Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар!




Скачать 136.68 Kb.
НазваниеҚұрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар!
Дата конвертации07.01.2013
Размер136.68 Kb.
ТипДокументы
Аудан әкімі Т.Ж.Қасымжановтың 2011 жылдың 6 қазанында өткен Жарма аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясындағы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар!

Мемлекет басшысының үстіміздегі жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылдың 8 айына өнеркәсіптік өнім көлемі 3 млрд. 732,3 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың 8 айымен салыстырғанда 1,2 есеге артты.

Қайта өңдеу зауыты құрылысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» серіктестігінен басқа барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен есеп топтарында өндіріс көлемі өсті.

Индустрияландыру Картасына «Қазақцемент» серіктестігінің цемент зауыты, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының» кен өндеу зауыты және «Теньши» серіктестігінің әк тас күйдіру зауытының құрылысы енгізілді. Сонымен қатар, 2012 жылы Жаңғызтөбе кентінде жел электр стансасы паркін құру жобасын («ZHARMA GREEN ENERGY» ЖШС-гі) іске асыру басталмақ.

2011 жылдың қаңтар-тамыз айына негізгі капиталға инвестицияның көлемі 4 млрд. 861,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты.

Ауыл шаруашылығында жер иеленушілер саны – 528, оның ішінде 519 шаруа қожалығы, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 1 мемлекеттік заңды тұлға бар.

2011 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5 млрд. 52 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105 пайызды құрады.

Ауданда 12 мал бордақылау алаңы, 7 малды қолдан ұрықтандыру пункті іске қосылған.

Биылғы жылы егін және мал шаруашылығын қолдауға барлығы 58 млн. 562 мың тенгенің субсидиясы бөлініп, оның 39 млн. 995 мың теңгесі игерілді.

2011 жылдың 1- қыркүйегіне ауданда 71 мың бас ірі қара, 296 мың бас қой-ешкі, 18,0 мың бас жылқы бар. Оның ішінде асыл тұқымды малдың үлесі ірі қарада – 5,8 , қойда – 13,5 және жылқыда – 2,5 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың сегіз айында былтырғы жылғы деңгеймен салыстырғанда ет өндіру -13, сүт өндіру- 1, жүн өндіру- 4 және жұмыртқа өндіру- 5 пайызға артты.

Мал шаруашылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында биылғы жылы -1 асыл тұқымды мал шаруашылығы , 2 мал бордақылау алаңы (Терістаңбалы және Қаратөбе округтерінде), 2 малды қолдан ұрықтандыру пункті (Қарасу және Қызылағаш округтерінде), 1 шағын ет комбинаты («Сахаба» шаруа қожалығында) және шағын құс фермасы (Жаңғызтөбе кентінде) іске қосылды.

«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» акционерлік қоғамынан несие алып, мал сатып алу үшін 18 ауылдық округтен 52 жоба таңдап алынып, іске асуда.

Мал басын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, қорытындылары компьютерлік дерекқор базасына енгізілді. Аса қауіпті жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында бөлінген 61 млн 621 мың теңге қаражаттың 32 млн 55 мың теңгесі жоспарға сай игерілді.

132 мың тонна қатаң мал азығы дайындалып, тапсырманың орындалуы 104 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылық құрылымдарына бөлінген барлық 47870 га егістік жердің, үстіміздегі жылы 36306 гектары айналымға қосылды немесе барлық егістік жердің игерілуі 76 пайызды құрайды.

Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде мақсатты пайдаланылмайтын 47999 гектар жер анықталып, оның 5732 гектары иелерінің еркімен мемлекет меншігіне қайтарылып, 42267 гектары иесіз жер есебінде тіркеуге алынды.

2011 жылы егілген дәнді дақылдар көлемі 13531 гектарды құрайды. Ылғал сақтау ресурстары технологиясы бойынша себу 10 мың гектарды немесе өткен жылғы деңгейге 106 пайызды құрады.

Егін орағына күздік дала жұмыстарына жиыны 660 тонна дизель отыны арзандатылған бағамен босатылды, қазір астық жинау науқаны аяқталуда.

Ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру мақсатында Қалбатау ауылдық округінде оралмандарды біріктіріп (55 га) және қосымша жер беріп, шаруа қожалығын құру жұмыстары қолға алынды. Божығұр ауылдық округінде үш шаруашылық егін салуды бірлесіп жүргізді. Аумақтық бірліктер әкімдері бұл жұмысты заңдастыру мәселесімен айналысуы қажет.

Ауданда 2 127 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың саны 2 %-ға немесе 43 субьектке өсті. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 %-ға көбейіп, 3440 адамды құрайды. Жалпы шағын бизнес кәсіпорындары салық түсімдерінің сомасы 144 млн. теңгені құрап, 5,8 %-ға немесе 8 млн. теңгеге көбейді.

Тіркелген 85 шағын және орта бизнес субъектілерінің ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар саны – 49. Белсенді кәсіпорындар саны 23,7 % - ға немесе 9 бірлікке артып, 46 бірлікті құрады.

Негізгі азық-түлік тауарларын саудалайтын дүкендер мен базарларға күнделікті мониторинг жүргізілуде. 2011 жылдың 1 қыркүйегіне тұтыну бағалары индексінің деңгейі 103,5%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» 1-ші бағыты шеңберінде «Разий» серіктестігінің мал бордақылау алаңын құру жобасын іске асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
«Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» 4-ші бағыты шеңберінде Шар-Әуезов жолынан «Қазақцемент» зауытына дейін жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында  «Даму» қоры, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы қаржыландыру, кәсіпкерлік негіздері, әйелдер кәсіпкерлігіне шағын несие беру, жобаларды қаржыландыру және басқа да мәселелер бойынша семинарлар өткізілді.

Жыл басынан 11 кәсіпкерлік нысандары ашылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 577 бизнес субъектілерімен 84,4 млн. теңгеге меморандумдар жасалып, 2011 жылдың өткен кезеңінде 79,3%-ға, немесе 67,0 млн. теңгеге орындалды.

2011 жылдың 8 айына жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі бойынша болжамдағы 2 млрд. 641,8 млн.теңгенің орнына түсім 2 748,6 млн, теңге, оның ішінде меншік кірістер 654,5 млн. теңгені құрады. Болжамның орындалуы - 114,7 пайыз.

Қаңтар-тамыз айларына жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 2 млрд. 587,9 млн. теңгені құрады немесе орындалуы 98 пайыз.

Экономиканың нақты секторында жалақы қорын ұлғайту, жер мен мүлік салығына қосымша резервтерді іздестіру жөніндегі іс-шаралар Алгоритмін жүргізу барысында бюджетке қосымша - 5 млн. 852,1 мың теңге қаражат түсті.

Ағымдағы жылы ауданда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 140 млн 572 мың теңгені құрайтын 16 жобаның іске асуы көзделген. Қазіргі күнге 134,8 млн. теңге немесе 96 пайыз игерілді. 145 жұмыс орны құрылып, оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар арқылы 67 адам қамтылды. 15 жоба іске асырылып, 1 жоба бойынша жұмыс аяқталуда.

Аталған бағдарлама бойынша Бірлік, Салқынтөбе ауылының орталық көшелерін жарықтандыру, Үшбиік, Сұлусары ауылдарының көпіріне ағымды жөндеу, Үшбиік және Белтерек ауылдарының су құбырларын жөндеу жұмыстары атқарылды.

«Ақбұзау-Шар» су құбырының ұзындығы 3,2 км учаскесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Білім мекемелері бойынша Крупская, Қалматаев атындағы, Бірлік орта мектептерінің отжағу қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қызылағаш орта мектебі ғимаратының төбесіне, Қажыгелді, Уәлиханов атындағы орта мектептердің, Арқалық негізгі мектебінің жылу жүйелеріне, Теряев атындағы орта мектептің жылу қазандығына ағымдық жөндеу жұмыстары жасалды.

Карелин атындағы мектеп ғимаратының сыртқы жылу желісіне және жылу жүйесіне ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс саласында «Қалбатау ауылындағы №2 спорт мектебі ғимаратын Жастар үйіне қайта жарақтау», «Қалбатау ауылындағы саз мектебіне жапсарлас бөлме құрылысы», Шар қаласы маңындағы тұрмыстық қатты және басқа да қалдықтар қоймасы және «Балапан» бағдарламасы аясында, 140 орындық балабақша құрылысы биылғы жылы аяқталмақ.

«Шуақ кентіндегі 156/18 ММ-нің өнеркәсіптік аумағындағы қазандық құрылысы» жобасына тамыз айына дейін жоспар бойынша республикалық бюджеттен – 276 млн. 100,0 мың теңге бөлініп, 232 млн. 436 мың теңгесі игерілді.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1684 шаршы метрді құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 25,7 пайызға өсті.

Үшбиік ауылындағы «Дәрігерлік амбулатория» нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін бастапқы деректер әзірленіп, облыстық басқармаға ұсынылды.

Сумен қамтамасыз ету нысандарын салу, қайта жарақтау бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына Бірлік, Шалабай, Суықбұлақ, Жаңаөзен, Шуақ (Солнечный), Қапай Батыр, Жарық ауылдары ұсынылды. Бірлік ауылының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті, Шалабай ауылы бойынша осындай жұмыстар жүргізілуде.

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жұмыстарына 19 млн. 813 мың теңге қаражат бөлініп, оның ішінде 6 млн. теңгесі Жайма ауылының су құбырын жөндеуге бағытталды. .

Қалбатау ауылының Әлімбетов, Қалматаев және Бабатайұлы көшелерін жарықтандыруға 7 млн. теңге, Суықбұлақ елді мекенін электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге 6 млн. 739 мың теңге жұмсалды.

Жеке тұлғалы азаматтарға үй сатып алып беруге 17 млн. 621 мың теңге қаражат қарастырылып, 13 млн. 471 мың теңгесі игерілді.

Көркейту және көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарына 11 млн. 296 мың теңге қаражат жұмсалды.

Жолдарды қалыпта ұстау жұмыстарына 157 млн. 607 мың теңге қарастырылып, 151 млн. 623 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде 69 млн. 857 мың теңге қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарына, 60 млн. теңге Қалбатау ауылының Қабанбай көшесіне орта жөндеу жұмыстарына бағытталды.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыс жағдайы төмен тұратын азаматтардың саны 1,8 пайызға азайып, 2514 адам құрады. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 169 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,7%.

Өткен кезеңде 570 жаңа жұмыс орны ашылып, 805 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 1-ші қыркүйекке 995 жұмыссыз қатысып, бөлінген 21 млн 107,0 мың теңге қаржы толық игерілді, одан тыс 564,0 мың теңге кәсіпкерлер қаржысынан бөлінді.

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 32, кәсіби даярлауға 109, әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам жолданды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында, республикалық бюджет арқылы 12 мамандық бойынша, 93 адамды, техникалық және кәсіптік мамандықтарға кәсіби даярлау және қайта даярлау жоспарланған.

Қазіргі уақытта Шардағы № 4 кәсіптік лицейге – 32, Семейдің байланыс және радиотехника колледжіне – 5 адам жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бағыты бойынша құны 29 млн.теңгені құрайтын 15 жоба іріктеліп, оларды несие серіктестігі арқылы қаржыландыру көзделуде.

Бүгінгі таңда несие серіктестігінің құрылтай құжаттары дайындалып, мемлекеттік тіркеуден өткізуге жолданды.

«Жол картасы» шеңберінде  117 жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 68 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы жолдама алды.

«Шәкірттік жұмыс орындарын құру» пилоттық жобасына «Георгиевка сорғы жабдықтар зауыты» серіктестігі арқылы 6 жұмыссыз қатысса, «Көкөніс өсіру бригадасын құру» пилоттық жобасына 10 ауылдық округ бойынша 116 адам тартылып, 40,15 гектар жерге картоп, көкөніс дақылдарын егіп, күтумен айналысты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 қыркүйекке 349 отбасындағы 1463 адамға 16 млн. 500 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді. Әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың тиісті деңгейінен 2,6 пайызға төмендеді.

Сол сияқты балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар 22,6, тұрғын үй көмегін алушылар 8,8% пайызға азайды.

Азық - түліктің бағаларының өсуіне байланысты аудан бюджетінен аз қамтылған отбасыларындағы азаматтарға - 1300 адамға 9 млн. 432 мың теңгенің, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша 2506 адамға 6842,6 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Ардагерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына 678 дана тегін мерзімдік басылымдар жаздырылып, 812 мың теңге жұмсалды.

Үйде оқылатын 37 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетуге 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 3 млн. 461 мың.теңге төленді.

Аз қамтылған жанұялардағы туберкулезге шалдыққан мүгедектерге ай сайынғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі материалдық көмекке жергілікті бюджеттен 1 млн. 104,0 мың теңге бөлінді.

249 соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге ай сайын 2,0 және 5,0 мың теңгеден коммуналдық қызметке 6 млн. 296,0 мың теңге төленді.

Көп балалы аналарға 5,0 мың теңгеден 16 млн. 440,0 мың теңге біржолғы көмек төленді.

Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі» қажетті техникамен және байланыспен жабдықталған бөлме, әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізу үшін диагностикалық, дидактикалық, дамытушылық және басқа да материалдармен қамтамасыз етілуде.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 50 оралман отбасы Новоявленка ауылына қоныстандырылып, тиісінше бөлінген тапсырма 125 пайызға орындалды. Келесі тұрғын үй комиссиясына 11 отбасы құжаттарын тапсырса, 7 отбасы тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісі арқылы құжаттарын ресімдеуде.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге ниет білдірген білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының мамандарына, 18 адамға 1 млн. 906 мың теңге көтерме жәрдемақы төленіп, 7 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түрінде 16 млн. 24,0 мың теңге берілді.

Білім беру жүйесінде 45 жалпы білім беретін мектеп, 3 қосымша білім беру мекемесі, 3 мектеп жанындағы интернат, 5 балабақша ұжымы жас буынға оқу-тәрбие беру ісімен айналысады.

38 мектеп Интернет жүйесіне қосылған, оның 11-і спутниктік жүйе арқылы байланысады. Интерактивті тақта саны-36, мультимедиялық кабинеттер-21, жабдықталған пән кабинеттерінің саны- 37.

7 мектепте жекелей пәндерді терендетіп оқытатын сыныптар ашылып, инттеллектуалдық сыныптар, топтар ашу қолға алынуда.

Білім сапасын анықтаудың басты тетігі - Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 18 түлек «Алтын белгі» иегері, 6 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Аудан бойынша орта балл 92,3 пайызды құрап, 2010 жылға қарағанда 8,7 баллға артты. 125 түлек жоғарғы оқу орындарына тағайындалған мемлекеттік грант игерлері атанды.

Елбасы алға қойған міндеттерге орай жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2011 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 18 пайызға артты.

Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіруге көмектесу мақсатында аудандық білім бөлімінің ресми сайты ашылды.

Мектептегі негізгі тұлға - мұғалімдердің сапалық құрамы 57 пайызға жетіп, 2010 жылға қарағанда 2 пайызға өсті. 2011-2012 оқу жылына 21 маманмен келісім-шарт жасалды.2007 жылдан бастап облыс әкімінің грантын 38 мектеп түлегі иеленіп, онын ішінде 11-і педагогикалық жоғарғы оқу орнын тәмамдап, онын 10-ы жұмыспен қамтылды.

Дегенмен, математика, химия, биология, мектепке дейінгі даярлық пәндері бойынша 1,8 пайыз мұғалім басқа маман иесі болуына байланысты, білім сапасының көрсеткіші төмен.

Мектептердің материалдық базасын нығайту мақсатында 2011 жылы Георгиевка, Аршалы, Бірлік, Жамбыл атындағы орта мектептерге, Абай атындағы мектеп – гимназияға компьютер кабинеттері алынды.

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 6 млн 445 мың теңге бөлініп, Маяковский атындағы орта мектепке автобус, Қарасу орта мектебіне трактор, басқа бірнеше мектепке компьютер, жылу, байланыс жүйесіне қажетті жабдықтар әперілді.

«2011-2015 жылдарына арналған Жарма аудан балалардың дарындылығын дамытудың бағдарламасы» бойынша 2011 жылы 2 млн. 800,0 мың теңге бөлініп, интеллектуалдық, спорттық, өнер және басқа байқау-сайыстар ұйымдастырылды.

Оқушылардың өнерге көбірек тарту, қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық саз мектебі жанынан қосымша құрылыс салу үшін 35 млн., Шар қаласында ғимарат сатып алып және жөндеу үшін 4,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

«Мейірім» спорттық- сауықтыру лагері негізінде көпсалалы аймақтық спорттық- сауықтыру кешенін ашу қолға алынды.

1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасыларындағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін 2 млн 958 мың теңгеге асхана жабдықтары алынып, асхана, буфеттер және лайықталған бөлмелер арқылы тамақтандыру жүргізілуде. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуда Қарасу, Шәкенов атындағы орта мектептердегі қосалқы шаруашылықтар, Крупская атындағы орта мектептегі омарта шаруашылығы басқаларға үлгі болуы қажет.

Ыстық тамақ ұйымдастыруда меморандум шарттарының орындалуын округ әкімдері тұрақты бақылауда ұстауы тиіс.

Денсаулық сақтау саласы бойынша жергілікті бюджет есебінен 7 шағын елді мекенде ғимаратсыз қызмет етуші медицина қызметкерлеріне үй-жай сатып алуға қаражат бөлініп, №1 медицина бірлестігінің перзентхана бөліміне күрделі жөндеу жүргізуге сметалық құжаттама жасалып, облыстық басқармаға жолданды. Емдеу бірлестіктері 5 жас маманмен қамтылып, оларға көтерме жәрдемақы, үй сатып алуға жеңілдікпен несие берілді. Емханада әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету бөлімшесі ашылды.

Әлеуметтік мәнді ауру ретінде туберкулезбен сырқаттанушыларды қолдау шаралары қарастырылуда. Жол жүру, тексерілу, қосымша тамақтандыру мақсаттарына 1 млн. 500,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Бір адамға тұрғын үй сатып әперіліп, 6 адамға 60 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Аудан бойынша кейінгі 3 жылда ана өліміне жол берілген жоқ, нәресте өлімі азайып, алғашқы аурушаңдықты айқындау көрсеткіші жақсара түсті. Дегенмен, туберкулезбен жаңадан ауырғандар саны былтырғы жылғы деңгейден өсіп отыр.

Мәдениет саласында Қызылағаш, Шалабай ауылдарында жастар орталықтары, Қалбатау ауылында би алаңы іске қосылды. Жыл басынан бері аудан деңгейінде «Шабыт» жас таланттар байқауы, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы, 2-ші аудандық ақындар айтысы, «Күй құдіреті» атты күйшілер сайысы сияқты мәнді шаралар өткізілді. Мәдениет бөлімінің киіз үйі облыстық халықтық спорт ойындары аясында Киіз үйлер байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Мәдениет бөлімінің ұжымдары Қатонқарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық форум және облыстың Астана қаласындағы күндері аясындағы шараларға қатысып қайтты.

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны жалпы тұрғындардың 19,1 пайызын құрайды. Таяуда өткен аудандық спорт ойындары ауыл спортын ілгері дамытудағы маңызды шаралардың бірі беп білеміз. Биыл аудан спортшылары облыстық халықтық спорт ойындарында үшінші орынды иеленді.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және спорт секцияларына қатысушылар саны арта түсті. Спорт мектебінің 11 түлегі олимпиадалық резерв мектептерінде оқу-жаттығуларын жалғастыруда. Жерлесіміз Расул Калиев жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс медальдің иегері атанды.

Құқық қорғау саласында «Іздестіру», «Құқық тәртібі», «Мал ұрлығы». «Допинг», «Пәтер» сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны 6-ға азайды. Алайда, барлық тіркелген қылмыстар саны 11,3 пайызға көбейген, оның ішінде аса ауыр және орта дәрежедегі қылмыстар, денеге қасақана жарақат түсіру, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты қылмыс түрлері өскен. Қылмыс жасағандар арасында бұрын сотты болмаған, арнайы есепте тұрмайтын адамдар санының өсуі алаңдатады. Осыған орай, жергілікті әкімдер қоғамдық құрылымдар қызметін жолға қойып, тәртіп сақшыларымен бірлескен жұмысқа көңіл аударуы қажет.

Ел өміріндегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға – Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, аудандағы барлық негізгі іс-шаралар осы тақырыпта өтуде.

«20 жарқын іс», «Туған жерге тағзым» акциялары – мерекелік шаралар жоспарының басты тармақтары саналады. Аталған бағдарламалар аясында биылғы жылы Шар қаласында медициналық-құтқару пункті, Суықбұлақ кентінде грек-рим күресі залы ашылып, клуб үйі, Әуезов кентінде Бақыршық орта мектебінің спорт залы жөндеуден өткізіліп, Жарма кентінде жол бойындағы қызмет көрсету орталығының құрылысы басталды. Басқа әкімшілік бірліктерде де әлеуметтік мәнді шаралар, жобалар іске асырылуда.

Құрметті депутаттар!

Экономикада, әлеуметтік салада, қоғам өмірінің барлық саласындағы нәтижелі жұмыстар, әр ұжымдағы орнықты көңіл-күй біздің ең басты құндылығымыз саналатын – Тәуелсіздік мерейтойына лайықты тарту болмақ.

Бұл ретте табыс кепілі ретінде атқарушы органдардың депутаттар корпусымен, жұртшылықпен бірлескен жұмысы жалғаса береді деп білемін.

Назарларыңызға рахмет.

Похожие:

Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессия отырысына қатысушылар!
Аудан әкімдерінің мәслихат алдында жартыжылда бір есеп беруі Ел Басының 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығымен белгіленген және заманауи...
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар мен қатысушылар!
Президент тапсырмасына сәйкес жыл сайын әкімдердің тұрғындар мен депутаттар алдында есептері өткізіледі
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Бұл бағыттар жеңіс стратегиясы болып табылады, өйткені инновациялар енгізу, еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыру елімізге әлемде...
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Жиналыс қатысушылар!
Бүгінгі күні баршамыз ел тарихы үшін күн сайын қарқын алып отырған аса маңызды кезеңнің куәсі болып отырмыз
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз...
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар! iconҚұрметті Төраға! Құрметті депутаттар!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница