Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы




Скачать 26.73 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының мемлекеттiк туы
Дата конвертации10.07.2014
Размер26.73 Kb.
ТипДокументы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмiздерi туралы” конституциялық. заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түсті тік бұрышты кездеме.

Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

Тудың ені ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Бірыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлі реңкі адалдық, сенiмдiлiк, үміт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тiлiнде “көк” сөзі аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Түркі және әлемнің өзге де халықтарындағы көк түстің мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба – Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттік рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмiздерi туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген.

Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi – шаңырақ. Ол – гербтің жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп-негiзi – отбасының бейнесі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суреті iспеттi, Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесі. Бiр шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі iспеттi. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербтің авторлары – Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқовты

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!


Похожие:

Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Азақстан республикасының мемлекеттiк гербi, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың...
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconАзаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2007...
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы
Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының...
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconҒылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыйлықтары туралы
...
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconСу объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргізу, суды мемлекеттiк
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconСу объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргізу, суды мемлекеттiк
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы
...
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница