессиясы ұйымдастырылды. Ал 2007 жылғы қарашада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің Мадридтегі кездесуінде Қазақстанның Ұйымға 2010 жылы төрағалық етуі туралы нақты шешім қабылданды.

2010 жылғы 2 желтоқсанда Астанада жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ-ның Саммиті жұмысын аяқтады.

Біздің еліміздің әрбір азаматы әлемдік қоғамдастық үшін де айрықша маңызды оқиға – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекттер және үкіметтер басшылары Саммитінің жұмысын ерекше мақтаныш және толқыған сезімімен бақылады.

Еуропаның географиялық шекарасынан мыңлаған шақырым қашықта жатқан Азия кеңістігіндегі Еуразия кіндігінде тұңғыш рет, жаңа мыңжылдықта бірінші рет өтізілген ЕҚЫҰ Саммитінде әлемдік тарихтың барысын және еуразия континетінің әрі қарай даму жолын айқындайтын қазіргі кезеңдегі жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Әлемдік өлшемдегі форумның Қазақстан тәуелсіздігінің және оның болашаққа ұмтылысының символы болып табылатын жас әрі керемет астанасы Астана қаласында өтуінің өзіндік маңызы бар.Саммиттің арқасында әлем «Астана Рухын» сезініп, оның көпэтносты және біртұтас халқын таныды.Біз барша әлемге бейбітшіл, өркениетті даму мен прогресс мұраттарына арқа сүйейтін ел ретінде белгіліміз.

Бірнеше күн бойы Астанаға ЕҚЫҰ кеңістігі елдері ғана емес, бүкіл әлем назарын тікті.Бұған Саммитке қатысушылардың құрамы дәлел бола алады, жиынға ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мен әріптес елдердің 73 ресми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Саммит жұмысын 1000-нан аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар,газеттер мен ақпарат агенттітері таратты.

Саммит қатысушыларының барлығы елімізге ең жоғары ұйымдастыру деңгейінде өткізілген кездесулер үшін ықыластарын білдірді.Бұл – біздің ұлы Отанымыздың сөзсіз жеңісі, өз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы Қазақстан халқының қажырлы еңбегінің нәтижесі.


Халықтың демографиялық ахуалына тоқталсақ:

2010 2011ж айырмасы

Барлыгы 2365 2386 +21

Туған бала 40 48 +8

Қайтыс болғаны 15 16 +1

Шаңырақ көтерген отбасылар :9 11 +2

2011 жылдың 1 қаңтарына халықтың саны 428 отбасы, 510 жанұя , 2386 халық тұрса о.і. ораламандар 95 отбасы, 412 адам .

Ауыл экономикасының басым бөлігінің негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылатындықтан егістікке жарамды пайдаланылмай отырған жерлерді аудан қорына өткізіп, ынта білдіріп отырған оралман ағайындарға барынша қолдау көрсету қажет. Егін шаруашылығы бойынша біздің округте қыста қар тоқтату шаралары, ылғал сақтау, тамшылатып суару технологиясы қолданылмайды. Жер тыңайтқыштармен тыңайтылмайды. Тұқымды да ауыстырып, жаңалап отыруды да қолға алған дұрыс. Ауыспалы егістікті қолға алу қажет.

Жазда егістікті мал таптайды. Бұл өзіміздің кемшілігіміз. Неге қолға ұстайтын сауын малды кезекке қосып, бойдақ малды , әсіресе жылқы малдарын жайлауға шығармасқа?

Биылғы жылы ауыл халқының малын жиып алып Нұрахымбек Қадыр, Шайза Қымбат, Мотай Бүрлен сияқты азаматтар малды жайлауға шығарды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша:

2009 ж– 144, 2010ж-164-шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде:

Мал шаруашылығы саласында- 14

Егін шаруашылығы саласында- 29

Шаппалық жермен айланысатын- 122

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін:

3-диірмен

3-май сығатын қондырғы

2-наубайхана бар.
Шағын жэне орта бизнес саласы бойынша:

8-сауда дүкені

4 -кәсіпкер мал дәрігері халыққа қызмет етеді.
Ауылшаруашлық дақылдарының өндірілуіне келсек: 2010 жылы «Еламан» шаруа қожалығы 16,2 тонна нан өндіріп 567 мың теңгенің өнімін өндірді.

«Нұрасыл» шаруа қожалығы 13,5 тонна нан пісіріп 473 мың теңгенің өнімін өндірді. Ауылда өтетін тойлардың,қайтыс болған адамдардың отбасыларының керекті тоқаш өнімдерін пісіріп халықтың ризашылығына бөленуде.

«Мұса» шаруа қожалығы 4 тонна май өндіріп, оны 200 теңгеден саудалап 560 мың теңгені құрады және шағын ұн тартатын диірменімен халыққа 10 т ұндарын тартып берді, сондай-ақ халықтың сұранысы бойынша бидайдан,арпадан жем тартып оны 900-1100 теңгеден сатылып отыр.

Сондай-ақ «Қабанбай» шаруа қожалығының жетекшісі биыл бір комбайн сатып алып, халыққа қызмет көрсетті.

Егін шаруашлығымен айналысқан жекелеген қожалықтарға тоқталсақ: «Дәулет» ,« Алға» , «Ақерке», «Жандос» , «Қабанбай» шаруа қожалықтары күткендегідей өнім алып отыр.
Егістік алқап: 2009 ж 2010 ж

Дәнді-дақыл 391 422 +32

Картоп 70 90 +20

Көкөніс 40 33 - 7

Бақша 10 - -10

Соя -

Майлы дақыл 772 402 -370

Жоңышқа 90 100 + 10

Барлығы : 1373 1047 -326

Дегенмен шаруа жетекшілері өз шығындарын өтеу мақсатында өкіметтен көктемде күнбағыс дақылының гектарына 2282 теңгеден субсидия төленсе, күзде егін жиналған соң көктемде субсидия төлеу тізіміне енгізілген ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге бір тонна күнбағыс дақылына 1500 теңгеден субсидия төленеді.

Басқы каналдардың барлығын упростың азаматтары экскаваторларымен тазалады арнадағы талдар тазартылды Қаройға дейін толық тазаланды. Ауылдың бақшалық суларын толық келтіру үшін өзеннің арналарын талдан тазарту керек. Осыған ауылдағы бар техникалармен ерте көктемде қолға алуымыз керек. Каналға су түспей тазарту керек, лагердің тұсына келгенде су сазға кіріп жайылып кетеді осының көзін ерте бастан табуымыз керек.

Мал басынын өсуі: 01.01.2011 ж

------------------------------------- 2009ж 2010 ж айырмасы

Ірі-қара 5283 5098 -185

о/ішінде

сиыры: 1982 1994 +12

қой-ешкі: 13187 13444 +157

жылқы 835 1303 +468

құстар: 2000 2010 +10

марал: 175 164 -11
ет: тонн. 961 1157 +196

сүт: 3495,6 3612,5 +116,9

жүн: 15,9 15,9

жұмыртқа мың дана 312,0 312,0

Негізгі кәсіптің бірі – мал шаруашылығы болғандықтан сапалы, мол өнім өндірудің тиімділігін пайдалану басты қажеттілік. Бұл бағытта атқарылып жатқан Бұқабай учаскесіндегі мал бордақылау алаңы өз жемісін көрсете білуде «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Е.Келгенбаевтың еңбегін ерекше атау орынды.

Былтырғы қыстан шығынға ұшыраған малдардың орнына мемлекеттен жеңілдікпен несие берілді. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың Зайсан қаласына келген сапарында айтылғандай облысқа 350 миллион теңге бөлінгенін, оның 191 миллионы игерілгенін қажет болған жағдайда ауыл тұрғындарына төрт түлік мал алуға жағдай жасалатынын атап өтті. Мал шаруашлығымен айналысып жүрген азаматтарды атап өтсек: «Қарақұм» ш/қ жетекшісі Рамазанов Сағибек, «Айдос» ш/қ жетекшісі Уалиев Сайранбек, «Назерке» ш/қ жетекшісі Ахметжанова Алмагүл, «Караван» ш/қ жетекшісі Абышева Ш , «Айгерім» ш/қ жетекшісі Қабікенов Ермек , «Жақау» ш/қ жетекшісі Омарова Б т/басқа көптеген шаруа қожалықтары мал басын өсіріп отыр, дегенмен осы малды келешекте асылтұқымды малдармен көбейтуіміз керек. Оның салмағы,сапасы да жоғары болары сөзсіз. Қазіргі күн тәртібіндегі мәселе мал басын бірегейлендіру.

Елбасының Жарлығымен Қ/Р Үкіметінің 2009 жылғы 04.11 № 1754 қаулысы бойынша, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында әр ауылдық округте мал сою бекетін ашу тапсырылған. Арнайы мал сою бекетінің мал дәрігерінің рұхсатынсыз еш жерлерде мал сойылмайды. Біздің округте осы мәселе күні бүгінгіге шешімін таппай тұр. Келешекте осы 2011 жылы шешімін табады.
Әлеуметтік сала, халықтың тұрмыс жағдайы.
1 почта онда 2 адам жұмыс істейді.Ауылдағы зейнеткерлер мен ауыл халқына толық

кедергісіз қызмет көрсетуде.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған адамдар саны 23 адам, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғаны 15.

Жасына байланысты

зейнетақы алатындар 190 адам

базалық зейнетақы 219 адам

теңестірілгендер 6 адам

мүгедектігіне мем. жәрдемақы 75 адам

асыраушысынан айрылғандар 39 адам

жасына байланысты мем. жәрдемақы 12 адам

Тыл ардагері 37 адам

1-11 топ мүгедектері 26 адам

111 топ мүгедегі 8 адам

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 5 бала

Көп балалы аналар 42 адам

1 жасқа дейінгі балалы аналар 40 адам
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №930 Жарлығы бойынша «Алтын» және «Күміс» алқамен 68 адам наградталды.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік тыныс-тіршілігіне келсек,

Р/с

Елді мекен атауы

Жењіл автом.

Газ-53

Зил 130

Зил-131

трактор

Доңғалақты

Шипу

1

Сартерек

56

10

2

4

14

23

2

Көгедай

10

1

-

-

8

7

3

Шалқар

10

3

-

-

12

6

4

Жаңа-баз

5










2

3

5

Ақ-қойын

2







2










жиыны

83

14

2

6

36

39


Сартерек ауылдық округіне қарасты су құбырында 17 құдық жұмыс істейді,онда 3 адам жұмыспен қамтылған..

Көгедай ауылының тұрғыны 1-топ мүгедегі Утепов Серіктің үйінің сыртын ауыл әкімшілігінің жұмысшылары барып сылап,ағартып берді. Аудан әкімінен аз қаражатты әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға 15 тонна тегін көмір бөлініп, таратылып берілді.

Ауыл тұрғындарына 1075 тонна көмір тасылды . Көптеген ауыл тұрғындары өзеннің ішкі арнасын тазалап ағаш отын тасып алды. Жыл басында аудандық орман шаруашылығы мекемесінен рұхсат төлем арқылы ағаш отын алуға рұхсат берілді. Халықтың сұранысы бойынша тал туралы шешімін тауып, жылына 10 адамға кезекпен босатылуға рұқсат берілді.
Ауылдық округ бойынша қарттармен жұмыс істейтін бір маман жүктемесі 6 адамды қарап келеді, оның құрамында 1-ші,2-ші,3-топтағы мүгедектер бар. Әр отбасына аптасына үш күннен қызмет атқарады Көмі р түсіруге, ағаш отынын кесіп, бұтап беруге әкімшілікпен бірлесе отырып жұмыс жасайды, ай-сайын коммуналдық төлемақыларды төлейді., жылына бір рет дәрігерлік сараптамадан өткізеді, туыстарымен хат-хабар жасауды ұйымдастырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін бір әлеуметтік маманнын жүктемесі 6 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді. Аптасына үш рет әр балаға денсаулығына байланысты тіл дамыту, айналамен таныстыру, сауат ашу, еңбекке баулу, дене қозғалысын жетілдіру мақсатында қызмет атқарып келеді. Мектеппен, емханамен, ата-аналармен тығыз байланыста . Жылына екі рет өткізілетін облыстық деңгейдегі дәрігерлік сараптамадан өткізіп тұрады.
Балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмекке төмендегідей төлемдер төленді.

2009 жылы

АСП- 20- отбасы, 59 - адам - 1042,6

18-жас бала -128 отбасы, 298-бала – 2961,8

2010 жылы

АСП -25-отбасы 65 адам – 1097,9 тг ,

18-жас – 117 отбасы – 293 бала – 3338,8 тг
Баспасөзге жазылудан мектеп ұжымдарына, ауыл ақсақалдарына үлкен рахмет айтамын. Жекелеген тұрғындар өте нашар жазылады. Келешекте саясатқа да мән бергеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Рудный Алтай

дана

15

Егеменді Қазақстан

дана

80

Дидар

дана

110

Достық

дана

250

Каз.правда

дана

5

Дала мен қала

дана

15

Семей таңы

дана

15

Ертіс өңірі

дана

15

Алтай

дана

5

Айқын

дана

15

Баспасөзге берілген жоспар орындалды. Ауданымыздың айнасы «Достық» газетіне бір кісідей жазылайық, күні бүгінгіге жарты жылға 250 данаға жазылдық.
  1   2   3

Похожие:

Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі

Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы»...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconБайет ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебінің тезистері
Ды құрайды. Сонымен қатар жеке негізде жұмыс істейтіндер 243 адам, қалалық халықты жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Ткен жылмен салыстырғанда Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 2010 жылғы 01 қантарға халық саны: Герасимовка ауылы 1329, Казачье 366,...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconАлмасай ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconАлмасай ауылдық округінің 2009 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconМалеевка селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмыстары туралы есеп
Малеевка селолық округі 4 мекен жайды біріктіреді барлық тұрғындар саны 3337 адам, Малеевскте 1784, Путинцевода 965, Быковода 381,...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconЕкібастұз ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Жаңа 2010 жылдың табалдырығын аттаған кезеңде кездесіп отырмыз. 2010 жыл Бүтіндей Қазақстан үшін оның ішінде біздің Екібастұздықтар...
Сартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница