Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат




Скачать 45.69 Kb.
НазваниеАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации07.01.2013
Размер45.69 Kb.
ТипДокументы
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Қазіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта - 140, ал 2-і дәстүрлі емес діни ағымдар. Дінге сенушілердің құзырында 480 діни ғұрыптық ғимарат бар.

Дін істері департаменті тарапынан шетелден келген миссионерлердің қызметіне мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыста 15 шетел миссионері тіркеліп жұмыс істеуде.

Облыс аудандары мен қалаларының әкімдіктері жанында құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестер өз қызметін атқаруда. Аталған Кеңестің отырыстарында діни бірлестіктерді тіркеу, қайта тіркеу, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу, таралуына жол бермеу мәселелері қаралды. Жалпылай алғанда, бұл жиындарда мешіттерді қайта тіркеу мен өзге де культтік мәні бар ғимараттарға қатысты заңнамалық сұхбаттар жүрді.

Айталық, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Кеңестің 4 отырысы өткізілді. Бұларға негізінен еліміздегі діни жағдайды түсіндіру бойынша жұмыс істеп жатқан республикалық ақпараттық-насихат тобы қатысты. Облыста бұл бағыттағы жағдай тұрақты. Дегенмен діни ұйымдар жұмысын назардан шығармай, олардың тиісті органдарда тіркелуін толық қамтамасыз етілуі ұдайы бақылауда ұсталынады.

Өңірдегі діни ахуалды үйлестіру мақсатында Дін істері департаменті діни бірлестіктермен қарым–қатынастың әралуан формаларын пайдаланады. Дәстүрлі діни бірлестіктер қоғамдағы ұлтаралық қатынастарды дамытуға, дінаралық байланысты нығайтуға бағытталған аумақта өтетін барлық қоғамдық-көпшілік шараларға (дөңгелек үстелдер, конференциялар, кездесулер т.б.) белсене қатысады.

Дін істері департаменті жұмысындағы басымдылық облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Дін саласындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстар аясында діни саладағы тұрақтылықты нығайтуға қатысты мемлекеттің қолға алып жатқан шараларын түсіндіріп отыру үшін спикерлер тізімі жасалды.

Бұл орайда өңірде ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, олардың құрамына ғалымдар, дінтанушылар, теологтар, дәстүрлі дін, қоғамдық белсенді көшбасшылар және беделді аға ұрпақ өкілдері енгізілген. АНТ-тар жұмысы шеңберінде аудандар мен қалаларда конфессияаралық қарым-қатынасты, тыныштық пен келісімді нығайтуға, діни экстремизмнің алдын алу жөнінде кездесулер өткізілді. Өткен жартыжылдықта 231 әралуан іс-шара өткізілді, оған 3195-тен аса адам қатысты.

Діни саладағы мәселелерді жан-жақты және пәндік тұрғыда жариялап отыру үшін журналистік топтарды (пул) тартуда да жетістіктер бар. Олар ең маңызды деген тақырыптарды елеп, екшеп аумақтық БАҚ-та жариялап отырады. Жарияланып жатқан материалдардың өзектілігі қазіргі уақытта дін саласында орын алып жатқан үдерістердің Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңыздылығының артуымен анықталады. Діни саладағы мәселелерді ақпараттық жариялау бойынша БАҚ-та тұрақты негізде танымал қоғам қайраткерлері, діни және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің жүрекжардылары мен түсініктемелерінің жарияланып отыруына күш салынып келеді.

Сол сияқты Дін істері департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын іске асыруға ақпараттық қолдау көрсетуге байланысты жұмыстар атқарылады.

Мысалы, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және өңірлік газеттерде Заңның жүзеге асырылуы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІV съезі жұмысын таныстыру мақсатында 34 мақала, үнқатулар мен ақпараттық материалдар жарық көрді.

Облыс аумағына тарайтын «Жетісу» телеарнасында апта сайын «Иманашар» бағдарламасы жүргізіледі, «Бірлік пен келісім біздің мәңгілік құндылықтарымыз» бейнеролигі күнде көрсетіледі.

Үстіміздегі жылдың 21 мамырында Қаратал ауданында Дін істері департаменті қызметкерлері, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы Президенті, Талдықорған қаласындағы «Нұр» мешітінің найб имамы және Иоанно-Богослов шіркеуінің дін қызметкерлерінің қатысуымен № 16 кәсіби лицейдің оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге 80-нен аса шәкірт қатысты, оларға кітапшалар тартылып, «Ажалға итерген интернет» бейнефильмі көрсетілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.

Облыс аумағында деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы және «Қажылар ассоциациясының» Талдықорған өңірлік филиалы жұмыс істейді. Қоғамдық ұйымдардың жұмысы жастарға деструктивті діни ағымдардың тигізетін кері әсері мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар Дін істері департаменті Қазақстан халқы Алматы облыстық Ассамблеясымен бірлесе, белсенді түрде жұмыстарды атқаруда. Ассамблеяның бастамашылдығымен 2012 жылдың 30-31 мамыры аралығында «Қазақстанда мемлекеттік этносаясатты іске асыру және этноконфессиялық қатынасты реттеу» мәселелері тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған семинарға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, діни бірлестіктер басшылары қатысты. Аталмыш семинарлар мазмұны жағынан мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың жұмыс жасасуындағы ортақ әдістер мен тәсілдерді қалыптастыруға бағытталып, дін саласындағы мемлекет стратегияларын ілгерілетуге және ақпараттық кеңістікте террорлық қатерлер мен қоғамдағы экстремистік бой көтерулерге қарсы күресудің жолдарын бірлесіп ұйымдастыруға жол ашады.

Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын іске асыру және дінаралық қатынастағы ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін Алматы облысы Дін істері департаменті тарапынан жұмыстар кешенді түрде атқарылуда.

Мысалы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң Жарлығында көрсетілген діни экстремизмнің алдын алу және халықаралық лаңкестікпен күресте мемлекеттілікті және ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайту жұмыста басым бағыт ретінде қарастырылады.

Бұдан бөлек, жастардың бойында патриоттық сезiм мен азаматтықты қалыптастыруға әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық қолдау көрсету күн тәртібіндегі мәселе ретінде басты назарда, ол үшін жұртшылық, білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыстарды отаншылдыққа тәрбиелеу ісінде үйлестіруді күшейту жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.

Алматы облысы

Дін істері департаментінің директоры Ж. Әлімбеков

Похожие:

Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман,...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 ислам...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Алматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница