Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар




Скачать 38.23 Kb.
НазваниеСартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации11.01.2013
Размер38.23 Kb.
ТипДокументы
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

2012 жылы Сартерек ауылдық округі бойынша Сартерек ауылы тірек ауылына енгізілді. Тірек ауылына енгізілген Сартерек ауылында 28 сәуір күні аппараттық кеңес өткезілді. Онда барлық бөлім бастықтары мен мекеме басшылары қатысып, ауылда атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалынды. Сол күні ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, әрбір үйлердің сыртқы қоршауларын жөндеу, үйлерді әктеу, гүлдер, көшеттер отырғызу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Осы жиналыс қорытындысы негізінде істелетін жұмыс жоспары құрылып, Сартерек ауылының макеті жасалынды.

Сартерек ауылында 1444 адам тұрады. Тірек ауылына кіргізілгеннен бастап, ауылдың кіре берісіне ені 14 метр, ұзындығы 450 метр болатын саябақтың орны жасалды. Саябақты жасау үшін ауыл тұрғындарының күшімен 4 мәрте сенбілік ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам адам қатысты.

«Әудиебұлақ» учаскесінен 2 мәрте сенбілік ұйымдастырылып, қоршауға 500 діңгек әкелінді. Бүгінгі күні саябақ толық қоршалып, ішіне 600 түп әртүрлі ағаштар отырғызылды.

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңғы қоршауы толық аяқталды. ( Зайсан-Тазалық мекемесі- Тлеубердин Д. және мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сиырбаев С).

Мәдениет үйінің жанындағы алаң тазартылып, тегістеліп, (питомник) 1000 түп шырша егілді.

Мәдениет үйінің алдына Катонқарағайдан әкелінген шыршалар қосымша егіліп, гүлдер егіліп, ҚызылҚия учаскесінен таудың тастары, Қарашоқы учаскесінен шым әкелініп, безендендіру жұмыстары жүргізілді.

Сартерек ауылының барлық бұрынғы ескі үйлерінің, қоймалардың орындары тазартылып, тегістеліп, артық қоқыстар арнайы қоқыс төгетін орынға шығарылды. ( Тлеубердин Д, Амренов Қ, Келгенбаев Е техникаларының көмегімен шығарылды).

Ауылды абаттандыру мақсатында 665 дана ағаш қоршауы алынып, 72 үйдің қоршауы жаңаланды. 48 үйге жаңадан темір қоршау салынып, бұрынғы қоршаулары жөнделіп сырлау жұмыстары жүргізілді.

Ауыл ортасынан ескі пайдаланылмай тұрған монша ғимараты жөнделіп, 10 кісіге арналған жаңадан шағын монша салынды. Бүгінгі күні толығымен аяталып, пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсетілуде. (СМУ- Шығыс Қ.Абжанов, Зайсан-Тазалық Д.Тлеубердин, Зайсан Таза Су А.П.Ковальков меморандуммен жасалды).

Ауылшаруашылығын өркендету мақсатында қазақтың қылшық жүнді қойын өсіру үшін 2 адам 4 млн тенгеге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, мал сатып алып отыр.

Сартерек ауылына қажетті мал сою пунктін ашу үшін 3 млн тенге несие «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша «Ақмарал» шаруа қожалығы, басшысы А.Ахметжанова алып жөндеу жұмыстарын жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын, мектеп, балабақша мекемелерін балмен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер С.Кокышева 3 млн тенге несие алып, 70 ара ұясын әкеліп, орналастырды.

Ауыл тұрғындарының күшімен ауылға қажетті мал егу, таңбалау үшін 150 бас сыятын қоршау (раскол) орны жасалды.

Жеке кәсіпкер Г.Тоқтабаеваға мәдениет үйі ғимараты ішінен бір бөлме беріліп, шаштараз ашылды.

Жеке кәсіпкер М.Тлеубердиноваға мәдениет үйі ғимараты ішінен бір бөлме беріліп, кеңсе тауарларын саудалайтын дүкен ашылды.

Сонымен бірге мәдениет үйі ғимаратының ішінде халыққа қызмет ететін пошта, дәріхана, дәрігерлік емхана , кітапхана орналасқан және ауылдың қажеттілігіне байланысты аяқ киім жөндеу, киім тігетін шеберханалар ашу үшін бөлмелер беріліп, халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Ауылдың кіре берісіндегі астық сақтау қоймасы, астық тазалау ЗАВ-40 механикаландырылған қондырғы орнатылды, машина жөндеу шеберханасының қоршаулары жөнделуде. (Зайсан Құрылыс Компаниясы Болатбек Икепұлы)

Бүгінгі күні Зайсан Құрылыс компаниясымен жасалынған меморандум негізінде Сартерек орта мектебінің 100 метр жолы асфальт салынып, мәдениет үйі, ақсақалдар алқасы бөлмесіне қажетті жиһаздар алып берді.

2012 жылғы Сартерек ауылының тірек ауылына кіруіне байланысты әр деңгейдегі бюджеттен 52 877 000 тенге қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні Сартерек ауылындағы балабақшанының жұмысын ұтып алған мердігер «Зайсан Нұр Сервис» ЖШС мекемесі Е.Келгенбаев жұмысын толық аяқтады. 2012 жылы 12 қазан күні ашылады.

Сартерек ауылындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарын Зайсан Құрылыс Компаниясы Болат Икепұлы жеңіп алып, жұмыс толығымен аяқталды және де «Бәйтерек» демалыс сауықтыру кешенін салып, пайдалануға берілді.

Хоккей алаңын салу жұмыстарын және Абай көшесінің бас жағы мен кіре берісіне жарықтандыру жұмысын «Зайсан Қорған» ЖШС бастығы Қ.Амренов жұмысын аяқтады.

Сартерек ауылына демалыс саябағы салынды. Жұмысын жүргізген жеке кәсіпкер «Зарипов О.Т»

Орталық Абай көшесіне 12 дана банерлер орнатылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауы округ көлемінде ақпаратты топ мүшелері арқылы халыққа жеткізілді. Тазалық айлығында байланысты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сартерек орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және ауласына демалыс орны, су бұрқақ гүлдермен безендендіру жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі егіс жұмыстары аяқталып, алған өнімдері толығымен жиналып, зябь жырту жұмысына дайындық жүргізілуде.

Похожие:

Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 19 аппараттық кеңес мәжілісі болды. Аппарат мәжілістерінде: 17 түрлі мәселе қаралып, қаулылар...
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 178 қатынас-хат жолданса, 78 өкім шығарылды
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБекітемін ақсу ауданының әкімі Ә. Дүйсембаев
Ақсу ауданының поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан айында округ елді мекндердің...
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аппарат мәжілістерінде: 21 түрлі мәселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.Қабылданған қаулылар тиісті адамдарға жолданып, орындалуы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница