Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының




НазваниеРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
страница1/3
Дата конвертации08.01.2013
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2008 жылғы «22» қыркүйектегі

№ 39 бұйрығымен

келісілген


Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының

және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау


1 - бөлім. Жалпы талаптар


1. Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға тиісті объектілерді бақылауды жүргізу бойынша нормативтік-әдістемелік нұсқаулар бар. Бақылаулардың негізгі міндеті мыналарды анықтау болып табылады:

жылжу процесінің даму сипатын, кен орнын жер асты қазудың әсерінен тау жыныстарының, жер бетінің және кеуленетін объектілердің қатқабатының жылжулары мен деформацияларының шамасын;

тазарту қазбаларының әсер ету облысында тау жыныстарының және жер бетінің жылжуы мен деформациялануының әртүрлі аймақтарының пішіндері мен өлшемдерін;

тау жыныстарының және жер бетінің жылжу процесінің және қауіпті деформациялар кезеңінің жалпы ұзақтығын;

тау жыныстарының және жер бетінің жылжуы мен деформацияларының кеуленетін ғимараттардың және қорғауға тиісті басқа объектілердің деформацияларымен өзара байланысын;

әртүрлі қорғалатын объектілер үшін рауалы және шекті деформациялар шамаларын;

қорғауға тиесілі кеуленетін объектілердің қалпын бақылау бойынша шараларды;

оларды дер кезінде түзету үшін қолданылған қорғау шараларын, қажет болғанда, кеуленетін объектілерде қауіпті деформацияларды болдырмау бойынша жаңа шараларды әзірлеудің тиімділігін.

Тау жыныстарының және жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары, анықтамалары мен элементтерінің белгілері 1-қосымшада келтірілген.

2. Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын аспаптық (маркшейдерлік-геодезиялық, фотограмметриялық, аэрофототүсіру, геофизикалық бақылаулар және басқа түрлері) және көзбен бақылауды жер бетінде, тазарту, күрделі және дайындау кен қазбаларында, кентіректермен қорғалатын ұңғымаларда және кеуленетін объектілерде орналасқан, қада белгілер жүйелерінен тұратын, бақылау станцияларында жүргізеді. Орналасқан орнына және тағайындалуына байланысты бақылау станцияларының келесі типтерін ажыратады:

жер бетінің жылжу процесінің параметрлерін анықтауға арналған жер үстіндегі бақылау станциялары;

тау жыныстары қатқабаттарының жылжуы мен деформацияларының сипаты мен шамаларын анықтауға арналған жер астындағы бақылау станция-лары;

кеуленетін объектілердің қалпын бақылауға және олардың деформацияларының шамаларын анықтауға арналған арнайы бақылау станциялары.

3. Тау жыныстарының және жер бетінің жылжу процесінің сипаты, параметрлері және олардың кеуленетін объектілердің деформацияларымен өзара байланысы туралы барлық қажетті деректерді алу үшін бақылау станцияларының барлық үш типінен қосылатын, кешенді станциялар орнатылады.

Кен орнын қазудың берілген кезеңінде кешенді станцияны орнату мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес болғанда, жобаланатын станцияның типі және конструкциясы, жылжудың негізгі параметрлерін немесе бірінші кезекте, тау жыныстары жылжуының және кен орнындағы ғимараттарды қорғаудың жеке нақты мәселелерін шешу үшін қажетті деректерді алу қажеттілігінен таңдалады.

4. Тау жыныстары массивінің, жер бетінің және қорғауға тиесілі объектілердің жылжуы мен деформациялануын бақылауды жүргізу, кәсіпорынның маркшейдерлік қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бақылауларды маркшейдерлік бөлімнің немесе жылжуды бақылау бойынша арнайы топтың күштерімен орындайды. Бақылауларды жүргізуге мамандандырылған ұйымдар да жұмылдырылуы мүмкін.

Бақылау станцияларын орнатуды және олардағы бақылауларды басқа техникалық қызметтердің немесе мамандандырылған ұйымның қатысуымен кеніштің бас маркшейдерімен құрастырылған, жылжуды бақылау жобасының негізінде жүргізеді. Жобаны жоғары тұрған ұйымның бас маркшейдерімен келістіреді. Оны кәсіпорынның бас инженері бекітеді, оған жобамен көзделген жұмыстарды орындау бойынша жалпы басшылық және қорғауға тиесілі объектілердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді жедел шешу жүктеледі.

5. Бақылау станциясының жобасын құрастырудың алдында тау жыныстарының жылжуы бойынша кәсіпорында бар материалдармен және бұрын жүргізілген бақылаулар нәтижелерімен танысу, олардың дұрыстығы бағаланады. Егер кен орнында ескі бақылау станциялары сақталса, оларды тексеру және әрі қарай пайдалану мүмкіндігі анықталады.

Бақылау станцияларын жобалау, бақылаулар жүргізу, нәтижелерді талдау және жалпылап қорыту кезінде тау жыныстары мен жер бетінің жылжу процесінің сипаты мен параметрлерінің мына кен-геологиялық және кен-техникалық факторларға елеулі тәуелді болатыны есепке алынады:

тау жыныстары массивінің құрылымдық ерекшеліктеріне (қабатты немесе қабатты емес құрылысы, рудалы денелердің және сыйыстырушы тау жыныстарының үйлесімді немесе үйлесімсіз жатысы, тектоникалық бұзылғандығы, жарықшақтығы, тау жыныстары қабаттарының қуаты, олардың жапсарларының сипаты және тағы сол сияқты);

рудалы денелер жатысының пішініне, өлшемдері мен тереңдігіне, қазылынды кеңістік өлшемдерінің ара қатысына және қазу тереңдігіне;

руданың және сыйыстырушы тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне;

рудалы денелердің және сыйыстырушы тау жыныстарының құлау бұрыштарына;

төбені басқару тәсіліне.

6. Жер бетінің және кеуленетін объектілердің жылжуын бақылау станциясының жобасына қысқаша түсіндірме хат және бақылау станциясы ауданындағы кен-геологиялық жағдайды, бақылау станциясының қада белгілерінің, кеуленетін объектілердің және тазарту қазбаларының өзара орналасуын сипаттайтын, графикалық материалдар қосылады.

Түсіндірме хат мына мәліметтерден тұрады: бақылаулардың мақсаты мен міндеттері; тасындылар мен сыйыстырушы тау жыныстарының қысқаша геологиялық сипаттамасы; бақылаулар учаскесіндегі кен орнының тектоникасы; қолданылатын қазу жүйесі және оның негізгі параметрлері; орналасқан орнын таңдау және кескінді сызықтар ұзындықтарын есептеу; қада белгілер арасындағы интервалдарды анықтау; қада белгілердің конструкциясы және оларды орнату тәсілдері; бақылаулар жүргізу әдістемесі; олардың кезеңділігі; аспаптардың сипаттамасы, бақылаулардың рауалы қателіктері; станцияны маркшейдерлік тірек торапқа байланыстыру тәсілі; бақылау станциясын орнату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспары, қажетті материалдар, жұмыс күші және жабдықтар санын есептеу; бақылаулар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары; қорғауға тиесілі объектілер тізбесі және олардың сипаттамасы (іргетас типі, материал, өлшемдері және тағы сол сияқты); кескінді сызықтарды орнату кезектілігі; бақылаулар кезеңі.

Графикалық материалдарға бақылау станциясының жоспарын кескінді сызықтар бойынша геологиялық қималарды, тазарту қазбаларының жоспарын немесе олардың вертикаль проекциясын (қия құлама кезінде) қосу ұсынылады.

Бақылау станциясының планын 1:500, 1:1000 немесе 1:2000 масштабтарда талап етілетін толықтығына байланысты құрастырады. Планға: жер бетінің бедерін, бар ойылымдардың контурларын, жарықшақтар аймақтарын; ғимараттарды, бақылау станциясы ауданындағы басқа жер үстіндегі және жер астындағы объектілер мен коммуникацияларды (қорғауға тиесілі объектілерді ерекшелеу арқылы); бақылау станциясының кескінді сызықтары мен қада белгілерін; жеке камераларды немесе учаскелерді қазымдау күнімен бірге рудалы денелердің және тазарту қазбаларының (жобалық және қолданылатын) контурларын; қорғауға тиесілі объектілер астындағы сақтандырғыш кентіректердің (аймақтардың) шекараларын және қауіпті жылжулардың ықтимал аймағын; олар бойынша аспаптық және көзбен бақылау жүргізуді жобалайтын негізгі дайындау қазбаларының орны салынады.

Рудалы денелердің горизонталь және жайпақ жатысы кезінде бақылау станциясының жоспарын тазарту қазбаларының жоспарымен үйлестіруге рұқсат етіледі. Рудалы денелердің қия құлауы кезінде бақылау станциясының планына рудалы денелер мен кен қазбаларының контурларын тек негізгі горизонттарда салу, ал тау-кен жұмыстарының жағдайын оған кескінді сызықтардың орнын салатын, вертикаль проекцияда көрсету мақсатқа сәйкес болады.

Геологиялық қималарда кескінді сызықтар бойынша кен қазбаларын, қатқабатты құрайтын, тау жыныстарының қабаттарын, бақылау учаскесінің геологиялық құрылысының тектоникалық бұзылыстарын және басқа элементтері көрсетіледі. Қималарды бақылау станциясы жоспарының масштабында салады.

7. Қорғауға тиесілі объектілерді дайындау кезінде, кәсіпорын немесе жобалық ұйым сақтандыру аймағының шегінде шоғырды қазымдау жобасын құрастырады. Көрсетілген құжатта тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясынан басқа мыналарды: объектіні тау-кен жұмыстарының зиянды әсерінен қорғау бойынша шараларды; тау жыныстары массивінің, кеуленетін объектінің жылжуын және деформациялануын бақылауды ұйымдастыруды; қызмет көрсетуші персоналдың және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды көздейді.

8. Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау кезінде күрделі кен-геологиялық жағдайларда жылжу процесінің параметрлерін немесе руданы әр түрлі тағайындалған сақтандырғыш кентіректерден алудың қауіпсіз шарттарын анықтау үшін мамандандырылған ұйымдарды жұмысқа тарту ұсынылады.

9. Жобаны натураға ауыстырған соң тірек, жұмыстық және қосымша қада белгілерді орнатады. Олардың бақылау станциясында орналасуымен ұйым өкілдерін немесе станция территориясын шаруашылық немесе өзге мақсаттарда пайдаланатын, жеке иелерді таныстыру, сондай-ақ оларға қада белгілерді сақтау, оларды бұзуға жол бермеу қажеттігі түсіндіріледі. Кескінді сызықтар ауданында салуды, жер және басқа жұмыстарды жүргізуді кеніштің бас маркшейдерімен келісім бойынша, қада белгілердің сақталғандығын қамтамасыз ету шарттары кезінде ғана жүргізу ұсынылады.

10. Жүргізілген бақылаулар және бас маркшейдер немесе кен өндіру кәсіпорнының жылжуды бақылау бойынша тобының жетекшісі берген талдау нәтижелері бойынша, жылдық техникалық есеп құрастырылады, ол бақылаудың негізгі нәтижелерінен және тау жыныстарының жылжу және кен орнындағы ғимараттарды қорғау мәселелерін шешу үшін оларды практикалық пайдалану бойынша ұсыныстардан тұрады (10-қосымша).

11. Бақылаулар нәтижелерін жүйелі түрде талдау, өз күштерімен де, мамандандырылған ұйымдарды жұмылдырумен де жалпылап қорытылады. Тау жыныстары жылжуының және ғимараттарды қорғаудың әр түрлі мәселелерін: үймереттерді, ғимараттарды және табиғи объектілерді жер асты кен қазбаларының зиянды әсерінен қорғау шараларын әзірлеуді; қорғауға тиесілі объектілердің астындағы руда қорларын қауіпсіз алу шарттарын анықтауды; территорияны және оның құрылысын қайта өңдеуді; тау жыныстарының жылжуы, белгіленген тәртіпте келістірілетін және бекітілетін, ғимараттар мен табиғи объектілерді қорғау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуді және жетілдіруді шешу үшін мамандандырылған ұйымдарды жедел пайдаланады.


2 - бөлім. Жер бетінің жылжуын бақылау


12. Жер бетінің жылжуын бақылауды кен орнындағы жылжу процесінің параметрлерін анықтау және ғимараттарды қорғау және сақтандырғыш кентіректерден руданы алу мәселелерін негізделген түрде шешуге арналған нақтылы деректерді алу үшін жүргізеді.

Жылжу процесінің параметрлерін анықтау үшін берілген кен орны үшін типті кен-геологиялық жағдайлары бар учаскелерді таңдайды, оларда аса қысқа мерзімдерде жылжу процесінің дамуы және басылуы байқалады, деректердің жеткілікті саны алынған. Егер ғимараттарды қорғаудың немесе сақтандырғыш кентіректерден руданы алудың нақты мәселелерін шешу үшін жылжу процесінің параметрлерін алу керек болса, бақылау станцияларын осы объектілердің орналасқан учаскелерінде немесе ұқсас кен-геологиялық жағдайлары бар учаскелерде орнатады.

13. Бақылау станцияларының қада белгілерін, тәртіп бойынша, созылымы бойынша және рудалы денелердің созылымына қиғаш бағдарланған, түзу кескінді сызықтар бойынша орнатады. Дұрыс емес немесе изометриялық пішінді рудалы денелері бар, рудалы аймақтардың күрделі құрылысы, рудалы денелер жатысының айқын емес көрінетін элементтері кезінде кескінді сызықтарды тазарту жұмыстарының жобалық шекараларына параллель және перпендикуляр бағдарлау ұсынылады. Бақылау станцияларын орманды, таулы, салынған аудандарда орнатқанда немесе олар темір жолдар мен құбырларды қазымдау кезінде жер бетінің деформацияларын бақылау үшін тағайындалғанда, кескінді сызықтардың омырылымдарына, олардың диагональ бағыттар бойынша орналасуына рұқсат етіледі.

Бақылау станциясының учаскесінде опырылу аймағы немесе мұндай аймақтың құрылу мүмкіндігі бар болғанда, кескінді сызықтарды опырылу аймағының нақтылы шекарасынан (немесе күтілетін ойылым шекарасынан) рудалы денелердің аспалы және сұлама бүйірлері жағына қарай жатқызылған екі кесінді көзделеді. Опырылу аймағының қарама-қарсы жақтарында жатқызылған, кескінді сызықтың кесінділерін, тәртіп бойынша, бір вертикаль жазықтықта орналастырады. Сұлама және аспалы қапталдардағы тау жыныстарының жылжу процесінің сипатында елеулі айырмашылықтар болғанда қосымша кесінді сызықтарды жатқызуға болады.

Ойыңқылар мен ойылымдар түзілуінің күтілетін аймағында тікелей бақылаулар жүргізу ұсынылмайды. Бұл аймақтың бағдарлы шекараларын α < 45° болғанда вертикаль қималарда барлық бағыттарда 85° бұрышпен 15 m тереңдіктен (түпкілікті тау жыныстары тасындылармен жапсарынан) жүргізілген сызықтармен анықтайды. α > 45° болғанда аймақ шекарасын өрлеу жағынан α бұрышы бойынша салады. Күтілетін ойылым шекараларын берілген кен орнында қолданылып жүрген қорғау талаптары бойынша аса дәл анықтайды.

Ойыңқылар мен ойылымдардың кенеттен түзілуінің күтілетін аймағында жылжулар шамаларын анықтау қажет болғанда қашықтан өлшеу жүргізуге мүмкіндік беретін, ерекше конструкциялы қада белгілерді орнату керек. Мұндай қада белгілер конструкцияларының сұлба түрінде кескінделуі 2-қосымшада берілген.

14. Станцияда жылжу процесінің негізгі параметрлерінің алынған мәндерін бақылау үшін созылымға қиғаш кем дегенде екі кескінді сызықты және әрбір кескінді сызықтың екі ұшында жылжу бұрыштарын алу шартында шоғырдың созылымы бойынша бір сызықты жатқызу қажет.

Рудалы денелер мен сыйыстырушы тау жыныстарының күрделі жатысы, физика-механикалық қасиеттерінің және тау жыныстарының жатысы элементтерінің күрт өзгерістері кезінде, рудалы денелерді қазуға аса тән барлық шарттар қамтылатындай есеппен, рудалы денелердің созылымына қиғаш та, созылымы бойынша да кескінді сызықтар санын ұлғайтады.

15. Кен орнындағы жылжу процесінің негізгі параметрлерін (жылжудың минимум бұрыштарын және жер бетінің жылжуы мен деформацияларының максимум шамаларын) анықтау үшін негізгі кескінді сызықтарды, тәртіп бойынша, жылжу мульдасының бас қималарында жатқызады (1-қосымша). Егер бас қиманың дәл орны анықталмаса, онда созылымы бойынша және созылымға қиғаш негізгі сызықтарға параллель, қада белгілер арасында қабылданған 3-5 тең арақашықтықта, қосымша кескінді сызықтарды жатқызады. Қосымша кескінді сызықтарды жатқызу орындарын, кен орнында шешу қажет болатын, нақты міндеттерден алғанда анықтайды. Қажет болғанда 1-3 интервал ара қашықтықта негізгі және қосымша сызықтарға параллель қайталаушы кескінді сызықтарды жатқызады.

Жер бетінің және тау жыныстары қатқабатының жылжуын кешенді бақылау кезінде үстіңгі бетте кен қазбаларында жатқызылатын кескінді сызықтардың қада белгілерімен немесе жер бетінен немесе кен қазбаларынан бұрғыланған ұңғымалардағы тереңдік қада белгілерімен шамамен бір вертикаль жазықтықта кескінді сызықтарды жатқызады.

16. Жылжу мульдасының бас қимасын және негізгі кескінді сызықты созылымға қиғаш жатқызу орнын бақылау кезеңіне қазымдауға көзделген, созылым бойынша тазарту жұмыстары учаскесінің ортасында орналастырады. Негізгі де, қосымша да кескінді сызықтарды онда қазылынды кеңістікте әртүрлі кентіректерден немесе рудасыз учаскелерден аз қалдырылған жерлерде, мысалы тазарту блоктары орталарының үстіне жатқызылады.

17. Созылым бойынша негізгі кескінді сызықтарды жатқызу орындарын анықтау кезінде созылым бойынша жылжу мульдасының орны жалпы жағдайда тұрақсыз екенін және қазу тереңдігі ұлғайған, рудалы дененің құлау бұрышы, сыйыстырушы тау жыныстары массивінің геологиялық құрылысы өзгерген, жер бетінде ойылым түзілген кезде және басқа факторлар кезінде өзгеруі мүмкін екені ескеріледі. Практикада мына жағдайлар кездеседі:

1) кен орнының берілген немесе ұқсас учаскесінде жүргізілген бақылаулар нәтижелері бойынша жылжудың негізгі параметрлері белгілі. Бұл жағдайда созылым бойынша кескінді сызықтарды жатқызу орындарын анықтауды мына түрде жүргізеді:

рудалы дененің жайпақ және еңіс құлауы кезінде, тау-кен жұмыстарының жоғарғы шекарасының үстінде жер беті ойылым түзілмей жылжығанда (1, а-сурет), жер бетінің максимум шөгу нүктесін М қазылынды кеңістіктің ортасымен О түзу сызықпен қосып, максимум шөгу бұрышын θ анықтайды. Белгілі бұрыш θ бойынша тау-кен жұмыстары дамыған кезде созылым бойынша негізгі кескінді сызықтың орнын анықтайды. Ол үшін жалпы қазылынды кеңістіктің ортасынан О1 (бақылау кезеңінде бар және жобаланатын тазарту қазбаларынан) θ бұрышын (M1 нүктесі) салады. Максимум шөгу нүктесін үстіңгі беттің планына ауыстырып, ол арқылы шоғырдың орташа созылымының сызығына параллель созылым бойынша кескінді сызықтың жобалық орнының сызығын жүргізеді;




1 сурет – Шоғыр созылымы бойынша кескінді сызықтардың орналасу орындарын анықтау сұлбасы (шоғыр созылымына қиғаш қимада):

а – жайпақ және еңіс құлау кезінде; б, в – қия құлау кезінде; г – жер бетінің планында.

созылым бойынша кескінді сызықтың орнын анықтау кезінде, тау-кен жұмыстарының жоғарғы шекарасының үстінде қазымдау тереңдігі ұлғайған кезде әрі қарай дамымайтын, шағын ойыңқылар немесе ойылымдар пайда болғанда, ал жылжу мульдасында максимум шөгудің екінші нүктесі M1 түзілгенде, осылай жасайды (1, б-сурет);

қия құлайтын рудалы денелерді қазу кезінде жылжу мульдасында опырылу аймағы түзіледі, оның өлшемдері қазу тереңдігі ұлғайған кезде өседі, бірақ максимум шөгу нүктесі ойылыммен ұштастырылған болып қалады (1, в-сурет). Бұл жағдайда созылым бойынша негізгі кескінді сызық ойылым центрінде орналасады (1, в, г-суреттегі М нүктесі) орналасады, қосымша кескінді сызықты (қажет болғанда) бақылау кезеңіне жобалық тазарту қазбаларының төменгі шекарасының үстінде орналастырады (M1 нүктесі). Егер сұлама бүйірдегі тау жыныстарының жылжу ықтималдығы бар болса, онда өрлеу жағынан опырылу аймағының шеті бойынша өтетін, екінші қосымша кескінді сызықты жатқызады (1, в және г-сурет; M2 нүктесі);

2) жылжуға аспаптық бақылауларды жүргізбеді, бірақ жер бетінде жоғарғы горизонттарда тау-кен жұмыстарынан ойылым болады:

басым көпшілігінде тас тамыр типті қуаты аз және орташа рудалы денелерді қазу кезінде (m <5 м), созылым бойынша негізгі кескінді сызықтың орнын жалпы қазылынды кеңістіктің ортасынан салынған, θ = 90° бұрышы бойынша анықтайды (1, б-сурет);

қуатты және өте қуатты рудалы денелерді қазу кезінде негізгі және қосымша кескінді сызықтардың орнын анықтау 1, в және г-суретте көрсетілгенге ұқсас жүргізіледі;

3) кен орнын қазуды жаңа ғана бастап жатыр, жер беті жылжуының көрінетін биік айырымдары жоқ. Созылым бойынша негізгі кескінді сызықтың орнын анықтауды жүргізеді:

рудалы дененің 45° кем құлау бұрышы кезінде-90° тең және бақылау кезеңіне жобалық тазарту қазбаларының ортасынан салынған, θ бұрышы бойынша;

рудалы дененің 45° артық құлау бұрышы кезінде екі кескінді сызықты жатқызады, олардың біреуін-бірінші қазымдалатын қабаттың тазарту қазбасы ортасының үстінде (θ = 90°), ал екіншісін бақылау кезеңіне жобалық тазарту қазбаларының төменгі шекарасының үстінде орналастырады (1, в-сурет);

4) аспаптық бақылауларды жүргізбесе кен-геологиялық жағдайлары созылым бойынша жылжу мульдасының бас қимасының орнын және бағдарлануын анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда негізгі кескінді сызыққа параллель рудалы денелердің созылымына қиғаш 2-3 қосымша кескінді сызықты жатқызады. Ойылым бар болғанда немесе пайда болу ықтималдығында 1-2-сызықтар А'-В' сызығына (1, г-сурет) ұқсас, ойылымның шет жағына орналастырылады. Бақылаулар бойынша жоғарғы горизонтты қазымдау кезінде максимум шөгу нүктелерінің орнын айқындаған соң, оны осы нүктелер бойынша бағдарлап, созылым бойынша негізгі кескінді сызықты жатқызуды жобалайды. Қажет болғанда алғашқы үш жағдайға сәйкес созылым бойынша қосымша кескінді сызықтарды жатқызады. Барлық осы жағдайларда қосымша кескінді сызықтардың осы Нұсқаудың 21-тармағында көзделгенге қарағанда, аз ұзақтығы болуы мүмкін және тірек қада белгілерсіз жатқызылуы мүмкін. Опырылу бар болғанда немесе пайда болу ықтималдығында негізгі және қосымша кескінді сызықтар бойынша қада белгілердің орны 1, г-суретте көрсетілген.

18. Әрбір кескінді сызыққа тірек және жұмыстық қада белгілер кіреді. Тірек қада белгілерді жер бетінің жылжу аймағынан тыс кескінді сызықтардың ұштарына орнатады. Кескінді сызықтың әрбір ұшында кем дегенде екі тірек қада белгіні орнату ұсынылады. Егер жергілікті жер бедерінің шарттары бойынша немесе басқа себептер бойынша сызықтың екі ұшы бойынша қада белгілерді орнатуға болмаса, тірек қада белгілерді кескінді сызықтың тек бір ұшына ғана орналастыруға рұқсат етіледі.

Жұмыстық қада белгілерді жер беті жылжуының күтілетін аймағының шегінде орнатады. Бұл аймақтың шекараларын берілген немесе 10°-кішірейтілген ұқсас кен орны үшін түпкілікті тау жыныстарында β, γ, β1, және δ жылжу бұрыштарының, тасындылар мен морыған тау жыныстарындағы φ жылжу бұрышының көмегімен анықтайды.

19. Берілген немесе ұқсас кен орны үшін жылжу бұрыштары белгілі болмағанда, олардың шамасын кестеде келтірілген деректерге сәйкес анықтау ұсынылады. Тау жыныстарының беріктік коэффициентінің өлшенген орта мәні fср = (f1m1 + f2m2 + . . . +fnmn)/(m1 + m2 + . . .+ mn), мұнда f1, f2, . . fn – тау жыныстары қабаттарының беріктігі; m1, m2, . . . mn — қабаттардың қуаты. Тасындылар мен морыған тау жыныстарындағы φ жылжу бұрышын барлық бағыттарда тең етіп қабылдайды. Құрғақ (суланбаған) тау жыныстарында φ = 50°, бірақ жылжу бұрыштарының мәндерінен жоғары болмайды. Рудалы денелердің қуаты m>15 м, қазу тереңдігі Н<100 м, тасындылар мен морыған тау жыныстарының қуаты 30 м артық болғанда φ бұрышын 40° тең етіп қабылдайды. Суланған тасындыларда φ мәні 35°- тең болып қабылданады.

20. Бақылау станциясын орнатқан кезде тірек және жұмыстық қада белгілерден басқа, кем дегенде үш бастапқы қада белгі таңдау керек, олардан тірек қада белгілердің биіктігі бойынша қозғалмауын тексереді. Осы мақсат үшін тау-кен жұмыстарының әсер ету аймағынан тыс орналасқан, маркшейдерлік тірек торабының қолданылып жүрген пункттерін пайдаланады.

21. Кескінді сызықтардың ұзындықтарын мына түрде анықтайды. Рудалы денелер жайпақ және еңіс құлаған кезде (α<45°) қимада созылымға қиғаш жобаланатын тазарту қазбасының төменгі шекарасынан-β-10° бұрышының астында сызық жүргізеді (2-сурет), ал қазбаның жоғарғы шекарасынан γ-10° бұрышының астында тасындылары бар түпкілікті тау жыныстарының жапсарына дейін жүргізеді. Әрі қарай-φ бұрышының астында А және Б нүктелерінде жер бетінің сызығымен қиылысқанға дейін. Алынған А және Б нүктелері жер беті жылжуының күтілетін аймағының шекараларын береді, ал олардың арасындағы арақашықтық берілген қимадағы созылымға қиғаш кескінді сызықтың жұмыс бөлігінің ұзындығын анықтайды.

Рудалы денелер қия құлаған кезде (α>45°) өрлеу жағынан жылжудың күтілетін аймағының шекарасын рудалы дененің сұлама бүйіріндегі тазарту қазбасының төменгі шекарасынан бастап β1'-10° бұрышының астында салады (2, б-сурет).

Бақылау кезеңіне тазарту жұмыстарының жобалық шекараларынан созылымы бойынша қимада рудалы дененің шет жақтарына қарай δ-10° бұрышының астында түпкілікті тау жыныстарының тасындылармен жапсарының сызығымен қиылысқанға дейін және әрі қарай тасындыларда φ бұрышының астында А және Б нүктелерінде жер бетінің сызығымен қиылысқанға дейін сызықтар жүргізеді. А және Б нүктелері-созылымы бойынша жылжудың күтілетін аймағының шекаралары. Олардан қада белгілер арасындағы қабылданған интервалдың үш еселенген ұзындығына тең, екі кесіндіден қалдырады және тірек қада белгілердің орналасқан орнын анықтайтын, Г, В, Д, Е нүктелерін алады. Қажет болғанда кескінді сызықтың қада белгілерін




2-сурет-Жобаланатын кескінді сызықтардың ұзындықтарын анықтау: а, б-тау жыныстарының созылымына қиғаш қимада; в-тау жыныстарының созылымы бойынша қимада; 1-қазымдалды; 2-бақылау кезеңінде қазымдауға көзделді.


Тау жынысының типі және құрылысы

Тау жыныста-рының тобы (тау жыныстары беріктігінің коэффициенті fср)


Қосымша топ

Рудалы денелердің құлау бұрышы α, градус

Жылжу бұрышы, градус

δ

β

γ

β1

I, қабатты


1 (<5)

1

0—45

55

45

55

__

2

46—75

55

40



40

3

76—90

55

45



40



2 (5-8)

1

0—45

60

50

60

__

2

46—60

60

40

60



3

61—75

60

40



50

4

76—90

60

45



50



3 (>8)

1

0—45

65

50

65

---

2

46—60

65

45

65

---

3

61—75

65

45

---

50

4

76—90

65

50

---

50

II, қабатты емес



4 (≥8)

1

0-30

70

70

70

__

2

31—50

70

65

65




3

51—75

70

65



α

4

76—90

70

65



65


қосымша орнату жобамен көзделеді. Опырылудың нақтылы немесе күтілетін аймағына түсетін, кескінді сызықтар учаскелерінде, қада белгілерді орнатпайды (13-тармақ).

22. Кескінді сызық тасындының астына шығатын және ығыстырғышы қазылынды кеңістік жағына қарай құлайтын, тектоникалық бұзылысты қиып өткенде, кескінді сызықтық ұзындығын тектоникалық бұзылыстың әсер ету аймағынан тыс кем дегенде үш жұмыстық қада белгі орналасатындай есеппен анықтайды.

23. Кескінді сызық бойынша жұмыстық қада белгілердің санын сызықтың ұзындығымен және қада белгілер арасындағы интервалдың таңдалған шамасымен анықтайды. Осы интервалдың шамасын 15-20 м тең етіп қабылдайды. Арнайы зерттеулер жүргізген кезде (жылжу процесінің дискреттілігін, тектоникалық бұзылыстар ауданында шоғырланған деформацияларды зерделеу) кескінді сызықтың жеке учаскелерінде қада белгілерді жиілетеді. Сонымен бірге қада белгілер арасындағы негізгі интервалдың ұзындығы, оларды жиілету кезіндегі қада белгілер арасындағы интервалдың ұзындығына еселі болады. 500 м жоғары қазу тереңдігі кезінде жылжу мульдасының орталық бөлігіндегі қада белгілер арасындағы жұмыстық қада белгілер арасындағы интервалды (30 м дейін) ұлғайтуға рұқсат етіледі.

24. Жергілікті жердің тегіс емес бедері, қия еңістер және кескінді сызықтардағы тірек қада белгілер арасындағы үлкен интервалдар кезінде қада белгілердің вертикаль және горизонталь жазықтықтарда жылжуын бақылау ыңғайлы болуы үшін ауыспалы нүктелер ретінде қағылатын типті тұрақты қосалқы қада белгілерді орнатады.

25. Бақылау станциясын бөлуді, яғни жобаны натураға ауыстыруды маркшейдерлік тірек торабы пункттерінен аспаптық түрде жүргізеді. Сонымен бірге станция жобасын түзетуді және кескінді сызықтар орналасуының және пайдаланылған жерлер бедерінің, салынғандығының, пайдалану сипатының ерекшеліктерін есепке алғанда тікелей жергілікті жерде қада белгілерді орнатудың түпкілікті орындарын және жер бетіндегі жылжу процесінің көрінетін биік айырымдарын белгілеуді жүргізуге рұқсат етіледі. Кескінді сызықтарда қада белгілерді орнату орындарын 5 см артық емес рауалы ауытқумен сызықтар тұстамасы бойынша орнатылатын, қазықшалармен белгілейді.

Қада белгілердің конструкциялары және оларды орнату тәсілдері мыналарды қамтамасыз ету керек: қада белгілердің вертикаль және горизонталь жазықтықтарда жылжуын бақылау ыңғайлылығын; қада белгілердің грунтпен берік байланысын; қада белгілердің бақылау станциясы қызметінің көзделген мерзімі бойында сенімді сақталуын.

Қада белгілердің ұсынылатын конструкциялары және оларды әр түрлі жағдайларда орнату тәсілдері 2-қосымшада берілген.

26. Қада белгілердің бастиектерін механикалық бұзылыстардан сақтау мақсатында қада белгілерді олардың бастиектері жер бетінен 25-30 см төмен болатындай түрде орнатылады. Бұл жағдайда әрбір қада белгінің жанында қада белгісінің нөмірін белгілеп, сторожок (ағаш қазықша, құбырдың кесіндісі, штангалар) орнатады.

Егер берілген жағдайда қада белгілердің бұзылу ықтималдығы аз болса, онда олардың бастиектерін жер бетінен (0,5 м аспайтын) қада белгілер арасындағы интервалдар ұзындықтарын тікелей олардың бастиектері бойынша өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей арақашықтықта орналастыру мақсатқа сәйкес болады. Бұл жағдайда қада белгінің шығыңқы бөлігін грунтпен жартылай жауып, қада белгілерді қазып тастайды.

27. Грунттың маусымдық тоңдануы мен жібуінің қада белгілердің орнықтылығына әсерін болдырмау үшін оларды орнату қада белгісінің төменгі ұшы грунттың тоңдану шекарасынан 0,5 м төмен орналасатындай есеппен таңдайды. Сонымен бірге грунттың тоңдану шекарасынан төмен орналасқан, ұңғыманың немесе қазаншұңқырдың тек төменгі бөлігін ғана (қада белгі зәкірі) бетонмен толтырады, ал оның жоғарғы бөлігін грунтпен, құммен немесе қожбен жабады. Қатты емес тау жыныстарында қада белгілерді орнатудың минимум тереңдігін-1 м, ал қатты тау жыныстарында 0,3 м тең етіп қабылдайды.

28. Бақылау станциясындағы жұмыстар кешеніне келесі операциялар кіреді:

1) қада белгілердің горизонталь және вертикаль жазықтықтарда жылжу шамаларын аспаптық анықтау;

2) жарықшақтардың ашылуының енін, ұзындығын, кескінді сызықтарға қатысты орнын анықтау арқылы жер бетінде пайда болатын жарықшақтардың белгілеу, ойылымдар мен опырылу аймағын түсіру;

3) тау жыныстарының жылжу белгілерін белгілеу арқылы бақылау станциясының астындағы жер асты қазбаларын қарау (9-қосымша);

4) тау-кен жұмыстарына (жаппай жарылыстар жүргізу, руданы қоймалардан шығару, камера аралық кентіректерді және тағы сол сияқтыларды жою) тән кезеңдердің уақытын көрсету арқылы бақылау станциясы ауданындағы тазарту кен қазбаларының жоспарлары мен қималарын құрастыру және толықтыру;

5) 4-қосымшада баяндалған әдістеме бойынша кен массивінің тектоникалық бұзылғандығын және жарықшақтығын зерделеу;

6) тау жыныстарының беріктік қасиеттері туралы деректерді жинау, ал олар болмаған кезде-5-қосымшаға сәйкес тау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтау үшін сынамаларды іріктеу және үлгілерді сынауға жіберу (5 және 6 тармақтар бойынша жұмыстарды орындау кәсіпорынның геологиялық қызметіне жүктеледі).

29. Станциядағы аспаптық бақылаулар мына жұмыстардан тұрады:

тірек қада белгілерді алғашқы пункттерге пландық және биіктіктік байланыстыру (жобаны натураға шығарған кезде) және бақылау жүргізу кезеңінде олардың жылжымайтындығын периодтық бақылау;

бақылау станциясының қада белгілерінің алғашқы орнын горизонталь және вертикаль жазықтықтарда анықтау үшін бастапқы бақылау;

бақылау станциясының қада белгілерінің жылжу шамаларын анықтау үшін олардың орнын қайта бақылау;

жер бетінің жарықшақтарын, ойылымдары мен опырылу аймақтарын периодтық түсіру.

30. бақылау станциясының қада белгілерін горизонталь жазықтықта байланыстыруды триангуляциямен немесе жақындағы триангуляция немесе полигонометрия пункттерінен (алғашқы пункттерден) тұйықталған теодолиттік жүрістерді салумен жүзеге асырады.

Теодолиттік жүрістің салыстырмалы сызықтық үйлеспеушілігі 1:2000 аспайды. Бұрыштарды өлшеуді теодолитпен 30" кем емес дәлдікпен, ұзындықтарды өлшеуді-оны динамометрдің көмегімен үнемі тартып отыру арқылы салыстырылған болат рулеткамен жүргізеді.

Ұзындықтарды өлшеу кезінде ауа температурасын өлшейді. Өлшенген ұзындықтарға салыстыру, еңіс және температура үшін сәйкес түзетулер (85 тармақ) енгізеді.

Тірек қада белгілерді биіктіктік байланыстыруды және жылжымайтындығын бақылауды IV-класты нивелирлеумен қада белгілерден және маркшейдерлік нивелирлік тораптан жүргізеді.

31. Бақылау станциясының қада белгілерінің алғашқы орнын анықтау үшін бақылауларды бетондалған қада белгілер кезінде жеті күннен және қағылатын қада белгілер кезінде немесе көп жылдық тоң аудандарында грунттың толық жібуінен кейін үш күннен сирек емес жүргізеді. Бастапқы бақылаулар екі тәуелсіз сериядан тұрады, оларға: бақылау станциясының барлық қада белгілерін нивелирлеу; қада белгілер арасындағы арақашықтықтарды кескінді сызықтар бойынша өлшеу; қада белгілер ординаталарын анықтау, яғни олардың кескінді сызық тұстамасынан ауытқуларын өлшеу кіреді (39 - тармақ және 3 - қосымша).

Өлшеудің бірінші сериясының аяқталуы мен екіншісінің басталуы арасындағы уақыттағы үзіліс бес күннен аспайды.

Қада белгілердің биіктік белгілерінің және олардың арасындағы интервалдар ұзындықтарының алғашқы мәндері үшін олардың шамасының орташасын (екі бақылау сериясынан) алады.

32. Бақылау станциясының қада белгілерін нивелирлеу үшін 30х кем емес және деңгей бөлігінің бағасы 25" артық емес немесе өздігінен орнатылатын көздеуіш осі бар құбыр 2 мм ұлғаятын, 4 класты нивелирлеу үшін қолданылатын нивелирлерді пайдаланады.

Үш метрлік, кесілмейтін, екі жақты, бір жақты, шашкалы немесе штрихты, деңгейі бар рейкаларды қолданады. Бір жақты рейкаларды пайдаланған кезде нивелирлеуді аспап горизонтын өзгертіп жүргізеді.

33. Бақылаулар сериясын бастаудың алдында нивелирдің барлық тексерістерін жүргізеді. Рейкаларды салыстыру деңгейлері дұрысталады. Рейкалар деңгейлерін және аспаптың орнату деңгейін тексеруді цилиндрлік деңгейді бақылауға, тексеруге және түзетуге әрбір шығудың алдында-3-4 рет шыққан соң орындайды.

34. Қада белгілерді кескінді сызықтарда нивелирлеуді тұйық немесе екі жүрістермен нивелирлеуді кескінді сызықтың бір ұшында тірек қада белгілерді орнату жағдайында орындайды. Негізгі кескінді сызықтарды бір жүйеге үйлестіру мақсатқа сәйкес болады (тұйық жүрістер, түйінді нүктелері бар жүрістер жүйесі).

Тура жүрісте де, кері жүрісте де рейканы барлық жұмыстық және тірек қада белгілерге орнатады. Аралық және байланыстырушы қада белгілерге өлшемдерді рейканың екі жағынан ортаңғы жіп бойынша немесе аспап горизонтын өлшеу арқылы алады (32-тармақ). Нивелирлеуді байланыстырушы нүктелер арасындағы кесіндінің ортасынан жүргізеді. Аспаптан байланыстырушы нүктелерге дейінгі арақашықтық 75 м артық емес, иықтардың теңсіздігі 3 м артық емес рұқсат етіледі. Станциядағы бақылаулар тәртібі және алынған деректерді жазу нысаны 8-қосымшада берілген.

Рейкалардың қара және қызыл жақтары бойынша немесе бір жағынан алынған, бірақ аспаптың екі горизонты кезіндегі биік айырымдардағы айырмашылық, ±2 мм артық емес болуы мүмкін. Тұйық жүрістердегі, қосарлы жүрістердегі немесе тірек пункттерге байланыстырылған жүрістердегі биік айырымдардың үйлеспеушілігі n штативтер санында 1 км жүріске 15 артық болғанда (L – жүрістің ұзындығы, км) ± 15, мм немесе ±4, мм рұқсат етіледі.

35. Кескінді сызықтардың қада белгілері арасындағы арақашықтықтарды өлшеуді болат рулеткалармен немесе жарық-қашықтық өлшеуіштермен жүргізеді.

Егер жергілікті жер бедерінің шарттары бойынша қада белгілер арасындағы интервалдар ұзындықтарын тікелей өлшеу қиынға соқса, онда қада белгілердің ығысуын бақылауды, 6-қосымшаға сәйкес, тригонометриялық әдістерді пайдаланып жүргізеді.

36. Кескінді сызықтардың қада белгілері арасындағы арақашықтықтарды өлшеу үшін миллиметрлік бөліктері бар болат рулеткаларды немесе ұштарында миллиметрлік шкалалары бар өлшемдік сымнан жасалған арнайы рулеткаларды пайдаланады. Өлшеуді динамометрі бар рулетканың төсемін 100 Н (10 кгс) күшпен үнемі тарту арқылы асылып жүргізеді. Рулетка бойынша интервалды өлшегенде әрбір өлшем жұбынан кейін рулетканы бірнеше сантиметрге жылжытып, өлшемдердің кем дегенде үш жұбын алады. Интервал ұзындығының кез келген екі мәні арасындағы айырмашылық 2 мм аспайды. Әрбір интервалда сондай-ақ ауаның немесе рулетка төсемінің температурасын ±1° дейінгі дәлдікпен өлшейді (3-қосымша).

Әрбір бақылау сериясында ұзындықтарды өлшеуді тура және кері бағыттарда жүргізеді; журналдың және деректер жазудың нысаны 8-қосымшада келтірілген. Интервалдың тура және кері бағыттарда тікелей өлшенген ұзындығының ± 2 мм артық емес айырмашылығына рұқсат етіледі. Тура және кері жүрістерден кескінді сызықтардың шеткі қада белгілері арасындағы өлшенген арақашықтықтардың айырмашылығы кескінді сызық ұзындығының 1:10000 артық емес рұқсат етіледі.

Центрлері ашық қада белгілер бойынша ұзындықтарды кескінді сызық тұстамасын рулетка төсемінің бос төселуіне кедергі келтіретін, топырақтың кедір-бұдырларынан алдын ала тазартып, қада белгілердің бастиектеріндегі центрлері бойынша тікелей өлшейді. Жасырын центрлері бар қада белгілер бойынша ұзындықтарды қатты немесе шнурлы тіктеуіштердің, сондай-ақ оптикалық центрлеуіштердің көмегімен өлшейді. Қатты тіктеуіштер конструкцияларын сипаттау және олар бойынша ұзындықтарды өлшеу әдістемесі 3-қосымшада берілген.

37. Қада белгілер арасындағы интервалдарды өлшеу, сондай-ақ өлшеудің орташа квадраттық қателігі ±5 мм артық емес жарық-қашықтық өлшеуіштермен де орындалуы мүмкін. Арақашықтықтарды жарық-қашықтық өлшеуішпен өлшеу бойынша операцияларды орындау жүйелілігі нақты аспапты пайдалану бойынша нұсқаулармен регламенттеледі.

Кескінді сызықтарда бақылаудың жүйелі қателіктерін өлшеуді, байқауды және жоюды сенімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, 6-қосымшада берілген сұлбалар бойынша орындалады. Бұл жағдайда аспаптық түзетулерді бақылап анықтауды жүргізу міндетті емес.

38. Жер бетінің 15° артық еңіс бұрыштары және жергілікті жердің қатты жырымдалған (таулы) бедерінде қада белгілердің ығысуларын анықтауды тригонометриялық нивелирлеумен жүргізеді. Бұл кезде вертикаль бұрыштарды Т2, Theo-010 теодолиттерімен немесе оларға тең дәлдікпен өлшейді, бұл кезде көздеу сәулесінің ұзындығы 120-150 м аспайды. Тригонометриялық нивелирлеу кезіндегі өлшеу сұлбалары 6-қосымшада сипатталған. Аспаптар мен сигналдардың биіктіктерін ± 1 мм дәлдікпен өлшейді.

39. Ординаталарды өлшеуді мына жағдайларда жүргізеді:

тау жыныстары мен рудалы дененің бірдей емес (15° артық) созылымы кезінде;

кескінді сызықтың бағыты тау-кен жұмыстарының контурына перпендикулярдан 15° артық ауытқыған кезде;

созылған объектілердің шетте және диагональ орналасуы кезінде;

тереңдік қада белгілері станцияларының бақылау қада белгілерінде;

кен орнында аномалиялы тектоникалық кернеулер өрісі бар болғанда.

Өлшеулерді 3-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

40. Кескінді сызықтарда қайта бақылауларды бақыланатын учаскеде жылжу процесі жер бетіне дейін таралған соң жүргізеді (1-қосымша). Жер беті жылжуының басталуын күзеттік бақылаулардың көмегімен анықтайды, ол жер беті жылжуының дамуы мүмкін болатын учаскелерінде кескінді сызықтардың қада белгілерін нивелирлеуден тұрады.

41. Қайта бақылаулар санын, оларды өткізу мерзімін қойылған міндеттерге байланысты және рудалы денені қазудың кен-техникалық жағдайларын есеп алып анықтайды; олар тау-кен жұмыстарының және жылжу процесінің нақтылы дамуына сәйкес өзгертіледі.

Уақытта жылжу процесінің дамуын зерделеу үшін, оларды тазарту жұмыстарына тән кезеңдермен ұштастырып (жаппай жарылыстарға дейін және олардан кейін, камера аралық кентіректерді жою, руданы қоймалардан шығару және тағы сол сияқты), қайта бақылаулар жүргізеді.

Жылжу процесінің бұрыштық параметрлерін алу, жер бетінің ығысулары мен деформацияларының шамаларын анықтау және олардың жылжу мульдасында таралу сипатын айқындау үшін жылжу процесі аяқталғанға дейін жылына 1-2 рет қайта бақылаулар жүргізген жеткілікті (1-қосымша).

Қайта бақылаулар кезіндегі әдістеме және өлшемдер дәлдігі бастапқы бақылауларға ұқсас.

42. Көзбен бақылауды тау жыныстарының, жер бетінің және кеуленетін объектілердің деформациялануының көрінетін белгілерін айқындау, бақылау объектісінің деформацияланғандығының дәрежесін және тазарту жұмыстарының дамуына, қорғау шараларын және жөндеу-баптау (алдын алу) жұмыстарының мерзімдерін таңдауға байланысты, оның уақытта өзгеруін айқындау мақсатында жүргізеді. Бақылау станциялары ауданында көзбен бақылауды аспаптық бақылаумен бір мезгілде жүргізеді. Көзбен бақылау әдістемесі 9-қосымшада берілген.

  1   2   3

Похожие:

Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconБеттің және тау жыныстарының жылжуын бақылауға арналған приборлар мен құрылғылар Тіктеуіштер
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconТерең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Асты барлауда жер беті мен тау жыныстарының беріктік мәселелерін шешу үшін қолданылатын жалпы беріктік сипаттамалары: бір осьті қысуға...
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница