Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи




Скачать 340.99 Kb.
НазваниеЛекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи
страница1/3
Дата конвертации09.07.2014
Размер340.99 Kb.
ТипЛекция
  1   2   3


Шейх ‘Абд әр-Раззақ бин ‘Абд әл-Мухсин әл-Бадр


Ізгіліктің кілті болудың жолы

немесе

жетістікке қалай қол жеткізуге болады

Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы, әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Оқырмандарымыздың назарына шейх ‘Абд әр-Раззақ бин ‘Абд әл-Мухсин әл-Бадр, оған Аллаһ есендік берсін, өткізген «Сен қалай ізгіліктің кілті бола аласың немесе жетістікке қалайша қол жеткізуге болады» тақырыбындағы пайдалы лекциясының аудармасын ұсынамыз. Лекцияның мәтіндік нұсқасын дайындаған Абу Бакр Татарстани.

Шейх былай деп сөз бастады:

Аса Мейрімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Бұл лекцияның тақырыбы немесе мен сөз ететін нәрселер, тіпті егер менің өзім осыда, сендерге қарағанда, көбірек босаңсуға жол берер болсам да, біздің барлығымызға пайдалы болмақ. Әрі тағы да бір рет қайталағым келетіні – бұған біздің әрбірімз мұқтажбыз, өйткені арамыздағы көбіміз игі істер жасауға ұмтылады, бірақ бұл бәрінің де қолынан келе бермейді. Біреу намазға, біреу адамдарға жақсы қарым-қатынас жасауға ұмтылады, бірақ, өкінішке орай, Аллаһ бұл істердің есігін баршаға аша бермейді. Сонымен, бұл лекцияның тақырыбы: Аллаһ саған игіліктердің бұл түрлерін ашуы үшін не қажет, немесе Аллаһ сенің себебіңмен біреудің мұқтаждығын өтеуі үшін не істеу қажет.

Аллаһтан мені айтатын нәрселерімде қолдауын сұраймын, олардың ақиқатқа сәйкес келуін және Аллаһтан мені өз-өзіме тапсырмауын сұраймын, өйткені білім мен дұрыс түсінік менде көп емес. Сондай-ақ Аллаһтан мен айтатын нәрселерді бізге қарсы емес, бізге пайдалы етуін тілеймін. Өйткені Ол Естуші, Жауап беруші.

Уа, менің қадірменді бауырларым!

Ибн Мажаһ өзінің «Сунанында», сондай-ақ ибн ‘Асим өзінің кітабында, әрі басқа да көптеген ғалымдар Анас ибн Маликтен (оған Аллаһ разы болсын) жеткен мына хадисті келтіреді. Ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ақиқатында, адамдардың арасында жақсылықтың кілті әрі жамандықтың құлпы болып табылатындары бар. Және адамдардың арасында жамандықтың кілті әрі жақсылықтың құлпы болып табылатындары да бар. Аллаһ жақсылықтың кілті қылған адамдарға Туба (Жәннаттағы ағаш) болсын, әрі Аллаһ жамандықтың кілті қылғандарға қасірет болсын!»

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы ұлы хадисі сияқты және бұл хадистің мазмұны мен мағынасын растайтын сөздері көп.

Мысалы, «Сунанда» Абу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізілген мына хадис: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың жанынан өтіп бара жатып: «Сендерге сендердің араларыңдағы ең жақсыларың және ең жамандарың туралы айтып берейін бе?» - деді. Бұл жиында отырғандар үнсіз қалды, сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағын үш рет қайталады, содан соң жиындағылар: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі, бізге біздің ішіміздегі ең жақсымыз және ең жаманымыз туралы айт», - деді. Сол кезде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың - одан жақсылықтан өзге ешнәрсе және ешбір жамандық күтпейтіндерің. Ал сендердің араларыңдағы ең жамандарың – одан жамандықтан өзге ешнәрсе күте алмайтындарың және оның жамандығынан қауіпсіз болмайтындарың».

Және сондай-ақ Абу Муса әл-Аш‘ариден жеткізілген хадис те бар.

Уа, менің қадірлі бауырларым, ақиқатында, бақытты болуды және бұл дүние мен Ақыретте өз жанының құтылуын қалайтын әрбір мұсылман адам осы ұлы хадисті естігенде, күмәнсіз, оның жүрегі ізгіліктің кілті болуды қалап және кез келген жамандықтың кілті болудан қорқып дірілдейді.

Әрі өз жаны үшін ізгіліктің кілті болуды және жамандықтың кілті болмауды, Туба ағашы иелерінің қатарынан болуды және Аллаһ қайғы-қасірет пен ұлы жаза уәде еткендердің қатарынан болмауды қаламайтын мұсылман жоқ.

Және адамның жаны, менің құрметті бауырларым, бір нәрсені қалап соған ұмтылса, ол бұл мақсаттың іске асуы үшін күш жұмсауы қажет. Өйткені бір ғана қалаудың және ұмтылыстың болуы жеткілікті емес, ең бірінші кезекте мәселенің мәнін түсіну қажет, кейін осы мақсатқа жетудің себептерін орындау керек және, ең бастысы, Аллаһтан көмек сұрау қажет.

Ал енді, менің қадірменді бауырларым, тақырыптың өзіне көшейік, яғни «Сен қалай ізгіліктің кілті бола аласың».

Бұл біздің әрбіріміз мұқтаж болған ұлы және өте маңызды сұрақ болып табылады. Әрі бұл сұрақ адам олардың себебінен ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы бола алатын тармақтардан құралады.

1. Біріншісі (әрі бұл ең маңыздысы): бұл әрбіріміз білуге және есте сақтауға тиісті болған нәрсе: Ашушы (әл-Фаттах) - бұл (жақсылық есіктерін) ашушылардың Ең Жақсысы Аллаһ екендігі.

«Әл-Фаттах» — Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі. Әрі Аллаһқа және Оның барлық кемел есімдеріне, соның ішінде «әл-Фаттах» деген есіміне де иман келтірген әрбір мұсылман үшін Оған Оның көркем есімдері арқылы құлшылық етіп, Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сәйкес Оның разылығын іздеу міндетті болып табылады:

وَلِلّهِ الأَسْمَاء الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا

«Ең көркем есімдер – Аллаһқа тән. Сондықтан Оған солар арқылы жалбарыныңдар» («әл-А’раф» сүресі, 180).

Аллаһ Тағалаға Оның есімдері арқылы жалбарыну (дұға) өзінің құрамына өтінуді (ду’а масаля) және ғибадатты (ду’а ‘ибада) қамтиды.

Өтіну (ду’а ‘ибада):

а) осы есімді түсіну жағынан, оның өзі нұсқайтын мағынасын ұғынумен;

б) осы есімдегі сипатты растаумен;

в) сондай-ақ бұл есім өзінен талап ететін құлшылықты орындаумен іске асырылады.

Аллаһ Тағаланың «Әл-Фаттах» есімі — ұлы есім және ол Құранда екі рет келтірілген.

Бірінші рет Аллаһ Тағаланың Шу’айбтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дұғасын атап келтірген сөздерінде:

رَبَّنَا افْتَحْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمِنَا بِالْحَقِّ وَأَنتَ خَيْرُ الْفَاتِحِينَ

«Раббымыз! Біз бен қауымымыздың арасындағы ақиқатты ашып бер, өйткені Сен – ашушылардың ең Жақсысысың!» («әл-А’раф» сүресі, 89).

Және екінші рет Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде:

قُلْ يَجْمَعُ بَيْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفْتَحُ بَيْنَنَا بِالْحَقِّ وَهُوَ الْفَتَّاحُ الْعَلِيمُ

«Оларға: "Раббымыз бәрімізді бірге жинап, сосын бізге ақиқатты ашып береді (біздің арамызда шындықпен үкім етеді). Өйткені Ол – Ашушы", - де («Саба» сүресі, 26-аят).

Аллаһ Тағаланың «Әл-Фаттах» деген есімі Оның сипатын нұсқайды, ал ол -«фатх», яғни ашу.

Және бұл ұлы сипат өзіне ғалымдар атап өткен көптеген мағыналарды қамтыған. Соның ішінде – Аллаһ Тағаланың Өзінің құлдары үшін шариғатты ашуы, сондай-ақ Өзінің құлдарына сый-сауапты ашуы немесе Өзінің құлдарына қандай да дүние игіліктерін ашуы.

Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай:

مَا يَفْتَحِ اللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍ فَلَا مُمْسِكَ لَهَا وَمَا يُمْسِكْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُ مِن بَعْدِهِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

«Аллаһ Өзінің құлдары үшін қандай мәрхаметін ашса да, оны ешкім ұстап қала алмайды, ал қандай мархаметін ұстап қалса, оны ешкім Одан кейін аша алмайды. Өйткені Ол аса Құдыретті, Дана» («Фатыр» сүресі, 2).

Өйткені Ол - «Әл-Фаттах» — (жақсылық есіктерін) Ашушы.

Сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болғысы келсе, оның бұл мақсатқа жетудегі алғашқы қадамы ашушылардың ең Жақсысы болып табылатын Ашушыға ізгілік есіктерін өзіне ашып беруін сұрап жалбарыну болуға тиісті. Оның алдында мойынсұнған күйде, өз мақсатына қол жеткізуді қалап, Аллаһ Тағаламен шыншыл болған күйде. Өйткені Аллаһ Тағала Өз құлының Оған жалбарынған кезіндегі дұғасын қайтармайды.

Және бұл алғашқы қадам болып табылады.

Өйткені барлық игіліктерді ашу жалғыз Аллаһқа тән.

Сен үшін пайдалы білім мен салиқалы амалдардың, игі адамгершілік сипаттардың ашылуы да.

Біздің кейбір салиқалы саляфтарымыздың былай деп айтқандарындай: «Ақиқатында, көркем мінез Аллаһтың сыйы болып табылады және, ақиқатында, егер Аллаһ Өз құлын сүйсе, Ол оған осы сыйды нәсіп етеді. Және Пәк әрі Ұлы Аллаһ Өз құлдарының арасында мінездерді, ризықты, амалдарды бөліп үлестірді. Әрі мұның барлығы Аллаһтан».

Міне сондықтан да, бұл жолдағы ең бірінші нәрсе Аллаһ Тағалаға толығымен жүгіну болып табылады. Әрі Аллаһ саған ашып бермесе, білімге қол жеткізуге немесе дұрыс түсінікке ие болуға, немесе жақсы мінезге де қол жеткізуге, тағы басқалар да мүмкін болмайды.

Және табиғин ғалымдардың қатарынан болған Муттараф ибн ‘Абдуллаһ: «Егер менің жүрегімді алып сол қолыма қойса және барлық көркем мінездерді менің оң қолыма қойса, егер Аллаһтың Өзі оларды менің жүрегіме салмаса, мен осы игі мінездердің біреуін де өзімнің жүрегіме сала алмас едім», - деп, өте жақсы айтқан екен. Яғни барлығы Аллаһқа тәуелді.

Және сондықтан да адам насихат пен бұл дүниеде де, Ақыретте де өзіне пайда беретін көптеген нәрселерді, ізгіліктің, салиқалылықтың, бақыттың есігі туралы естіп жүруі мүмкін, бірақ жүрегі ғибрат алмай, жүрегі қап-қара болып қала беруі мүмкін.

Ал тауфиқ (ғибадаттағы Аллаһтан көмек) Аллаһтың қолында және Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

2. Адам соның себебінен ізгіліктің кілтіне және жамандықтың құлпына айналатын, ізгілікке жол ашатын үлкен кілт болып табылатын екінші тармақ – бұл таухид (бірқұдайшылық, яғни Аллаһты жалғыздау) және оған ықыласты түрде құлшылық ету.

Таухид – кез келген ізгілікке жол ашар кілт, сондай-ақ таухид Жәннаттың да кілті болып табылады.

Және имам Ахмад «Муснадта» Му’аз ибн Жабальдан жеткізген хадисте келтіргеніндей, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннаттың кілті - Лә иләһа иллә Лллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ)», - деген.

Бұл хадиске келер болсақ, оның сенімділігі (сахихтығы) жөнінде келіспеушіліктер бар, бірақ оның мағынасы, күмәнсіз, - ақиқат. Және бұған осы хадисті күшейтетін дәлелдер көпшілік. Мен олардың барлығын келтіріп отырмаймын, Бухари мен Муслим Умар ибн Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадиспен ғана шектелемін. Ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дұрыстап дәрет алып болып: «Ешбір серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік беремін (Әшһәду әл лә иләһә илләл-лаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан ъабдуһу уә расулюһ)», - деп айтқан әрбіріңе міндетті түрде Жәннаттың сегіз қақпасы ашылады да, ол қалағанынан кіреді».

Демек таухид (бірқұдайшылық) — Жәннаттың кілті. Және кім Аллаһқа таухидпен келмесе, ол үшін Жәннаттың есіктері ашылмайды. Сондықтан да Аллаһ Тағала Құранда былай деді:

إِنَّ الَّذِينَ كَذَّبُواْ بِآيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُواْ عَنْهَا لاَ تُفَتَّحُ لَهُمْ أَبْوَابُ السَّمَاء وَلاَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتَّى يَلِجَ الْجَمَلُ فِي سَمِّ الْخِيَاطِ وَكَذَلِكَ نَجْزِي الْمُجْرِمِينَ

«Күдіксіз, аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін Жәннатқа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз» ( «әл-Ағраф» сүресі, 40).

Яғни Жәннатқа бірқұдайшылықсыз кіру мүмкін емес. Және Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай: «Жәннатқа иман келтірген жаннан басқа ешкім кірмейді».

«Лә иләһа иллә Ллаһ» — бұл бірқұдайшылықтың сөзі және бұл, осы туралы жоғарыда айтқанымыздай, Жәннаттың кілті.

Бірақ пенде осы сөзге сәйкес амалдар жасағанда, яғни осы сөз талап ететін нәрселерді орындағанда ғана бұл сөздердің оған көмектесе алатынын ұмытпаған жөн. Имам әл-Бухари өзінің «Сахихында» Ухб ибн Мунаббихтан адамдар: «Ал „Лә иләһа иллә Ллаһ“ Жәннаттың кілті емес пе?» - деп сұрақ қойғанда, ол оларға: «Әрине, бірақ тіссіз кілт болмайды, және егер сен тістері бар кілтпен есікті ашсаң, ол саған ашылады, ал егер олар болмаса, ол ашылмайды», - деп жауап бергені туралы келтірген хадисте айтылғандай.

Ол бұл сөздерімен «Лә иләһә иллә Ллаһ» куәлігінің шарттарын айтқысы келген еді. Ал бұл шарттар орындалмайтын жағдайда, бұл куәлік оны айтушыға пайда бермейді. Бұл куәліктің, Аллаһтың Кітабында және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде келгеніндей, ғалымдар өздерінің таухид туралы кітаптарында атап айтатын және олардың әрқайсысының дәлелдерін таратып қарайтын жеті шарты бар. Мен бұл шарттардың әрбірінің егжей-тегжейліктеріне кіріспеймін, тек оларды тізбектеп атап өтумен ғана шектелемін:

  • 1. Надандыққа қарама-қайшы келетін білім;

  • 2. Күмәнға қарама-қайшы келетін сенушілік;

  • 3. Өтірікке қарама-қайшы келетін шыншылдық;

  • 4. Ширкке қарама-қайшы келетін ықылас;

  • 5. Жек көрушілікке қарама-қайшы келетін сүю;

  • 6. Тастауға (қалдыруға) қарама-қайшы келетін ілесу (еру);

  • 7. Теріске шығаруға қарама-қайшы келетін мойындау.

Бір ғалым бұл шарттардың барлығын «Сулләмуль-усуль» деп аталатын бір шумаққа біріктірген екен:

«Білім, сенушілік, мойындау және ілесу,

әрі мен айтатынды да білерсің,

олар: шыншылдық пен ықылас және сүю,

әрі Аллаһ саған Өзі сүйген нәрселерде көмектессін».

Демек, бұл сөздер – ұлы сөздер, өйткені бірқұдайшылықтың сөздері Жәннаттың кілті болып табылады. Әрі бұл Жәннатқа кілт болғысы келетін адамның барлығына да міндетті болып табылады, яғни Аллаһтың алдындағы өзінің ықыласын жетілдіру (яғни Онымен ықыласты болу).

Өзінің игі істерінің барлығында Аллаһтың Жүзін қалап, Одан өзінің құлшылығымен, адамдарға деген жақсы мінез-құлқымен пана тілей отырып.

Аллаһ былай деп айтқанындай:

إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمْ جَزَاء وَلَا شُكُوراً

«...Шын мәнінде сендерді Аллаһтың жүзі үшін тамақтандырамыз, әрі сендерден сый да, алғыс та тілемейміз" ( «Инсан» сүресі, 9).

Яғни (мұндай) адамдар Аллаһ Тағаланың Өзінің ықыласты құлдарына уәде еткен Жәннаты мен сыйынан өзге ешнәрсені қаламастан, салиқалы амалдарды істейді.

3. Үшіншісі: Құран мен Сүннетке негізделген пайдалы білім. Әрі білім – бұл негіз, өйткені онсыз пенде ізгіліктің кілті бола алмайды.

Егер адамда білім болмаса, ол қалайша ізгілік пен жауыздықтың кілттерінің арасын, ақиқат пен жалғанның, сүннет пен бидғаттың (діндегі жаңалықтың), тура жол мен адасушылықтың арасын ажыратпақ?!

Әрі адамның білімі болмаса, ол қалайша адасушылыққа түсуден сақтанбақ? Немесе бүрыңғылар айтпақшы: «Адам білмеген нәрсесінен қалайша қорықпақ?»

Міне сондықтан да, кім ізгіліктің кілті болуға ұмтылса, пайдалы білімдерге назар бөлсін.

Имам әл-Байхақи өзінің «Сунна» кітабында Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім таңертең білім іздеп жолға шықса, соған Аллаһ Жәннаттың есіктерін ашады», - деп жеткізгеніндей. Бұл хадистің сенімділігіне қатысты келіспеушіліктер бар.

Бірақ бізге Абу әд-Дарда жеткізген Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі жетіп асады: «Кім білім іздеу жолына түссе, соған Аллаһ Жәннатқа барар жолды жеңілдетеді». Және бұл хадис алдыңғы хадистің де мағынасын қамтиды.

Және кім өзінің жаны үшін ізгіліктің кілті болуды қаласа, пайдалы білімге ұмтылсын, әрі бұл жолда барлық күш-жігерін салсын. Ал ілім-білімі жоқ адам туралы айтар болсақ, ол ақиқат пен жалғанның аражігін ажырата алмайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтады:
  1   2   3

Похожие:

Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconҚазақ тіліне орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғанғанда байқалатын құбылыстар
Орыс тілінен енген сөздің буын үндестігін сақтай жазылған түрін көрсетіңіз. А. Президентке
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconБірінші басылым Каир, 2005 қазақ тіліне орыс тілінен аударған сайтының редакциясы
Сүннет және бір ауызды келісім (әл-ижма’) «әл-жама’аға» ілесуге нұсқап, одан бөлініп шығуға тыйым салады!
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconПайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)
Жұмыс барысында араб тілінен орыс тіліне Дамир Хайруддин аударған «Хадж пророка» және «Обряды хаджа и умры»
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconУақыттың үлгілік нормасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
Аудармашылардың жұмысын ұйымдастыруды жақсарту және құжаттардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне...
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconКонкурс 1 10 тамыз аралығында өткізіледі. Білім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында «Егемен Қазақстан»
Жоо-ға 70 балдан кем жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден...
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи icon2011 Абу Бакр Ас Сыддик. Часть 15. Завершение
Когда Халиф, Абу Бакр Ас Сыддик, да будет доволен им Аллах, набирал воинов и отправлял их в Ирак и Шам для призыва народов к Исламу...
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconМакатаев мұқағали
Көптеген өлеңдеріне ән шығарылды. Д. Дантенің, У. Шекспирдің, У. Уитменің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан...
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconКнига о голоде Имам аль-Хафиз Абу Бакр ибн Абу ад-Дунья
Хвала Аллаху Господу миров, Одному Единому, Царю Судного дня, Самодостаточному Всевышнему, Который не родил и не был рождён, и не...
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconПриказ № Ақсай қаласы город Аксай 2010 -2011 оқу жылында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 4,9 сыныптарында жарты жылдық тексеріс жұмыстарының қорытындылары туралы
Бөрлі ауданының барлық жалпы білім беретін мектептерінің 9 сыныптарда шет тілі, оқытылуы қазақ сыныптарында орыс тілінен және оқытылуы...
Лекцияны орыс тіліне аударып, мәтінге көшірген Абу Бакр Татарстани Қазақ тіліне орыс тілінен аударған Абу Тальха Науаи iconСтепени идущих
Автор: Шейх Шамсуддин Абу Абдулла Мухаммад ибн Абу Бакр ибн Айюб ибн Са'д ибн Хариз ибн Макки Зайнуддин, известный как Ибн Кайим...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница