Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы




Скачать 230.54 Kb.
НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации11.01.2013
Размер230.54 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысы
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруi» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының iндетi жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемi объектiлерiн аулауға келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатуға арналған марканы бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) қызметiн жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Астықты экспорттаушыға мемлекеттiк астық ресурстарына астықты жеткiзу бойынша мiндеттемелердi астықты экспорттаушының сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      17) «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      18) «Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      19) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      20) «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      21) «Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      22) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      23) «Тұқым сапасына сараптама жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызметтер» деген 9-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 267-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялар»;
      реттiк нөмiрi 268-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялар»;
      реттiк нөмiрi 270-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар»;
      реттiк нөмiрi 276-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары»;
      реттiк нөмiрi 277-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған барабар құжатты тану»;
      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар»;
      реттiк нөмiрi 284-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен көшiрме)»;
      реттiк нөмiрi 286-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 289-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды интродукциалау, реинтродукциялау және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 290-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 291-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 292-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 293-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi және оның аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 294-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 296-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатуға арналған марканы бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (марка, марканы бекiту туралы бұйрық)»;
      реттiк нөмiрi 297-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жерсiндiруге рұқсат беру»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 298-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 299-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 301-жолда:
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚазАгрЭкс» АҚ (сараптамалық ұйым)»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (куәлiк немесе тұқымды талдау нәтижесi, түйнектiк талдау актiсi)»;
      реттiк нөмiрi 302-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-нiң облыстық және аудандық филиалдары»;
      реттiк нөмiрi 304-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы»;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары»;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 305-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 312-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 313-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 314-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 315-жолда:
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетi, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрi – ЭЦҚ) болу шарты кезiнде www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-1 бабының 1-тармағы 2) тармақшасының
      2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы 2) тармақшасының
      3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының
      4) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қыркүйектегi № 769 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергiлiктi атқарушы органдардағы мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылған стендтерде;
      3) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi:
      1) жергiлiктi атқарушы органда – астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны (бұдан әрi – лицензия) қағаз тасығышта жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы дәлелдi жауап;
      2) www.elicense.kz порталында – лицензияны жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттiк берiлген тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органға не порталға өтiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      лицензияны беру үшiн – он бес жұмыс күнiнен кеш емес;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – он жұмыс күнi iшiнде;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн – екi жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшiн ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      Егер белгiленген мерзiмдерде лицензияны берiлмеген не лицензияны беруден дәлелдi бас тарту берiлмеген жағдайда, оларды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап лицензия берiлген деп есептеледi.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету (лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшiн мемлекеттiк қызмет алушы жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына ие болу үшiн бюджетке 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi лицензиялық жарнаны қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсiлмен төлейдi.
      Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берiлген жағдайда төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      9. Жұмыс және мемлекеттiк қызметтi көрсету жұмыс кестесi:
      1) жергiлiктi атқарушы органдарда – жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3) порталда – тәулiк бойы.
      10. Жергiлiктi атқарушы органдарда мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiледi.
  1   2   3

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЕнбекшілдер ауданының өзін-өзі басқару бөлімдерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерінің тiзiлiмi

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы n 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconШағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №273 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница