2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны




Название2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны
страница1/8
Дата конвертации09.01.2013
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8




2012 – 2016 жылдарға арналған

Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы

Мазмұны


Кіріспе 4

1. Экономикалық дамудың 2010-2011 жылдардағы басымдықтары 5

2. 2012-2016 жылдары Астана қаласы экономикасын дамыту факторлары мен шарттары 10

3. 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамы 11

4. Астана қаласының бюджет параметрлерінің 2012-2014 жылдарға арналған болжамы 15

4.1 Жергілікті бюджеттің болжамы 17

1-қосымша. 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің тізімі

2-қосымша. 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы

3-қосымша. 2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджетің жобасы

Кіріспе





Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі - Болжам) нәтижелерге бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдамада анықталған жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес әзірленді.

Бұл құжатқа макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы, әлеуметтік параметрлер, Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының бес жылға арналған үрдістері мен басымдықтарының болжамы, сондай-ақ салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары, жергілікті бюджет болжамы, үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемі енеді.

Болжам жергілікті мемлекеттік органдардың дамуының Стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ олардың 3 жылдық кезеңге арналған бюджеттерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Құжатта Астана қаласын 2016 жылға әлеуметтік – экономикалық дамытудың негізгі бағыттары және оларды іске асыру шаралары, серпінді, құрылымды және экономиканың тиімділігін сипаттайтын нысаналы көрсеткіштер қаржы жағдайы, тартылған инвестициялар көлемі, сыртқы экономикалық байланыстар, жұмыспен қамту, халықтың өмір сүру деңгейі, қаланы 2016 жылға дейінгі әлеуметтік – экономикалық дамытудың маңызды көрсеткіштерінің болжамы қамтылған.

Болжам 2009-2010 жылдардағы қорытынды мәліметтер, 2011 жылға арналған әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің бағалары негізінде әзірленді және салалық экономиканы дамыту саласында жоспарланған кезеңге арналған міндеттер, мақсаттарға қол жеткізу үшін оларды шешу, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында, 2030 жылға дейін Астана қаласын дамытудың стратегиялық жоспарында айтылған басымдықтарды іске асыру жолдарын анықтайды.

1. Экономикалық дамудың 2010-2011 жылдардағы басымдықтары



2010 жылдың және 2011 жылдың 8 айының қорытындылары елорданың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін дамытудың тұрақты серпінімен сипатталады. Бұл кезең экономиканың жақсы жағдайымен, дағдарыстың теріс салдарлары қатарын жоюмен атап өтіледі. Сонымен қатар, осы сәтте тұрақты дағдарыс алды өсу трендіне ауысу туралы айтуға болады.

Оң үрдістер экономиканың нақты, әлеуметті секторында іске асырылды.

ЖӨӨ өсуі 2010 жылы 9 % құрады. Оң серпін адам басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіштерінің өсуінде байқалады, ол 2010 жылы 2668,1 мың теңгені құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 29 %-ға ұлғайды (2075,2 мың теңге).

1-суретте өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқыны бейнеленген.

Жоғары жылдық қарқынға өнеркәсіп ие: 2010 жылы өнеркәсіп өнімінің ФИК 124,7 % құрады – Ақмола облысынан кейін екінші орын. 2011 жылдың сегіз айында өнеркәсіп өнімінің ФИК 133,9 %-ға қол жетті.

2011 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өндірістің 47,2 %-ға өсуі машина жасау кәсіпорындары өндірісі көлемінің 2 есеге (өндеуші өнеркәсіптегі жалпы көлем үлесі – 45,6 %), басқа да бейметалл минеральды өнімдері 7,3 %-ға (өндеуші өнеркәсіптегі жалпы көлем үлесі – 20,4 %), резина және пластмасса бұйымдарын өндіру бойынша 17,4 %-ға (өндеуші өнеркәсіптегі жалпы көлем үлесі 10,1 % құрайды) ұлғаю есебінен қамтылды. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру төмендеуде, оның үлесіне өндеуші өнеркәсіптің 12,8 % ие, жеке алғанда ет өндеу 13,3 %, көкөніс және жеміс 19,3 %, сүт өнімдері 16,5 % азайды.

Өндеуші өнеркәсіпті дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатындығын айту қажет. Өнеркәсіп үшін оң сәттер банк секторындағы тұрақтылықты қалпына келтіру, инвестицияның белсенді түрде өсуі, әлемдік экономикалық жағдайды тұрақтандыру болып табылады.

Өнеркәсіп өндірісінің дамуына және өсуіне ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы әсер етеді, ол бағдарлама шегінде құрылыс материалдарын өндіру саласында 3 жоба: темір бетон бұйымдарын дайындау жөніндегі зауыт («АБК-Мақсат» ЖШС), «сэндвич - панель» шығару бойынша («Кровля - НС» ЖШС), будандандыру өнімдерін шығару жөніндегі зауыт («Стальцинк» ЖШС) пайдалануға берілді.

Инвестициялар тарту бойынша Астана елімізде озат тұғырға ие, оны үлесіне еліміз бойынша капитал жинаудың 9 % ие. 2010 жылы қала экономикасына 396,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция тартылды. Өткен жылға инвестицияларды тарту қарқыны 101 % құрады. 319,7 млрд. теңге мөлшерінде қаражаттың басым бөлігі құрылысқа жұмсалды.

2011 жылдың есепті кезеңінде 292,9 млрд. теңге тартылды, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңінен 25 % көп. Капитал салымының аса көп бөлігіне кәсіпорындар мен халықтың жеке қаражаты ие (136,3 млрд. теңге), бұл жалпы көлемде 46,5 % құрайды. Бюджеттік қаражат көлемі 108,9 млрд. теңгені құрады (жалпы көлемнің 37,2 %), оның ішінде 98,1 млрд. теңге республикалық бюджет қаражаты, шетел инвестициялары 2011 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 8,1 млн. теңгені құрады және 99,8 % азайды (статистика органдарының есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты).

Жыл сайын пайдалануға берілген тұрғын үй санының оң серпіні байқалады, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 1382 мың шаршы метрді құрайды (2009 жылдың деңгейіне 109,7 %). 2011 жылдың басынан бастап 919,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (99,0 %).

Экономиканы әрі қарай дамытудың негізгі жылжытушы күші дәстүрлі салалар – сауда және қызмет көрсету болып қала береді.

2010 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 277,7 млрд. теңгені құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 27,5 % ұлғайды. 2011 жылы өсу 11,6 % (209,6 млрд. теңге) құрады.

Көтерме сауда айналымының көлемі 10,6 % ұлғайды және 2010 жылы 1108,8 млрд. теңгені, 2011 жылдың қаңтар – тамызында – 1211,2 млрд. теңгені құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың осы секторында қалыптасқан оң тенденциялар туралы куәландырады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны маңызды түрде ұлғайды. Сонымен, 2010 жылы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 3 %-ға 27,0 мың бірлікке дейін өсті. 2011 жылы 8 айында олардың саны 37,4 мың бірлікті құрады, 2010 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштеріне қатысты өсім 51 % құрады.

Өндірілген өнім, жұмыс және қызмет көрсетулер көлемі 2010 жылдың қорытындысы бойынша 957,1 млрд. теңгені, 2011 жылдың қаңтар – тамызында 568,8 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейлі банктер берген қарыздар 2010 жылы 640,6 млрд. теңгені құрады, берілген қарыздың аса көп бөлігіне банктен тыс заңды тұлғалар ие – 422,7 млрд. теңге немесе қарыз берудің жалпы көлемінің 66 %. 2011 жылдың қаңтар – шілдесінде жалпы сомасы 339,1 млрд. теңгеге несие берілді, бұл 2010 жылдың қаңтар – шілдесіндегіден 1,9 есеге көп.

Ағымдағы жылдан бастап сыртқы сауда айналымының 9,1 %-ға төмендеуі байқалады. 2011 жылдың қаңтар – шідесінде экспорт көлемі 2930,6 млрд. АҚШ долларын құрады, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 21,2 %-ға өсті.

Импорт көлемі өз кезегінде 2,3 есеге 2010 жылдың қаңтар – шілдесіндегі 1535,5 млн. доллардан 2011 жылдың қаңтар – шілдесінде 663,0 млн. долларға дейін (Кеден одағындағы елдердегі импорт көлемдерін есепке алмағанда) төмендеді.
Маңызды әлеуетке көлік секторы ие. Жүктерді тасымалдау қызметінің көлемі 2010 жылдың және 2011 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша тиісінше 14 %-дан 44,8 %-ға дейін ұлғайды. Жолаушыларды тасымалдау 2010 жылы 20,2 %-ға, 2011 жылдың қаңтар – тамызында 16,1 %-ға өсті, бұл экономиканың жандануын, ішкі сұраныстың өсуін және тауар айналымын куәландырады.

Қала әкімдігі жаңа жолдарды жөндеуге және салуға көп мән береді. Қазіргі уақытта, жолдардың жалпы ұзындығы 749 шақырымды, оның ішінде асфальт бетонды жабын жабылған 439 шақырымды құрайды және 2008 жылмен салыстырғанда 54 шақырымға ұлғайды.

2010 жылдан 2011 жылдың қыркүйегі бойынша инфляцияның айлық қарқынының синусоидалды ауытқуы байқалады, бұл маусымдық тенденциялармен негізделеді.
өткен айдың пайыздарында


2011 жылдың тамызында инфляция деңгейі 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 106,3 % құрады. Инфляция өсіміне маңызды салымға азық – түлік тауарларына бағаның өсуі ие, ол 2011 жылы 9,8 %-ға көтерілді. Азық – түлік емес тауарларға бағаның өсуі 4,0 % құрады, ақылы қызметтер құны 4,2 %-ға өсті.

Қаланың саны өсіп жатқан қажеттілігін қанағаттандыру үшін Астанада энергетикалық ресурстарда энергия көздерін қайта жаңарту, магистральды жылу және энергия желілік объектілерді салу бойынша жұмыстар жүргізіледі, олар № 7,8 станциялардың қазандық агрегаттарын орнатумен ЖЭО-2, № 7,8 станциялардың тұрба агрегаттары және су жылыту қазандықтары, ЖЭО-3, тіреу станциялары бар ВЛ 220 кВ айналымы және басқа да объектілер.

Әлеуметтік салада талдау кезеңінде денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының жілісін дамыту әрі қарай дамуға ие болды.

Қаланың білім беру жүйесін 237 ұйым ұсынады. Мектепке дейінгі ұйымдар желісіне 59 мемлекеттік бала бақша, 4 «Мектеп - бақша» кешені және мемлекеттік емес меншік нысанындағы 33 бала бақша енеді.

Сапалы білім беру инфрақұрылымын құру мақсатында мектептер желісін кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі таңда қалада 82 мектеп, оның ішінде 69 мемлекеттік және 13 мемлекеттік емес мектептер қызмет етеді.

Қаланың еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білікті жұмыс кадрларын дайындауға аса маңыз беріледі. Кәсіби ұйымдардың қолданыстағы желісі 37 оқу мекемесін құрайды, оның ішінде: 7 кәсіби мектеп, 5 мемлекеттік және 25 мемлекеттік емес колледж. Сондай-ақ, қалада 12 қосымша білім беретін объекті, 10 арнайы білім беру объектісі жұмыс істейді.

Қарастырылатын кезең нәтижесі бойынша келесі медициналық – демографиялық көрсеткіштерде оң серпін бар.

1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 2011 жылдың 1 тамызына өсіп, 27,04 құрады (2010 жылы – 24,20), өлім көрсеткіші – 5,0 (2010 жылы – 4,91) және тиісінше табиғи өсім көрсеткіші – 22,04 (2010 жылы 21,25).

Ана өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың 1 тамызына 100 мың жаңа туғанға шаққанда 15,9 құрады, алайда бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 1,1 есеге төмен (Қазақстан Республикасы – 100 мың сәбиге 17,8). Сәби өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туған балаға шаққанда 8,9 % құрады, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 9,1 % және республикалық деңгейден 2 есеге төмен.

Есепті кезеңге денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын 33 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 14 аурухана, 12 амбулаторлық – емханалық ұйым, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 4 өзге және 2 білім беретін медициналық ұйым.

Халықты кереуеттік қоры 1 797 кереует республикалық маңызы бар 7 аурухана, жеке меншік нысанындағы 194 кереуеттік қоры бар 2 аурухана ұйымы қызмет көрсетеді.

Елорда экономикасының өсуіне, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына байланысты елорда халқының әл - әуқаты да көтерілуде. Сонымен, орташа айлық номинальды еңбекақы 2010 жылы 110 378 теңгені құрады. 2011 жылдың қаңтар – шілдесінде – 119 950 теңге және 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номинальды мәнде 14,7 % ұлғайды.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік ахуалды жақсарту бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша өңірде өткен жылдары 6,6 %-ға дейін, 2009 жылы 6,2 %-ға дейін төмендеді, 2011 жылдың 2 тоқсанында 5,8 % құрады.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconБҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconЖамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы
Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconШығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының Бюджет кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны iconТеміртау қаласының 2012-2016 жылдарға арналғАН
Теміртау қаласы бюджетінің қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған болжамы 20
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница