Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен
страница3/11
Дата конвертации04.11.2012
Размер1.23 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырып №5: Билік саяси феномен ретінде

1. Билік ұғымы және негізгі концепциялар.


2. Саяси және мемлекеттік билік

3. Биліктің легитимдігі

Дәріс тезисі:

Бұл ұғымға қатынастағы қызығушылық ерте замандардан басталған. Биліктің өз құпиясы бар. Адамзат өз дамуының өне бойында өзінің ойшыл өкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға бағынады? Т.Джефферсон айтқандай, бір адамдар – арқасында ерімен, ал басқалары – аяқ киімдеріндегі өкше темірлерімен туылмайды. Бірақ осылай болса да, біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған мүлтіксіз бағынады.

Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзқарастарды ұстанады.

Билік – билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтерінде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады.

Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол – қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған қарабайырлығына қарамастан мұнда билік қажеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген.

Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей әртүрлі тәсілдері бар:

1. Телеологиялық ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез-келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын-ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді.

2. Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды.

3. Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ықпалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады.

4. Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтың ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады.

Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. «Легитимділік» термині (лат. сөзі legitimus – заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің заңды деп тануын анықтайды. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді.

Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың заңдылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін таңу тенденциясы пайда болады.

Қандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. «Билік легитимділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік қатынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары – оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікті ала келді, осының салдары – ұзаққа созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әртүрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында – биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда – биліктің сайлануы туралы заң.

Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану құқығын сақтап қалды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің заңды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды.

Легитимация – ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық тұрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативты кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады.

Биліктік ықпал ету кеңістігін игеру үшін билік биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақтылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу қабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.

Биліктің ықпал ету кеңістігі жеке адам, бағынышты ассоциацияның соңғы, ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы болатын құрылымданған және ассоциативты кеңістік. Демократиялық қоғамда – бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік легитимациясы – азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол – осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықтық іс-әрекет болып табылады.

Билік легитимділігін тану – бұқаралық сананың феномені, сондықтан билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:

1. Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.

2. Биліктің халықтық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол – біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажетіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация – биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы.

Оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді. Оппозиция билік қабылдаған заңдардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушылар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да – билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күрестің қандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек.

Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әртүрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді.

Оппозиция биліктің әрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жоққа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған заңдардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады.

Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Басқа ассоциативтік қауымдастықтардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.


Тақырып №6: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлттық саясат

  1. Этнос және ұлт ұғымы

  2. Ұлт мәселесі және оның құрылымы

  3. Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдас бөлігі ретінде.

Дәріс тезисі:

Әлеуметтік топ ұғымы мүдделерінің, құндылықтары мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай ел халқының жіктелуін бейнелейді. Әлеуметтік топ - бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейтін өте кең ұғым. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшеліктік, қоныстық, тұтынушылық, діни, біліми және басқа да топтар қарастырылады. Бұл жағдайда топтау, біріктіру белгілері қатаң емес, олар жеткілікті түрде дербес. Барлығы топтардың қандай мақсатпен жіктелетініне, қоғамдық өмірдің қандай ғылыми және саяси проблемаларының зерттелетіндігіне, әлеуметтік субъект кім бола алатынына, саяси практиканың қандай әлеуметтік және саяси мәселелерді алға шығаратындығына байланысты.

Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орташа және кіші болып бөлінуі методологиялық мәнге ие.

Үлкен әлеуметтік топтарға ел халқын қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшеліктік, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктер арқылы жасалынады, олардың арасында әртүрлі мүдделер мен саяси бәсекелестіктің болуы мүмкін.

Кіші топтарға ең бірінші мүдделерінің ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, кіші өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әртүрлі ұйымдары кіші топтардың түрлері. Кіші топтар үшін адамдардың тікелей байланыстары тән, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тұлғааралық, моральдық-психологиялық байланыс формалары реттейді.

Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясаттың субъектісі бола алады.

Осылардың арасынан үлкен әлеуметтік топтардың, әсіресе таптардың қызметі үлкен саяси ықпалға ие.

Таптар мен тап күресінің теориясы – адамзаттың саяси ойының қалыптасу мен даму процесінде ерекше рөл атқаратын іргелі саяси ілім.

Сословиелік-таптық бөліну - өркениет дамуының сипатты негізі. Таптар мен таптық күрестің рационалды түрде дәлелденген теориясын марксизм жасады. К.Маркс пен Ф.Энгельс бірігіп жазған «Коммунистік партияның манифесті» (1848) атты еңбекте қоғамдық өмірдің таптық табиғатына ретроспективті сараптама берілген, пролетариаттың тап күресінің стратегиясы мен тактикасы мәселелері қарастырылған, пролетариаттың саяси күш ретіндегі дүниежүзілік-тарихи рөлі идеологиялық тұрғыда дәйектелінген.

Таптар мен тап күресінің маркстік-лениндік теориясында таптардың әлеуметтік-экономикалық негізіне ерекше назар аударылады. Марксизм-ленинизмде қолданылған таптар анықтамасын В.И.Ленин «Ұлы бастама» атты мақаласында берген болатын: «Таптар деп қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесіндегі алатын орындары бойынша, өндіріс құралдарына қатынасы бойынша, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы рөлі, яғни қоғамдық байлықтан өз үлесін алу тәсілі мен мөлшері бойынша ажыратылатын адамдардың үлкен тобы аталады. Таптар - бұл қоғамдық шаруашылықтың белгілі бір формасында алатын орнына байланысты біреулерінің басқалардың еңбегін өзіне иемденіп кете алатын адамдардың үлкен тобы».

Бұл көзқарас бойынша, құл иеленушілік, крепостниктік, жалдамалы еңбек тәрізді әлеуметтік-экономикалық дамудың әрбір сатысында екі негізгі тап болады, олардың өзара қатынастары қоғамдық өмірдің өзегі мен қоғамның саяси проблемаларының негізін құрайды. Бірақ мұндай түсініктің қоғамдық дамудың саяси бояуын тарылтып әрі жұтаңдатып жіберетіндігі сөзсіз. Шынтуайтына келгенде, қоғамның нағыз саяси өмірі – қоғамның екі негізгі табының саяси қарсыласуына қарағанда анағұрлым күрделі және әрқилы.

Таптық бөлінудің әлеуметтік-экономикалық негізін бөліп көрсету, осы белгіге баса көңіл аудару аталмыш ұғымның іргелі идеологиялық жүктемені атқаратындығын көрсетеді. Ол меншік қатынастарын ревоюциялық қайта өзгертуге бағытталынған, мұндай өзгерістердің жан-жақты қоғамдық прогресстің кілті болып табылатындығына ерекше көңіл аударады. Бірақ социалистік лагерь елдерінің тарихи тәжірибесі көрсеткендей, меншік қатынастарының түпкілікті күрт өзгеруі, олардың мемлекеттенуі тиімді экономикалық дамудың тетігін бұзып, қоғамдық прогресті тежейді. Экономиканың фундаментальдық негізі - өз кезегінде жеке және ортақ мүдделерді тоғыстырудың тиімді тәсілі болып саналатын нарықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Сонымен қорыта айтар болсақ, қоғамды қайта құрудың радикалды идеологиясы ретіндегі таптар мен тап күресінің маркстік-лениндік теориясы – қазіргі экономикалық және саяси шынайылықтарға лайықты жауап бере алмайды.

Батыстық әлеуметтік және саяси ойларда таптар мен тап күресінің теориясын сыни бағалау негізінде қазіргі заманға сай идеяларды іздестіру жүзеге асуда. Бұл тұрғыда М.Вебердің көзқарастары айтарлықтай мәнге ие.

М.Вебердің теориялық көзқарастарында қоғамның әлеуметтік жіктелуінің қатаң экономикалық анықтамасы жоқ. Ол таптық бөлінуді анықтауда қоғамның экономикалық жіктелуінің бастапқылығын, фундаментальдылығын мойындай отырып, қоғамның экономикалық қана емес, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне де сүйенеді.

Батыстық қоғамдық ойдың әлеуметтік жіктелу проблемасына көзқарасы әлеуметтік стратификация теориясымен байланысты. Әлеуметтік стратификация негіздері М.Вебердің, П.Сорокиннің, Т.Парсонстың, В.Паретоның және басқа да авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі батыстық қоғамдық және саяси ойларда бұл теория – маңызды ғылыми және қолданбалы функцияларды атқаратын кең тараған теория.

Әлеуметтік стратификация теориясында әлеуметтік «страта» мен әлеуметтік «тұтастық» орталық ұғымдар болып есептелінеді. Жер беті қабаттарын білдіретін геологиялық «страта» термині мұнда қоғамның әлеуметтік жіктелуін белгілеу үшін, ғылыми зерттеу мақсатында халықтың әлеуметтік маңызды топтарын бөліп көрсету үшін пайдаланылады.

Бүгінгі таңда демократиялық мәдениет, адамдар өмірінің демократиялық салты, демократиялық институттар қажетті қоғамдық қайта құрылулардың тетігіне айналды. Нәтижесінде дамыған елдерде әлеуметтік әділеттілік нұсқалары айқын көріне бастады.

Стратификациялық айырмашылықтар әлеуметтік антагонизмның дамуына алып келмейді, себебі қазіргі қоғам – тұтас, страттар арасындағы шек тұлға үшін жеңіл алынады. Егер ол қажетті энергияны жұмсай отырып, іскерлік танытса, стратификациялық сатымен жоғары өрлеп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын ең тиімді позицияларды иелене алады, немесе көлденеңінен жылжып, өз талантын көрсетуге мүмкіндіктер беретін стратаға өте алады.

Нәтижесінде қоғамдық организмде шиеленістер болмайды, революциялық акциялар өзінің әлеуметтік негізін жоғалтады. Марксистердің көзқарасы бойынша, қоғамдық өмірдің барлық сферасына еніп, экономикалық, идеологиялық және саяси түрдегі үш негізгі формада жүзеге асқан тап күресі қоғамда сақталғанымен, өзінің әлеуметтік мазмұны мен бағытын өзгертті.

Этникалық бірлестіктердің көпшілігі өздерінің этникалық, тарихи отандары бар диаспоралар. Диаспоралар әрқилы дәрежеде мемлекетаралық қатынастардың саяси процесіне тартылады. Сондықтан, полиэтникалық мемлекеттерде этникалық, діни, тілдік ерекшеліктеріне қарамастан адам құқығы мен азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететін принциптердің қатаң сақталынуы тиіс.

Ұлттар – бұл өзін-өзі сақтау мен дамуға қабілетті тарихи тұрғыда құрылған тұрақты бірлестіктер. Ұлттық мемлекет – осы әлеуметтік-саяси тенденцияны қамтамасыз ететін саяси форма. Сондықтан ұлттар өздерінің ұлттық мүдделерін қорғайтын осы саяси форманы жасауға ұмтылады.

Көпұлтты мемлекеттерде барлық ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін сақтау шешім қиын проблема, себебі оларда көбінесе елеулі экономикалық, этно- және әлеуметтік-мәдени, саяси ықпалға ие үстем ұлт болады. Бұл үстем ұлт қасақана не еріксіз түрде басқа ұлттардың дамуын тежейтіндіктен, мемлекет ішінде ұлттық-территориялық автономия құруды, ал егер мемлекет құрамында ұлттық-территориялық автономиялар болса, олардың дербестігін қамтамасыз етуді немесе ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті үзілді-кесілді талап ететін және саяси тұрғыда жүзеге асуы мүмкін орталықтан қашатын тенденциялар пайда болады. Сондықтан, көпұлтты мемлекеттерде мемлекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған сепаратизм пайда болады.

Осы ретте үстем ұлттың саясаты құрамындағы басқа ұлыстар мен ұлттардың дербестігін, тыныштығын, этномәдени төл ерекшеліктерін қамтамасыз етуге және көпұлтты мемлекеттің тұтастығын сақтауға міндетті.

Этностар арасындағы проблемалар қазіргі кезде өте күрделі проблема болып отыр. Бұл проблемалардың өздерінің мемлекетаралық және мемлекетішілік аспектілері бар. Олардың негізінде ұзақ уақыттар бойы басқа мемлекеттер мен елдерді қатыстыра отырып бірде бәсеңдейтін, бірде өршитін қақтығыстар өтіп жататын саяси шиеленістер ошағы пайда болады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет емес, жүзден аса этникалық бірлестік өкілдері тұратын полиэтникалық мемлекет. Осы реттегі Қазақстанның саяси ерекшелігінің өзі сонда, қазақтар үстем этнос болып табылмайды және әзірше басқа этникалық топтар өкілдерін ассимиляциялау мүмкіндіктеріне ие бола қойған жоқ. Сондықтан елде шынайы полиэтнизм қалыптасқан. Қазақтармен қатар Қазақстанда елеулі этно- және әлеуметтік-мәдени ықпалға ие өте үлкен орыс диаспорасы да өмір сүреді, ол ел ішінде де, сондай-ақ Ресеймен өзара қарым-қатынаста да күшті саяси фактор болып табылады.

Сонымен, саясатта адамдардың үлкен бұқарасы әрекет етеді екен. Бұл бұқаралар, белгілі бір дәрежеде бір-бірлеріне қарсы тұрады. Сондықтан саяси мәдениеттің ең маңызды проблемасы – осы «қарсы тұруларды» өркениеттік шеңберге көшіру болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін бұқаралар ұйымдасып, саяси процеске саналы түрде қатысуы, яғни төл идеологиясы болуы, өз мүдделерінің мағынасы мен мәнін билік органдарына қатынастағы талаптар жүйесінде, заң шығарушылық қызметте, саяси қызмет стратегиясы мен тактикасында, бір сөзбен айтқанда саясат сферасында көрсете алуы қажет.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconАқтөбе 2008 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Педагогика жэне педагогикалық психология кафедрасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconМектеп басшыларына! Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 2009 жылдың 26 қарашасында «Білім мен тәрбие беру үрдісіндегі этномәдени құндылықтардың...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы
Баспаға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми және оқу-әдістемелік кеңестері ұсынған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Қ. Ж. Естекова физикалық химия
Оқу құралы жоғарғы оқу орнындағы химия және химия- биология (ХБ), биология-химия, химия- экология, химиялық технология, металлургия,...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама бойынша құрастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беретін стандартына...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты
Мазмұндамалар жинағы. Мазмұндамалар жинағын құрастырған: Ақмпи магистрі Башбаева Б. Ә
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
«Макроэкономика» пәнінің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бойынша типтік оқу бағдарламалары...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе мемлекеттік педагогикалық институты саясаттану оқу-әдістемелік кешен iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница