Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер!




Скачать 370.06 Kb.
НазваниеАудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер!
страница1/3
Дата конвертации09.01.2013
Размер370.06 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Аудан әкімі С.Ж.Аймақовтың есебі

2011 жыл.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге аудан әкімі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлықтарына сәйкес есебімді ұсынуға рұқсат етіңіздер.

2010 жыл аудан үшін өзіндік қиындықтарымен қатар, тұрақтылық пен ілгерлеудің ұштасқан жылы болды. Жыл ішінде жоспарлы жұмыстар жасалып, көптеген жаңалықтар болды, тың бағдарламалар қолға алынды.

Мемлекетіміз дағдарыстан кейінгі дамудың даңғыл жолына түсті. Ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған барлық негізгі салаларда өсім байқалды. Қазақстан – ТМД елдері арасындағы оң өзгерістер бойынша көшбасшы мемлекетке айналып, еліміздің халықаралық аренадағы беделі жоғарылай түсті. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету абыроймен атқарылды. Ұйымға мүше елдердің 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өткен Саммиті осыған айқын дәлел бола алады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың ерен еңбегін дүние жүзіне танытып, еліміздің мәртебесін көтерген, мерейін асқақтатқан Саммит аса жоғары деңгейде өтіп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана Декларациясы қабылданды. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін жауапты әрі абыройлы, саяси да, тарихи оқиға болғаны даусыз.

Елімізбен бірге аса ірі өнеркәсіп аймағы болып табылатын Қарағанды облысы да қарыштап дамып келеді. Экономиканың өнеркәсіп және аграрлық секторын дамытумен қатар, тұрғын-үй мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың құрылысына, қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спортты дамытуға, жалпы өңірдің әрбір тұрғынының қалыпты өмір сүруіне қажетті жағдайларды туғызуға айрықша көңіл бөлінуде.

Осындай қолға алынып, іске асып жатқан әлеуметтік-экономикалық жетістіктердің орындалуына біздің ауданның да өзіндік үлесі бар. Жыл ішінде көптеген жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Осы жұмыстардың барлығы, Елбасымыздың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарына және Қарағанды облысының 2009-2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

Аудан әкімінің өткен жылғы есепті кездесулерінде айтылған тұрғындардың сын-ескертулері мен ұсыныстары бойынша тиісті шаралар жасалынған. Нәтижесінде осы жұмыстардың барлығы орындалды.

Сондай-ақ, есебімде ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысын айта отырып, алдағы тұрған міндеттерге және оларды орындаудағы негізгі бағыттарға да тоқталатын боламын.

Негізінен ауданның даму бағдарламалары толық орындалып, аудан экономикасында тұрақтылық пен даму динамикасы сақталды.

Жыл бойы басты мақсатымыз ауданның экономикасын дамыту, барлық бірінші кезектегі шығындарды қаржыландыру, жұмыс орындарын сақтау, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру болып табылды.

Былтырғы жылы «Жол картасы» бойынша, республикалық бюджеттің трансфертері арқылы 269,2 млн. теңге, облыстық және аудандық бюджеттен 283,1 млн теңге, барлығы 552,3 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Осы қаржы аудан бойынша 37 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Оның ішінде, мүгедектер үйі сияқты ірі нысандармен бірге басқалары да болды. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 618 жұмыс орны ашылды. «Жол картасын» жүзеге асырудың негізгі шартына сәйкес жұмысқа орналастырылғандардың 70 % аудандағы жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған азаматтар болды. Жұмысқа қабылданған 54 адам қайта оқыту курстарынан өтті.

Елбасының «Дипломмен ауылға» атты бастамасымен республикалық бюджеттің трансферттері арқылы ауылға жұмыс істеуге келген мамандарға бір жолғы көмек көрсету, үй сатып алуға несие беру 2010 жылы да жалғасқан болатын. Бұл бағдарлама аясында былтырғы жылы 28 маманға 2,8 млн теңге көлемінде көтерме ақы және 14 адамға 9,8 млн. теңге несие төленді.

Елбасының былтырғы Жолдауындағы инвестиция тарту туралы айтылған басымдықтарын басшылыққа ала отырып, ауданда бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2010 жылы 2814,4 млн. теңге болып, 2009 жылмен салыстырғанда 103,9 % құрады (2009 жыл – 2556,0 млн.теңге). Осы салынған инвестициялар аудан экономикасының әр саласына жұмсалды.

Ауылшаруашылығы саласының дамуы да осы салаға тартылған инвестицияға байланысты болмақ. Инвестициялар „Аграрлық несиелік корпорация“ АҚ, „Қарқаралы“ несие серіктестігі және „Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры“ арқылы тартылуда.

2010 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыстық „Аграрлық несиелік корпорация“ АҚ арқылы ауданымыздағы Арқа, Ынта шаруа қожалықтары 143,5 млн. теңге несие алды.

Аудан шаруашылық құрылымдарын несиемен қамтамасыз етуде „Қарқаралы“ несие серіктестігі өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі күнге осы несиелік серіктестігінің құрылтайшылар саны 80 шаруашылыққа жетіп отыр. Оның ішінде 78 шаруа қожалығы, 2 заңды тұлға. Былтырғы жылы 16 шаруа қожалығы 40,2 млн. теңге несие алды.

„Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры“ АҚ көп көмегін тигізіп, жылма – жыл арзан несие беруде. Осы қор арқылы былтырғы жылы 82 адамға 9,5 % үстемемен 33,0 млн. теңге несие берілді. Одан басқа егін шаруашылығына 3,5 млн. теңге және ауылдың жеке кәсіпкерлеріне, шаруа қожалықтарына 42,0 млн. теңге несиелер берілді.

Сондай-ақ, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі және Дүниежүзілік даму банкі арқылы асыл тұқымды мал өсіруге, тұйеқұс, жылыжай және көп жылдық шөп алқаптарын жаңалауға гранттар беріліп келеді. 2010 жылы аудандағы 11 жеке және заңды тұлғалар 63,5 млн. теңгенің грантын ұтып алды. Биылғы жылы да грант беру жұмыстары жалғасатын болады.

Егін шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Жылдағыдай көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесіне сәйкес, өткен жылы егін сепкен шаруашылық құрылымдарының 45 - не (37,5 мың га. егістік жер, 8 га. картопқа) - 16,7 млн. теңге субсидия берілді.

Арқа, Аппаз, Сары – Арқа шаруа қожалықтарына сатып алынған 10,3 тонна гербицидтердің құжаттары облыстық ауылшаруашылығы басқармасына тапсырылып, субсидия төленді (3,9 млн. теңге).

Аудан шаруашылықтарын жыл сайын Арқа, Аппаз, Сары Арқа, Балқантау тұқым шаруашылықтары сапалы І, ІІ репродукциялы арзандатылған тұқыммен қамтамасыз етіп келеді. 2010 жылы осы 4 тұқым шаруашылықтары 1,7 мың тонна тұқым сатып, оларға 15,5 млн. теңге субсидия берілді. Сонымен қоса 2 тұқым шаруашылығына (Арқа, Аппаз) сатып алынған 594 тонна элитаға 11,5 млн. теңге субсидия төленді.

Осындай көмектердің әсері - әсіресе егін шаруашылығындағы жұмыстарды атқарғанда көрінді.

Былтырғы жылы аудан бойынша барлығы 59,8 мың га. жерге егін себілді. 2010 жылы 66 шаруашылық құрылымдары егін септі.

Жылма – жыл ірі шаруашылық құрылымдарының саны артып келеді. 2010 жылы 11 шаруа қожалығы 1000 - 10000 га. артық егін сепсе, 1 ШҚ 10000 га. артық егін салды.

Егін шаруашылығында - өндіріске озық технологияны енгізу - алынатын өнім көлемін арттыруға, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақыттағы егін шаруашылығындағы озық технология - ол топырақтағы ылғалдық ресурстарды сақтау технологиясын өндіріске енгізу жалғасуда.

Топырақтағы ылғал сақтау технологиясы қосымша техниканы қажет етеді. Сондықтан, осы технологияға көшу үшін ауданымызда да қазіргі заманға сай жаңа техникаларды сатып алу қолға алына бастады. Атап айтқанда, 2 дана егін себетін «Кузбасс – 9,7» кешені, 30 дана үгіткіш құрылғылары бар астық комбайндары, 1 АН – 2 ұшағы, 12 дана опрыскивательдер алынды. 2010 жылы «Арқа» шаруа қожалығы жаңадан 5 Енисей астық комбайны, 16 тұқым сепкіштер алды. Аудан бойынша жаңа технологиямен биылғы жылы 13 мың гектарға егін себілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс – шараларды жүргізу ережесіне» сәйкес, шегіртке тектес зиянкестер көп шоғырланған селолық округтерде барлығы 34,4 мың гектар жерге химиялық өңдеулер жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Өзара сақтандыру туралы» Заңына сәйкес аудандағы «Береке» сақтандыру қоғамы арқылы 2010 жылы егін сепкен шаруашылықтардың егістік көлемі толық сақтандырылды.

Былтырғы жылы да ауа – райы егін шаруашылығына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Көктем айларының салқын болуынан және мамыр, маусым және шілде айының ортасына дейін жауын – шашынның болмауы, тамыз айында болған үсік, бұршақ себілген егістік алқапқа қатты әсер етіп, 19,3 мың гектарға жуығы оруға жарамсыз болып, есептен шығарылды.

2010 жылы көктемгі дала жұмыстарына және егін орағына бөлінген 2555 тонна дизель отынының 1066 тоннасын шаруашылық құрылымдары облыстық оператор «Аврора PS» ЖШС-нен сатып алды. Оның ішінде 616 тоннасы көктемгі дала жұмыстарына, 450 тоннасы егін орағына пайдаланылды.

Осының нәтижесінде, өткен жылы ауа-райының қолайсыз болғандығына қарамастан, аудан бойынша егістік алқаптарынан 40,5 мың гектар егістік жер орылып, барлығы 28,3 мың тонна астық бастырылды. Орташа есеппен гектарынан 7,0 цн. өнім алынды, қажетті 7,4 мың тонна тұқым құйылды.

Егіс технологиясын қатаң сақтап, ауыспалы егісті тиімді пайдаланған, сапалы тұқым сепкен, арам шөптерге қарсы химиялық күрес шараларын жүргізіп, егін орағын сапалы өткізген шаруашылықтар жоғары көрсеткіштерге ие болатыны белгілі.

Атап айтсақ, аудандағы «Сары – Арқа» ШҚ (Т.Ахметчин) – 12,5 цн., «Азамат» ШҚ (А.Құсайынов) – 12 цн., «Жалықбас» ШҚ (М.Баймағанбетов) – 11 цн., «Ынта» ШҚ (Елубаев А.) – 11 цн., «Қазылық» ШҚ (Н.Төлендин) – 10 цн., «Аппаз» ШҚ (Р.Алин) – 9,5 цн.-ден астық алса, «Ерлан» (Мұса Қ.), «Айжан» (Омарова Ж.) «Ержанат» (Шаихов Н.), «Мирас» (Қалиева К.), «Нұр» (Сағымбаев Е.), «Қызылкөл» (Габдуллин Қ.), «Талды» (Шокенов Е.), «Нұр» (Құлмағанбетов А.), «Ер Тарғын» (Нүгриденов Е.), «Берік» (Талюкенов Ж.), «Аслан» (Даутов Т.), «Рашида» (Төлеубеков М.), «Тұлпар» (Ахметов Р.), «Сарышоқы» (Хасенов Х.), «Қалқаман» (Ыбрайханов Т.), «Манат» (Нуриманов Д.) шаруа қожалықтары әр гектардан орташа 7-8 цн. өнім алды.

Аудан бойынша тұрақтандыру қорына 800 тонна астық тапсырылды. Қырғыз, Қайнарбұлақ, М.Мамыраев, Балқантау, Қоянды, Ынталы, Қаршығалы, Тегісшілдік селолық октугтеріндегі жекелеме Арқа (Бурабаев Қ.), Аппаз (Алин Р.), Берік (Талюкенов Ж.), Аслан (Даутов Т.) Балқантау (Куттина М.), Сары-Арқа (Ахметчин Т.) Ынта (Елюбаев А.), Нұр (Құлмағанбетов А.), Жалықбас (Баймағанбетов М.), Ерлан (Мұса Қ.) және тағы басқа шаруашылық құрылымдары тұрақтандыру қорына астық тапсыруда ұйымшылдық танытып, өте жақсы жұмыс атқарғанын айтуымыз қажет.

Ендігі кезектегі маңызды шара, көптен айтылып келе жатқан үлкен мәселе, ол – ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру.

Егін шаруашылығы саласында шаруа қожалықтарын ірілендіру мақсатында алдағы уақытта табиғи жағдайы егін шаруашылығына қолайлы 7 селолық округте, яғни Қайнарбұлақ, Қ.Аманжолов, М.Мамыраев, Қырғыз, Балқантау, Қаршығалы, Тегісшілдік ірі шаруа қожалықтары арқылы егін себу белдеуін құру міндеті тұр. Осы селолық округтерде ауданның жалпы егіс көлемінің 70 – 80 % себілетін болады.

Сондай-ақ, алдағы уақыттағы мәселелер озық технологияның көлемін ұлғайту, егін себу, ору технологиясын қатаң сақтау, машина-трактор паркін осы заманға сай жарақтандыру, минералды тыңайтқыштарды, гербицидтерді кеңінен пайдалану арқылы өнім сапасын арттыру міндеті тұр. Айналып келгенде біздің басты міндетіміз, мақсатымыз – халықты сапалы, арзан ұн өнімдерімен қамтамасыз ету.

Аудандағы мал шаруашылығы саласында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге ірі қара малдың басы 64,7 мыңнан, қой-ешкі 204,0 мыңнан, жылқы 21,4 мыңнан астам болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу динамикасына қол жеткізілді.

Мал өнімдерін өндіру көлемі де жылдан жылға артып келеді. 2010 жылы аудан бойынша 15,9 мың тонна ет, 38,4 мың тонна сүт, 381,0 тонна жүн өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 103-108% өсті.

Ауыл тұрғындарының ет өнімдерін өздеріне қолайлы бағамен өткізуіне жыл сайын облыс орталығында ұйымдастырылатын «Ауыл-Береке» жәрмеңкесі үлкен септігін тигізуде. Биылғы жылы қазан, қараша айларында өткен жәрмеңкеге ауданның барлық селолық округтері қатысып, 43,5 тонна ет, 7,5 тонна сүт өнімдері сатылды.

Мал шаруашылығы саласында неғұрлым жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін, мал тұқымын асылдандыру болып табылады, сондықтан ауданымыздағы асыл тұқымды мал санының үлесін арттыруға ерекше назар аударылып, осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ауданда «Қазақтың құйрықты қылшық жүнді» асыл тұқымды қойын өсіріп, оны аудан, облыс шаруашылықтарына таратумен айналысатын «Балқантау» шаруа қожалығы жылма-жыл жоғары көрсеткіштерге жетуде (басшысы – Құттина Маниза). Шаруа қожалығында бүгінгі күнге 5665 бас асыл тұқымды қой бар. Оның аналығы 2830 бас.

«Асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық» статусын алған шаруа қожалығының қатарына өткен жылы 105 бас «Қазақтың ақ бас» асыл тұқымды ірі қара малын сатып алған Мамыраев селолық округіндегі «Свиридов» шаруа қожалығы қосылды. (Басшысы – Свиридов А.Ю.)

Сол сияқты Ынталы селолық округіндегі «Ынта» (басшысы-ЕлубаевА.) шаруа қожалығындағы «Қазақтың ақ бас» асыл тұқымды ірі қараның саны 70 бастан асып, биылдан бастап бұл шаруашылық «Асыл түлік» АҚ-ның ғылыми қызметкерімен келісім-шартқа отырып, «асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық» статусын алуға жұмыс жүргізуде.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы» статусын алу бағытында басқа да біршама шаруашылықтар жұмыс жасауда. Атап айтқанда, «Сәт» (Мәдиев С.), «Шоқпартас» (Төлеутаев Н.Т.) шаруа қожалықтары «Әулиекөл» тұқымды құнажындар, «Көктас» (Сланбеков Қ.Т.) және «Шоқпартас» шаруа қожалықтары «Байыс» тұқымды қойлар, Бесоба селолық округінің «Түлкілі» (Жақанбаев Н.) шаруа қожалығы «қазақтың ақбас» тұқымды сиырларын, осы селолық округтің «Наршөккен» (Бокижанов Х.И.) шаруа қожалығы «Симментал» тұқымды құнажындар, Балқантау селолық округінің «Азамат», (Құсайынов А.К.) «Делана» (Құттин Қ.Қ.) және «Талды» (Шөкенов Е.К.) шаруа қожалықтары, Аманжолов селолық округінің «Қойшыбай» (Искаков Қ.) шаруа қожалығы «Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын» өз қаржыларына сатып алып, асыл тұқымды мал фермаларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Өткен жылдан бастап асыл тұқымды ірі қара сатып алған шаруа қожалықтарына, биылғы жылдан бастап ірі қара, қой, жылқы сатып алған шаруа қожалықтарына асыл тұқымды малды сатып алуға жұмсалған қаржының 50 % -ының облыстық бюджеттен субсидия ретінде қайтарылып берілуі – мал өсіруші шаруашылықтарға үлкен көмек екенін айтуымыз керек. Жоғарыда аталған асыл тұқымды мал сатып алған 7 шаруа қожалығына 9 244,9 мың теңге субсидия төленді.

Ауданда асыл тұқымды мал басының көбеюіне 24 селолық округтердегі ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бекеттері оң ықпал етті. Оның бесеуі биылғы жылы ашылды.

Мал шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселе - мал өнімдерін өткізу мәселесі. Себебі, аудан көлемінде мал өнімдерін сатып алып, оны өңдеуден өткізіп, дайындап сатумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындар жоқ. Сондықтан ауданда мал өнімдерін өткізу мәселесі бүгінгі таңда үлкен проблемаға айналып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында біраз жұмыстар атқарылып, алға басушылық бар екенін айта кетуіміз керек. Шаруа қожалықтары мен тұрғындардан мал сатып алу мақсатында «Астана Агро Продукт» ЖШС арқылы өткен жылы Егіндібұлақ селосында тәулігіне 10 бас ірі қара соятын пункт салынып, жұмыс жасап тұр. Биыл аталған ЖШС дәл сондай пунктті Қарқаралы қаласында да салып бітірді, таяуда пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Тегісшілдік, Қаршығалы селолық округтерінде де осындай мал сою пункттерін салу жұмыстары жүргізілуде.

Осы жұмыстардың барлығы ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс екенін ескеруіміз керек.

Мал сою алаңдарына айналдыруға, ыңғайлы ғимараттар белгіленіп, жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен 18 селолық округтың орталығында мал сою алаңдары ашылды. Осындай мал сою алаңдарын 2 шаруа қожалығы ашты. Бүгінгі күнге 6 селолық округтің орталығында мал сою алаңдары әлі ашылмай отыр ( Қарағайлы кенті, Мамыраев, Бесоба, Қаракөл, Н.Нұрмақов, Тегісшілдік с/о.).

Аталған селолық округ әкімдері, Қарағайлы кенті әкімдігі тарапынан бұл жұмыстар осы бастан қолға алынып, шешілуі тиіс.

Ветеринарлық қызмет мәселесіне облыс әкімі Серік Нығметұлы Ахметов та үлкен мән беріп отыр. Өңір басшысы өткен жылдың соңында өткізген кеңесте, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аса зор мемлекеттік маңызы бар екенін айта келе, ветеринарлық қызмет мәселесі, ветеринарлық-санитарлық бақылауды күшейту шаралары бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.

Келешекте ауданның мал шаруашылығын дамытуды негізінен екі бағытта: шаруа қожалықтарындағы мал басының санын арттыру және малды ірі товарлы фермаларға топтастыру бағытында жүргізу міндеті тұр. Өйткені, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау осы ірі товарлы фермаларға бағытталған.

Мысалы, етке субсидия алу үшін ірі қараның аналығы 50 бастан, қойдың аналығы 600 бастан, жылқының аналығы 75 бастан кем болмауы керек. Ал, біздің аудандағы шаруа қожалықтары тым ұсақ болуына байланысты осы қаражаттарға қол жеткізе алмай отыр.

Аудан бойынша 2009 жылы 8 шаруа қожалығы тіркеліп, 6 120 мың теңгеден ірі қара етіне субсидия төленді. 2010 жылға ірі қара етіне 19, қой етіне 6, жылқы етіне 2 шаруа қожалығы тіркеліп, оларға барлығы 26 565 мың теңге субсидия бөлініп, толық игерілді.

Біз ауданның ауылшаруашылығын дамыту тұжырымдамасын бекіттік. Оны іске асыру барысында көптеген жұмыстар мен міндеттер тұр алдымызда. Оның ішінде мал басын асылдандыру бағытында жоспарларымыз көп. Бұны біз кезең-кезеңімен біртіндеп шешетін боламыз.

Тұжырымдаманы іске асыру барысында сатып алынған асыл тұқымды малдардың өз төлі есебінен 9, қаржы институттарының қөмегімен жаңадан мал сатып алу арқылы 2, аудан бойынша барлығы 11 асыл тұқымды шаруашылықтарын құру жоспарланып отыр.

Ауданда мал шаруашылығын үдемелі дамытудың құрылымы ұйымдастырылуда. Бірінші деңгейде – асыл тұқымды шаруашылықтар, екінші деңгейде – мал бордақылау алаңдары, үшінші деңгейде – мал сою бекеттері мен алаңдары.

Аудан бойынша 2015 жылға дейін асыл тұқымды мал фермаларының негізінде әрқайсысы 250 – 500 бастан ірі қара мал басын бордақылаудың 4 алаңы салынады. Салынатын мал бордақылау алаңдары халықты сапалы ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ететін болады.

Ауданда дәстүрлі емес жануарлар түрлерін өсіру қолға алынуда. Мамыраев селолық округіндегі «Әсел» (басшысы – Қанапиянова Маруа) шаруа қожалығы «Беталыс», «Балықтыкөл» көлдерінде балық өсірумен айналысуда. Осы шаруа қожалығы «Беталыс» көлінің жанынан жасанды тоған салып, онда әртүрлі балықтардың шабақтарын өсіруді жоспарлауда.

Тегісшілдік селолық округіндегі «Шебер» (басшысы – Абдрахманов С.С.) шаруа қожалығы бал араларын өсірумен айналысуда.

Бір сөзбен айтқанда, негізінен барлық ауылшаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 6885,8 млн. теңгені құрады.

Агроөнеркәсіп саласында ауданымызда атқарылған да, алда атқаратын да жұмыстарымыз көп. Жоспарларымыз да, алға қойып отырған міндеттеріміз де үлкен. Бұл жұмыстарды іске асыратын бүгінде аянбай еңбек етіп, арамызда жүрген осы саланың білгір мамандары.

Ауыл шаруашылық саласындағы біздің осындай еңбектеріміз мемлекет тарапынан өзінің лайықты бағасын да алып жатыр. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасының Жарлығымен «Аппаз» шаруа қожалығының жетекшісі Алин Разақ «Құрмет» орденімен марапатталды. Бірқатар азаматтар Министрліктің, облыстың марапаттауларына ие болды.

Агроөнеркәсiп кешені мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік саласы өзара бір-бірімен тығыз байланысты.

Президент өзінің Жолдауында елімізде жан-жақты қолдау тауып отырған кәсіпкерлік саласына үлкен баға бере келе: „Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші“, - деп атап өткен болатын. Біздің ауданда да осы салаға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жыл ішінде «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау», «Салықтық қызмет көрсету стандарттары» атты дөңгелек столдар ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге тиісті мағлұматтар берілді.

Ауданда кәсіпкерлікке методикалық қолдау жасау мақсатында, «Даму-Қазына» кәсіпкерлікті қолдау қорымен 2 семинар-тренинг (жылдың 5-6 мамырында Қарқаралы басында және 5-6 қазанда Егіндібұлақ ауылында) өткізіліп, кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу ретімен, жоспарлау, құқықтық қорғау т.б. тақырыптар бойынша сабақтар өткізіп, тест алып, сертификат берілді.

Ауданда кәсіпкерлікке рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мақсатында тікелей кәсіпкерлерге қатысты 19 рұқсат беру рәсімдерін жасау уақытын орташа 30%-ға қысқартылды. Мәселен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер жұмыстарын жүргізу үшін ордер беру уақытын 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартты.

Жыл басынан 67 жоба 30,6 млн.теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы (оның ішінде кәсіпкерлердің 20 жобасы 17 млн.теңге), «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту корпоративтік қорымен 4 жобаға 2,7 млн.теңге берілді. «Қарқаралы» несиелік серіктестігі арқылы жыл басынан 16 жоба 40,2 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Несие тапшылығын аз да болса жабу мақсатында, ауданға Ақмола облысында тіркелген «Азиялық несиелендіру қоры» шағын несиелік мекемесін сұрап, қала басында өкілдігін тамыз айында ашқыздық. Ашқан күннен бастап, барлығы 88 адам 7,5 млн.теңгеден астам несие алса, оның 17-і кәсіпкер 2,5 млн.теңге несие алды. Оның 13-ы сауда саласында айналымдағы қорларын толтыруға алса, 3-і мектеп буфеттерін жабдықтауға несие алған, 1 монша салуға алған. Бұл қордың несиелерінің үстемелері үлкен болса да (айына 3%), қысқа мерзімге айналым қорын толықтыруға қаржыны аз құжаттар толтыру арқылы тез алады.

Ауылда жұмыссыз жүрген азаматтарды кәсіпкерлікке тартуда аудандық бюджет тарапынан өз ісін ашуға берілетін материалдық көмектің әсері көп. 2010 жыл басынан 2,3 млн.теңге аталған көмек беріліп, 40 жұмыссыз кәсіпкерлер қатарына тіркелді. Оның 10-ы сауда мен қоғамдық тамақтандыру, 17-і халыққа қызмет көрсету (шаштараз, етікші, ателье т.б.), 4-і мал өсіру, 1 – транспорт қызметін көрсету, 2 –қолөнермен, қалғаны басқадай салаларда жұмыс істеуде. Атап кету керек осы көмекті алушылардың 4-і 29 жасқа дейінгі жастар.

Өткен жылы жастар кәсіпкерлігін қолдау жобасы аясында облыс әкімінің 100 мың теңге грантын Қарқаралы қаласының, Қарағайлы кентінің, Матақ, Татан, Ынталы ауылдарының жастары алды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні шағын бизнес субъектілерінің 1321-і тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл 2009 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,7% артық өсіп отыр. Аудан бойынша 2010 жылы шығарылған өнім көлемі 3,5 млрд.теңгеге жуық құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 100,3% болды. 2010 жылдың басынан бастап саламен бюджетке барлығы 52,8 млн.теңге төлем төленіп, 2009 жылдың 12 айымен салыстырғанда төлем көлемі де өсті. Аудан бойынша шағын бизнес саласында барлығы 3 мың адамдай (аудандағы экономикалық белсенді адамдардың 11%-ы) тұрақты жұмыс істейді.

Шағын бизнес саласы туындаған мәселелерді іске асыру барысында жылдам да, тиімді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, өткен жылғы аудан әкімінің есепті кездесулерінде бірнеше селолық округте (оның ішінде, мысалы Нұркен с/о) наубайханалар ашу жөніндегі қойылған сұрақтар қысқа мерзім ішінде орындалып, шешімін тапқан болатын.

Бүгінгі күнге 20 селолық округте, Қарағайлы кентінде және қала басында наубайханалар жұмыс істеп тұр. Ал, Мәди, Темірші, Қоянды селолық округтерде наубайханалар осы уақытқа дейін ашылмай отыр. Биылғы жылы аталған селолық округ әкімдері бұл істің шешімін тауып, жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Бұндай жұмыстар инфляциялық процесстердің тежелуіне біршама ықпал етіп, өз әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда айта кету керек, аудандағы инфляциялық процесстердің алдын-алу мақсатында жұмыс комиссиясы құрылып, өмірлік маңызы бар азық-түлік пен басқадай тауарлардың бағасының өсуін тежеу мақсатында біраз шаралар іске асырылды: азық-түлік бағасына қосымша табысты 10-12 %-дан асырмау туралы Меморандумдар жасалды, көкөніс пен жеміс әкеп сатушыларға «Тас базардан» тегін орындар берілді, күн сайын дүкендердегі азық-түлік бағаларына мониторинг жасалуда, азық-түлік сататын дүкендер иелерімен арнаулы кездесу өткізіліп тұрады, азық-түлік бағалары қала, кент, селолық округтер әкімдерінің тарапынан бақылауға алынып, тиісті шаралар қолданылуда. Сондай-ақ, өткен жылдың соңынан бастап беріліп жатқан арзандатылған ұн, аудан бойынша нан бағасын 37-38 теңгеден ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр.

Біздің ауданда өнеркәсіп саласы да жақсы дамып келеді. Осы салаға салынған инвестиция көлемі де артып отыр.

Инвестициялар негізінен «Алтай полиметаллы» (975,7 млн.тг.), «Корпорация Қазақмыс» (343,9 млн.тг.), «Өркен-Кентөбе» (150,3 млн.тг.) кәсіпорындары тарапынан салынды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылдың қорытындысымен аудан бойынша 2627,8 млн.теңге құрап, 2009 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 130% құрады.

«Өркен-Кентөбе» жауапкершілігі шектелген серіктестігі жыл басынан 651 мың тонна дайын темір концентратын шығарды. Өнім көлемінің кемуінің себебі - жыл басында кәсіпорынның жұмыс жоспарының тиісті министрлік арқылы кеш бекітілуінің салдары және темір концентратын алушы «Арселор Миттал Теміртау» корпорациясының өнімге тапсырысын айына 50 мың тонна көлемінде ғана белгілеуі (2009 жылы айына 80-90 мың тонна). Бүгінгі күнге кәсіпорында 504 адам жұмыс жасайды. Жұмыскерлердің орташа еңбек ақысы 55 мың теңгеден астам құрайды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Қарағайлы байыту фабрикасы 2010 жылдың қорытындысы бойынша 806 мың тонна кен өңделген, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 32%-ға артық (2009 ж. – 610 мың тонна). Фабрикада жыл басынан 247,2 мың тонна мыс концентраты шығарылып, жоспар 120,2%-ға орындалған (2009 жылға 205,6%). Жұмыскерлердің орташа еңбек ақысы Қарағайлы кен-байыту фабрикасында – 60 мың теңгеден асады, ал «Абыз» кенішінде 70 мың теңге құрап, 2009 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7-15% артқан.

Қарағайлы кен байыту фабрикасы мен «Абыз» кенішінде жұмыс орындарын қысқарту жағдайлары болған жоқ. Кәсіпорындарда еңбек ақы уақытында төленіп отыр.

Жалпы бұл кәсіпорындарда 1000-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр.

Бұл өндіріс орындарының басшыларымен үнемі кездесулер өткізіліп, жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында негізгі проблемалар талқыланып, солар бойынша тиімді шешімдер қабылдап отырмыз.

Республиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы негізінде, аудандық бағдарламаға Шарықты селолық округіне қарасты Теректі ауылының жанындағы Көктасжал кенішін „Алтай полиметаллы“ ЖШС-мен игеру жобасы кіріп отыр. Жылына жобалық қуаттылығы 3 млн. тонна өнім өндіретін „Алтай полиметаллы“ кәсіпорыны алынған кенді ешқайда апармай, осында орналасқан комбинатта өңдейді. Яғни, дайын өнімнің барлығы осы жерде шығарылып, әрі қарай нарыққа жөнелтіледі. Бұл кәсіпорынға ауданымыздан 600 адам жұмысқа қабылданады деп жоспарланып отыр. Теректі елді мекенінде осы жұмыскерлерге арналған 100 үй салынады. Сонымен бірге бұл ауылда спорттық кешен, жабулы бассейн, клуб, мешіт, медициналық амбулатория, наубайхана, шағын әуежай, жанар-жағар май бекеті және тағы басқа маңызды нысандар бой көтермек. Жаз айларында „Алтай полиметаллы“ кәсіпорынының арнайы техникасымен ауыл іші күл-қоқыс үйінділерінен тазартылды.

Облыс басшысы С.Н.Ахметов қазан айында Егіндібұлаққа келген іс сапарында «Алтай полиметаллы» компаниясымен Меморандумға қол қойып, кәсіпорынның жұмысымен танысып, кеткен болатын.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Біздің басты міндетіміз осындай ірі кәсіпорындардың ауданға көптеп келуіне жұмыс жасау. Бұл бірінші кезекте ауданның бюджеті үшін керек.

Аудандық бюджеттің кірісі мен оның орындалысы үнемі бақылаудағы мәселе.

Биылғы жылы бюджетке 539,1 млн.теңге түсті, немесе жоспар 109,7 %-ға орындалды. Оның ішінде аудандық бюджетке 355,9 млн. теңге түсіп, жоспар 107,5 %-ға орындалды.

Кіріс базасын көбейтуде де нәтижелі жұмыстар жасалды. Жылдың қорытындысы бойынша, кіріс жоспарын 25,0 млн. теңгеге көбейтіп, бұл қаржыны ауданда өткір тұрған проблемаларға жұмсауға мүмкіндік берді.

Жыл бойы бюджет қаржысының шығындары үнемі, ерекше бақылауда ұсталды. Жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет нақты 3582,6 млн.теңге игерілді, яғни бюджеттің орындалысы 99,8 % болды.

Осындай қаржы бізге көптеген мәселерлерді шешуге мүмкіндік берді, оның ішінде әлеуметтік сала бойынша туындаған сұрақтарды шеше алдық.

Өткен жылы 1053 адамға 26,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2426 балаға 28,5 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік комиссия арқылы 275 адамға 3924,6 мың теңге көмек көрсетілді.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай 534 ардагерге жергілікті бюджеттен 3435,0 мың теңге, 11 ардагерімізге коммуналдық шығындарын өтеу үшін 557,7 мың теңге, сонымен қатар республикалық бюджеттен 534 ардагерге 6935,0 мың теңге материалдық көмектер берілді.

Жыл басынан 35 адам әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмысқа тартылды. 16 жоғарғы оқу бітірген түлектер іс-тәжірибесін өтуге жіберілді. 114 адам кәсіби даярлықтан өтті. Өз ісін ашып, отбастарының жағдайларын көтеру мақсатында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған 40 азаматқа аудан бюджетінен 2,3 млн. теңге көлемінде қаржы төленді. Сонымен бірге ақылы қоғамдық жұмыстарға 471 адам жіберілді.

Сонымен қоса, „Жол картасы“ бағдарлама аясында 35 әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға республикалық бюжеттен 3,2 млн. теңге және «Жастар іс – тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 16 жас маманға республикалық бюджеттен 1,9 млн. теңге бөлінді.
  1   2   3

Похожие:

Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconСөйлеген сөзі Атасу кенті 12 желтоқсан 2009 жыл Құрметті жерлестер! Қадірменді қауым!
Аудан әкімі Х. Н. Омаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconЖетікөл селолық округінің әкімі Ш. М. Есімбаевтың тұрғындар алдындағы есебі. Құрметті жерлестер!
«Жергілікті орындаушы органдардың басшыларының есептік кездесүлерді өткізу туралы» №1546 жарғысына сәйкес, барлық жерлерде және де...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconҚұрметті депутаттар! Мәслихат сессиясына қатысушылар!
Аудан әкімі Т. Ж.Қасымжановтың 2011 жылдың 6 қазанында өткен Жарма аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясындағы өзіне...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconКеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!
Себебі,кез-келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселерін тұрғындар нақ осында қозғайды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! icon2011 жылда Зубовск кентінің әкімі Л. Л. Тертычнаямен атқарылған жұмыс туралы есебі Зубовск кенті 2011 жыл 6 ақпан «Зубовск орта мектебі»
Тәуелсіздік алуына 20 жыл деген белгімен өтті, 2011 жыл 29 қаңтарда жіберілген «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген Жолдауы...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconАудан әкімі Д. М. Мусиннің есепті баяндамасының тезистері
Елбасының тапсырмасына сәйкес әкімдердің жыл сайынғы дәстүрлі есебі өзекті мәселелер мен басым міндеттерді анықтайтын сындарлы сұхбатқа...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconЕ. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының
«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына,Қазақстан...
Аудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер! iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница