Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану




Скачать 48.23 Kb.
НазваниеКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Дата конвертации07.01.2013
Размер48.23 Kb.
ТипДокументы


Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

9-қосымша

Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Көзбен бақылау-тау жыныстары мен жер бетінің қабаттарының қозғалуын, сонымен қатар кен орындарын жер асты барлауда күзетілетін объектілердің деформациялануын нағыз күйінде бақылаудың құрама бөлігі. Олар кен орындарында немесе оның жеке учаскелерінде процестің дамуы туралы жалпы көрініс бере отырып, құрал-сайманмен бақылауды қажетті мәліметтермен толықтырады. Көзбен бақылаулар мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

жер бетіндегі жарықшақтар мен бұзылу аймақтарының шекараларын;

жабын тау жыныстарының, топырақтың және тау кендерінің жер асты бүйірлерінің қатпарлану шекаралары мен сипатын; қазбалардың көлденең қималарының өлшемдері мен пішіндерінің өзгеруін, тіреулер мен бағандардың бұзылу дәрежесін.

Көзбен бақылауда ең қарапайым құралдар мен приборларды-сызғышты, рулетка мен компасты қолданады. Бақылау нәтижелерін өріс журналына жазып алады, онда бақылау күнін, бақылау объектісін, бұзылу сипаты мен олардың өлшемдерін, тексеру орнының бекітілуін белгілейді. Көзбен бақылау сурет салумен және біршама тән құбылыстарды суретке түсіріп алумен сүйемелденеді. Фотосуреттерге түсірілетін объектіге-марка, жақтау, сызғыш және басқа айлабұйымдармен орналастырылған қандай да бір базистің көмегімен қажет масштаб беріледі. Бақылау нәтижелері бойынша беттің планына жарықшақтар мен бұзылу аймақтарының шекараларын салады, ал тән қималарда ұңғыма жасалу бұрыштары, бұзылу мен жарылу бұрыштарын анықтайды.

Жасалатын үймереттер мен ғимараттар үшін арнайы журналда немесе жеке карточкаларда бар бұзылудың сипаты мен деңгейін, жасаудың басталуын жазады. Құрылымның бұзылу қаупінің дәрежесін болжамды бағалау 1-кестенің көмегімен орындалуы мүмкін.

Жер асты пішінді сызықтар бойынша, сонымен қатар көзбен бақылау өткізілген барлық қазбаларда шартты белгімен тіреу мен тау жыныстары деформациясының учаскелерін салады. Қазбалардың мына тәрізді сапалы бұзылу дәрежелерін ажыратады:

1) қауіпсіз-аз ғана жарылуда тазалау жұмыстарының әсері байқалады және шашыратылған бетонның қырында, 2 мм дейін ашылған бетонда әр түрлі бағдарланған жарықшақтардың пайда болуы;

1-кесте

Құрылым

Зақымдану түрі немесе ақау түрі

Қауіптілік деңгейі

Қажетті шаралар

Кірпіш қабырғалар мен бағандар учаскелері

Құрама арқалықты жабындар (плиталар, арқалықтар, фермалар)

Темір бетонды құрылымдар


Құрылымның металл элементтері

Көлденең жік бойынша ауысу, көлденең, сирек орналасатын жарықшақтар, сирек тік немесе 3 мм дейін максимум ашылған аздап иілген жарықшақтар.
45° шамасында еңісте орналасқан сирек жарықтар, еңістер.

Бүтіндігін жоғалтқан салым, құрылымның тірек бөліктеріндегі жарықтар.

Баған құрылымдарының тіреу учаскесі 200-250 мм.
Арқалық құрылымдарының тіреулерінің учаскесі 150-200 мм.
100-150 мм құрылымдағы тіреу учаскелері.


0,3-0,5 мм жеке жарықшалар

0,5 астам жарықшақтар жүйесі, жұмыс қаңқасының жарылуы, қорғаныс қабатының сынуы мен 2-3 мм астам ашылған бойлық жарықшақтардың қаңқалардың қаңсып кетуі.

Қабырғалардың, сөрелердің, белдемелердің қаңсып кетуі. Дәнекерлеудегі жік, белдемелер мен фасонкалардағы жарықшақтар

Қабілеті зақым-далғаннан т 70-80 % құрайды. Тым көп жүктелген бағандар үшін қауіпті.

Зақымдалмағаннан қабілет

30-40 % құрайды

Қауіпті


9 м жоғары аралық-тардың фермалары арқалықтары үшін ғана қауіп.

6 м жоғары аралық арқалық-тары үшін қауіпті.
3м жоғары аралық арқалықтары үшін қауіпті.


Қауіпті емес
Қауіпті

қауіпті

Уақытша ағаш және металл бекітпелерді қою.

Апатты бұзылу қаупі болған жағдайда адамдарды шығару және үймерет бөлігін пайдалануды доғару.

Қозғалу процесі аяқталғаннан кейін жарықшақтарды бітеу, тіреулерді қою, қабырға қағаздарын жабыстыру және тағы басқа.

1. Сақтандырғыш уақытша бекітпелерді қою.

2. Құрылымның сүйену учаскесін ұлғайту.

3 Қауіптілік аса қатерлі болған жағдайда үймерет (ғимарат) бөлігін пайдалануды тоқтату
-

1.Мамандандырылған ұйымдар кеңестері.

2. Уақытша бекітпелерді қою.

3. Үймерет (ғимарат) бөлігін пайдалануды тоқтату. Темір бетонды құрылымдарға сияқты.


Басқа тіреуіштермен бекітілгендерде деформация байқалмайды;

2) мүмкін-тіреуіштің жергілікті сынықтарында немесе 100-200 мм тереңдікке тау жыныстарының қатпарлануында барлаудың бұзылуы, бүйірлер мен 5 мм дейінгі жабындарда жарықшалардың ашылғандығы байқалады. Бекітпе сынықтары қысқа уақытта жөндеу арқылы оңай жойылады;

3) шекті-бекітпенің едәуір бөлігінің сынығында қазудың бұзылғаны байқалады, ұзақ арақашықтықтағы қазу қимасының деформациясы, жабын тау жыныстарының жергілікті аударылғанда, 10 мм дейін қазу бүйірлерінде жарықшалардың ашылуы. Қазуды пайдалануды тек едәуір көлемдегі жөндеу жұмыстарын өткізгеннен кейін ғана мүмкін;

4) мүмкін емес-қазу жабынының біршама бөлігінде тегіс үйінді жасау. Қазуды пайдалану тек тау жыныстарын қарқынды қозғағаннан кейін және қазуды толық қайта тірегеннен кейін ғана мүмкін.

Көзбен бақылау, талап бойынша, құрал-саймандармен бақылау арқылы сүйемелденеді, бұл тау жыныстарының деформациясы мен көптеп қозғалуымен сипатталатын деформацияның көрінетін белгілері. Көзбен бақылауды өткізу жиілігі кен орнындағы жылжу процесінің даму қарқыны мен бақылау объектілерінің маңыздылығына байланысты болады.

___________________


Похожие:

Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconҚан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану Ережелері 1 тарау. Жалпы қағидалар
Осы Ережелер қан қызметін жүргізетін денсаулық сақтау ұйымында, қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану тәртібін...
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconҚазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы...
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconКонкурс тәсілімен өзгеше тәртіпті қолдану арқылы ұйымдастыру және өткізу бойынша өткізілген қызметтерінің қорытындысы туралы хаттама
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға арналған әлеуметтік жобаларды 2012 жылы қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде шараларды...
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconИскаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау

Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі
С. Торайғыров атындағы пму-дың химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің дене шынықтыру және
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconСпонсор проекта
Мұнай және газды қайта өңдеу Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
Газ және газоконденсат кен орындарын-газды, газоконденсатты және басқа да қосындыларды тиісті экономикалық көрсеткіштерге сай пайдалану...
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconҚмму ф 4/3-06/02 2007ж. 14 маусым Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Тақырып: Шыныиономерлі цементтер. Жүйесі, қолдану көрсеткіштері, оларға қойылатын талаптар, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау...
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница